Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15428

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

-Метрологияның негізгі даму багыттары мен осы салада ғылыми және техникалық жетістіктерді неғұрлым тиімді пайдалану жолдары, ӨМҚ ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін әзірлеу.

-Физикалық мөлшерлер бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру. Мемлекеттік эталондар - барлық өлшеудің негізі.

-ӨҚ мемлекеттік сынауды жоспарлау мен жүргізу, ҚР қолдануға жол берілген ӨҚ-дың түрлерін бекіту.

-ӨҚ мемлекеттік тексеру, ӨҚ-дың өндірісін, жай-күйін, қолдану мен жөндеуді және метрологиялық ережелердің сақталуын қадағалау.

-ӨМҚ саласындагы стандарттауды дамыту және жетілдіру.

-Метрология саласындагы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

ӨМҚ онімді бақылаудан басқа конструкторлық және технологиялық құжаттаманы қабылауды жүзеге асырады.

Сараптама мен метрологиялық талдау - бұл өлшенуге тиіс параметрлерді таңдау, дәлдік нормаларын белгілеу жөніндегі техникалық шешімдерді талдау мен бағалау және бұйымдарды әзірлеу, жасау, сынау, пайдалану мен жөндеу процестерін өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету. Метрологиялық сараптама бұйымдарды әзірлеу, жасау, пайдалану мен жөндеу процесінде бұйымдарды бақылау кезінде тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі

Метрологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:

-Өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатурасын анықтау.

-Бұйымның конструкцияларының бақылауға жарамдылығын бағалау. Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің бақылау мен өзара алмастырымдылықтың тиімділігі мен дұрыстығының талаптарына сәйкестігін анықтау.

-Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің технологиялық процестердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін анықтау.

-Өлшеудің дәлдігін сақтай отырып өлшеу операцияларын арзандату мен еңбек сыйымдылығын азайтудың, автоматтандыру әдістерін қолданудың мүмкіндігін анықтау.

-Өлшеу кезінде компьютерді пайдалану мүмкіндігін анықтау.

Сараптама нәтижелері Мемстандарт 3.114-81 бойынша ресімделеді[3].



 
10.01.2017 09:53