Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155120

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері

1)өлшеу нәтижелерін өңдеу, өлшеуді орындау, метрологиялық жағдайдағы техникалық құралдарды қолдау, техникалық құралдарға сәйкес процесстерді қамтамасыз ету: әдістерді құрастыру, бақылау мен сынау, өлшеудің процестерін жоспарлау: жобалық конструкторлық және технологиялық құжаттармен метрологиялық сараптау, өлшеудің дәл нәтижелерінің сандық көрсеткіштері мәні мен номенклатураны таңдау.

2) жөндеу жағдайындағы өлшеу құралдарын қолдау, бақылау мен өлшеу, сынауды өткізу мен жоспарлау, метрологиялық сараптау, дәлдік нормалары, өлшеуіш параметрлердің рационалды параметрлерін таңдау.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету  - бұйымдар өндірісінде қажетті, бұйымдар, технологиялық процестер және құрал-жабдықтар сипаттамаларының берілген дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шараларының комплексі.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің баптарын кеңінен енгізу негізінде жүргізіледі.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету төмендегідей ережелер мен баптарға сәйкес жүргізіледі:

-өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

-өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындаудың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

-сала және кәсіпорындар үшін өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін белгілейтін салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, ұйымдастыру-әдістемелік және өндірістік құжаттар.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша жұмыстар бұйымды құрастыруға арналған бастапқы құжаттарды алу кезеңінен бастау алады және кәсіпорынның конструкторлық, технологиялық , метрологиялық немесе басқа да қызметтері арқөылы орындалады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті бастапқы құжаттар құрамы салалық стандарттармен анықталады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін немесе баптарын анықтайтын, нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік және инструктивтік-өндірістік құжаттарға кіреді:

а) бұйымдардың кіру және қабылдау кездеріндегі бақылаулар нақтылығын қамтамасыз ететін, өлшенетін параметрлердің оптимальды номенклатурасы мен өлшеу дәлдігінің  нормаларын анықтау;

б) өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін, неғұрлым қазіргі заманғы өлшеуді орындау әдістемелерімен технологиялық процестерді қамтамасыз ету;

в) жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті, өлшеуді орындау әдістемелерін құрастыру және енгізу;

г)өлшеу құралдарын және әдістерін таңдау бойынша ұсыныстар құрастыру;

д)өндірісті стандартталынған өлшеу құралдарымен, қажет жағдайларда нақты технологиялық процестер үшін арналған стандартталынбаған өлшеу құралдарымен, сонымен қатар өлшеу нәтижелерін өңдеу құралдарымен қамтамасыз ету;

е)нормаланған дәлдікпен өлшеуді орындауға өлшеу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету;

ж)бақылау-өлшеу техникалырын стандарттау, унификациялау және агрегаттау;

з)өндірісте өлшеуді орындау жағдайларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

и)бақылау-өлшеу операцияларын орындау үшін кәсіпорынның өндірістік бөлімдері мен сәйкес қызметтерінің қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге әдістемелік басшылық мемлекеттік және мекемелік метрологиялық қызмет органдары арқылы жүргізіледі.

Өндірісті дайындау процесінде  құрастырылған, өлшеу дәлдігінің нормаларын, әдістерін, құралдарын, өлшеуді дайындау және жүргізу жағдайларын, сонымен қатар өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін реттейтін, нормативтік-техникалық, конструукторлық және технологиялық құжаттар міндетті түрде метрологиялық бақылауға немесе сараптауға түсуі тиіс.

Нормативтік-техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрологиялық бақылау немесе сараптау, осы құжаттарда көрсетілген, мемлекеттік стандарттау мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына өлшеудің дәлдік нормаларының, әдістерінің, құралдарының, өлшеуді орындау орындау жағдайларының, өлшеу нәтижелерін өңдеудің, өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату мақсатында жүргізіледі.



 
10.01.2017 09:53