Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155387

Өнеркәсіптік кәміпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеу - 2 «КАЗЦИНК» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

СОДЕРЖАНИЕ
Өнеркәсіптік кәміпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеу
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.2 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі инновациялық стратегияны әзірлеу мен реттеудің шетелдік тәжірибесі
2 «КАЗЦИНК» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.3 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі жобаларды басқару дамудың негізі
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ҰТЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
2 «КАЗЦИНК» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 «Казцинк» ЖШС кәсіпорынның жалпылама сипаттамалары

Казцинк – бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш, мыс өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында, негізінен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компания 1997 жылы Шығыс Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты және Зырян қорғасын комбинаты сияқты ірі-ірі үш түсті металлургия алыбының активтерін біріктіру арқылы құрылды. Барлық үш компанияның негізгі меншік иесі Қазақстан Республикасының үкіметі болды Содан бастап Казцинк акцияларының бақылау пакеті жеке секторға сатылды да Гленкор Интернэшнл компанияның бас инвесторы болды.

Казцинк өзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат тұта даму үстінде.

Компания сапа, қоршаған орта, денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің интеграцияланған жүйесін құрып, сертификаттады.

Казцинк алғашқы сапа менеджменті жүйесіне халықаралық DIN EN ISO 9001 стандартына сәйкестік сертификатын 2004 ж. алды. 2006 жылы DIN EN ISO 14001 және BS OHSAS 18001 сәйкес экология менеджменті жүйесі және өнеркәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесі сертификатталды. Қазіргі кезде компанияда халықаралық ISO 50001стандарты бойынша энергия менеджменті жүйесі құрылған. Жүйе тиімді қолданылуда және ауық-ауық растау сертификатынан өткізіліп тұрады.

«Казцинк»ЖШС негізгі миссиясы: Жұртшылыққа, қоршаған ортаға және адамдар денсаулығына тәуекелді барынша азайта отырып, ілгерілей даму және табиғи ресурстар мен қуат көздерін ыждағаттықпен пайдалану арқылы меншік иелеріне, қызметкерлерге, әріптестер бен қоғамға орнықты құндылық жасау.

Негізгі стратегиялары :

Адамға және қоршаған ортаға әсерді азайту: ең озық тәжірибелерді енгізуді жалғастыру және оларды жаңа технологиялардың дамуына қарай адамға зиянды әсерді төмендету және өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, сондай-ақ жазатайым оқиғалармен кәсіби сырқаттардың асқыну ықтималдығын болдырмау мақсатында қолдану.

Пайдалылықты арттыру: кен орындары мен өндірістердегі өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін жаңа технологияларды, әдістерді енгізу арқылы өндірістік және басқару үдерістерін тұрақты түрде жетілдіріп отыру.

Өндіру ұзақтығын ұлғайту: жұмыс істеп тұрған кен орындары мен жаңа алаңшалар шектеріндегі геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі мақсатты іс-шаралар негізінде геологиялық ресурстар мен резервтер өсімін қамтамасыз ету.

Өзіндік капиталды молайту: жаңа активтерді біріктіру және игеру арқылы компанияны жергілікті және өңірлік ауқымда кеңейту. Жаңа активтер сатып алған кезде капиталдандыруды ең жоғарғы шекке жеткізуге бағытталған басты мақсатты көрсеткіштерді – сапаны, көлемді, бейімділікті және адал бағалауды негізге алу.

Қабылдаған міндеттемелерді әрқашан орындау: қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне назар аудара отырып, топтың барлық кәсіпорындарында, қатысымыз бар барлық өңірлерде корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына сай болу.

«Казцинк» ЖШС негізгі құндылықтарына келетін болсақ :

Адамдар. Ең үлкен құндылығы – Адамдар. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына деген қамқорлық, олардың жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты артықшылық.

Бірлік. Казцинк – пікірлестердің үлкен командасы! Бұл жерде бір-біріне деген сыйластық, сенім, бір-бірін тыңдай және түсіне алатындығы, әріптестер мұң-мұқтажына немқұрайлы қарамау және оларға шын пейілмен көмектесу ерекшелейді. Өз білгендерімен бөліседі, бір-бірінің жұмыстағы қауіпсіздігі үшін жауапты болады, бір-біріне еңбекте жоғары табысқа жетуге көмектеседі, сәттілік қуанышын да, сәтсіздік ренішін де бірге бөліседі .

Даму. Қол жеткенге толық мойынсымайды, кез келген жағдайға сыни көзбен қарайды және өз кемшіліктерін жоюға тырысады, компания беріп отырған барлық кәсіби және жеке кемелдену мүмкіндіктерін пайдаланады. Бар дарыны бен білімі және іскерлігі бір мақсатқа – компанияны ұдайы дамытуға, қызметкерлерінің, олардың отбасыларының және меншік иелерінің жоғары табыс табуын қамтамасыз етуге арналады.

Тиімділік. Артықшылықтар арасында жоғары сапаға, көзқарастардағы жүйелілікке және барлықүдерістерді жетілдіруге деген бағдар маңызды орын алады. Бұл жере үшін догма деген жоқ, бәрі де күмәнданып және қол жеткенге тоқмейілсімей, жақсарту мүмкіндіктерін іздеу.

Тұрақтылық. Компания өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етуге және басты көрсеткіштерге қол жеткізудегі тиімділікті сақтауға тырысады, кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіне қабылдаған міндет-темелерді орындауға кепілдік береді. Компанияның еңбек нарығындағы тұрақты ахуалы қызметкерлерге, меншік иелеріне, әріптестерге, мемлекет пен қоғамға ертеңгі күнге деген сенімділік береді.

Әділеттілік. Барлық үдерістер мен шешімдер объективтілігі мен ашықтығына, заңнаманы толық сақтауға тырысады. Өз қызметкерлерімен, жеткізушілермен, клиенттермен,мемлекетпен және жалпы қоғаммен қарым-қатынастағы ашықтықты құрметтеді. Кәсіпорын адамды мәртебесі үшін емес, оның еңбегінің нәтижелері, әріптестеріне деген көзқарасы, іскерлік қасиеттері және парасаттылығы үшін құрметтейді.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздік. Компания сыбайлас жемқорлыққа және оныңпара беру және алу, лауазымды тұлғаны параға сатып алу, жеке басының пайдасы үшін лауазымдықөкілеттігін пайдалану сияқты кез келген түрлеріне және сыбайлас жемқорлық белгілері бар басқа да әрекеттерге төзбейді.

Сонымен қоса «Казцинк» ЖШС ISO 9001, ISO 14001,ОНSАS 18001 және ISO 50001 стандарттары талаптарына сәйкес келетін интеграцияланған сапа менеджменті, қоршаған орта, денсаулыққорғау және еңбек қауіпсіздігін,энергия менеджментін қамтамасыз ету жүйесін құрып сертификаттады. Өнеркәсіп менеджмент жүйесін үнемі жетілдірудмен айналысады.

Компанияда 500 жуық түрлі мамандықтарды құрайтын 20 мыңнан астам адам еңбек етуде. Қызметкерлердің төрртен бір бөлігі жоғары білімді мамандар. «Казцинк» ЖШС қызметкерлерді іріктеу саясаты жергілікті тұрғындар есебінен еңбекке тартуда тең дәрежеде, ашық түрде жұмысқа қабылдау қағидаттарына негізделген. Казцинк әр қызметкердің оқуға, мансабының өсуіне және жеке әзірлемелері мен шығармашылық жобаларын іске асыруына мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің қажетті біліктілік деңгейін қамтамасыз ету үшін Казцинк үнемі жұмысшыларды оқытуды, олардың кәсіби дайындауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастырып, курстар жүргізеді. Жыл сайын 10 мыңнан астам қызметкер оқытылады, ал компания оған $2 млн-нан астам қаржы жұмсайды. Оқыту бағдарламалары жұмысшы қызметкерлерге, әр деңгейдегі барлық басшыларға түсінікті және бағдарламада экологиялық қауіпсіздікке, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігіне арналған тараулар бар.

Әр жұмысшының бір немесе бірнеше мамандық алуына болады, өзінің біліктілігін арттыруына мүмкіндік берілген. Компанияда мамандар мен менеджерлерді кемелдеу үшін создан мынандай негізгі қызмет бағыттары бойынша 9 кафедраны қамтитын Корпоративтік университет құрылып, жұмыс істейді: кен ісі және геология, энергетика, байыту өндірісі, металлургия, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар, қызметкерлер қауіпсіздігі, экология, негізгі қорларға күтім көрсету, экономика және басқару.

Казцинк өз менеджерлерінің деңгейін көтеру саласында Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнатқан. МВА курсы бойынша оқыту бағдарламасы қолданыста, ол бойынша Казцинк менеджерлері іскер әкімшілендіру магистрі дәрежесін алады.

Nazarbayev Universityмен бірлескен жұмыс та нәтижелі жүргізілуде. Компанияның бас мамандары салалық бағыттар бойынша университеттің консультациялық комиссияларының қатысушылары болып табылады.

«Казцинкте» өндірістегі жарақаттанулардың алдын алу және болдырмаудың кешенді жүйесі жасалып, өндіріске енгізілген, оған барлық жұмыскерлер түгелдей дерлік тартылған.

2013 жылы ауқымды әрі көпкезеңді «Қауіпсіз еңбек» жобасы қолға алынды. Ол бұрын қолданыста болған «Қызметкерлер қауіпсіздігі» жобасының жалғасы болып табылады және 2-3 жыл ішінде енгізілуге есептелген.

«Қауіпсіз еңбек» жобасының идеологиясы жұмыстарды қауіпсіз орындаудың басымдылығы, еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне деген психологиясына қарамастан және өзгертпестен өз қызметкерлерімізді де, мердігер қызметкерлерін де түгелдей қамту қағидаттарына құрылған. Жобаға негіз етіліп әлемдегі ең үздік жүйелерін құруға қол жеткізген Австралия, Канада, ОАР, Германия ұқсас кәсіпорындарының көп жылдық тәжірибелері алынды.

Компанияда негізгі өндірістік қауіптерді анықтау және сипаттау жөнінде ауқымды да аса маңызды жұмыс жүргізілді.

Компания «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын енгізген кезде баса назарды қызметкерлерді оқыту мәселесіне аударады. Барлық қызметкерлер қауіптер мен тәуекелдерді анықтау әдістерін өздерінің жұмыс орындарында үйренеді. Сондай-ақ тәуекелдерді саралаудың топтық әдіс-тәсілдері де оқытылады. Оқу сапасын жақсарту үшін ең жоғарғы әлемдік деңгейге сай келетін өнеркәсіптік оқу полигоны жасалған.

Одан басқа компанияда жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және соны қолдап отыруға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлерге қосымша материалдық және материалдық емес уәждемелер өткізіледі. Қызметкерлерге арналған заманауи және тиімділігі жоғары қорғаныс құралдары сатып алынуда. Басты мақсат – өндірістегі жарақаттануларды мүлде болдырмау.

Қоғамдастықты дамыту: «Казцинкте» қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі Кеңсе жұмыс істейді, оның міндеті – тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайту, жергілікті өндірушілердің жаңа технологияларды игеруі және компанияның ұзақмерзімді әрі тұрақты сұранымына сай келетін өнімдерді шығаруы. «Казцинк» шағын және орта бизнесті дамытуға өз жұмысын бастаған сәттен-ақ қатысып келеді деуге болады. Қазір жұмыстың бұл бағытына арнап кеңауқымды «Бірлесіп Қазақстанда жасалған!» бағдарламасы қабылданған. Қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі Кеңсе сатып алулардағы жергілікті үлесті арттыру, олардың мониторингі, отандық өндірушілреді қолдау жөніндегі жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. «Казцинк» Қазақстанның 75 мыңнан астам адам еңбек ететін 900-ден астам кәсіпорнымен тұрақты ынтымақтастық орнатқан. Компанияның сатып алулардағы жергілікті үнемі өсу үстінде, бүгінгі күні ол 57%-ға жетті. «Казцинктің» www.kazzinc-trade.kz сайты жұмыс істейді, онда сатып алулар жөніндегі конкурстар, хабарландырулар туралы ақпарат орналастырылады, барлық тауарлар мен қызметерге жылдық қажеттіліктер көрсетіледі, сондай-ақ «Қалай «Казцинк» компаниясының әріптесі бола аламын» кезеңдік нұсқаулығы жарияланады. Компанияның ұстанған қағидаты – барлығы үшін ашықтық, кез келгенге тұрақты және сенімді әріптес болу мүмкіндігін жасау!

Қайырылымдылық шараларына келетін болсақ, Казцинктің Өскеменде салған «Балапан» балабақша-бөбекжай бақшасы соңғы 15 жылда алғаш салынған балабақша болды. Бұл балаларға барлық қолайлы жағдайлар жасауда қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алатын ерекше жоба бойынша салынған заманауи құрылыс. Балалар бақшасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың компания ұжымымен кездесуінен кейін Қазақстан Үкіметімен бірлесе салынған жоба. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Казцинк нысан құрылысын қаржыландыру, аумағын абаттандыру және пайдалануға тапсыруды өз міндетіне алған. Облыстық билік тиісті құжаттарымен жер телімін ұсынды, коммуникация құрылысын өз міндетіне алды.

Балабақша-бөбекжай 280 орындық бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Орындардың жартысы «Казцинк» ЖШС жұмысшыларына арналған. Мекемеге келген сапарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға сыйлық ретінде кіші сәулет қалыптарының сертификатын сыйлаған, сәлет қалыптары жаңа ғимаратты айналдыра орналастырылған.

Балабақша-бөбекжай құрылысы мен жарақтандыруға 1,2 млр. теңге қаражат жұмсалды.

Казцинк жыл сайын «Ертегі сыйла балаға» атты қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Компания қызметкерлері жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға айлық жалақысынан қаржы аударуды немесе жаңажылдық сыйлықтар сатып алуды дәстүрге айналдырған. Балалар Аяз атаға өздерінің асыл армандары туралы хат жазады. Ал Жаңа жыл қарасаңында арнайы «Аяз ата мектебінде» оқудан өткен нағыз «казцинк» Аяз аталары – компания жұмыскерлері балаларға асыға күткен ойыншықтарын сыйлайды.

Казцинктің арқасында Шығыс Қазақстанда жаңа жылды қарсы алу дәстүрі қолға алынған. Аталған мереке қарсаңында компания «Тілектер орындалатын шырша» акциясын өткізеді.

Жыл сайын бұл шараға қатысатын өскемендіктер мен облыс жұртшылығының саны артып келеді. Балалар мен ересектер жаңажылдық ойыншықтарды өз қолдарымен жасайды. Әрбір «hand made» безендіру үшін қатысушы сыйлықтар ұтысына қатысуға купон алады. Жаңа жыл қарасаңында ондаған сыйлық өз иелерін табады. Ұялы телефондар, планшеттер, ойыншық түрлері Аяз ата қапшығынан таратылады. Ал акцияға қатысушылар таққан ойыншықтар қала көшелеріндегі шыршаларды сәндендіріп тұрады. Бүгін қалалықтар арасында «егер Жаңа жыл қарасаңында осы безендірілген шыршалардың бірінің түбінде тұрып тілек тілесең – ол міндетті түрде орындалады!» деген ырым пайда болған.

Казцинк шығысқазақстандықтардың назарын отбасынан тыс тәрбиеленіп келе жатқан балалардың өмірлік мәселелеріне аударуға, жетім балаларды асырап алуға деген ізгілікті ойды оятуға арналған «Мен анамды іздеп жүрмін!» әлеуметтік жобасын дайындады. Бұл өте маңызды, өйткені, мемлекеттік балалар мекемелерінде тым қарбалас. Компания Зырян, Риддер қалаларындағы және облыстың басқа да қалаларындағы интернаттарға қаржы аударып келеді.

«Казцинк»ЖШС «Салауатты өмір салтын сақтауға» ат салысып, спортқа да көп демеулік жасайды. «Казцинк» «Торпедо» (Өскемен) кәсіби хоккей клубының негізгі демеушісі болып табылады. Клубтың жарты ғасырлық тарихы және көптеген жетістіктері бар. Өскемен хоккейі шын мәнінде бүкіл Қазақстан хоккейінің негізін салушы болып саналады. Кеңес одағы кезінде өскемендік «Торпедоның» даңқын шығарғандар ішінде мыналар да болды: әлемнің және Европаның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО чемпионы Евгений Поладьев, әлем және Европа Чемпионаттарының жүлдегері Виталий Филиппов, әлем және Европа чемпионы Юрий Леонов, сондай-ақ Михаил Панин, Владимир Локотко, Равиль Гатаулин, Сергей Давыдов, Константин Гаврилов, Виктор Шкурдюк, Сергей Скосырев, Михаил Абалмасов, Сергей Варнавский, Алексей Грищенко, Евгений Рощин. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мұз айдынындағы Қазақстан хоккейі тек Өскемен командасынан құралды. Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпионы Борис Александровтың басшылығымен әлем Чемпионатының «А» тобына кірді (Швейцария-98) және Нагано-98 қысқы Олимпиа ойындарына қатысты (5 орын).

Өскемен қаласындағы Теннис орталығын Казцинк 2010 жылы мемлекеттік-жеке меншік қағидаты негізінде салған. 2009 жылы маусым айының басында Шығыс Қазақстанға келген сапарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақта «ұлт денсаулығына арналған» спорттық нысандарды арттыру керектігі жайлы тілегін білдірген болатын. Теннис орталығы қаланың экологиялық таза аумағында орналасқан және төрт жабық теннис корттары мен 200 көрерменге арналған мінберлері бар негізгі ғимараттан, оған жапсарлас орналасқан әкімшілік-тұрмыстық корпустан және үш ашық теннис алаңынан тұрады. Теннис корттары олимпиядалық нысандарда пайдаланылатын үздік жабындарды қолдана отырып, салынған. Әкімшілік-тұрмыстық корпус әкімшілік және инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастыруға арналған жайлардан, санитарлық-тұрмыстық, спорттық-сауықтыру кешендерінің жайларынан, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, сонымен қатар, төрешілер мен баспасөздерге арналған жайлардан тұрады. Жайларды жабдықтау үшін ең заманауи технологиялық жабдықтар қолданылды. Осы Орталықтың арқасында Шығыс Қазақстан үлкен теннис бойынша халықаралық деңгейдегі чемпионаттарды қабылдауда. Теннис орталығының құрылысына 930 млн. теңге жұмсалды.

Өскемен қаласында, Өскемен металлургия кешені, Материалдық-техникалық жинақтау кешені, Казцинк-Ремсервис, Казцинк-Транс, Казцинк-ТемірТранс, Казцинктех, Казцинк-Энерго, Казцинк-Геологиялық барлау; Риддер қаласында Риддер байыту фабрикасы, Риддер металлургия кешені, Тишин кеніші, Риддер-Сокольный кеніші, Шубинск кеніші, Казцинк-Шахтострой, Казцинкмаш; Зырян қаласында Зырян кен байыту кешені, Малеев кеніші; Серебрянскіде Бұқтырма гидроэнергетика кешені; Лисаковскіде Шаймерден кеніші; Көкшетау қаласында Altyntau Kokshetau; Жетіқарада Орион Минералс;Жәремде Жәйрем КБК жұмыс істейді[28].

2.2 «Казцинк» ЖШС кәсіпорынның өндірістік көлемін талдау

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Экономиканың өнеркәсіптік бағыттылығын есепке алғанда өнеркәсіп әлеуетін ұлғайтудың өңір үшін ерекше маңызы бар.

Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика және шағын көлемдегі тамақ, химиялық, ағаш өңдеу өнеркәсіп салаларымен ұсынылады. Өнеркәсіп дамуының басты бағыттары ретінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және металлургия және машина жасаудың ілеспелі салалары болып қалады.

Өнеркәсіптің негізгі саласы полиметалл кендерін өндіруге және өңдеуге мамандандырылған тау-кен өндірісі болып табылады. Осы саланың өнімдері Тау-кен байыту кешені «Казцинк» ЖШС-пен өндіріледі, оның құрамына екі кен ошағы және байыту фабрикасы кіреді. Өңдеуде әрекеттегі үш полиметалл кендерінің кен орындары – Риддер-Сокольный, Шубинский және Тишинский, олардың жиынтық қуаттылығы жылына кеннің 4 млн. тонна шамасын құрайды. Риддер-Сокольный кен орнын өңдеуге «Altyntau Vostok» ЖШС мердігерлік кәсіпорны жұмылдырылды. Өнімнің негізгі түрлері жез, мырыш, алтынды концентраты болып табылады.

Кесте6 – 5 жылдағы тау – кен өндіру динамикасы

Көрсеткіштер 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 17312,7 1253,2 16233,1 9203,0 485,3

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің нақты көлем индексі, % 169,2 91,7 11,4 ретке 47,8 12,6

 

Өнімдерді өндіру динамика бес жылда 2011-2015 жж. кезеңінде саланың тауарлық шығарылымының қысқаруын белгілейді, «Казцинк» ЖШС-тың концентраттардың ішкі қайта өңдеу кезеңін Өскемен металлургия алаңының базасына енгізумен түсіндіріледі. Риддер қаласының тау-кен байыту кешенінің өнімдерін тауарлық шығарылымнан өңдеуге қайта бөлу соңғы өнімнің қосылған бағасының тізілімін өсірумен «Казцинк» ЖШС компаниясының дамуындағы жағымды ықпал болып табылады. 2013 жылы Риддер-Сокольный кен орнын өңдеуге мердігерлік ұйымдарды жұмылдыру арқылы тау-кен байыту саласының тауарлық шығарылымына «Казцинк» ЖШС үшін «Altyntau Vostok» ЖШС техникалық қолдау бойынша қызметтер қосылған. 2014-2015 жж. тау-кен өңдеу саласында тауар шығарылымының көлемінің төмендеуі 01.07.2014 жылдан бастап «Altyntau Vostok» ЖШС РТБК «Казцинк» ЖШС құрамына қосумен және тау-кен өңдеу саласындағы тауар шығарылымынан кенді шығару қызметтерін алып тастауға байланысты.

 

 

2сурет - Тау-кен өндіру өнеркәсібінің тауарлық шығарылымының көлемі

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

2020 жылғы кезеңге дейін тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласында әрекеттегі үш кен орындарын (Риддер-Сокольный, Шубинский,Тишинский) өңдеу жалғыстырылады. Содан басқа, «Казцинк»ЖШС қалақұраушы кәсіпорынның күшімен полиметалл кендерінің барланған 4 кен орындарын – Долинный, Обручевский, Ново-Лениногорский және Чекмарь кен орындарын ашу және өңдеуге қосу саты сайын жоспарланады.

Қала құраушы кәсіпорынмен өңдеуге жаңа кен орындарын қосу жоспарланғанын есепке алғанда, өңір бойынша жоспарланған кен шығару құрайды:

Кесте7 – Өңір бойынша кен шығару көрсеткіштері

 

Кен орны Қордың көлемі, млн. тонна Өндірудің жылдық көлемі, мың тонна Өңдеудің жоспарланған кезеңі

Риддер-Сокольный 44,44 2000 22 жыл

Тишинский 17,128 1400 12 жыл

Шубинский 2,714 190 14 жыл

Долинно-Обручевский 7,7 350 22 жыл

Ново-Лениногорский 41 1500 27 жыл

Чекмарь 106 3700 29 жыл

 

Өндіру және байыту үдерісі «Казцинк» ЖШС тау-кен байыту кешенінің өндірушілік қуаттылығында жүзеге асырылатын болады, ол жаңа екі кен ошағының құрылысын қажет етеді. Полиметалл кендерін байыту бойынша үдеме қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін байыту фабрикасын саты сайын жаңғырту жүргізілетін болады. Жалпы бағасы 23096 млн. теңге болатын осы жобаны жүзеге асыру «Казцинк» ЖШС-тың меншікті қаражаты есебінен 2032 жылғы кезеңге дейін жүрзілетін болады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің келешекті жобаларын жүзеге асыру металлургия өнеркәсібінің, машина жасаудың, басқа салалардың даму келешегі тау-кен өндіру өнеркәсібінің қажеттілігімен анықталатындықтан, өнеркәсіп әлеуетін жалпы қолдау үшін аса маңызы бар.

Риддер қаласының металлургия өнеркәсібінің салақұраушы кәсіпорындары Риддердің Металлургиялық Кешені «Казцинк» ЖШС болып табылады. Кәсіпорын мырыш, кадмий, қорғасын, металл концентраттарын күйдіру әдісін қолдану арқылы мыс тотияйындағы мыс өндірісіне мамандандырылған.

Бағалық көріністе тауарлық шығарылымның ауытқуы бар, ол металлға әлемдік баға деңгейінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі.

Кесте8 – 5 жылдағы металлургия өндіру динамикасы

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл.

Металлургия өнеркәсібінің тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 36394,7 31742,5 31632,8 44682,8 46217,1

Металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индексі, % 100,3 100,2 100,1 99,9 99,7

 

Металлургия кешенінің соңғы өнімдері толық мөлшерде алыс шетелге экспорттау жүзеге асырылады.

Металлургия өндірісінің технологияларын қолдау тұрақты деңгейде кәсіпорынның жүйелік жаңғыртуымен қамтамасыз етіледі. Өткен кезеңде Риддердің Металлургиялық Кешені «Казцинк» ЖШС құрғақ бөлу әдісімен мырыш кектерінен клинкерлерді қайта өңдеу бойынша аумақтардың құрылысы және мырыш өнеркәсібін реконструкциялау бойынша жобалар жүзеге асырылды. Мырыш өнеркәсібін реконструкциялау жобасын жүзеге асыру КС-пеші жұмысының өндірушілігін өсіруге мүмкіндік берді, жөндеуге пайдалануға беру шығындарын, экологиялық төлемдерді қысқартты, меншікті булардың өндірісін өсірді. Клинкерді қайта өңдеу бойынша жоба металлдар мен жанармайларды шығару үшін шикізаттарды бір уақытта алу арқылы техногендік жинақтарды қайта өңдеуге бағытталды.

Металлургиялық өндірісті жаңғырту шеңберінде қазіргі уақытта технологияны сыннан өткізу сатысында атмосфералық сілтісіздендіру әдісімен металл концентраттарынан пайдалы элементтерді кешенді шығарудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы «Гидрополимет» металлургиялық цехтың құрылысының жобасы тұр.

Жаңа технологияларды енгізу Риддердің металлургиялық кешеніне техногендік жинақтарды қайта өңдеуді қоса алғанда, шикізаттың төменгі сұрыптан металлдарды шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Гидрополимет» жобасын іске қосқанда 60 млн. шаршы метрден жоғары жинақтары бар Таловка қалдықтарды сақтайтын орынның үйінділерін қайта өңдеуге мүмкіндік пайда болады. Пайдалы элементтерді шығарудан тікелей экономикалық тиімділіктен басқа осы объекті пайдаға асыру өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады. Объекті толықтай қайта өңдеу 2034 жылға дейін мүмкін.

Шикізат базасының қолда барында металлургиялық саланы дамуының ұзақ мерзімдік келешегі бар. Осы өндірістің қауіп-қатер факторы оның бағаның әлемдік конъюнктурасына және металлға сұранысына тәуелділігі болып табылады.

Риддер қаласының машина жасау саласы «Казцинк» ЖШС еншісіндегі («Казцинкмаш» ЖШС, «Казцинкремсервис» ЖШС Риддерлік алаңдары) кәсіпорындардың қатарымен ұсынылған және қала құраушы кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілеріне («Востокмонтаж» ЖШС, «Аил» ЖШС, «Казцветметремонт» ЖШС) тапсырыстарына бағдарланған. Саланың кәсіпорындарымен металл бұйымдары мен металл құрылымдары, механикалық өңдеуден шыққан бұйымдар, пластмасса бұйымдары өндіріледі, болат, шойын және түсті құйма жүзеге асырылады.

 

Кесте 9- 2011-2015 ж.ж. кезеңінде саланың даму көрсеткіштері оң динамиканы белгілейді:

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл.

Машина жасаудың тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 19406,2 14620,2 15239,0 15333,0 10994,3

Машина жасаудың физикалық көлем индексі, % 136,3 109,2 100,4 95,6 67,6

67,6% дейін ФКИ төмендеуі есепті кезеңде қызметтер көлемінің және «Казцинк» ЖШС талабына сәйкес машина жасау саласы кәсіпорындарының өндірілген өнімдері көлемінің азайуымен шартталды. Тау-кен өңдеу және маталлургия өндірісінің өсетін қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін машина жасау саласын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

 

3 сурет - Машина жасаудың тауарлық шығарылымының көлемі

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

Кесте10 - Өткен кезеңде жобалар жүзеге асырылды:

 

Жобаның атауы Жүзеге асыру кезеңі Жалпы құны, млн. теңге Жүзеге асырудың басынан игерілді, млн. теңге

«Казцинкмаш» ЖШС техникалық қайта жарақтандыру 2007-2010 жылдары 5892,8 5892,8

«Казцинкмаш» ЖШС Реинжениринг 2011-2015 жылдары 2028 2028

 

Оларды жүзеге асырудың соңғы нәтижесі өндірушілікті өсіру және өндірілетін өнімдердің сапасын жоғарылату мақсатымен кәсіпорынның негізгі өндірістерінің жабдықтарын ауыстыру болып табылады. Жаңа жабдықтармен қатар заманауи бағдарламалық өнімдер, деректерді талдаудың және үдерістерді басқарудың жаңа жоғары интеллектуалды технологиялары енгізілді.

Машина жасау кешенінің тиімді қызмет істеуі «Казцинк» ЖШС өндірісінің кешенді жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі. 2010 жылы осы кәсіпорында станоктар мен жабдықтарды өндірілетін өнімдердің түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік берген жаңа жоғары интеллектуалдыларға ауыстыру жүргізілді.

2013 жылы кәсіпорынды жаңғыртудың екінші сатысы – технологиялық үдерістерді автоматтандыру аяқталады, өндірілетін өнімдердің сапасын жоғарылату оның нәтижесі болады.

Қазіргі машина жасау өндірісінің дамуы үшін зор мүмкіншіліктері бар. Бас компанияның тапсырыстарына мамандандырыла отырып, «Казцинкмаш» ЖШС нарықты ұлғайтудың және өзінің дербестігін жоғарылатудың шынайы келешегі бар.

Энергетика, сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорынның қызметінде бірнеше жыл қатарында елеулі өзгерістер болған жоқ. Осы сектордың кәсіпорындары «Риддер ТЭЦ» ЖШС, «ЛК ГЭС» ЖШС, «Л-ТВК» ЖШС, «Водоканал» МКК табиғи монополияның субъектілері болып табылып, Риддер қаласының тұтынушыларына қызмет көрсетеді.

Кесте 11–5 жылдағы энергетика саласы мен сумен жабдықтау және су бұру саласының динамикасы

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл.

Энергетика саласының тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 3516,1 3779,1 4691,8 5166,1 5771,2

Энергетика саласының нақты көлем индексі, % 106,4 96,3 102,8 87,0 90,1

Сумен жабдықтау және су бұру саласының тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 310,6 368,7 410,5 587,8 563,4

Сумен жабдықтау және су бұру саласының нақты көлем индексі, % 139,0 112,7 94,7 128,7 84,2

 

4 сурет - Энергетика және сумен жабдықтау және су бұру саласының тауарлық шығарылымының көлемі

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

Осы сектордың кәсіпорындарының өндірісті жаңғыртудағы жыл сайынғы инвестициялары бекітілген тарифтік сметалар шегінде жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптің қалған салаларының үлесіне (тамақ, жеңіл, орман өңдеу, баспа ісі және басқалар) өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің 12,2% келеді. Осы салалардың кәсіпорындары азын-аулақ және ішкі нарыққа бағдарланған. Өндірістік қуаттылықты, шикізатпен қамтамасыз етілгендігін және өнімдердің сұранысын есепке алғанда, өңір үшін келешекті бағыт орман өңдеу өндірісін дамыту, ағаштарды қайта өңдеудің қазіргі технологияларын игеру және соңғы өнімдердің түрлерін ұлғайту болып табылады.

Өнеркәсіп өндірісінің дамыған құрылымы Риддер қаласының бәсекелестіктің артықшылығымен қамтамасыз етеді. Тау-кен өндірісі саласының ұзақ мерзімді келешегі металлургия және машина жасаудың ілеспелі салаларының дамуының базасы болып табылады. Өнеркәсіп әлеуетінің ары қарай ұлғаю мүмкіншіліктері «Казцинк» ЖШС қалақұраушы кәсіпорынның инвестициялық белсенділігімен сендіре расталынады.



 
31.03.2018 13:43