Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155231

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор (Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.

Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз.

«Қара бет боп қашқанша,
қайрат көрсетіп өлген артық.»
Б.Момышұлы

Өр рухты қазақ халқының өзіңдей өткір ұрпағы қаншама!
«Дос болғанға құшағы ашық туыспыз,

Қас болғанға қиып түсер қылышпыз-деген Абылай бабамыздың осы сөздерінің ұлтымызға тән ұлылықты ұғынамыз.Отанымыз үшін жан аямай күрескен Абылай ханның ізін жалғастырған қаһармандар аз болмады.Сол батыр ұрпақ тізімінің көш басында Бауыржан Момышұлы тұр десек, артық айтқанымыз болмас.Елінің ертеңі үшін жауыннантайсалмай соғысқан ерлерді жырламау ұрпаққа сын.Сондай асқан ерлік пен елдіктің жаршысы-Әзілхан Нұршайықовтың асқан шеберлігінен туған «Ақиқат пен аңыз»-диалогі.

Әзілхан Нұршайықов аталмыш туындысында Бауыржан Момышұлы бейнесін өте жоғары деңгейде ашалды деп есептеймін. Неге десеңіз, шығарманың кереметтігі сондай, кітаптың алғашқы беттерінен- ақ Бауыржан атамызға тәнті болып,батырды жаңа қырынан таныта түседі.Сұхбат мақсатымен басталған бұл диалогтің халық жүрегінен ерекше орын тепкен романға айналарын кім білген? Батыр атамыздың сондай байсалды да салмақты, сұсты да қатал,шыншыл да әділ бейнесі һәм отанына соншалықты берілгені, тәртіп пен тәрбиені өмірлік ұстанымы еткені мені тәнті етті.Оны өзінің мынандай сөздерінен аңғаруға болады:

«Тәрбиелі-тәртіптің құлы, Тәртіпті-елдің құлы»

Роман диалогты оқи отырып,батыр Бауыржанның сергелдеңге түспейтін салқынқанды екенін, қандай да бір оқыс оқиға, төтенше жағдай орын алса да дегбірсізденбей,байыппен шешетінің оңай аңғара аламыз.Батырдың сұсты қабағы мен рухты сөздері әрбір жауынгердің жүрегіне от жақты, жасытпады.Отанына, оның ұлағатты ұландарына риясыз берілген батыр барша қатарластарына, қол асты сарбаздарына үлкен үлгі болды.Тіпті,өмірдегі екінші әкесі тұтқан,ұлылар санатына қомандирі генерал-майор Панфиловтың қазасында да үнсіз жабығып,қабағына жасырған Бауыржанды аса сабырлы, ерекше байыпты деп есептемеске болмас.

Жазушы Әзілхан Нұршайықов батыр бейнесін өз дәрежесінде аша білді.Кем кетігі, асыра сілтеуі жоқ бұл шығарма біз үшін ұлағатты қаһарман атамыз Бауыржан Момышұлымен танысу ролін атқарды. Батырдың әрбір сөзінен жігер алып, өзіңе үлгі етесің.Батыр болса-дәл біздің Баукендей болсын,шіркін!

«Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бағынған құл болмайды»

Бұл сөздер біздің күнделікті ұранымызға айналған. Батыр бейнесі-халық айнасы.
СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (Akikat-pen-anuz.zip)Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз»3 Kb
 
05.05.2017 17:47