Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155116

О.Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі Қоңқай шал бейнесі арқылы нені меңзейтінін сипаттап жазыңыз.

О.Бөкей

Публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушыларының бірі де бірегейі – Оралхан Бөкей. Өмірге құштар өр мінезді қаламгердің адамды асқақтата жырлаған өзекжарды шығармалары ұлтының рухани игілігіне айналды. Оның жазу өнеріндегі шеберлік шыңдау ізденістері мен көркемдік табысы тұрығысында өзіндік мәні бар шығармасы – «Қар қызы» повесі. «Басқаша» жазуға құштар болған шығармашылық ғұмырбаянындағы жұртшылық назарын аударған елеулі туындысының бірі. Шығармадағы Қоңқай шалды жартылай жұмбақ күйде ұстаған автор концепциясы туралы үзілді-кесілді, біржақты тоқтам жасау қиын. Жұрттан жырақ өмір сүретін осы Қоңқай шал бейнесі арқылы Оралхан Бөкей нені меңзейді?

Былығы көп қоғамнан тысқары өтіп жатқан тірлікті айыптау сарыны шығармада басымдық ала қоймаған. Қаптаған ел ортасында жүріп-ақ оқшауөмір сүретіндер жетіп артылады. Жазушы бір мәнде Қоңқай шалды «арқаланып» қоғамдағы кереғарлықтарды, келеңсіздіктерді меңзейді. Кейіпкердің ой ағыны , ішкі сезім сөзі арқылы әсер сіңіру – автордың оңтайлы көркемдік тәсілдердің бірі.

Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік нышаны танылады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні оның жалғыздығының анық көрінісі: «Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді.Осы бір сақалы өңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып – жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуатты өмірдің екі ортасында шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік құруда».

Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада – өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады».

Қорытындылай келе, жазушы Оралхан Бөкей шығармалары оқыған сайын тереңдей түсетін, бұйығып жатқан сырлары мен бұғып жатқан құпиялары шешіле түсетін жұмбағы мол дүниелер. Ол шығармаларда қойылған неге, біз кімбіз деген салмақты сауалдар бүгін де, ертең де, сан жылдар өткен соң да әр ұқпақтың алдынан көлденеңдеп шығып отырары даусыз.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (esse22.zip)О.Бөкейдің Қар қызы12 Kb
 
11.04.2018 18:11