Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155155

Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық пен көреалмаушылық сияқты кемшіліктерді астарлап көрсететін мысалдарын талдап жазыңыз

Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары өте көп болғаны соншалық, кітап ретінде жарық көрді. Ақын мысалды басқа елден аударады немесе өзі өмірлік оқиғаларға негіздеп жазады. Ең бастысы өмірлік мәні бар дүниелерді жануарға негіздеп, мысал түрінде қалдырған.

Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.

Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, еркіндік ьасым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады.Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар "Маса" кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын болып табылады.

Қорыта келе, мысал арқылы Ахмет Байтұрсынов халыққа ой салғандай болды.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (38esse.zip)Ахмет Байтұрсыновтың тәкаппарлық14 Kb
 
18.04.2018 19:01