Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154456

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

Цемент өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен реттеу, сонымен бірге қондырғылар жұмысын бақылау үшін түрлі бақылау - өлшеу приборлары қолданылады.

Қысымды өлшеуге арналған приборлар: пеш қондырғыларындағы, шикізаттық (өндірістің құрғақ тәсілі кезінде), цементтік және көмір диірмендеріндегі, кептіру аппараттарындағы, қазандық қондырғыларындағы, аспирациялық құрылғылардағы ауа мен газ ағындарының қысымы мен сиреуін; сығылған ауа жүйесіндегі, пневматикалық транспорт пен гидротранспорт қысымын; майлау жүйелеріндегі май қысымын; шикізаттық қоспа дайындауға арналған су қысымын бақылайды. Қысымды немесе құлдырауды өлшеуге арналған приборлар сондай - ақ су, мазут және т.б арналған шлам бассейндердегі, қазандықтар мен резервуарлардағы деңгейді және газдар мен сұйықтықтар шығынын бақылау   кезінде қолданылады.

Қысымды өлшеу үшін металдардың серпімділік қасиеттері басшылыққа алынатын серіппелі және вакуумдық манометрлер (вакуумметрлер) қолданылады. Осы приборлардың сезімтал элементі қызметін мембраналық қораптар атқарады. Өлшенуші орта қысымын өлшеу кезінде қораптың сығылуын немесе кеңеюі тегіс серіппеге беріліп, онымен кинематикалық түрде байланысқан прибор бағдаршасының қозғалысын тудырады. Қысым құлдырауын, сондай – ақ артықша қысымды өлшеу үшін металл немесе резеңке мембраналы мембраналық дифмонометрлер мен гормоникалық мембраналы сильфондық манометрлер қолданылады.

Шлам шығынын өлшеуге арналған приборлар ретінде: КШ-3, индукциялық, саңылаулық, реактивтік, қалақшалы шығын өлшегіштер қолданылады.

КШ-3 шығын өлшегіштері шлам шығынын периодты түрде өлшеуге арналған. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі белгілі - бір сыйымдылықтағы бөшкенің толығу уақытын өлшеуге негізделген.

ИРЭФ индукциялық шығын өлшегіштердің жұмыс істеу принципі магниттік өрістегі қозғалыс кезінде сұйықта индукцияланушы ЭҚК - ін өлшеуге негізделген. Өлшеу диапазоны 630 м /сағатқа дейін жетеді.

Саңылаулық шығын өлшегіштер - шламды мөлшерлегіштің құраушы бөлігі. Шлам шығыны аралық ыдыстағы шлам деңгейімен өлшенсе, ал мөлшерлеу арнайы заслонка көмегімен шлам деңгейінің өзгеруімен  және белгілі бір профилдегі саңылау арқылы ағатын тарам қиылысуының өзгерісімен қамтамасыз етіледі.

ШАРҚ (шламның автоматтық реактивтік қоректендіргіші) қондырғының реактивтік шығын өлшегіші ағындағы шлам шығынын өлшеу қызметін  атқарады. Өлшеу қондырғысының жұмыс істеу принципі 90° - қа иілген  резеңке түтіктен  еркін ағу кезінде шлам тарамы жасаушы реактивтік күш өзгерісін өлшеуге негізделген. Реактивтік күш траверске бекітілген дифференциялды - трансформаторлық қондырғы көмегімен өлшенетін сезгіш элементтің ауытқуын туындатады. Осы қондырғыдан сигнал шартты бірлікпен градуирленген екіншілік приборға, кейін электрондық реттегішке барып түседі.

Электрондық реттегіш магниттік күшейткіш арқылы орындау механизміне әсер етеді. Ол резеңке түтіктің өту қиыспасын өлшейтін құрылғыны қозғалысқа келтіріп, сол арқылы өтуші шлам мөлшерін өзгертеді  де, оның  мәнін берілген шамаға дейін жеткізеді. Құрғақ шикі қоспаға есептегендегі өлшеу диапазоны 75-тен 150 т/сағатқа дейін жетеді [7].

РМ қалақшалы массалық шығын өлшегіші сезгіш элементке сұйықтың еркін құлауы кезінде ағындағы шлам шығынын өлшеуге арналған. Шығын өлшегіштің жұмыс істеу принципі өлшенуші сұйық мөлшері өту кезінде айналмалы қалақшалы дискіде туындайтын тежелу сәтін өлшеуге негізделген. Өлшеудің жоғарғы шегі 125 т/сағат. Өлшеу қателігі 2,5 %.

Кесекті және ұнтақ тектес шығынын өлшеу үшін түрлі өлшеу тәсілдері қолданылады. Материалдың мезеттік шығынын тұрақты жылдамдықпен қозғалушы лентадағы материал массасын өлшеуші тарауыда анықтайды. Мезеттік шығынды өлшеуші таразыға агрегаттық жасалуын есептеу үшін интегратор немесе порциялық таразылар қойылады. Ағынсыз сұйықтардағы 2 мм дейінгі фракциялық өлшемдегі ұнтақтық материалдар шығынын РМ импелерлік шығын өлшегішімен өлшейді. Жұмыс істеу принципі бойынша прибор шламның қалақшалы шығын өлшегішіне ұқсас. Жоғарғы өлшеу шегі 125т/сағатқа дейін жетеді.

Шламбассейіндері мен силостардағы шлам және үгілмелі материалдар деңгейін өлшеуге арналған приборлардан сигнализациялық және жалғаспалы түрлері қолданылады.

Сұйықтар, сонымен  бірге ұнтақ тектес немесе түйіршіктелген материалдар деңгейі жайлы сигнал беру үшін ЭСУ - 1, ЭСУ - 2, ЭСУ - 2а электрлік ыдыс өлшегіштері бар деңгейлік электронды сигнализаторлар қолданылады. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі бақыланушы материал деңгейінің өзгеруі кезінде бункер қабырғаларымен электрод арасындағы электрлік ыдыс мәнін өлшеуге негізделген.

РИУ-1 деңгейдің радиоактивтік индикаторын бункерлер мен бассейндеріндегі шекті деңгейлерді контактысыз өлшеуде қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі түрлі орталар арқылы өтуші гамма - сәулелер ағыны қарқындылығының дәрежесін өлшеуге негізделген. Прибордың өлшеу қателігі 20 мм.

Технологиялық процеске байланысты таңдалган өлшеу  құралдарына сипаттама 1-кестеде көрсетілген.

Кесте-1.Технологиялық процеске байланысты таңдалған өлшеу  құралдарына сипаттама

Өлшенетін параметр аты Сипаттамасы Саны

1 2 3 4

1 Температура МТП-М  көрсететін  манометрлік термометрі  сұйықтық немесе газ тәріздес орталарда  тұрақты көлемде температурасының өзгеруіне  негізделген.

Жұмыс істеу принцепі: өлшенетін ортаның температурасынан  терможүйенің толтырғыш қысымының өзгеруіне негізделген өлшенетін орта температурасының  өзгеруіне түрлендіреді.  Осы манометірлік құбырдың серіппе  тартқышы  арқылы шкаланың бағдаршамын  орнымен  алмастырады.

Өлшеу шегі: 150 °С ден +600 °С

Дәлдік шегі: 1,5

Кемшіліктері: өлшеу дәлдігін басқа бақылау-өлшеу құралдарымен салыстырғанда едәуір төмендігі өлшеу жүйесін дегерметизациялау кезінде жөндеу

жұмыстарының қиындығы және мәндерді көрсетудің динамикалық ара қашықтығының үлкен еместігінде. 5

1-кестенің жалғасы келесі бетте

1-кестенің жалғасы

2 Қысым Метран-43 ДИ сериялы қысым өлшегіш датчиктері автоматты бақылау жүйелерінде реттеу  және басқару жұмыстары  үшін арналған  және аналогты сигналдағы өлшенетін параметрлердің үзіліссіз түрлену мағынасына қамтамасыз етеді. Қысым өлшегіш датчиктері артық қысымды және қысымның түрлілігін өлшеу үшін арналған.

Датчиктің орындау коды электронды түрлендіргіш кодына тәуелді: АП аналогты, МП-МШ микропроцессорлар сұйық кристалдар негізіндегі индикаторлы құрылғы.

Өлшеу ортасы: газ бен сұйық, бу, газтәріздес оттегі, қысымы 1,6 МПа жоғарыемес оттекті орта.

Шығу сигналы: 0-5, 4-20, 0-20, 5-0, 20-4, 20-0 мА

Орындалуы: кәдімгі жай ғана, сонымен қатар, жарылыстан қорғалған Ех, Вн.

Климатты орындалу: УХЛЗ 1, У2, ТЗ, Шаң, су әсерінен қорғау дәрежесі: ІР65 1

3 Деңгей МДУ-2С өлшеу құралын деңгейді өлшеу үшін таңдаймыз.

МДУ-2С типті деңгейдің мембранды датчигі араластырғыштағы шихтаның толуын ескерту үшін арналған.

Датчиктің мембранасына күш 0,75 - 0,05Н аспауы қажет.

Датчик қоршаған ауаның температурасы - 30-дан + 50°С-қа дейін және 30%ылғалдылық кезінде жұмыс істеу үшін арналған. Прибор шаңнан қорғалатындай етіп дайындалады. Габаритті өлшемдері: диаметрі 116 мм

Биіктігі: 74 мм

Массасы: 0,6 жоғары емес

Дәлдікклассы: 1,5

Дайындаушы: Могилев-Подольский зауыты. 12

1-кестенің жалғасы келесі бетте

1-кестенің жалғасы

4 Айналу жиілігі Тахометр – 7 ТЭ өлшеу құралы айналу жиілігін өлшеу үшін орнатылған.

Электронды тахометр 7ТЭ-М1 машина механизмдерінде айналушы бөліктерінің айналу жиілігін өлшеу нәтижелерінің бес разрядты сандық индикаторында индукциясы мен дистанционды өлшеуге арналған.

Айналу жылдамдығын өлшеу диапазондары: Конструктивті түрде

тахометр айналымды өлшеу орнына тікелей орнатылатын көрсету құралынан тұрады.

Тахометрдің өлшеу шегі: 2 ... 99999 айн/мин

Дәлдік шегі: 1,0

Салмағы: 3,0 кг

Габариттік өлшемдері: 208x72x3 7мм. 5

5 Мөлшер Цеметнің ингредиенттер мөлшерін анықтау үшін ЭГВ  80-2 типті таразыны таңдаймыз.

Счетчиктің кіші разрядының дисперттілігі 1т. Таразыда мағыналы өнімділіктің жергілікті   көрсеткіші,   өлшем  бірлігі  ±1%,материал   салмағының  шынайы мәнінен, таразы арқылы 10 мин ішінде өтеді

Үш фазалы токтың сеттен қоректенуі 660/380В қысыммен 50Гц бірлік.

Салмағы: 350 кг

Габаритті мөлшері:  1330x1305x525 мм

6 Ылғалдық ВИМС-2,23 ылғалдылық өлшегіші қатты және ұнтақ құрылыс материалдарының ылғалдылығын бақылау үшін арналған. Өлшеу құралы қоршаған орта температурасы +5...+40 °С, максималды ылғалдылығы 90%

25 °С-ғы  атмосфералық қысым 86... 106 кПа жұмыс істеуге арналған. Өлшеу диапазоны:0,5- 45% Негізгі абсолюттік қателік жіберу шегі, %

- ылғалдылығы 0,5...6,0; 60... 10;

10...20%

- диапазонында ± 0,5; 1,5; 2,0.

Салмағы: 0,3 кг,

1-кестенің жалғасы келесі бетте

1-кестенің жалғасы

7

Концентрация Шикізаттардың суспензия концентрация- сын АОН-1 ареометрмен бақылаймыз. 700 - ден   1840 кг/м3 дейінгі сұйықтық (сілті және қышқыл ерітінділері, әртүрлі қышқылдар, тұздар, цемент пен бетон) тығыздығын өлшеуге қолданылады.

Ұзындығы: 170 мм, Тығыздық өлшеу диапазоны, кг/м : 700-760; 760-820; 820-880; 880-940; 940-1000; 1000-1060; 1060-1120; 1120-1180; Белгілену түрі: АРЕОМЕТР АОН-1,700-760, Дәлдік шегі: 1,0

Шламбассейндеріндегі шлам деңгейін сонымен бірге мына приборларды қолданып, электромагниттік радиоактивтік және радиотолқындық әдістерді қолданып, өлшейді: Сезгіш элементі қызметін ЭР деңгей релесі атқаратын УШС-63 жалғаспалы деңгей өлшеуіші, шламның радиоактивті деңгей өлшегіші. ЭР-1 деңгейлік контактілі электрондық сигнализатордың жұмыс істеу принципі шламның электр өткізгіштігіне негізделген. Электрлік тізбектің бір контактысын 5 шламбассейннің төменгі бөлігіне, ал екіншісін – контактілік электродты 2 - жоғарғы бөлігіне орналастырады. Шлам деңгейі 3 электродқа 2 жеткен кезде электрлік тізбек тұйықталып, шлам берілісі тоқтайды. Электродтан 2 темен шлам деңгейі төмендеген кезде электрлік тізбек ашылып, шлам берілісі жанданады. Бірінші және екінші жағдайларда шламдайындау бөлімшесінің  басқару пультіне сәйкес импульстер беріледі.

Материалдардың физикалық  және химиялық қасиеттерін өлшеуге арналган приборлар: шлам тұтқырлыгын бақылау үшін - РВ-2 ротациялық визкозиметрі; ағын шламның  ылғалдығын бақылау үшін - ПЖР-2м немесе ПР-1024 типті  радиоизотоптық приборлар сериясының гамма Ылгал өлшеуіші; шлам тығыздығын өлшеу үшін - УТШ шлам гранулөлшеуіші ; алюминий, кремний, кальций, темір және көмір мөлшеріне шикізаттық қоспалардың шұғыл сандық талдауы үшін - ФРК-1Б рентгендік флуоресценттік квантометр қолданылады.

Радукторлар, электр қозғалтқыштарының подшипниктері мен электр қозғалтқыштардың статорлық орамаларының температурасын өлшеу үшін УКТ - 120 немесе УКТ - 5М типті қондыргылар қолданылады[8].



 
10.01.2017 09:53