Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155175

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар 2018 (Жаңа)

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар

1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз.

2. Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп жазыңыз.

3. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз.

4. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз.

5. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп жазыңыз.

6. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Ахметтің арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз.

7. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін қазіргі кездегі отбасындағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз.

8. Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.

9. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.

10. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жазыңыз.

11. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасында Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық сезім арқылы ақынның махаббатқа адалдық туралы ойын талдап жазыңыз.

12. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» романындағы автордың характер жасаудағы шеберлігін Игілік бейнесі арқылы дәлелдеп жазыңыз.

13. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.

14. Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.

15. Ж.Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» поэмасындағы рухани құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.

16. С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.

17. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романында Арал теңізі экологиясының ел тағдырымен сабақтастығын дәлелдеп жазыңыз.

18. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор сөздері арқылы батыр бейнесін талдап жазыңыз.

19. Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романындағы көзқарастар қайшылығы мен адамдар арасындағы психологиялық тартыстың себептерін талдап жазыңыз.

20. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.

21. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой... Бір-бірімізді сөге жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» - деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

22. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.

23. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы сипаттап жазыңыз.

24. Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.

25. «Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер арқылы жеткізіп жазыңыз.

26. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.

27. Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп жазыңыз.

28. Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.

29. Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең – сөздің патшасы» өлеңдеріндегі үйлесім тапқан ән мен өлең құдіретін талдап жазыңыз.

30. А.Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.

31. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.

32. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына керағар мінездерін талдап жазыңыз.

33. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңіндегі Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз.

34. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.

35. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз.

36. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?

37. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.

38. Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз.

39. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.

40. Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз.

41. Жамбылдың «Өтеген батыр» поэмасындағы Өтеген батыр халық қамын ойлайтын батыр екенін дәлелдеп жазыңыз.

42. Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз.

43. Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.

44. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.

45. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

46. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.

47. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...»

48. Астана – асыл мұраттар мекені (Астананың 20 жылдығына орай)

49. Табысты болу - адамның бәсекелестік қабілетінің көрінісі.

50. Ұлттық болмысты сақтау - рухани жаңғырудың ең басты шарты.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (esse_kazak_tili_2018_emn.doc.zip)Жаратылыстану-математикалық бағыт6 Kb
 
07.03.2018 09:22