Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154216

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Метрологиялық қамтамасыз ету, мақсаты және функциялары

Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Өлшем нәтижелері азаматтардың денсаулығын және өмірін қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарында, көлік қозғалысы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарында, энергия ресурстарының барлық  түрлерін қолдануда және сақтауда, тасымалдауда, қайта өңдеуде, өңдіруде, шығаруда, ғылыми зерттеулер жүргізуде, сонымен қатар басқада барлық салаларда қолданылады.

Өлшем құралдарының нақты көрсеткіштері ғана адамдарды дұрыс диагностикалауға, ауа райын құруға және анықтауға, қызметтің барлық салаларында сипаттаманы жүзеге асырудың саны мен сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Өлшемнің дерексіз нәтижелерін пайдалану әр түрлі салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін, осыған орай, өлшем нәтижелері маңызды шешімдерді қабылдаудың негізі болып табылады.

Нарықтық экономикада және бәсекелестік дамыған жағдайда өлшемнің нақтылығына деген талаптар өсуде, осы жағдайда заман талабына сай және де бәсекелестіктен қалмау үшін метрологияны дамыту қажет, сондықтан өндірісте метрологиялық қызмет құрылуда.

ҚР-ның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес өлшем құралдары нәтижелерін қолданатын мекемелер мен өндірістерде мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру, метрологиялық қызметті құру және де ұйымдастырушылық шараларын жүргізу міндеттеледі.

Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:

-Өлшеу жағдайын талдау;

-Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;

-Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;

-Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;

-Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;

-Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;

-Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;

-Метрологиялық бақылауды жүргізу.

Метрологиялық қамтамасыз етудің алғашқы мақсаты адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау болып табылады, сонымен қоса қызметтің қандайда да бір түрін қамтамасыз етуде кіріс деңгейін жоғарлату және шығыс деңгейін азайту болып табылады, яғни өлшем құралдарын қолдана отырып, негізгі қорлардың бір бөлігі ретінде ең жоғарғы табыс көзін алуға жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар метрологиялық қамтамасыз ету белгілі бір жағдайда жалпы өндірісте және технологиялық үрдістерді басқаруда үйлестіруді, үрдістерді қалпына келтіруді, өнімдерді жасауда сапасын қамтамасыз етуді міндеттейді, бұл ретте өндірістік метрологиялық қамтамасыз етуге кететін шығын өндіріс және технологиялық кезең күрделілік деңгейіне  сай бола отырып, соңында шығыс есесін қайтарумен қатар кіріс деңгейін көтеруі керек.

Осыған орай заман талабына сай кәсіпкерліктің әр түрлі салаларында метрологияның дамуы жұмыс сапасының жоғары деңгейінде басты механизмдерінің бірі болып табылады, тиісінше шығарылатын өнімдердің және қызмет көрсетудің сапасының жоғары жетістіктеріне жетуі мемлекет экономикасын дамытуға және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді[1].



 
10.01.2017 09:53