4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз ету - өндірістің қажетті бұйымдар мен материалдар, шикізаттар және құрал-жабдықтары мен технологиялық процесті ұйымдастырудың технологиялық шараларының кешенімен қамтамасыз етілуін айтады. Мұндай қамтамасыз етудің нормативті негіздемелері болып мемлекеттік салалық кәсіпорынның стандарттары саналады.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжатты алғаннан бастап жүргізіле бастайды. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді.
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндіріс технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде келесі шаралар орындалады:
-өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал - жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу;
-өлшеу құралдары мен өлшем әдістемелерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау;
-өлшеу құралдарын стандарттау;
-өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелер мен қамтамасыз ету;
-өлшеу жүргізудің нормативті-техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету;
-өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге, өлшеу құралының дәлдігін анықтап, жөндеулер жүргізуге үйрету.
Метрологиялық қамтамасыз етудің орнатылған талапқа сәйкестігін бағалаудың мақсаты кәсіпорынның метрологиялық қызметінің талап етілген сипаттамамен және тұрақты сапада өнім өндіруді қамтамасыз ету қабілетін анықтау болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етуді бағалауда тексеріледі:
-өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормалары, ережелері мен талаптарының орындалуы, сонымен қатар сынау ретінің тапсырмаларының дәлдігі мен параметрлерді бақылау дұрыстығына талаптары.
-өзгеруде рұқсат етілген шектер мен өлшенетін (бақыланатын) параметрлер номенклатураларын таңдаудың негізділігі.
-кәсіпорынның өлшеу, тексеру (калибрлеу), жөндеу, өлшеу құралдарын сақтау, бақылау және сынау мен олардың орнатылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қажетті жабдықтар және құралдармен қамтамасыз етілуі.
-процестер мен өнімдер, нормативті және техникалық құжаттаманың метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын және өлшеу жағдайын жүйелі түрде талдауды жүргізу.
Елімізде өлшеу құралдарын пайдаланып, сандық бағалау жүргізбейтін сала жоқ. Сондықтан кәсіпорындарға мүмкіндігінше, жетілдірілген соңғы типтегі өлшеу құралдарын орнатып, олармен жұмыс жасауды үйренген дұрыс[12].