Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154254

Шев заутынын ондiрiс онiмдеры жане оларды ондеу технологиясы

СОДЕРЖАНИЕ
Шев заутынын ондiрiс онiмдеры жане оларды ондеу технологиясы
1 «ШЕВ» ЗАУЫТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Сапаны әкімшілік басқару
1.2 «Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1.3 Зауыттың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1.4 Зауыттың өрт және жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1.5 Зауыттың химиялық қауіпсіздігіне қойылатын таалаптар
1.6 «ШЕВ» зауытының қиыршық тас және құмтас өнімдерін сақтау мен тасымалдау қауiпсiздiгіне қойылатын талаптар
1.7 Зауыттың экологялық қауiпсiздiгіне қойылатын талаптар
1.8 Зауыттың қауіпсіздік талаптары
2 ШЕВ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІНІҢ ӨНІМДЕРІ
2.1. «ШЕВ» зауыты өнімдерінің ассортименті
3 « ШЕВ» ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
3.2 Қиыршық тасты өңдеу технологиясы
3.3 ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасын өндіріске енгізудің себептері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 «ШЕВ» ЗАУЫТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Сапаны әкімшілік басқару

1.2 «Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

1.3 Зауыттың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1.4 Зауыттың өрт және жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1.5 Зауыттың химиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

1.6 «ШЕВ» зауытының қиыршық тас және құмтас өнімдерін сақтау мен тасымалдау қауiпсiздiгіне қойылатын талаптар

1.7 Зауыттың экологиялық қауiпсiздiгіне қойылатын талаптар

1.8 Зауыттың қауіпсіздік талаптары

2 ШЕВ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІНІҢ ӨНІМДЕРІ

2.1 «ШЕВ» зауыты өнімдерінің ассортименті

3 «ШЕВ» ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

3.1 Қиыршық тастың химиялық құрамы, жіктелуі және қолдану саласы

3.2 Қиыршық тасты өңдеу технологиясы

3.3 ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасын өндіріске енгізудің себептері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

Елбасымыздың дағдарыспен күреске арналған жолдауында айтылғандай, 50 өркениетті елдің қатарына қосылу мақсатына сай еліміздегі құрылыстық нысандарда дүниежүзілік стандарттарға сай әсем және сапасымен дүние жүзіне әйгілі болуы тиіс. Соған орай құрылыс және материалдар сапасын дамыту басты мақсат болып табылады.

Қазақстанның құрылыс және жол салу индустриясы экономиканың ең тұрақты және ең қарқынды дамыған салаларының бірі болып табылады, оны қолдау ретінде жаңа ойлар, технологиялар және материалдарды пайдалану қажет.

Елімізде кезінде тоқтап қалған құрылыстар қазіргі уақытта жандануда. Кез-келген мемлекеттік құрылыс индустриясын көтеруге төбесін көк тіреген зәулім ғимараттар көрік беріп қана қоймай, сол елдің экономикалық көрсеткіші бола алады. Қаланың өркендеуіне соңғы жылдары байқалып жүрген елдегі жалпы өсу ықпал етті. Республикамыздың құрылыс саласының дамуына жаңалық әкелген 2006 жылдың шілдесінде қабылданған “Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” жаңа заң болды. Сонымен бірге 2005 жылдың мамырында Астанада өткен Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы даму мәселелері мен перспективалары жөніндегі кеңестің хаттамасы да бар. Бұл құжатта құрылыс саласының дамуына ықпал ететін жаңа шаралар көзделген және олардың орындалуы мерзімдері көрсетілген.

Қазіргі уақытта салынатын автожолдар сапасына беріктілік сипаттамалары бойынша, толтырғыш формасы мен өлшемдері бойынша өте жоғары талаптар қойылып жатыр. Себебі, автокөлік жолының сапасы тікелей толтырғыштың сапасына тәуелді болып келеді. Автокөлік қозғалу интенсивтілігімен жылдамдығының өсуі қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талап етеді, ал қозғалыс қауіпсіздігі жол жабынының жоғары сапасына қатысты [1].


1 «ШЕВ» ЗАУЫТЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

«ШЕВ» зауыты Жамбыл облысындағы Тараз қаласында орналасқан қиыршық тас шығаратын зауыттардың бірі. Зауыт Қазақстан Республикасы Президентінің 05.03.1993ж. Жарлығымен «Мемлекеттік кәсіпорындардың акционерлік қоғамдарға қайта құрылуы бойынша ұйымдастыру шаралары туралы» және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 23.04.1993ж. №323 Қауылысымен «Мемлекеттік кәсіпорындардың ашық түрді акционерлік қоғамдарға қайта құрылу ережерелінің бекітілуі туралы» сәйкес «ШЕВ » мемлекеттік кәсіпорынының қайта құрылу нәтижесінде 2006 жылы құрылған.  Зауыт асфальт-бетон, фракциялық ұсақ тас, табиғи қиыршық тас шығарады. Зауыт өз аймағында көлік жолдар, дербесті алаңшалар және жүрістер құру және жөндеу жұмыстарын жасайды. Мекеме арнайы цехтар мен карьерлерге бөлінген және өндіріске қажетті техникамен жабдықталған. Мұнда бес эксковатор,үш жүк тиеуге арналған СМД-855 техникасы, төрт трактор, үш камаз және тас тасуға арналған машиналар жұмыс істеп тұр.Арнайы сынақ лабораториясы бар және екі цех жұмыс жасап тұр. Карьерде 187 жұмысшы қызмет атқарады. Оның 58 жоғары санатты жұмысшылар. Экспорттық жеткізулер көлемі жыл сайын жалпы өндірудің 40 %-ын құрайды. Соңғы бес жылда «ШЕВ» зауытында еңбекті төлеу қоры 1,5 есе, ал айлық төлемақы 2,1 есе өсті. Мекеме өзінің клиенттеріне жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие сапалы өнімді жеткізе отырып олардың сәтті іс жүргізуіне үлес қосуына барынша тырысады.Енді бұл кәсіпорын аймақтағы құрылыстың бәрін қиыршықтаспен қамтамасыз ететін болады. Қазіргі таңда карьер қызу жұмыс үстінде. «ШЕВ» зауытының ұйымдық құрылымы:

-Бас директор

-Бас есепші

-Кадрлар бөлімі

-Директордың орынбасары

-Зертхана меңгерушісі

-Есепші

-Бас инженер

-Инженер

-Жабдықтаушы

-Лаборанттар

 


 

1.1 Сапаны әкімшілік басқару

«ШЕВ» зауытында біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген. Нақты ықпалдастырылған менеджмент жүйесі бойынша басшылық бірнеше стандарт талаптарына жауап беретін кәсіпорынды басқару жүйесін сипаттайды. Атап айтқанда: ИСО 9001 сериялы стандарттар «Сапа менеджмент жүйесі», ИСО 14001 сериялы стандарттар «Экологиялық менеджмент жүйесі», SA 8001 сериялы стандарттар «Әлеуметік жауапкершілік менеджмент жүйесі».

Біріктірілген менеджмент жүйесі бойынша басшылық - бұл негізгі ішкі нормативті құжат болып табылады. Оның негізгі мақсаттары:

-ИСО 9001 және ИСО 14001 талаптарына сәйкес ЖШС «Темір тас» кәсіпорнында СМЖ қолданылу саласын анықтау;

Зауыттың сапа бойынша Басшылығы келесі нормативті құжаттардың талаптарын ескере отырып әзірленген:

-ИСО 9000 - Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі жағдайлар және сөздік.

-ИСО 9001 - Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.

-ИСО 9004 - Сапа менеджменті жүйелері. Қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар.

-ИСО 19011 - Сапа менеджменті жүйелерінің аудиті бойынша

басқарушылық сілтемелер.

-ИСО 10013 - Сапа бойынша басшылықты әзірлеу бойынша басқарушылық сілтемелер.

-ИСО 14001 - Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар.

Біріктірілген менеджмент жүйесі зауыттың бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Біріншіден, зауыт тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын тауар өндіруі қажет. Бұл сапа менеджментімен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, зауыт персоналға өндірістік және қауіпсіз еңбек етуге мүмкіндік жасауы керек. Яғни, OHSAS 18000 стандарты бойынша жүзеге асырылады. Үшіншіден, зауыт қоршаған табиғи ортадан тыс жұмыс жасай алмайды, сондықтан, оған келтіретін зиянды әсерін экологиялық менеджмент жүйесі арқылы басқаруы қажет. Төртіншіден, әлеуметтік орта, яғни зауыт еңбек кодексін сақтай отырып, қайырымдылық, қоғамдық қозғалыстарды қолдап, әлеуметтік кепілдікті жүзеге асыруы қажет. Бұл әлеуметтік кепілдік саласына қатысты [2].

Біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу және дамыту келесі талаптарды орындау арқылы жүзеге асады:

-қоршаған орта мен сапа саласындағы мақсаттарды және саясатты белгілеу;

-зауыт  қызметін анықтайтын үрдістерді белгілеу;

-өндірістік орта, инфрақұрылым, персонал мен қажетті ресурстарға талаптарды анықтау;

-«ШЕВ» зауытының персоналы арасында жауапкершілікті бөлу;

-сапа бойынша жоспарларды, технологиялық ережелерді, құжатталып рәсімделген қажетті басшылық пен стандарттарды әзірлеу мен тиімді қолдану.

«ИСО 14001 - Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар» халықаралық стандарты бойынша кәсіпорындарға қойылатын талаптар:

-талаптарға сәйкес келетіні туралы міндеті бар қоршаған ортаны қорғау бойынша саясатты құру;

-қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңдар мен нормаларға рұқсат алу;

-қоршаған ортаны қорғау саясатына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді;

-төтенше жағдай кезіндегі немесе олардың алдын алатын дайындық процедураларын орнату;

-талаптарға сәйкестікті кезеңді бақылау бойынша процедураларды орнату.

Бұл талаптар зауыт талаптарына сәйкестігін басқаруға тікелей қатысты болғанымен, ИСО 14001 Стандартының 17 элементінің әрқайсысы талаптарға ең жақсы сәйкес келуге көмектеседі (мысалы, өзара байланыс, оқыту, құжаттама, есеп беру құжаттары, сәйкес келмеу және түзету/алдын алу іс-әрекеттері, EMS аудиторлық тексеру, басшылықпен талдану және т.б.). Негізінде ИСО 14001 стандарты жатқан EMS кәсіпорнының талаптарға жауап беруді басқаруды толықтыру және жақсарту, сонымен қатар «шектен тыс шығып кеткен» мақсаттар мен міндеттерге жетуге көмектеседі. ИСО 14001-2004 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент туарлы 1- суретте көрсетілген.

Сурет -1.  ИСО 14001-2004 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент


1.2 «Жол-құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

Қазақстан Республикасында импортталатын және өндірілетін, Қазақстан Республикасының климаттық жағдайына байланысты жалпы пайдаланымдағы барлық техникалық санатты автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды салу, жөндеу, қайта жаңарту, пайдалану саласында қолданылатын, сондай-ақ шектелген көлемде пайдалануға рұқсат етілетін қайта пайдаланылатын жол-құрылыс материалдарына;

Жол-құрылыс материалдарының өндіру, тасымалдау және сақтау, қолдану (оның ішінде қайта қолдану), пайдаға асыру және көму сияқты өмірлік циклы процестеріне қолданылады.

Техникалық регламент ережелері жер төсемін, жол жамылғысының құрастырылымдық қабаттарын, инженерлік құрылыстарды орнатуға, шикізатты өңдеу кезеңдеріндегі жолдың және белгілердің жағдайы, жол құрылыс материалдарын өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру және қолдану, қалдықтарды пайдаға асыру және (немесе) жоюға арналған жол құрылыс материалдарына қойылатын негізгі қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру көзбен шолып бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша - ҚР СЭҚ ТН кодтары, таңбалау, өндірушінің ілеспе құжаттамасында берілетін ақпарат негізінде жүргізіледі.

Жол-құрылыс материалдарын бірдейлендіру үшін ақпарат жеткіліксіз болған кезде, жол-құрылыс материалдарының нақты түрлеріне арналған талаптары осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша сынақтар өткізеді.

Процеске қатысушы, заңды және жеке тұлға үшін Техникалық регламент талаптары болуы міндетті: өндіріс, тасымалдау, сақтау, қолдану (соның ішінде қайта қолдану), жол-құрылыс материалдарын сақтау және жылыту, олардың территориялық маңыздылығына және ұйымдастыру құқықтық формасына тәуелсіз және Қазақстан Республикасының барлық территориясында істейді.

 


 

1.3 Зауыттың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Қоршаған ортаға зиянды заттарды бөлiп шығаратын материалдарды, химиялық қоспалар мен қышқыл ерiтiндiлерiн қолданып, қиыршық тас өнімін жасап шығару, оларды тасымалдау, сақтау және қолдану кезiнде орын алуы мүмкiн химиялық, физикалық және механикалық факторлардың, жабдықтың, тетiктер мен қондырғылардың әсерiнiң адамның денсаулығы үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi осы Техникалық регламенттiң талаптарын орындаумен қамтамасыз етiледi.

Қиыршық тас өнімдерін жасап шығару кезiнде шудың деңгейi мен дiрiлдiң деңгейiн азайтатын және олардың зиянды әсерiн жою үшiн жұмыс орындарында арнайы шараларды қабылдап отыру қажет: санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң, мемлекеттiк стандарттардың, сондай-ақ ведомстволық еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасы ережелерiнiң талаптарына сәйкес сындарлы, технологиялық және ұйымдастыру шаралары, дiрiлден оқшауландыру және дiрiлдi өшiру құралдары, жеке қорғану құралдары.

Қиыршық тас немесе құмтас өнімдерін жасау кезiнде қолданылатын технологиялық жабдықтың барлық қосылыстары өндiрiстiк жайларға шаңның бөлiнiп шығуына жол бермейтiндей түрде тығыз етiп қымталуы тиiс.

Ауасындағы зиянды заттардың мөлшерi рұқсатты шектi концентрациядан асатын және дыбыс деңгейi 85 дБА-дан жоғары болып келетiн жұмыс аймағында орналасқан өндiрiстiк жабдықтар мен технологиялық желiлердi басқару тетiктерi оқшауландырылған кабиналарда орналасуы тиiс.

Химиялық қоспалар мен қышқылдардың сулы ерiтiндiлерiнiң әзiрленетiн орындарда қауiпсiз жұмыс iстеу мен алғашқы жәрдем көрсету жөнiндегi нұсқаулықтар iлiнуi тиiс.

Өндiрiстiк және қосалқы цехтардағы жұмыстардың қауiпсiздiгi табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етiлуi тиiс, ол нормативтiк-техникалық және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.

Өндiрiс нысандарында денсаулық сақтау саласына қатысты құзырлы мемлекеттiк орган бекiткен тәртiппен алдын-ала және мерзiмдi медициналық тексерулердi, ауысым алдындағы медициналық куәландыруды жүргiзудi ұйымдастыру қажет [3].


1.4 Зауыттың өрт және жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Қиыршық тас және құмтас өнімдерінің өрт қауіпсіздігі және жарылыс қауіпсіздігі олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және параметрлеріне байланысты өрттің және (немесе) жарылыстың туындау және (немесе) даму мүмкіндігімен анықталады.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдеріндегі олардың өрт қауіпсіздігін және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа нормативтік құжаттарда белгіленген талаптар орындалуы тиіс.

Булау камералары гидравликалық бекiтпелермен және қақпақтың камерамен соңғысынан будың сыртқа шығуына жол бермейтiн тығыз қосылысын қамтамасыз ететiн өзге де конструкциялармен жабдықталуы тиiс.

Ыстықтан жарақаттар алудың алдын алу мақсатында технологиялық жабдықтың сыртқы беттерiнiң немесе олардың қоршап тұрған құрылғыларының температурасы 45 оС-тан жоғары болмауы тиiс.

Жоғарылатылған және жоғары температура жағдайларында жұмыс iстеуге арналған қиыршық тас өнімдерін пайдалану кезiнде термикалық қауiпсiздiк адам денесiнiң қорғалмаған бөлiктерiнiң орын алуы мүмкiн жоғары температуралы беттермен жанасуына жол бермеу арқылы қамтамасыз етiледi [4].

 


 

1.5 Зауыттың химиялық қауіпсіздігіне қойылатын таалаптар

Айналымға жіберілу сатысындағы қиыршық тас және құмтас өнімдерінің химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздіктің қажетті деңгейін белгілейтін мынадай талаптар орындалуға тиіс:

1)айналымда жүрген кезде қиыршық тас және құмтас өнімдері қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда адамға және қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс;

2)адамға және қоршаған ортаға химиялық әсер ету мүмкіндігі бар, оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ қиыршық тас және құмтас өнімдерін айналымға жіберуге рұқсат етілмейді;

3)қиыршық тас және құмтас қоспаларында адам ағзасына тікелей немесе жанама әсер ете алатын мөлшерде зиянды заттар (барлық бөлінетін заттардың бірлескен іс-әрекетін ескере отырып) болмауы және олар қоршаған ортаға бөлінбеуі тиіс.

Жұмыс аймағының ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы, шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану нысандарының суындағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық - эпидемиологиялық нормативтеріне сәйкес болуы тиіс [5].


1.6 «ШЕВ» зауытының қиыршық тас және құмтас өнімдерін сақтау мен тасымалдау қауiпсiздiгіне қойылатын талаптар

Сақтау мен тасымалдау кезiнде қиыршықтас және құмтас өнімдерін тасымалдау мен сақтау кезiнде осы Техникалық регламент пен нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету қажет.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін сақтау мен тасымалдау әзiрлеушiлердiң жобалау (құру) сатысында қиыршық тас және құмтас өнімдеріне арналған нормативтiк-техникалық және нормативтiк құжаттарда көрсетiлген барлық қауiпсiздiк шаралары мен қорғау шараларын ескерумен орындалуы тиiс.

Жекелеген қиыршық тас және құмтас өнімдерін, сондай-ақ олардың қатарда қабаттап жиналуы кезiнде аударылу, құлау немесе опырылып құлау қатерiнсiз, жұмыс жағдайларында ескерiлгендей, орнықты болуын қамтамасыз ете отырып, пайдаланылуы тиiс.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін кәсiпорындардың қоймаларында және сатылу орындарында сақтау кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, нормативтiк-техникалық және нормативтiк құжаттарға сәйкес ауада зиянды заттардың болуына, өрт пен жарылыстың туындауына, қоршаған ортаның радиоактивтi нуклидтермен ластануына немесе радиациялық залалдануына жол бермейтiн шаралар ескерiлуi тиiс.

Құрылыс объектiлерiне келiп түскен қиыршық тас және құмтас өнімдерін қажеттi iлеспе құжаттармен қамтамасыз етiлуi тиiс.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін тасымалдау, егер өнiмдi жасаушы немесе оның тұтынушылары өзге шартты ұсынбаса, ол көлiк түрiне арнап қолданылатын жүктердi тасымалдау ережелерiне сәйкес орындалады.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін қауiпсiз сақтау, қауiпсiз тасымалдау және сату жөнiндегi ұсыныстармен қамтылған жағдайда ғана сақтауға, тасымалдау мен сатуға жiберiледi.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін тиеу, түсiру, тасымалдау және жинау нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін тасымалдау мен сақтау кезiнде тасымалдау мен сақтаудың нақты жағдайларын ескерумен қатердiң дәрежесiн бағалауы тиiс.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін қабаттап жинау кезiнде олардың маркасы бойынша сұрыптап монтаждаудың кезектiлiгiн ескере отырып жайғастыру керек [6].


1.7 Зауыттың экологялық қауiпсiздiгіне қойылатын талаптар

Қиыршық тас және құмтас қоспаларын әзiрлеу, қиыршықтас және құмтас өнімдерін термо-ылғалмен және автоклавтық өңдеу кезiндегi, темiр-бетон және бетон конструкциялар мен олардың қалдықтарын кәдеге жарату және жою кезiндегi лақтырындылардың, жұмыс аймағы мен жақын орналасқан елдi мекендердiң ауасының, санитарлық-тұрмыстық пайдаланылатын суаттардың құрамында зиянды заттардың болуы гигиеналық нормативтер мен санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларда, белгiленген тәртiпте аттестацияланған өлшемдердi орындау әдiстемелерiнде белгiленген шектiк-рұқсат етiлген концентрациялардан аспауы тиiс.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерін өндiру кезiнде қоршаған ортаны ластайтын технологиялық процестердi қолдану және оны қорғау мақсатында шаралар кешенiн көздеу қажет.

Қиыршық тас өнімдерін дайындау мен дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезiнде қауiп көзi болып табылатын өндiрiс қалдықтарын жою қажет [7].


1.8 Зауыттың қауіпсіздік талаптары

Қиыршық тас және құмтас өнімдерінің өрт қауiпсiздiгi мен отқа төзiмдiлiгiн, радиациялық қауiпсiздiгiн, термикалық қауiпсiздiгi мен жарылу қауiпсiздiгiн, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мен экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қиыршық тас және құмтас өнімдерінің тiршiлiк циклiнiң барлық сатыларындағы сипаттамалары мен процестерiне қатысты ең аз қажеттi талаптарды белгiлейдi.

ГОСТ 12.1.007-76 «Зиянды заттар. Топтау және қауіпсіздікке ұсынылған жалпы талаптар» барлық зиянды заттарды 4 топқа бөледі:

1) төтенше қауіпті (ШРК<0,1 мг/м3);

2) аса қауіпті (0,1<ШРК<1,0 мг/м3);

3)орташа қауіпті (0,1<ШРК<1,0 мг/м3);

4) қауіптілігі төмен (ШРК>10,0 мг/м3).

Қиыршық тас және құмтас өнімдері қауiпсiздiгi бойынша бастапқы сипаттамалары ғимараттар мен құрылыстарды салу мен пайдалану процесiнде әртүрлi есептiк жүктемелер мен әсер етулердiң азаматтардың өмiрi немесе денсаулығына, мүлiкке, қоршаған ортаға зиян келтiрумен байланысты болып келетiн кез келген сипаттағы қирауларды болдырмайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиiс.

Қиыршық тас және құмтас өнімдерінің қауiпсiздiгi және басқа да белгiленетiн талаптар жобалауға арналған тапсырмаға, нормативтiк-техникалық және нормативтiк құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады және мына талаптардың орындалуымен қамтамасыз етiлуi тиiс:

1) қиыршық тас пен оның құрамдастарына қойылатын талаптар;

2) сындарлы талаптар;

3) технологиялық талапт:

4) пайдалану бойынша талаптар;

5) сақтау, тасымалдау, жинақтау және пайдалану бойынша талаптар.

Есептеулер мен конструкциялау нәтижелерi бойынша қиыршық тас және құмтас өнімдері жобалау кезiнде қиыршық тас сипаттамасының қауiпсiздiгiн, пайдалануға жарамдылығын және ұзақ уақыттылығын қамтамасыз ететiн нормаланатын және бақыланатын мәндер белгiленуi тиiс. Қиыршық тас және құмтас өнімдері негiзгi нормаланатын және бақыланатын сипаттамалары ретiнде мыналар белгiленуi тиiс: жарықшаққа төзiмдiлiгi, қаттылығы және аязға төзiмдiлiгi.

Жарықшақтардың болмауына қойылатын талаптар толық созылу қимасында өткiзбеушiлiгi қамтамасыз етiлуi тиiс қиыршық тас және құмтас өнімдері (сұйықтықтың немесе газдардың қысымы түсетiн, радиация әсер ететiн және тағы басқа), ұзақ уақыттылығына жоғары талаптар қойылатын бiрегей қоспаларға, сондай-ақ өте агрессивтi ортаның әсер етуiмен пайдаланылатын өнімдерге қойылады.

Өнім ұзақ уақытқа жарамдығы бойынша белгiленген уақыт iшiнде ол әртүрлi есептiк әсер етулердiң геометриялық сипаттамаларына және материалдарының механикалық ықпалын есепке ала отырып, қауiпсiздiк пен пайдалануға жарамдылыққа қойылатын талаптарды қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиiс (жүктеменiң ұзақ әрекет етуi, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғалды әсері.

Қиыршықтастың жалпақтылық қасиеті- маңызды сапалық сипаты болып табылады. Қиыршықтастың кубтық қалпын қолдану тығыз нығыздалуын береді. Қиыршықтас құрамында пластиналық және ине қалыпты дәндердің болуы, қоспадағы дән аралық бостықтың ұлғаюына алып келеді. Бұл өз кезегінде байланыстырып тұрған компонент шығынының ұлғаюына соқтырады, ал бұл қосымша материалдардың шығыны. Қиыршық Тастың радиоактивтілігі- құрылыс Қиыршық тасінің сапасын талқылау кезіндегі маңызды және қажетті сипаттамасы болып табылады. Егер, өнім толықтай құрылыс жұмыстарына жарамды болу үшін, ол соған сай келетін сертификаттармен расталу керек. Және санитарлық-эпидемиялық шешиммен, арнаулы лабораториялық зерттеуді қажет етеді. Қиыршық тастың I топтағы радиоактивтілігі 350Бк/кг төмен. II классты Қиыршық тастың радиоактивтілігі 350Бк/кг жоғары [8].

Жалпақтылық - қиыршықтастың жазықтылық дәрежесін анықтайтын параметрі(лещ-табан сияқты жалпақ). Қиыршық Тастың құрамындағы пластиналық және ине тәріздес дәнді қалыптарды нормалайды. Пластиналық және ине тәріздес дәндерге ені ұзындығынан 3 есе немесе одан бірнеше есе аз дәндер жатады. Қиыршық тасты дәніне қарай 4 топқа бөледі. Қиыршық тастың дәні қалпы бойынша бөлінуі туралы мәліметтер 1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте -1. Қиыршық тастың дәні қалпы бойынша бөлінуі

1 Куб тәріздес 15%

2 Жақсартылған 15-25%

3 Кәдімгідей 25-35%

4 Кәдімгідей 35-50%

Өнім ашық әдіспен алынады. Қиыршық тас табиғи рудалы емес материалдарға жатады. Технолгиялық үрдіс сипаттамасына келетін болсақ,әуелі карьерде белгілі бір каналы белгіленіп, тауды бұрғылап тесіп, одан соң 5-10м тереңдікте жарылыс жасалады. Жарылған массаны авто машиналармен таудан тасып дробилкаларға (тас уататын қондырғыларға) жеткізіледі.Қондырғылардан өткен тас уатылып шығарылады, яғни әр заказчиктің қажетіне қарай әр түрлі фракцияларды шығарылады (0-5мм,5-20мм,20-40мм,40-70мм).

Қиыршық тас сапасын негізінен орталық лабораторияда тексереді. Қиыршық тастың сапасын сынау, қиыршық тастың азғантай бөлігін тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, оның мықтылығы, суға төзімділігі,массасы,құрамы т.б. анықталады. Сынауды жүргізу үшін келесідей құрылғылар қолданылады:

-лабораториялық таразы 3-санаттағы. ГОСТ 24104;

-диаметрі 5мм сүзгі.ГОСТ 6613;

-лабораториялық электропеш. Арнайы нормативті құжатарына сәйкес диапазоны 20-200гр;

-минералдық микроскоп, лупа.ГОСТ 25706;

-стандарты бойынша өлшем құралдары.

Қиыршық тастың беріктілігі маркасымен анықталады. Оны лабораторияда болат цилиндрде қысу арқылы анықтайды. Қиыршық тастың үгітілу көрсеткішіне қатысты маркасын анықтау үшін 150мм цилиндр ыдыс және 3кг құйма алынады. Егер құйма 400гр шамасында болса, 75мм цилиндр алынады. 3кг құйма цилиндрге салынып,Қиыршық тасқа болат плунжер орнатылып,астына пресс қойылады. Плунжердегі қысымды 150кг/с жылдамдықтан 20тс дейін жеткізеді. Цилиндрде уатылған сынақ қиыршық тастың фракциялары мөлшерлеріне сәйкес сүзгіден өткізіледі. Қиыршық тастың сүзбеден қалған бөлігі өлшейді. Қиыршық Тастың уатылу көрсеткішін пайыздық мөлшерлемеде келесі формуламен анықтайды:

Dr=d1-d2/d1*100%

D1- сынауға кеткен Қиыршық тас құймасы;

D2- бақылаудан кейінгі Қиыршық тас мөлшері.

Қиыршық тастың аязға төзімділігін зертханада анықтайды.

Өлшеу құралдары:

-Қатыру жауынды құрылғысы (ҚЖҚ);

-Сынамаларды біржақты қатыру аппараты (СБҚА) немесе жылу изоляциялық алынбалы рама;

-Сулы ванна;

-Торлы ыдыс;

- аразылар;

-Жауындық құрылғы;

-ГОСТ 24104 бойынша өлшеуіш;

-Қалған құралдар МЕМСТ бойынша сығуға қажетті құралдарының қатарына кіреді.

Қиыршық тастың мұзға төзімділігін суда қатыру арқылы анықтайды. Қатыру кезінде ешбір тежелу болмау керек.Үлгілерді сынағанша бастапқы температура 15˚С тан аспауы тиіс. Сынаққа алынған қиыршық тас өнімі ыдысқа салынып, үстіне температурасы 20˚С су құйылады. 48минуттан кейін ыдыстағы суды құйып алып, қиыршық тасты  мұздатқышқа саламыз. Мұздатқыш температурсы 7-25˚С қа көтеріледі. Бұл температурада қиыршық тастың шыдау ұзақтылығы 4 сағаттай болу керек. Қиыршық тас салынған ыдысты сулы ваннаға қиыршық тастың мұзы ерігенше орналастырып сақтаймыз. Судың температурасы үлгінің толық еруіне дейін сақталуы қажет. Еру уақыты қатыру уақытының жартысына тең болуы керек, яғни 2 сағ болады. Үлгіні толық еріткеннен кейін оның бүкіл жерін бақылап,тексереміз. Бұл үрдіс бірнеше рет қайталанады. Әрбір еріту, қатыру үрдісінен кейін қиыршық тас құймасы кептіріледі. Кептірілген қиыршық тас сүзгіден өткізіліп, салмағы өлшенеді. Қорытындыларын өңдейміз. Үрдістерді жүргізу алдындағы және одан кейінгі қиыршық тас салмағының қаншалықты азайғандығы 0,1% дәлдікпен мына формула бойынша анықталады:

АД=d1-d2/d1*100%

d1- сынаққа дейінгі қиыршық тас салмағы;

d2- сынақтан кейінгі сүзгіде қалған қиыршық тас салмағы.

Жоғалтқан салмақты анықтау үшін сынақ нәтижесінің арифметикалық орташа мәнін аламыз.

Қиыршық тас аязға төзімділігі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: F15, F25, F50,F100,F150,F200,F300

«ШЕВ»зауытының сапасын бақылау жүйесі

Бөлшектік сектордағы  «ШЕВ» зауытының негізгі басымдылығы қызмет көрсету тұтынушыларына жоғарғы сапаны ұсыну болып табылады. Сапа саласындағы «ШЕВ» зауытының стратегиясы қиыршық тас өнімдері және сатудың бөлшектік желілер объектілерінің қызметі сапасына тұрақты бақылау жүйесін құруға бағытталады.

Сапаның алмаспайтын бақылау жүесі қиыршық тас өнімдерін қабылдаудан бастап оны сатуға дейінгі технологиялық тізбені толық қадағалауға және бастапқы көрсеткіштер бойынша ЖЖМ сапасын бақылай отырып, соңғы тұтынушыға арналған тұрақты сапаны қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

Қиыршық тас өнімдерінің сапасымен қамтамасыз етілуі - бұл өзіне стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сай келмейтін кондиционды емес өнімдердің сатуын болдырмау мақсатында қиыршық тас өнімдерін қабылдау, сақтау, тасымалдау және жіберуді қамтитын іс-шаралардың толық бір кешені.

Қиыршық тас өнімдерінің сапасын бақылау жүйесінің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:

Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сынақ зертханаларында менеджмент жүйесін әзірлеу, ендіру және қолдау;

Зертханааралық салыстыру сынақтары бойынша жұмыс ұйымдастыру;

Қиыршық тас өнімдері сапасын бақылау схемасын әзірлеу және жетілдіру;

Техникалық жағдайды бақылау, зертхананың өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының уақтылы тексеруін және метрологиялық аттестаттауын қамтамасыз ету;

Қиыршық тас өнімдері сапасының сәйкестігін растау саласында нормативтік құжаттар қорын қамтамасыз ету;

Жылжымалы зертханалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

Сынақ зертханалары қызметкерлерінің дайындығын, біліктілігін жоғарылату, оқыту және аттестаттауын ұйымдастыру.

Қиыршық тас өнімдері сапасын бақылаудың негізгі кезеңдері болып мыналар табылады:

  • Дайын өнімді сынақ лабораториясына жіберу;
  • Қиыршық тас өнімдерініңрадиоактивтілігін анықтау;
  • Қиыршық тас өнімдерініңсуға төзімділігін анықтау;
  • Қиыршық тас өнімдерініңмаркасын анықтау;
  • Қиыршық тас өнімдерініңберіктігін анықтау;
  • Қиыршық тас өнімдерініңмассасын және құрамын анықтау;
  • Қиыршық тас өнімдерін вагонға тиер алдында сұрыптылығын сынау;
  • Маркалау.


2 ШЕВ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІНІҢ ӨНІМДЕРІ

Шев зауытының өндіріс алаңы мен  зауыт қазіргі заманғы құрал жиынтықтарымен және арнайы техника мен жабдықталған.

Қосымша 2008 жылы шұғыл ұсақ тастардың өндіру көлемін жоғарлату және сапалы өнім алу үшін  КМД-1200 конустық драбилка қондырылды.

Дайын өнімдерді зауытта тиеледі (таранспорт иегерлерін шақырту арқылы), сол секілді темір жол поездарынанда өнімді тиеп өзге қала, облыстарға жіберіп отырады .

3 ұнтағыш құралы жоғарғы икемділікті және тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етеді. «ШЕВ» зауыты  өнімдері бетон элементін қондыру кезіндегі ішкі бөлшегін толтыруға арналған, және де темір бетон кернеулеріне, көпір құрылысына, су құбырына, темір бетонды шпалдарға, гидротехникалық және энергиялық қорғаныстарға, темір жол қабатының балансына, көлік жолдарын салу мен жөндеуге қолданылады.

Зауыт өнімдері келесі көрсеткіштердің сұранысын қанағаттандырады:

-МемСТ 826-93 «Құрылыс жұмыстарына тау қыртысының шағыл ұсақ тастары»;

-МемСТ 826-93 «Құрылыс жұмыстарына шағыл табиғи тас»;

-МемСТ 9128-87 «Асфальт жолдарына арналған ерітінді, әуежай және асфальт бетонына арналған;

МемСТ 7392-85 «Темір жолына арналған  шағыл ұсақ тастар»;

-МемСТ 23845-86 «Құрылыс жұмыстарына арналған табиғи тау жынысынан алынған шағыл ұсақ тастар»;

-МемСТ  25607-94 «С1,С2,С3С4,С5,С6,С7,С8,С9,С10,С11,С12,С13 әуежай және көлік жолдарын құмдақ шағыл ерітіндісімен араластыру арқылы түзеу»;

-МемСТ 8736-93 « Таужыныстарынан алынған ұнталған отсевтен шыққан, құрылысқа арналған құм, 2 сатыдағылар өте ірі».

«ШЕВ» зауыты келесі атаудағы өнімдерін ұсынады:

-Құрылыс жұмытарына арналған, таужыныстарынан өндірілген шағыл ұсақ тастары, 5-10мм фракциясына сәйкес (КПР-96) ҚР СТ 1284-2004ж,РНД211.1.06.01-96

-Құрылыс жұмстарына арналған, таужыныстарынан өндірілген шағыл ұсақ тастары,10-20 мм фракциясына сәйкес (КПР-96) ҚР СТ 1284-2004ж,РНД211.1.06.01-96

-Құрылыс жұмстарына арналған, таужыныстарынан өндірілген шағыл ұсақ тастары, 5-20 мм фракциясына сәйкес (КПР-96) ҚР СТ 1284-2004ж,РНД211.1.06.01-96

-Құрылыс жұмстарына арналған, таужыныстарынан өндірілген шағыл ұсақ тастары, 20-40 мм фракциясына сәйкес (КПР-96) ҚР СТ 1284-2004ж,РНД211.1.06.01-96

-Құрылыс жұмыстарына арналған, таужыныстарынан өндірілген шағыл ұсақ тастары, 40-70 мм фракциясына сәйкес (КПР-96) ҚР СТ 1284-2004ж,РНД211.1.06.01-96

-бутовтық тас

2006 жылы кәсіпорында ИСО 9001-2001 сапалы менеджменттік жүйесі қолданылды, 2009 жылы ресертификациялау процессінен сәтті өтті. 2009 жылы зауыттың экологияда тиімділігін арттыру үшін экологиялық жүйесі қолданысқа енгізілді, «Экологиялық менеджмент жүйесінің» талабымен сәйкес ҚР СТ ИСО 14001-2006.

Шикізаттың жоғарғы сапалылығы, арнайы техниканың жеткіліктілігінде, ұйымдастырушылық және икемділік тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырады, дайын өнімді транспортқа тию ыңғайлылығы, жеткізіліп беру схемасы мен және өндіріс бағасы бағытында «ШЕВ» зауыты көп жұмыстар атқарады.


2.1. «ШЕВ» зауыты өнімдерінің ассортименті

 

«ШЕВ» зауыты келесі атаудағы өнімдерін ұсынады:

1.Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан жасалған қиыршық тас фр: 5тен 20ға мм қоспасы. 5-20мм дейінгі қиыршық тас 2- суретте көрсетілген.

Сурет-2. 5-20мм дейінгі қиыршық тас

2. Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан  жасалған қиыршық тас фр: 10тен 20ға мм қоспасы. 10- 20 мм дейінгі қиыршық тас 3- суретте көрсетілген.

Сурет-3. 10тен 20ға мм дейінгі қиыршық тас

3. Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан  жасалған қиыршық тас фр: 5тен 10ға мм қоспасы. 5- 10 мм дейінгі қиыршық тас 4-суретте көрсетілген.

Сурет-4. 5- 10 мм дейінгі қиыршық тас

4. Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан  жасалған қиыршық тас фр: 20- 40 мм қоспасы. 20- 40 мм дейінгі қиыршық тас 5- суретте көрсетілген.

Сурет-5. 20- 40 мм дейінгі қиыршық тас

5. Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан  жасалған қиыршық тас фр: 40- 70 мм қоспасы. : 40- 70 мм дейінгі қиыршық тас 6- суретте көрсетілген.

Сурет-6. 40- 70 мм дейінгі қиыршық тас

6. Құрылыс жұмыстарына арналған тығыз тау жыныстарынан жасалған қиыршық тас фр: 200-600мм қоспасы. 200-600мм дейінгі қиыршық тас 7- суретте көрсетілген.

Сурет-7. 200-600мм дейінгі қиыршық тас


3 « ШЕВ» ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

3.1 Қиыршық тастың химиялық құрамы, жіктелуі және қолдану саласы

Қиыршық тас - ірілігі 5мм ден үлкен, органикалық емес, сусымалы, тау жыныстарын ұсақтау нәтижесінде алынатын қиыршық тас. Қиыршық тастың массасы 1м3-қа 1,3:1,4тн болып есептелген. Тағайындалу аумағы карьерде арнайы каналы белгіленіп, тауды бұрғылап тесіп, белгілі тереңдікте жарылыс жасау арқылы алынады. Өнім ашық әдіспен алынады.

Қиыршықтастың химиялық құрамы ( %):

SiO2 - 47,1-47,8 % Al2O3 - 13-13,7 %

Fe2O3 - 15,2-16 % TiO2 - 1,5-1-,75%

CaO - 9,4-10,2 % MgO - 5-5,3%

Қиыршық тас - бұл тау жыныстарын немесе жасанды тастарды өлшемдері 5-тен 77 мм-ге дейін жететін кесектерді уату кезінде алынған материал. Қиыршық тас дәндері қисық формалы, беті кедір-бұдыр болып келеді. Сондықтан қиыршық тас гравийге қарағанда цемент тасымен берік байланысады. Мұнда ірі толтырғыш беріктігінің маңызы үлкен, өйткені ол бетонның қаңқасын құрайды. Сондықтан ереже бойынша ірі толтырғыш бетонның өзінен 2-3 есе берік болу керек.

Бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін ірі толтырғыштар таза, зиянды қоспаларсыз болуы қажет. Оның құрамының 15%-ын (масса бойынша) ине және табақша тәріздес дәндер құрауы тиіс. Ірі толтырғыш цементтегі заттармен, элементтермен химиялық байланысқа түспеу керек. Улы қоспалардың әсерін төмендету үшін қолданудың алдында толтырғыштарды тазалайды, шаяды.

Жеке тау жыныстарынан алынған гравий мен қиыршық тастың минералдық құрамы әр түрлі болып келеді. Қиыршық тастың петрографиялық құрамының әр түрлілігінің тән мысалы ретінде карьердегі гравий (қиыршық тас) алынған. Қиыршық тастың петрографиялық құрамының әр түрлілігі туралы 2- кестеде көрсетілген [9].

Кесте-2. Қиыршық тастың петрографиялық құрамындағы айырмашылығы

Петрографиялық құрамы Қиыршық тас құрамындағы шамасы,% Қиыршық тас сапасы

Гранит 9,5-14,5 Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады

Диабаз 1,3-1,4 Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады

2-  кестенің жалғасы келесі бетте

2-кестенің жалғасы

Тақта тас 0,4 Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес

Кварцит 6,5-17,4 Берік түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді

Амфиболит 0,4-1,7 Берік түйіршіктер

Шақпақ тас

9,9-16,5 Берік түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді

Құмдақ 3,5-4,7 Әр түрлі беріктікті түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді

Сары әктас 7,2-17,3 Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен

Сазды тақта тас 6,6 Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен

Қоңыр темір тас 0,2-0,4 Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен

Сырланған әктас 7,4-14,5 Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен

Тығыздалған әктас 12,2-17,1 Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады

Қуысты әктас 8,6-21,8 Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес

Слюдалы тақта тас 0,7-2,0 Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес

Генезисі бойынша әр түрлі қиыршық тас түйіршіктері қоспа және бетон техникалық қасиеттеріне әсер етеді.

Автомобиль жолдары мен аэродромдарда және ауыр, майда дәнді жеңіл толтырғыш ретінде, ұяшықты және силикатты бетондарда, құрылыс қоспаларында, құрғақ қоспаларды дайындау кезінде толтырғыш ретінде қолданылады. Қиыршық тас қолдану саласы оның параметрлеріне де байланысты. 5-10 және 5-20мм қиыршық тастың фракциялары асфальт өндірісінде жиі қолданылады, бетон мен темір бетонды конструкциялауға 20-40мм фракциялы Қиыршық тас қолданылады, 40-50мм фракциялы қиыршық тасты темір жол төсеуде және жөндеуде, іргетас қалауда, трамвай жолдарында, автомобиль жолдарын төсеуде қолданылады [10].


3.2 Қиыршық тасты өңдеу технологиясы

 

Қиыршықтас мөлшеріне қарай стандартты және стандартты емес фракциялаға бөлінеді. Қиыршық тастың стандартты және стандартты емес фракцияларға бөлінуі 3-ші және 4-ші кестеде көрсетілген.

Кесте -3. Стандартты фракциялардың өлшемдері

1 5-10мм

2 10-20мм

3 5-20мм

4 20-40мм

5 25-60мм

6 20-70мм

7 40-70мм

Кесте -4. Стандартты емес фракциялардың өлшемдері

1 10-15мм

2 15-20мм

3 80-120мм

4 120-150мм

Қиыршық тас өлшемдері бойынша сұрыпталыну қажет. Қиыршық тастың фракция бойынша бөлінуі 8- суретте көрсетілген.

8-сурет - Қиыршық тастың фракция бойынша бөлінуі

Қиыршықтас маркасының уатылу көрсеткіштері 5-ші кестеде көрсетілген:

5-кесте - Қиыршықтас маркасының уатылу көрсеткіштері

Қиыршықтас маркасының уатылуы Сынақ кезінде жоғалған масса %,

И1 25

И2 25-35

И3 35-45

И4 45-60

Кәсіпорындарға шикізат әдетте жабық вагон, цистерна, контейнер түріндегі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. Материалдарды түсіру өнімділігі 15-90 т/сағ С-577 пневматикалық жүк түсіруші құрылғылармен жүзеге асырылады. Бұл құрылғылар түсіру процесінің аз еңбек шығынымен және тұтқыр заттардың аз тозаңдатылуымен кешенді механизациялануын қамтамасыздандырады. Темір жол вагондары мен цистерналарынан материалдар сығылған ауа есебінен түсіріліп, трубопровод арқылы қабылдау қондырғысына немесе қоймаға әкелінеді [11].

Қоймалар келесі талаптарға жауап беру керек:

-Сақтау кезіндегі шикізаттар активтілігінің төмендеуін алдын алу үшін, әсіресе ауаның ылғалды шарттарында, тұтқыр заттарды қоймалау атмосфералық және грунтты ылғалдылықтың түсуінен қорғалған бөлмелерде жүргізу керек;

-Қойма шикізаттың үштен кем емес түрлерінің және маркілерінің бөлек сақтау мүмкіндігін қамтамасыздандыру керек;

Сақтау кезінде түйіршіктердің басылып қалуын және активтілігінің төмендеуін алдын алу мақсатымен шикізатты басқа бос сыйымдылыққа қотарылады.

Тау жыныстарын қиыршық тасқа дейін өңдеу технологиясы бірніше сатыдан тұрады.

Қиырышық тасты өңдеудің кезеңдік технологиясы операциялардан тұрады.

Бастапқы материал

Ұсақтаудың 1-ші сатысы

Сілку

Ұсақтаудың 2-ші сатысы

Сілку

Ұсақтаудың 3-ші сатысы

Қиыршық тасты жуу жүйесі

Кептіру

Қиыршық тасты өңдеудің технологиялық суреті барлық операциялардың кешенді механизациялануын және автоматтандырылуын алдын ала қарастыру қажет. Қиыршық тасты өңдеудің технологиясы 9-ші суретте көрсетілген. Зауыттың негізгі технологиялық үрдістері автоматтындырылған болып келеді.

Сурет -9. Қиыршық тас өңдеу технологиясы

1- қиыршық тас салынатын бункер;

2- ұсақтауды өткізудің 1-ші реттік ұсақтау машинасы;

3- сілку аппараты (грохот);

4- ірі түйіршіктерді ұсақтаудың 2-ші реттік ұсақтау машинасы;

5- орташа өлшемді түйіршіктерді 2-ші реттік ұсақтау машинасы;

6- ұсақ түйіршіктерді фракцияларға бөлу аппараты;

7- сілку аппараты (грохот);

8-қиыршық тас фракциялары бойынша бөліп жуып кептіретін ыдыстар;

9 - басқару кабинасы

Автоматтындырылған қондырғысының өнімділігі 120 м3/сағ. Қондырғы құрылымына бункер, 3 ұсақтау машинасы, ленталы конвейерлер, сілку аппараттары және басқару вагоны кіреді.

Ең бірінші карьерлерден немесе қоймалардан әкелінетін тау жыныстары металл тазалағыштан өтеді, содан кейін металл коспасынан тазартылғаннан кейін оны өңдеу үрдістерінен өткізеді. Тау жыныстары 1 қиыршық тас салынатын бункерге әкелінеді, келесі сатысы -1-ші ретті ұсақтау машинасында ұсақталады. Бірақ 1-ші ретті ұсақтаудың өзінде түйіршіктер бірдей өлшемді және біркелкі болып шықпауы да мүмкін, сондықтан ұсақталған түійршіктерді 3 сілку аппараты көмегімен сілкегеннен кейін ірі түйіршіктерді қайтадан 4 2-ші ретті машинасына ұсақтауға жібереді, орташа өлшемді түйіршіктерді 5 2-ші ретті машинасына ұсақтауға жібереді; ал майда ұсақ түйіршіктер автоматты түрде ленталы конвейер арқылы 8 ыдыстарға түседі, кейіннен 4 және 5 ұсақтағыш машиналары арқылы қажетті өлшемдерге дейін ұсақталынған түйіршіктер де осы ыдыстарға жіберіледі, мұнда олар жеке-жеке 0-5 мм, 5-20 мм және 20-40 мм фракцияларына бөлініп, жуып-шаю және кептірілу операцияларынан өтеді.

Қондырғысының басқару пульттері және күш беретін аппараттар басқару вагонында 9 шоғырланған. Қондырғы электроқозғалтқыштарының орнатылған қуаты 330 кВт. Қондырғы массасы 155 т.

Зауыттың негізгі технологиялық үрдістері автоматтындырылған [12].


3.3 ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасын өндіріске енгізудің себептері

Қазіргі уақытта салынатын автожолдар сапасына беріктілік сипаттамалары бойынша, толтырғыш формасы мен өлшемдері бойынша өте жоғары талаптар қойылып жатыр. Себебі автокөлік жабынының сапасы тікелей тодтырғыштың сапасына тәуелді болып келеді. Автокөлік қозғалу интенсивтілігімен жылдамдығының өсуі қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талап етеді, ал қозғалыс қауіпсіздігі жол жабының жоғары сапасына қатысты.

5-20 мм фракциялы өндірілетін қиыршықтас әдетте ірі болып келеді, бұл асфальтобетонның физикалық-химиялық көрсеткіштерін сапасы жағынан төмендетеді. Бірақ автокөлік жолдарын салу және пайдаланудың отанды және шетелдік тәжірибесі жабынның жоғары қабаттарына құю үшін дайындалатын асфальт-бетон қоспалар үшін қиыршықтастың ұсақ фракциялар түрінде (5-10, 10-15, 15-20 мм) шығарылуының мүмкіндігін көрсетіп отыр.

Қиыршықтасты ұсақтау барысында қиыршықтас түрлерінің формалары өте маңызды болып келеді. Қиыршықтастың қалыптары ұсақтау аппаратына қатысты болады және үшкір мен куб тәріздес болып бөлінеді.

Бірақ куб тәріздес қиыршықтастың сапасы жағынан да, сұраныс жағынан да өте жоғары болады.

1.5 ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасын тиімділігі

Қиыршықтасты ұсақтау барысында қиыршықтас түрлерінің формалары өте маңызды болып келеді. Қиыршықтастың қалыптары ұсақтау аппаратына қатысты болады және үшкір мен куб тәріздес болып бөлінеді.

Бірақ куб тәріздес қиыршықтастың сапасы жағынан да, сұраныс жағынан да өте жоғары болады [13].

Сондықтан бұл жұмыста «ШЕВ» зауытына ДИМ 800К-01 қиыршық тасты куб тәріздес түйіршіктерге дейін ұсақтайтын роторлы ұсақтау аппараты енгізілуге ұсынылып отыр.

ДИМ 800К-01 қиыршық тасты куб тәріздес түйіршіктерге дейін ұсақтайтын роторлы ұсақтау аппараты сығу кезінде беріктік шегі 160МПа-ға дейін және ылғалдылығы 12%-ға дейін тау жыныстарын ұсақтау үшін арналған. ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау аппаратуратының көрінісі 10-ші суретте көрсетілген.

Сурет-10.  ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау аппаратуратының көрінісі тастың көрінісі

Үшкір қиыршықтаспен салыстырғанда куб тәріздес қиыршық тастың артықшылықтары келесідей:

Қиыршықтасты жол жабынында және бетонда қолдану физикалық-химиялық сипаттамалары бойынша жоғары көрсеткіштерге ие, тығыздығы жоғарылайды, беріктілігі де сәйкесінше жоғарылайды;

ДИМ 800К-01 ұсақтау машинасын пайдалану 5-10, 10-15, 15-20мм кіші фракцияларды алуға мүмкіндік береді, бұндай қиыршық тасты жол жабынының жоғары беткі қабатына асфальтбетонды қоспа түрінде қосады;

Ал үшкір формалы қиыршық тастар цементпен ұштасуын төмендетеді.

Куб тәріздес қиыршықтастың көрінісі 8-ші суретте көрсетілген.

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының техникалық сипаттамалары 6-ші кестеде көрсетілген.

Кесте-6. ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының техникалық сипаттамалары

Параметрлер атауы Параметрлер мәні

Максималды өнімділігі, т/сағ 15000

Электродвигатель қуаты, кВт 75

Электродвигательдің үйлесімді айналу жиілігі, мин 1000/750

Номиналды габариттік өлшемдер (L×B×H), см 2705×1824×2910

Массасы,т 14,6

Максималды ұсақтау түйіршіктерінің өлшемі, мм 400

Ұсақтау деңгейі 1:200

Энергиямен қоректену минималды,кВт/сағ 75

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу принципі:

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу сұлбасы 11-шы суретте көрсетілген.

Сурет -11. ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу сұлбасы

1 – машина корпусы;

2,3,4 – роторлар;

5– қоректену лотогі;

6,11 – қисаю бұрышы үлкен және кішібағыттауыштар;

7 – дайын өнімді шығаратын құрылғы;

8,9 – кері соқтығысу тақташалары;

10 – колосникті тор; 12 – айналып соғу ұштары;

13,14,15 – соғу элементтері;

Ұсақтау машинасының құрылымы: машина 1 корпусынан, өзара үйлесімді қозғалатын активті импульс арқылы ұсақталынатын 2, 3, және 4 родорлардан тұрады, фракцияларға бөлу құрылғысымен жабдықталған 5 қоректену лотогінен тұрады, лоток әр түрлі деңгейлі және қисаю бұрышы үлкен және кіші 6 және 11 бағыттауышттардан тұрады. Ірі фракцияларды айдаушы бағыттауыштардың қисаю бұрышы кіші болып келеді, ал ұсақ фракциялы бағыттауыштардың қисаю бұрышы үлкен, сонымен қатар машинаның құрылымына дайын ұсақталған өнімді шығару 7 құрылғысы, кері соқтығысу 8, 9 тақташаларынан тұрады. Бірінші 2 роторы 1 корпусының төменгі бөлігінде орналасқан, жан-жағы 10 арнайы колосникті тормен қоршалған. 2, 3 және 4 роторлардың 12 айналдырып соғуға арналған ұштары бар. Ол ұштарында 13, 14 және 15 соғу элементтері орналастырылған. 2, 3 және 4 роторлар өзара кинематикалық байланыспен байланысқан, бұл байланыс роторлардың біртекті үйлесімді айналуын қамтамасыз етеді.

ДИМ 800К-01 роторлы ұсақтау машинасының жұмыс істеу технологиясы «тасты тасқа» деп аталады. Бұл технология тау жыныстарын беріктендіреді, және тек қана жыныстың әлсіз жерлерінен ғана бұзады. Басқа сығуға және қысуға жұмыс жасайтын қарапайым ұсақтағыштарға қарағанда тас түйіршіктерінде кернеуді туғызбайды. Қарапайым ұсақтау машиналары қиыршықтаста көрінбейтін жарылыстарды түзейді, бұл ақаулар ауадан ылғалдылықты жұтып, егер ауа райы температурасы 0°C-ден төмендесе, қиыршықтасты бұзып, жалпы алғанда жол жабынын бұзады [14].


ҚОРЫТЫНДЫ

Нарықтық бәсекелестік жағдайында мекеме башылығының өзекті мәселесі  өнімнің  бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету,  оны үнемі арттыру. Мекеменің алға басуына бұл мәселенің шешімі негіз бола алады. Бәсекеге қабілеттілік негізі-өнім сапасының талап етілетін деңгейі, оған қол жеткізу үшін сәйкес материалдық база, білікті және қызығушылығы мол персонал, сапаны басқару жөніндегі жұмыстардың мұқият ұйымдастырылуы болып табылады.

Құрылыс саласын  дамыту, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайда құрылыс өнімінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мемлекеттің өзекті экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені тұтастай алғанда ел экономикасына және маңыздылығы жағынан кем түспейтін әлеуметтік сала жағдайына зор әсер етеді. Құрылыстың басқа саладан ерекшеленетін және құрылыс өндірісін ұйымдастыру мен басқарудың айрықша нысандарын қажет ететін өзіне тән ерекшеліктері бар.

Бұл - құрылыс объектілерінің қайталанбаушылығы, құрылыс өнімінің тұрақты сипаты, құрылыс үдерісіне қатысушылардың алуан түрлілігі, капиталдың салыстырмалы түрде баяу айналушылығы мен тәуекелдің жоғары дәрежесі. Өнеркәсіп және азаматтық құрылыстар мен ғимараттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және тиімді құрылыс материалдарын қолдануды алдын ала болжайды.


ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Аскаров Е.С. Стандартизация, метрология и сертификация.–Алматы: ТОО Печатный Дом «Домино», 2005.–276с.
  2. ГОСТ 8269.0-97 «Щебень и гравий из плотных горных пород и отходов промышленного производства для строительных работ. Методы физико-механических испытаний»
  3. ГОСТ 7392-85Автомобиль жолдары мен аэродромдарды жасауға арналған тау жыныстарынан алынған қиыршықтас
  4. ГОСТ 5578-94 Қара және түсті металлургия қождарынан алынған
  5. бетондарға арналған қиыршық тас және құм.
  6. yandex.kz/clck/jsredir?from=yandex.kz%3Bsearch%2F%3Bweb%3B%3B&text=&etext=1185-сайты
  7. ҚР СТ ИСО 9001:2001 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»
  8. Безопасность жизнедеятельности. Под.ред. О.Н.Русака.–С-Пб, 1992
  9. zakon.uchet.kz-сайты
  10. Ребрин Ю.И. Управление качеством: Учебное пособие. Таганрог: Изд-во ТРТУ, 2004
  11. ҚР СТ ИСО 14001:2006 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»
  12. «Еңбек қорғау және қауіпсіздік туралы» ҚР Заңы
  13. Аскаров Е.С. Управление качеством: Учебное пособие.-Алматы: Юрист, 2009.3-е изд.–292б
  14. ҚР СТ 1.4-2004 «ҚР Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Ұйым стандарты. Негізгі жағдайлар».
  15. sheriazdanov.ucoz.kz-сайты

 

 
10.01.2017 09:32