1.8 Зауыттың қауіпсіздік талаптары
Қиыршық тас және құмтас өнімдерінің өрт қауiпсiздiгi мен отқа төзiмдiлiгiн, радиациялық қауiпсiздiгiн, термикалық қауiпсiздiгi мен жарылу қауiпсiздiгiн, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мен экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қиыршық тас және құмтас өнімдерінің тiршiлiк циклiнiң барлық сатыларындағы сипаттамалары мен процестерiне қатысты ең аз қажеттi талаптарды белгiлейдi.
ГОСТ 12.1.007-76 «Зиянды заттар. Топтау және қауіпсіздікке ұсынылған жалпы талаптар» барлық зиянды заттарды 4 топқа бөледі:
1) төтенше қауіпті (ШРК<0,1 мг/м3);
2) аса қауіпті (0,1<ШРК<1,0 мг/м3);
3)орташа қауіпті (0,1<ШРК<1,0 мг/м3);
4) қауіптілігі төмен (ШРК>10,0 мг/м3).
Қиыршық тас және құмтас өнімдері қауiпсiздiгi бойынша бастапқы сипаттамалары ғимараттар мен құрылыстарды салу мен пайдалану процесiнде әртүрлi есептiк жүктемелер мен әсер етулердiң азаматтардың өмiрi немесе денсаулығына, мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiрумен байланысты болып келетiн кез келген сипаттағы қирауларды болдырмайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиiс.
Қиыршық тас және құмтас өнімдерінің қауiпсiздiгi және басқа да белгiленетiн талаптар жобалауға арналған тапсырмаға, нормативтiк-техникалық және нормативтiк құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады және мына талаптардың орындалуымен қамтамасыз етiлуi тиiс:
1) қиыршық тас пен оның құрамдастарына қойылатын талаптар;
2) сындарлы талаптар;
3) технологиялық талапт:
4) пайдалану бойынша талаптар;
5) сақтау, тасымалдау, жинақтау және пайдалану бойынша талаптар.
Есептеулер мен конструкциялау нәтижелерi бойынша қиыршық тас және құмтас өнімдері жобалау кезiнде қиыршық тас сипаттамасының қауiпсiздiгiн, пайдалануға жарамдылығын және ұзақ уақыттылығын қамтамасыз ететiн нормаланатын және бақыланатын мәндер белгiленуi тиiс. Қиыршық тас және құмтас өнімдері негiзгi нормаланатын және бақыланатын сипаттамалары ретiнде мыналар белгiленуi тиiс: жарықшаққа төзiмдiлiгi, қаттылығы және аязға төзiмдiлiгi.
Жарықшақтардың болмауына қойылатын талаптар толық созылу қимасында өткiзбеушiлiгi қамтамасыз етiлуi тиiс қиыршық тас және құмтас өнімдері (сұйықтықтың немесе газдардың қысымы түсетiн, радиация әсер ететiн және тағы басқа), ұзақ уақыттылығына жоғары талаптар қойылатын бiрегей қоспаларға, сондай-ақ өте агрессивтi ортаның әсер етуiмен пайдаланылатын өнімдерге қойылады.
Өнім ұзақ уақытқа жарамдығы бойынша белгiленген уақыт iшiнде ол әртүрлi есептiк әсер етулердiң геометриялық сипаттамаларына және материалдарының механикалық ықпалын есепке ала отырып, қауiпсiздiк пен пайдалануға жарамдылыққа қойылатын талаптарды қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиiс (жүктеменiң ұзақ әрекет етуi, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғалды әсері.
Қиыршықтастың жалпақтылық қасиеті- маңызды сапалық сипаты болып табылады. Қиыршықтастың кубтық қалпын қолдану тығыз нығыздалуын береді. Қиыршықтас құрамында пластиналық және ине қалыпты дәндердің болуы, қоспадағы дән аралық бостықтың ұлғаюына алып келеді. Бұл өз кезегінде байланыстырып тұрған компонент шығынының ұлғаюына соқтырады, ал бұл қосымша материалдардың шығыны. Қиыршық Тастың радиоактивтілігі- құрылыс Қиыршық тасінің сапасын талқылау кезіндегі маңызды және қажетті сипаттамасы болып табылады. Егер, өнім толықтай құрылыс жұмыстарына жарамды болу үшін, ол соған сай келетін сертификаттармен расталу керек. Және санитарлық-эпидемиялық шешиммен, арнаулы лабораториялық зерттеуді қажет етеді. Қиыршық тастың I топтағы радиоактивтілігі 350Бк/кг төмен. II классты Қиыршық тастың радиоактивтілігі 350Бк/кг жоғары [8].
Жалпақтылық - қиыршықтастың жазықтылық дәрежесін анықтайтын параметрі(лещ-табан сияқты жалпақ). Қиыршық Тастың құрамындағы пластиналық және ине тәріздес дәнді қалыптарды нормалайды. Пластиналық және ине тәріздес дәндерге ені ұзындығынан 3 есе немесе одан бірнеше есе аз дәндер жатады. Қиыршық тасты дәніне қарай 4 топқа бөледі. Қиыршық тастың дәні қалпы бойынша бөлінуі туралы мәліметтер 1-ші кестеде көрсетілген.
Кесте -1. Қиыршық тастың дәні қалпы бойынша бөлінуі
1 Куб тәріздес 15%
2 Жақсартылған 15-25%
3 Кәдімгідей 25-35%
4 Кәдімгідей 35-50%
Өнім ашық әдіспен алынады. Қиыршық тас табиғи рудалы емес материалдарға жатады. Технолгиялық үрдіс сипаттамасына келетін болсақ,әуелі карьерде белгілі бір каналы белгіленіп, тауды бұрғылап тесіп, одан соң 5-10м тереңдікте жарылыс жасалады. Жарылған массаны авто машиналармен таудан тасып дробилкаларға (тас уататын қондырғыларға) жеткізіледі.Қондырғылардан өткен тас уатылып шығарылады, яғни әр заказчиктің қажетіне қарай әр түрлі фракцияларды шығарылады (0-5мм,5-20мм,20-40мм,40-70мм).
Қиыршық тас сапасын негізінен орталық лабораторияда тексереді. Қиыршық тастың сапасын сынау, қиыршық тастың азғантай бөлігін тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, оның мықтылығы, суға төзімділігі,массасы,құрамы т.б. анықталады. Сынауды жүргізу үшін келесідей құрылғылар қолданылады:
-лабораториялық таразы 3-санаттағы. ГОСТ 24104;
-диаметрі 5мм сүзгі.ГОСТ 6613;
-лабораториялық электропеш. Арнайы нормативті құжатарына сәйкес диапазоны 20-200гр;
-минералдық микроскоп, лупа.ГОСТ 25706;
-стандарты бойынша өлшем құралдары.
Қиыршық тастың беріктілігі маркасымен анықталады. Оны лабораторияда болат цилиндрде қысу арқылы анықтайды. Қиыршық тастың үгітілу көрсеткішіне қатысты маркасын анықтау үшін 150мм цилиндр ыдыс және 3кг құйма алынады. Егер құйма 400гр шамасында болса, 75мм цилиндр алынады. 3кг құйма цилиндрге салынып,Қиыршық тасқа болат плунжер орнатылып,астына пресс қойылады. Плунжердегі қысымды 150кг/с жылдамдықтан 20тс дейін жеткізеді. Цилиндрде уатылған сынақ қиыршық тастың фракциялары мөлшерлеріне сәйкес сүзгіден өткізіледі. Қиыршық тастың сүзбеден қалған бөлігі өлшейді. Қиыршық Тастың уатылу көрсеткішін пайыздық мөлшерлемеде келесі формуламен анықтайды:
Dr=d1-d2/d1*100%
D1- сынауға кеткен Қиыршық тас құймасы;
D2- бақылаудан кейінгі Қиыршық тас мөлшері.
Қиыршық тастың аязға төзімділігін зертханада анықтайды.
Өлшеу құралдары:
-Қатыру жауынды құрылғысы (ҚЖҚ);
-Сынамаларды біржақты қатыру аппараты (СБҚА) немесе жылу изоляциялық алынбалы рама;
-Сулы ванна;
-Торлы ыдыс;
- аразылар;
-Жауындық құрылғы;
-ГОСТ 24104 бойынша өлшеуіш;
-Қалған құралдар МЕМСТ бойынша сығуға қажетті құралдарының қатарына кіреді.
Қиыршық тастың мұзға төзімділігін суда қатыру арқылы анықтайды. Қатыру кезінде ешбір тежелу болмау керек.Үлгілерді сынағанша бастапқы температура 15˚С тан аспауы тиіс. Сынаққа алынған қиыршық тас өнімі ыдысқа салынып, үстіне температурасы 20˚С су құйылады. 48минуттан кейін ыдыстағы суды құйып алып, қиыршық тасты мұздатқышқа саламыз. Мұздатқыш температурсы 7-25˚С қа көтеріледі. Бұл температурада қиыршық тастың шыдау ұзақтылығы 4 сағаттай болу керек. Қиыршық тас салынған ыдысты сулы ваннаға қиыршық тастың мұзы ерігенше орналастырып сақтаймыз. Судың температурасы үлгінің толық еруіне дейін сақталуы қажет. Еру уақыты қатыру уақытының жартысына тең болуы керек, яғни 2 сағ болады. Үлгіні толық еріткеннен кейін оның бүкіл жерін бақылап,тексереміз. Бұл үрдіс бірнеше рет қайталанады. Әрбір еріту, қатыру үрдісінен кейін қиыршық тас құймасы кептіріледі. Кептірілген қиыршық тас сүзгіден өткізіліп, салмағы өлшенеді. Қорытындыларын өңдейміз. Үрдістерді жүргізу алдындағы және одан кейінгі қиыршық тас салмағының қаншалықты азайғандығы 0,1% дәлдікпен мына формула бойынша анықталады:
АД=d1-d2/d1*100%
d1- сынаққа дейінгі қиыршық тас салмағы;
d2- сынақтан кейінгі сүзгіде қалған қиыршық тас салмағы.
Жоғалтқан салмақты анықтау үшін сынақ нәтижесінің арифметикалық орташа мәнін аламыз.
Қиыршық тас аязға төзімділігі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: F15, F25, F50,F100,F150,F200,F300
«ШЕВ»зауытының сапасын бақылау жүйесі
Бөлшектік сектордағы «ШЕВ» зауытының негізгі басымдылығы қызмет көрсету тұтынушыларына жоғарғы сапаны ұсыну болып табылады. Сапа саласындағы «ШЕВ» зауытының стратегиясы қиыршық тас өнімдері және сатудың бөлшектік желілер объектілерінің қызметі сапасына тұрақты бақылау жүйесін құруға бағытталады.
Сапаның алмаспайтын бақылау жүесі қиыршық тас өнімдерін қабылдаудан бастап оны сатуға дейінгі технологиялық тізбені толық қадағалауға және бастапқы көрсеткіштер бойынша ЖЖМ сапасын бақылай отырып, соңғы тұтынушыға арналған тұрақты сапаны қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.
Қиыршық тас өнімдерінің сапасымен қамтамасыз етілуі - бұл өзіне стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сай келмейтін кондиционды емес өнімдердің сатуын болдырмау мақсатында қиыршық тас өнімдерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және жіберуді қамтитын іс-шаралардың толық бір кешені.
Қиыршық тас өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сынақ зертханаларында менеджмент жүйесін әзірлеу, ендіру және қолдау;
Зертханааралық салыстыру сынақтары бойынша жұмыс ұйымдастыру;
Қиыршық тас өнімдері сапасын бақылау схемасын әзірлеу және жетілдіру;
Техникалық жағдайды бақылау, зертхананың өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының уақтылы тексеруін және метрологиялық аттестаттауын қамтамасыз ету;
Қиыршық тас өнімдері сапасының сәйкестігін растау саласында нормативтік құжаттар қорын қамтамасыз ету;
Жылжымалы зертханалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
Сынақ зертханалары қызметкерлерінің дайындығын, біліктілігін жоғарылату, оқыту және аттестаттауын ұйымдастыру.
Қиыршық тас өнімдері сапасын бақылаудың негізгі кезеңдері болып мыналар табылады:
- Дайын өнімді сынақ лабораториясына жіберу;
- Қиыршық тас өнімдерініңрадиоактивтілігін анықтау;
- Қиыршық тас өнімдерініңсуға төзімділігін анықтау;
- Қиыршық тас өнімдерініңмаркасын анықтау;
- Қиыршық тас өнімдерініңберіктігін анықтау;
- Қиыршық тас өнімдерініңмассасын және құрамын анықтау;
- Қиыршық тас өнімдерін вагонға тиер алдында сұрыптылығын сынау;
- Маркалау.