Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды.Бүл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады.Қазақ халқының ұлттық екершеліктерін ашуда,оның ерлік дәстүрі,туған жер мен ел,оның байлығы,адымдары жайлы асқақтата көркем деп жырлап білді.Әсіресе,еліміз егемендік алып,қазақтығымызды,оның азаматтық жолындағы «Мың өліп,мың тірілген» күндерін еске алғында,Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі.
Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде табыстым мұң тілімен,
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімен түн түрілген,-деген өлең жолдарында ақынның қазақтық,азаматтық,патриоттық намысын бірден танимыз.Өзінің «Қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы – оның ерекшелігі бір көрінісі десек қателеспейміз.
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді.Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын,бірақ залық бәріне төтеп беріп,елдігі мен салтын сақтап қалғанын мақтана асқақтата жырына қосады.
...Қарсыласпай өлмедім,қан татырдым,
Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым,
Сансыз басты дидай сан сүміріп,
«Мен - қазақпын» дегенді айта тұрдым»,- деп,оқырманды жігерлендіре түссе,енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді.
...Күй емеспе,батасыз нар идірген?
Ән емес пе,аққудай жар ілдірген?
Жыр емес пе,жүрекке жел бітірген?
Олар барда қалайша тарылды іргелі?- деп қазақ халқының ән-күйінің даралығын паш етіп,мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады.Поэманың келесі бір шумағында:
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін,жер күндікті,
Аңсаймын мен,сенемін,туады ертең
«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті,- деп бүгінгі егемендікті жыр еткендей әсерге бөлейді.Ақын болашаққа сенеді.Сондықтан да ол ақынша желпіне,көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды.
Мен – қазақпын,биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске-
Айта бергім келеді,айта бергім,- деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезімін,ақындық даңқын көтере тү