Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154435

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

«Стандарт Цемент» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең үлкен және ең көп мөлшерде қаражат жұмсалған жобалардың бірі. Зауыт барлық - стандарт сапасына және қауіпсіздік нормаларына толықтай жауап береді.

Жұмыс мұнда жаңа технологиямен жүргізіледі, ол мекеменің экологиялық таза өндіріс екеніне толықтай құқылы екенін дәлелдейді.

Мекеменің жобалық қуаты - жылына 1 млн. тонна М400 - М500 маркалы цемент өңдеу.Бүгінгі күні кәсіпорын Кедендік одаққа кіретін елдермен тауар айналымын арттырып, байланысын нығайтуда. Өндірістің ерекшелігі энергорессурстар шығыны төмен мөлшерде, ол цемент бағасын едәуір арзандатуға мүмкіншілік береді және бір жауапты мәселе - экология мәселесі. Сондықтан зауыт ауласының барлық жерін қамтитын шаңсорғыштар орнатылған олар қоршаған ортаның тазалығына толықтай жауап берді.

Стандарт Цемент компаниясының тарихы 2004 жылдың желтоқсан айынан бастау алады. Сол кезде экономика және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитеттің, Оңтүстік Қазақстан облысында цемент зауытын салу туралы бұйрығы шықты.

«Стандарт Цемент» ЖШС құрылысы 2006 жылы басталып, жақсы сапамен 2010 жылы іске қосылды.

Бүгінгі күні «Стандарт Цемент» зауыты Қазақстанда «құрғақ әдіспен» цемент өндіретін бір ғана өндіріс орны болып табылады.450-ге тарта жұмысшы бар өндіріс орны тұтынушы сұранысын қанағаттандырарлықтай еңбек етуде.  Дүние жүзінде мұндай өндірістер жиырмадан аспайды. Тянь-Цзинь ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ойлап тапқан заманауи өндіріс технологиясы бізге үйреншікті технологиямен істейтін басқа цемент зауыттарының алдында үлкен мүмкіндіктер береді.

Әрбір адам, мемлекет, ел нормасыз және құқықсыз өмір сүре алмайды және де олар нормативті - құқықтық қоғам құрады. Кәсіпорынын метрологиялық жұмыстарына нормативтің негізгі мақсаты - бұл өнімді өндіру кезінде адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және қоршаған ортаның қауіпсіздігін корғау. Бұл Қазақстан Республикаеының ұлттық идеясының бірі болып табылатын өмір сапасын жақсартуға алып келеді.

Метрологиялық қамтамасыз жұмыстарға ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, коршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып табылады.

«Стандар Цемент» ЖШС өндірістік лабораториясының аттестациялау сертификаты бар, бұл оған ресми жағдайда физика - химиялық және физика -механикалық сынақтардан өткізіп шикізаттың сапасын талапқа сай жоғары дәлдікпен өлшеуіне мүмкіншілік береді және де МЕСТ талаптарына сай, халықаралық стандарттау нормасына сәйкес дайын тауарларды да сынақтан өткізеді.

Лабараторияның негізгі міндеттері:

-өлшеуді методикалық талаптарға сай қамтамасыз ету және сынақтарды аса дәлдікпен өткізу

-дайын тауардың, шикізат материалдарының сапасын бақылау

Лабаратория жетілдірілген заманауи құрал - жабдықтармен қамтамасыз

етілген, сондықтан жұмыс барсына жедел түрде уақытылы лабараториялық бақылау жасай алады және ол барлык технологиялық талаптарға сай келеді.

Зертхана қызметі шикізат пен дайын өнімнің сапасын өлшеу кезінде қажетті дәлдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Зертханада мәлімделген қызметі облысына сәйкес өлшеулерді орындауға жағдайлардың бар екендігін   ресми   куәландыру   мақсатында   зертхана   ҚР Р 50.2.2 - 2002 сәйкес өлшеулердің күйін бағалаудан өтеді.

Өлшеулердің күйін бағалау туралы куәліктің болуы зертханамен алынған өлшеу (сынақ) нәтижелерінің шаруашылық субъектілермен тануы үшін негіздеме болып табылады. Зертхана өзінің қызметінде заң актілерін, шығарылатын шикізаттың, дайын өнімнің (орындалатын жұмыстардың) сапа көрсеткіштерін нормалайтын және өлшеулерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік кұжаттаманы басшылыққа алады. Зертхана жұмысы жұмыс жоспарына (немесе кәсіпорындармен жасалған шаруашылық келісім - шарттарға) сәйкес жүзеге асырады.

Міндеттері: Жүргізілетін өлшеулердің (сынақтардың) және берілетін қорытындылардың объективтілігі мен шынайы анықтылығын қамтамасыз ету. Өлшеулерді және нәтижелерді НҚ талаптарына сәйкес жүргізу және рәсімдеу. Тек заңдық күші бар таңбалары мен тексеру туралы сертификаттары бар ӨҚ мен сынақ жабдығын қолдану. Құқықтар: Дайын өнімнің сапасы туралы қорытынды беру. Стандарттық емес және сапасы нашар өнімді шығаруға тыйым салу. Технологиялық режим бұзылған жағдайда өндірістік процесті тоқтату. Өлшеулерді (сынақтарды) жүргізу үшін басқа аттестацияланған немесе аккредиттелген зертханаларды келісім - шарт негізінде шақыру. Өнімнің НҚ (МЕСТ,) талаптарына сәйкестігін тиісті құжат беру[4].



 
10.01.2017 09:53