Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясына сәйкес өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар , жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекет индустриалдық – инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.
Өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру үшін бірқатар әдістемелік бағыттарды іске асыру, оларды бағалаудың көрсеткіштер жүйесін таңдау, сонымен бірге құрылымдық өзгерістерді болжау әдістерін анықтау қажет болады. Әдістемені жасаудың мазмұнын қарастырып көрейік: 1) өнеркәсіптің қазіргі жағдайын талдау жүргізу; - жалпы негізгі құндық және натуралдық көрсеткіштердің динамикасын талдау, соның ішінде салалар және ірі кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өндірістің құрылымдық қозғалыстарын талдау; - кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының және меншік қатынастарының өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі мен динамикасына әсерін зерттеу; - өнеркәсіптік кәсіпорынның нақты жағдайын экспресс –талдау ; 2) 2016 жылға дейін өнеркәсіптің даму тұжырымдамасын жасау - өнеркәсіптің құрылымын қайта құрудың болжамдық мерзімінің кезеңін және ұзақтығын, мазмұнын негіздеу; - өнеркәсіпке қатысты жетекші және үкіметтік құрылымның өнеркәсіптік саясаттың тұжырымдамасын талдау; - өнеркәсіптік өндірістің құрылымын қайта құруды жүзеге асыру механизмдерін жасау (қаржы-несиелік, салықтық, амортизациялық және инвестициялық саясат, протекционизм, тік интегрленген компаниялар, қаржы-өнеркәсіптік топтар, агроөнеркәсіптік корпорациялар және т.б.); - нарықтағы орнын және бәсекелестік стратегиясын анықтау арқылы өнеркәсіптік кәсіпорынның топтамасы (кәсіпорындар – виоленталар, патиенттер, коммутанттар, эксплеренттер); - кәсіпорынды таңдау – мемлекеттік қолдау объектілері; - қайта құрылымдық өзгерістерге және өмір сүруге қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін құру сияқты бөлімдерден тұруға тиіс. 3) Өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын жасау. Бұл бөлімде дайындалған өнеркәсіптік саясаттың тұжырымдамасы негізінде 2003-2016 жылдар аралығында өнеркәсіпті дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштері сан жағынан анықталады. Жеке алғанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде өнеркәсіп салаларының жұмысының келесі сипаттамасы көрініс табуы тиіс. Өнеркәсіп салаларының ерекшелігіне, өнім өндіру және өңдеудің өзіндік сипатына, техника- технологиялық құрылымына байланысты оларға қарасты кәсіпорындардағы пайдаланатын еңбек құралдары мен заттары, жұмысшылардың кәсібилігі өзгеше болады. Сондықтан да барлық кәсіпорындарға ортақ, олардың ерекшелігіне тән инновациялық даму бағдарламасы жасалуға тиіс деп ойлаймыз. Бұл бағдарламада кәсіпорынның өнім өндіру көлемі, жалпы өнім көлеміндегі қосылған құны жоғары өнімнің үлес салмағы, инновациялық жаңалығы бар өнімдердің саны, әртараптандыру жоспары, инвестиция көлемі мен оны тарту және пайдалану жобасы, инновациялық жобалар әзірлеу, кәсіпорынның техника-технологиялық құрылымын жаңарту, кәсіпорындарға келіп түсетін тапсырыстар көлемі, импортпен әкелінетін шикізат, комплект бұйымдары, машина, техника, құрал-жабдықтардың көлемі, экспортқа жөнелтілетін өнім көлемі сияқты сандық және сапалық көрсеткіштер есептелуі тиіс . Өнеркәсіптің құрылымын жақсартуда оның құрамына кіретін кәсіпорындардың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жасау маңыздылығы жоғары. Оның негізгі мақсатына: - инновациялық жаңалықтардың мазмұнын анықтау, топтау және оларға кодтар беру; - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру; - өндірісті ұйымдастыруда оның технико-технологиялық деңгейін талдау және болжау; - жаңалықтар мен инновациялар қоржынын қалыптастыру; - инновациялық қызметті енгізу және оның тиімділігін есептеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Инновациялық жаңалықтардың өзі түбегейлі түрде жаңадан дайындалған инновациялар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесінде алынған жаңалықтар, әлемдік деңгейдегі жаңалықтар, ғылыми жұмыстар жүргізу нәтижесінде алынған жаңалықтар, қайталанып отыратын жаңалықтар, өнертапқыштардың жаңалықтары негізінде дайындалған жаңа-лықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізу мына міндеттерді шешеді: қолданудың жаңа облысында, табиғат пен қоғамның даму нәтижесінде пайда болған жаңа білімдердің қалыптасуы, өндіріс саласына жаңалықтар енгізудің мүмкіндіктерінің нәтижелерін теориялық және эксперименталдық тұрғыда тексеру, жаңалықтар мен инновацияларды тәжірибеде қолдану және т.б. Аталған міндеттерді шешу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеруге, кәсіпорынның өмір сүру деңгейін арттыруға, халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жаңа материалдарды, өнімдер немесе қондырғыларды, жаңа үрдістер, жүйелер және қызмет түрлерін енгізу және өндірістік өнімдерді жетілдіру жатады. Жаңа конструкторлық жұмыстар жүргізу, жаңа идеялар мен нұсқалардың жобаларын жасау, технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, тәжірибелік үлгілерді әзірлеу және тағы басқа көптеген жұмыстарды жүргізу арқылы аталған міндеттерді шешуге болады. Өндірісті ұйымдастыру кезінде оның техника-технологиялық деңгейін талдау және болжау жұмыстарын жүргізуде өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейін көтеру, технологиялық үрдістердің прогрессивтілігін арттыру, технологиялық үрдістер мен құралдардың орташа жасын анықтау, кәсіпорын қызметкерлері еңбегін қормен қаруландыру, өндірісті мамандандыру, кооперациялау деңгейін көтеру, технологиялық құралдардың жұмыс істеу кезектілік коэффициентін анықтау, кәсіпорынның штаттық кестесін есептеу, жұмыс уақытында болатын жоғалтулардың себептерін анықтау, өндіріс қуатын пайдалану дәрежесін талдау және толық жүктелмеу себептерін іздестіру сияқты көптеген жұмыстарды жүргізу өндірісті ұйымдастырудың техникалық деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді. Осындай жұмыстардың нәтижесі стратегиялық болжам жасауға мүмкіндік береді. Инновациялар қоржынындағы жаңалықтарды пайдалана отырып, жаңа тауарлар жасау, “ноу-хау” негізінде өндірілетін тауарларды жетілдіру, ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, менеджмент жүйесін құру, шикізат, материалдар мен комплект бұйымда-рының сапасын көтеру және маркетингтік зерттеу шараларын жүргізу қажет. Бағдарламаның технологиялық құрылымын қалыптастыруда аяқталған ғылыми-техникалық жасалымдарды және ғылыми-зерттеу тақырыптарын зерттеу негізінде белгілі техникалық және технологиялық шешімдерді таңдаумен қатар бағдарламаның құрылымын қалыптастыру кезінде технологиялық жүйенің жобасын жасау қажет болады. Сонымен қатар, бағдарламаның құрылымын қалыптастыруда алдыңғы жылдардың негізгі инновациялық өнім өндіру проблемаларын шешу жолдары үйлестіріліп, талданады. Аяқталған жасалымдардың нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері зерттеледі. Отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер жөнінде патенттік – лицензиялық ақпараттар тиянақты түрде зерттелуі тиіс. Дәл осындай ірі инновациялық бағдарламалар негізгі үш деңгейде жасалынуы тиіс деп санаймыз: салааралық кешенді инновациялық бағдарлама; салалық кешенді инновациялық бағдарлама; кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы. Қорыта айтқанда, отандық өнеркәсіпті жаңа сатысына көтерудің басым бағыттарына оның инновациялық әлеуетін қалыптастыру, тиімді салалық құрылымын жетілдіру, техника- технологиялық базасын күшейту жатады. Осындай басым бағыттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорындардың инновациялық даму бағытын таңдап алуы арқылы табысты молайтуына, соның негізінде жаңа нарықтарға шығуына жол ашылады. Инновациялық даму бағыты ғылыми сыйымды өнімді өндірумен тығыз байланысты болғандықтан шығындылығы басым болады. Сондықтан тәуекелділігі жоғары мұндай инновациялық өнім өндіру үшін кәсіпорындар алдын ала жасалған экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан дәлелденген бағдарламаларға сүйене отырып, дамуын анықтап алуы тиіс. Сондықтан біз ұсынып отырған кәсіпорынның инновациялық даму бағдарламасы әдістемесінде тәжірибелік тұрғыдан мәнді екені негізделді , іс – шараларды орындау бойынша ЖШС «Казцинк» кәсіпорыныныңмаңыздылығын еселеп табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді