Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155483

Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батырдың ерлік істерін талдап жазыңыз.

Қ.Аманжоловтың Ақын өлімі

«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ,,ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсетен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен.

Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.

Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі.

Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:

Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.

Қорытындылай келе, «Ақын өлімі туралы аңыз» Абдолла Жұмағалиевтің батырлығы арқылы жас сарбазды жігерлендіру, өр рухты Отан қорғаушысы болуға дәріптейді. Абдолла жалғыз өзі қалса да жігерленіп, ақтық демі, қасық қаны қалғанша тұрды. Ерлікпен қаза тапты. Ол артындағы бауырлары мен қандастары үшін соңына дейін барды, өзін құрбан етті.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (akun-olimi.zip)Қ.Аманжоловтың Ақын өлімі12 Kb
 
08.04.2018 19:37