ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорындардың тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.
Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.
Өндірістің метрологиялық қызметі өз жұмысында, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын, Министрлер Мәжілісінде бекітілген Қаулылармен – ҚР Үкіметінің жағдайларын, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету» бойынша нормативті құжаттарды, мемлекеттік стандарттар, метрология бойынша ережелерді, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесіне кіретін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың ұсыныстарын және кәсіпорынның өлшем бірдігін қамтамасыз ету бойынша құжаттарын жетекшілікке алады.
Өндірістің метрологиялық қызметі келесідегідей функцияларды атқарады:
- өлшеу жабдақтарын басқару;
- өлшеу құралдары және зерттеу жабдықтары есепке алу;
- өлшеу жүргізу барысында қажетті дәлдікті қамтамасыз ету;
- эксплуатация техникалық қызмет және тексеру бақылау;
- өндірістік процесте қолданылмайтын өлшеу жабдықтарын консервациялау,сақтау , жинау;
- жарамсыз жабдықтарды эксплуатациядан шығару және олардың қолданылуының алдын алу;
- техникалық берілімдермен мазмұндалған ( паспорттар, формулалар т.б.) уақытылы тексерілгендігін растайтын құжаттаманың барлық түрлерін қамтамасыз ету және сақтау;
- Кәсіпорынның метрологиялық қызметі өлшеу жабдықтарын басқаруда келесідегідей жұмыстармен жүзеге асырады:
- өлшеу құралының техникалық сипаттамалық, техникалық паспортының болуын;
- өлшеу құралының техникалық мінездемелерге сәйкестігін;
- өлшеу құралының қолдануға жарамдылғын;
- берілген жабдықпен қажетті нақтылық пен өлшеу сәйкестікті қамтамасыз етуге қабілеттілігін;
- жабдық жұмыстарының климаттық шарттары олардың техникалық құжаттамада бекітілген талаптарға сәйкестігін;
- өлшеу жабдықтарының жағдайы мен қолданылуын.