Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155260

Қадыр Мырза Әлидің «Домбыра» өлеңіндегі домбыра мен қазақ егіз ұғым екенін дәлелдеп жазыңыз

Қадыр Мырза Әлидің

Сонау алпысыншы жылдары туған әдебиетке жаңа бір қуатты толқын басталып, өнер мұхитының көкжиегі кеңейіп сала берген еді. Сол дарын иелерінің бірі – Қадыр Мырза Әли. Оның өлеңдерінің поэтикалық қуатын күшейтіп тұратын ерекшелігі – ондағы ұлттық сипатты танытатын ұлттық мазмұн мен пішіннің бірлігінде, ұлттық дәстүр мен образды ойлаудың жаңашылдығында. Қазақ поэзиясының көркемдік дәстүрінен мол сусындаған ақын өлеңдерінде тың ой, жаңа ізденіс, рухани кеңдік, көркем суреттер мен шынайы образдар көптеп кездеседі. Ақын поэзиясындағы дала, домбыра, бесік, тау, тұлпар, киіз үй сияқты ұғымдар символдық мәнге айналған ұлттық көркем дәстүріміз.

Қадыр ақынның «Домбыра» өлеңінің алғашқы шумағы қанатты сөзге айналып кеткені де белгілі.

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!

Домбыра аспабының қаншалықты қадірлі екенін Қадыр Мырза Әлі екі-ақ ауыз сөзбен осылайша түйіндейді. Расында да қазақ поэзиясындағы домбыра бейнесі – ежелгі жыр-дастандардан бүгінгі жас толқынға дейін жырланып келе жатқан мәңгілік тақырып. Қашаған жыраудың «Қолымдағы ағашым – Алып жүрген домбыра. «Домбыра – күнә» деген сөз – Тек бір айтқан дабыра. Пайғамбарым туғанда, Бесік болған бұл ағаш. Ыбырайым Кәғбә салғанда, Мешіт болған бұл ағаш. Ықырам үйдің алдында, Есік болған бұл ағаш» деп төгілте жырлағаны – домбыра. Ілияс Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмалары – қазақтың асыл өнері күй мен ұлттық мұрасы домбыраға жырдан қаланған ескерткіш. Одан берідегі Жұмекен: «Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам. Бірі – ұлым, өзіңсің, екіншісі – домбырам», – деп, ұлы мен ұлтының мұрасының қаншалықты ардақты, қаншалықты құнды екенін өлеңі арқылы көрсетеді. Бұл қаламгерлерден өзге де қазақ өлеңінің тарихында домбыраны жырға қосқан ақын көп. Әрқайсысы әртүрлі стильде жырласа да, ортақ тақырып, ортақ мұңның бір ұқсас тұсы бар, ол – ұлтының ұлы аспабына деген иісі қазақтың құрметі, сезімі мен ойы.

Домбыра шертілгенде қазақтың кең–байтақ сахарасы, сұлу табиғаты, самал желі мен үрлеген бораны, көлдегі аққуы көз алдымызға келеді. Бұл – қазақ күйінің ерекшелігі. Орыс зерттеушісі Г.Н. Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген сөзі соның бір дәлелі. Қос дауыс сарынынан бүкіл қазақ жұртының қуанышы мен қайғысы, арман–мүддесі, философиялық сарын, азаматтық үн, жалпы айтқанда, тарихы күй болып төгіледі. Қадір Мырзалиев өлеңінің: Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік. Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді ─ деген жолдары осыны айғақтайды.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (42esse.zip)Қадыр Мырза Әлидің12 Kb
 
18.04.2018 19:24