Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155235

Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз

Әркім Бақыт

Кез-келген адамнан оның өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. Ең көп таралған жауап: «Мен тек бақытты болғым келеді». Менің ойымша, біз бәріміз сол үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не? Меніңше, ең бастысы шынайы бақыт біздің өмірімізде жабырқау мен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезіне біліп, өмірге шаттануда.

Жүрегімде махаббат ән тербейтін,
Бағалайық бақытты, жан тербейтін.
Мұңға батып қалмасын, көңіл бекер,
Оралмайды, жан құрбым, өмір кетер, - деген Қ.Жүнісовтің «Бағалайық бақытты» өлең жолдары мені күн сайын жаңа белестерді бағындыруға жетелейді. Өмірдің қайталанбас сәттерінен ләззат алып, қиындықтармен жалыққанда көңілді бекер түсірмей, онымен күресу – бақыттың бір қыры.

Осы өмірде мен үшін әрқашан бақыт сыйлайтын адам бар. Ол – менің қадірлі анашым. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. В.Гюго айтқандай: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя». Расында да, менің анам мені құшақтап, құшағына алған кезде мен әлемдегі ең бақытты адам екеніме күмәнсіз сенемін. Сондай-ақ, біз үшін барын салып жүрген асқар тау – әкем. Сонымен қатар, бауырларым, олардың менің көңілімді аулауы, көмектесуге тырысқандары, мені бақытқа бөлейді. Яғни, бірінші бақытым – отбасым.

Бақыт деген – адамдар үшін өмір сүру және оларды бақытты ету. Қарапайым мысал: ауыр шелектермен келе жатқан қарт әжеге көмектесу. Қарттар үйіне келіп қарт адамдардың бір сәт болса да, көңілін аулау бақыт емес пе? Барлық игі істер сенің жүрегіңдегі тыныштық, нағыз адамгершілік сезімдігін оятады.Сонда сенің жолың тазарып, бақытқа бөленесің.

Қорыта келсем, адам өмірде бақытты бола алады, болуы да керек, тек оны қатты аңсауы, оған қол жеткізуі, әр адамның өз қолында. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бақытымды басқара аламын. Шынымен мен бақыттымын. Мен өзіме ,жақындарыма, достарыма, істеріме, болашағыма сенемін. Соңында М.Мақатаев өлеңімен аяқтасам деймін:

Бақыт деген – әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (46esse.zip)Әркім Бақыт12 Kb
 
18.04.2018 19:30