Махамбет-халық арасында келеңсіз құбылыстарды,келелі істерді өлеңіне арқау еткен өр рухты,асқан ақындығына қалың жұртшылық бас иген ақын.Ақын өлеңдері –саяси бағыт.Менің ойымша,Махамбет ақын өзгеде жоқ,өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да,ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқдара да,дана тұлғада екі арман кетті,біріншісі-елдікғекіншісі-ерлік.
Елдік –қай дәуірдің болмасын асыл үні.Махамбет жырларында егілу,сарнау,зарлау сарыны жоқ.Отаршылдық тәртібі бұғау болып басқакиілгенімен,одан құтылып шығудың реті жоғын көрсе де Махамбет, егілмейді.Бұғауға көнгісі келмей бұлқынады.Жалаулы найза алып,жау тоқтатар күнді аңсайды.Елдік аманы сол-тар қапасқа тап болған халқын еркіндікке жеткізе алмады.Халқын тәуелсіздікке жеткізу жолында ақынның асқақ рухын:
“Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім”-деген жолдардан айқын көруге болады.Ақынның барлық дерлік өлеңдері бостандық пен әділдікті жақтайды,халқына рух береді. Дауылпаз ақынның ерлік арманы сол-ата жаумен қан майданда айқасып,қаруын қапысыз сілтеп,қан кешіп жүріп мерт болмады,бұғып келген қарақшының қолынан қапыда кетті.Осы орайда ақын Сағат Әбдуғалиевтің мына бір өлең жолдары есіме түседі:
“Бөрілермен бөрілерше белдескен, Сен менен бақыттысың,Махамбет!”.Демек,елі үшін айқасқан ақынның еш арманы жоқ.
Қорытындылай келе,ғасырлар,жылдар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық.Ал Махамбеттің ісі мен жырларына ондай қауіп төнбек емес.Оның өлең ағыны-өмірдің өзіндей тоқтаусыз.Ақынның жыр-толғауы бір кезеңнің баяны ғана емес,күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны.Махамбет сонысымен мәңгілік.