Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша тақырыптар:
1. Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп жазыңыз.
2. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді сипаттап жазыңыз.
4. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір шындығын дәлелдеп жазыңыз.
6. Мағжан өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды талдап жазыңыз.
12. Ә.Тәжібаевтың «Портреттер» поэмасындағы лирикалық қаһарман тұлғасын талдап жазыңыз.
18. О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.
20. Махамбет жырлары – асқақ рухтың үні. Ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз.
22. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз.
23. Ш.Уәлихановтың зерттеуші-ғалым екендігін еңбектері арқылы дәлелдеп жазыңыз.
24. Ы.Алтынсарин әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз.
25. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз.
29. Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген?
30. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.
33. Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз.
35. Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз.
38. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
39. Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
40. «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін...»
41. Жастық – болашақ атаулының бастауы
42. «Мәдениеттің мәйегі – кітап», – дейді Ш.Мұртаза. Сіз не дейсіз? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
43. Жастар жылының жариялануы – жастардың талантын халық игілігіне қолдануына мүмкіндік бере ала ма? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
44. Сананы жаулаған ғаламтор немесе бос уақытты пайдалы өткізіп жүрміз бе?
46. «Жастық шақ – ерлік жасар кезең» екенін мысалдармен дәлелдеп жазыңыз.
47. Отырар өңірі – ұлы ойшылдар мекені (Әбунасыр әл-Фараби мен Қ.А.Ясауидің әлемдік өркениетке қосқан сүбелі үлесі жайында).
48. Адамның табиғат алдындағы борышы. Өз көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.
49. Ұлы Жібек жолы – ұлы мәдениет жолы.