3.1«Казцинк» ЖШС кәсіпорнының инновациялық даму көрсеткіштерін бағалау
Қазақстан Республикасының экономика секторындағы тау- кен металлургия өнеркәсібі мұнай – газ саласынан кейін екінші орында. Тау – кен өнеркәсібі ЖІӨ-нің 19% жуығын және Қазақстанның 16% экспортын сонымен қоса жұмыспен қамтудың көп бөлігін алады. Тау – кен өнеркәсібі кешені қор сыйымды және ірі масштабты инвестицияларды қажет ететіні мәлім. Бұл сала орта салалық мәннің 50% құрап отыр, бұл жерде негізгі құралдардың тозуы жағдайды қиындатады. Осыған байланысты отандық және шет ел инвестицияларын . Осыған байланысты минералдық шикізат қорларын белсенді түрде тарту және игеру,сондай-ақ оны одан әрі қайта өңдеуде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту республика үшін маңызы зор.
5 Сурет - Өнеркәсіп салалары бойынша 2015 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы
Ескерту - ақпараттық деректер негізінде автор құрастырды
Мұнай және газ өндіру саласына арналған қаражатқа қарағанда металл кендерін өндіру және қайта өңдеуге тартылған инвестиция көлемі бойынша (2-сурет) әлдеқайда төмен. Сондықтан, инновациялық даму саласының болашағы ретінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестицияларын қаржыландыру көздерінің тұрақты болуы шарт. Біздің ойымызша, ең алдымен бұл үшін металлургиялық компаниялардан алынатын әлемдік нарық конъюнктурасына және пайда мөлшеріне тәуелді емес амортизациялық аударымдар сай келеді.
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың басқа да негізгі көзі пайда болып табылады . Соңғы жылдары сыртқы нарықтағы қолайлы конъюнктура көптеген кәсіпорындарға жоғары рентабельдікке және ірі мөлшердегі пайдаға кенелуге мүмкіндік беріп отыр.
Тау – кен металлургия кешенінің инновациялық қызметін кәсіпорынның 34% жүзеге асырады. Аса жоғары инновациялық белсенділік 35% - дан аса жаңа енгізулер енгізетін 2500-ден астам адам жұмыспен қамтылған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға тән . Кәсіпорынның осы тобы жақсы қамтамасыз етілген меншікті қаржы ресурстарына , жоғары ғылыми-техникалық әлеуетіне ие, көбінесе өзінің зерттеу базасы және білікті персоналы бар.Саланың көптеген кәсіпорындары (65%) өзінің инновациялық қызметін "жаңа өнімді игеру (технологияны)" атты қазіргі заманғы фазасын анықтады. Тау-кен металлургия саласындағы инновациялық қызметтің жалпы жағдайын "қанағаттанарлық" бағасымен бағалауға болады.
Шығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындарының бірі «Казцинк» ЖШС болып табылады. ЖШС "Казцинк" өндірісінің толық циклін жүзеге асырады яғни, байыту нәтижесінде шығатын геологиялық барлау, тау-кен жұмыстары ,өндіру, байыту және кен концентраттарын өңдеумен байыту нәтижесінде аяқтайды. ЖШС "Казцинк" өндірістегі инвестицияларды ұдайы арттырып отырады.Мәселен, 2014 жылы көлемі 191 млн. долл., 2015 жылы 280 млн. долл құрады. 3.1 кестеде құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде компанияның инвестицияларды бөлуі көрсетілген .
Кесте 12- 2015 ж. «Казцинк» ЖШС құрылымдық бөлімшелер бөлінісіндегі инвестициялардың бөлінуі
Құрылымдық бөлімшенің атауы %
Малевский кеніші және ЗГОК байыту фабрикасы 9,63
Тишинский кеніші және РГОК байыту фабрикасы 14,8
Риддер-Сокольный кеніші және байыту фабри касы 10,3
Металлургиялық өндірісті қайта жаңарту 41,0
«Жаңа металлургия» жобасы 27,0
Темір жол көлігінің дамуы 2,67
Энергетика 5,0
Экология 3,8
«Шаймерден» жобасы 6,5
Өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар 6,3
ЖИЫНЫ 100
Ескерту - ақпараттық деректер негізінде автор жасады
Атап айтқанда, көрсетілген соманың ең көп қаражат көлемі - 78,3 млн. долл. компания металлургиялық өндірістегі қайта жаңартуға жұмсады, оның ішінде 51,7 млн. долл. - Өскемен қаласындағы мыс қорыту және электролиз зауыттары құрылысын көздейтін "Жаңа металлургия" жобасына жұмсалды.
Өндірістік қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Казцинк»ЖШС инвестициялық қызмет объектісі ретінде инновациялық технологиялық кешен ұсынылды. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ресурстарының талдау нәтижелерін зерттей келе , құрал –жабдықтар сынды инновациялық объектілеріне көп көңіл бөлуді талап ететін нәтижеге келдік. Зерттеуіміздің нәтижесінде құрал – жабдықтар агрессивті ортада жағдайында жұмыс істейтіндіктен , кәсіпорынның ең әлсіз орны екендігіне көзіміз жетті. Сондықтан, қатал бәсекелестік күрес жағдайында , өзіндік орнын сақтап қалу шарты бойынша , кәсіпорынға ең алдымен ескі құрал – жабдықтарды жаңа прогрессивті құрал – жабдықтарға ауыстыру жайында ойлау керек.
Технологиялық жабдықтарды бағалау үшін «Казцинк»ЖШС сарапшыларының мәліметтері бойынша біз кәсіпорын жабдықтардың табиғи тозу (6-сурет) диаграммасын салдық. Ең тозған құрал - жабдық Өскемен Металлургиялық Кешенінің Қорғасын зауытының жабдықтары болы шықты. Өскемен Металлургиялық Кешенінің Қорғасын зауытындағы бірінші орында құрал – жабдықты ауыстыруды қажет ететіндігін анықтау үшін, техникалық процесс кезіндегі маңыздылығы жоғары топтарды іріктепе бағалау жүргізу керек. Бұл мақсат үшін және технологиялық құрал-жабдықтардың физикалық тозуын бағалауда, сараптамалық бағалаудың авторлық әдістемесі қолданылды (13 кесте). Сарапшылар ретінде Қорғасын зауытының мамандары ат салысты.
Сурет6- ЖШС «Казцинк» кәсіпорнындағы технологиялық жабдықтардың физикалық тозуы
Ескерту – автор құрастырған
12 кестедегі мәліметтер бойынша , мыс пен мырыш өндіру кезіндегі маңызды құрал – жабдықтар ретінде I және II топтағы жабдықтар екендігін көреміз, себебі істен шыққан кезде барлық технологиялық процесс тоқтатылады. 2 сурет пен 3 кесте бойынша қорытындылайтын болсақ, ең бірінші мезетте I топтағы жабдықтарды ауыстыру керек, себебі, бұл топтағы құрал – жабдықтар физикалық тозуы басқаларға қарағанда әлдеқайда жоғары және ол технологиялық процесстің ең маңыздысы болып табылады.
Кесте 13 - «Казцинк» ЖШС ӨМК Қорғасын зауытының технологиялық жабдықтарына бағалау маңыздылығы
Топтың маңыздылығы Құрал - жабдықтар Бағалау
(5 балл)
I ТОП Тік бу агрегаты 5
II ТОП Пневматикалық агитатор 4,98
III ТОП Қорғасын және мыс шаңдарын жинағыш бактар 4,92
IV ТОП Мыс тазалау агитаторлар 3,89
Ескерту – автор құрастырған
«Казцинк» ЖШС кәсіпорнына жаңа құрал – жабдықтарын енгізу үшін, технологиялық процесінің талаптарына сай келетін жетілдірілген жабдықтарды таңдау керек. Жабдықтарды таңдау бізден прайс – парақтар арқылы жүзеге асады. Ұсынылып отырған инновациялық технологиялық кешені, табиғи айналымды су тік бу агрегаты және пневматикалық агитаторын қосады және ол бірқатар артықшылықтарға ие: жоғары өнімділікке ие, өндірістік алаңдарында кем орын алады, аз энергия тұтынады.
Басқару процесіндегі инвестициялар маңызды кезеңдірінің бірі ретінде, «Казцинк» ЖШС инновациялық қызметінің тиімділігін инвестициялық жоба мысалы ретінде бағалаймыз. Инновациялық технологиялық кешенін енгізу инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін есептеуде қиыншылықтар туғызады.Осы мақсатта инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу әдістерін ұсынамыз.
Кесте 14 – 13-0032 Инновациялық жобасы
Жоба атауы Көрсеткіштер Өл. бірлігі 2013 ж 2014 ж 2015 ж Жиыны
13-0032
Таза кіріс Млн.тг 14 15 14
Амортизация Млн.тг 10 10 10
Күрделі шығындар Млн.тг 10 - -
Дисконт нормасы Бірлік үлесі 10% 10% 10%
Дисконт коэф 0,909 0,826 0,751
Таза пайда Млн.тг 24 25 24
PV Млн.тг 21,816 20,65 18,024 60,49
CI Млн.тг 9,09 0 0 9,09
NPV Млн.тг 51,4
PI Млн.тг 6,65
Негізгі формаулалар (1,2,3,4):
NPV = PV-CI, (1)
CI= K1/(1+E)+K2/(1+E)+Kt/(1+E), (2)
PI= NPV/CI, (3)
PV= дисконт коэффиценті* таза пайда, (4)
Мұндағы, NPV – таза дисконтталған табыс,PV-ағымдағы құны,
CI-келтірілген шығындар,E-дисконт нормасы,K=17
Шешу жолы:
PV=0,909*24=21,816
0,826*25=20,65
0,751*24=18,024
CI= 10*0,909= 9,09
NPV=60,49-9,09=54,4
PI=60,49/9,09=6,65.
Бұл жоба бойынша NPV >0 сондықтан да жоба қабылданады.
Зерттеулер нәтижесінде және расталған есептік мәліметтерден ЖШС «Казцинк» кәсіпорнындағы инновациялық құрал – жабыдқтарды енгізу орынды. Автор ұсынып отырған инновациялық құрал – жабдықтарды өндірістік процес кезінде қолдану, кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін арттырады, кәсіпорынның тек табысын жоғарлатып коймай, сонымен қоса, экологиялық жағдайды,яғни, сыртқы ортаға шығатын зиянды заттарды азайтады. Көрсетілген есептеулер нәтижесінде , жаңа құрал – жабдықтарды енгізуді кәсіпорын банктік кредиттеуге жүгінбей, өз меншікті қаражатынан жұмсай алады.
3.2 «Казцинк» ЖШС кәсіпорнының SWOT талдауы.
SWOT – ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінің аббревиатурасы: Strengths (мықты жақтары), Weaknesses (әлсіз жақ тары), Opportunities (мүмкіндіктер) және Threats (қауіптер). SWOT-талдау деген ұйымның қызметі мен дамуында кедергі келтіруі немесе көмектесуі мүмкін оның мықты және әлсіз жақтары, сыртқы қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтау дегенді білдіреді.
Ұйымның SWOT-талдауын анықтау үшін: 1. оның сыртқы және ішкі ортасына талдау жүргізу керек; 2. өзара байланыс пен өзара қатынастардың бір біріне қай- шы келмейтін бейнесін алу үшін талдаудың нәтижелерін біріктіру керек, яғни синтез жүргізу керек.
Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс.
Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар.
Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмыс жоспарын дайындау алдынданегізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Әртүрлі ұйымның мақсаттары, әрине, өзінің таңдап алған бағытына байланысты әртүрлі болады (түрлі өнімдер өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.с.с.). Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады.Әрбір ұйымның мақсатының орындалу дәрежесі сол ұйымның экономикалық тиімділігін – рентабельділігін көрсетеді. Ұйымның құрылымы көздеген мақсатқа жету жолына орай алдын-ала зерттеу, ойластыру арқылы құрылады.
Құрылымы дегеніміз – еңбекті (жұмысты) адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес, мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Ұйым мүшелерінің көздеген мақсатына жету үшін басқару деңгейін қисынды үйлестіру (тікелей және көлденең (көлбеу) еңбек бөлінісі арқылы) ұйымның құрылымын көрсетеді. Ұйым құрылымының түрлері кейінгі тақырыптарда толық қарастырылады.
Міндеттер жеке адамдарға емес, құрылымдағы қызмет орнына жүктеледі. Әрбір қызмет орныныңнегізгі мақсатқа үлес қосу үшін бекітілген арнайы міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс. Міндеттердің үш түрі болады: а) адамдармен жұмыс істеу; ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т.б.; б) мәліметпен жұмыс істеу. Әр қызметкер өзінежүктелген міндеттеріне сай адамдармен, мәліметпен, заттармен жұмыс атқаруы арқылы бөлімдердің және ұйымның мақсаттарын орындайды.Ұйым мүшелері өз міндетін атқару үшін сол орындалатын жұмыстың технологиясын білуі тиіс.
Технология дегеніміз – шикізатты түрлендіру жолы, яғни көздеген мақсатқа жету үшін құрал-жабдықтар мен шикізаттың, сол жұмысқа сай білімнің басын біріктіріп жұмысты орындау.Сондықтан міндеттер мен технология бір-бірімен тығыз байланыстыа. Қызметкерлер де, жұмысшылар да өз міндеттерінің орындалу технологисын жоғары дәрежеде меңгеруі қажет.Технологияның орындалу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, ол адамның біліміне, сол істі қандай дәрежеде меңгеруіне, тәжірибесіне де байланысты. Мысалы, А.Смиттің «Богатство народов» (1776 ж.) деген кітабында келтірілген түйреуіш (булавка) жасау технологиясын өзгерту арқылы ең бірінші өндірістік революцияға жол ашылды десе де болады. Мұнда бір түйреуішті бір адам жасағаннан гөрі біреуі сымды түзетіп, екіншісі кесіп, үшіншісі ұштап т.с.с. бірнеше адамдар өз функциясын орындаған (бір түйреуіш жасау үшін 18-дей жұмыс атқарылуы қажет) жағдайда күніне 10 ададм 48 мың дана жасайтын болған, егер бір адам өзі ғана дайындаса, онда күніне бар болғаны 20 дана жасаған болар еді. Қазіргі кезде өнім өндірудегі күрделі процестердің барлығы дерлік конвейерлік жүйе арқылы жүзеге асырылады.Технологияны жетілдіруге ағылшын ғалымдары Эли Уитни (стандартизация), Генри Форд (автомобиль жинау), Джоан Вудворд, Джеймс Томпсонның еңбектерін атауға болады.Технологияның ең тиімді түрін таңдау орындалатын жұмыс процесіне және адамдарға байланысты. Ұйымдардағы барлық жұмыс ададмдардың қатысуы арқылы ғана жүзеге асады. Ұйымдағы жұмыстардың қай түрі болмасын жақсы аты мен жаман аты сол ұйымдағы адамдарға қатысты.Сондықтан ұйымның ішкі ортасының ең басты элементінің бірі – адамдар.
Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жекебасының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға жәнеадамдар тобына ықпалы.Адамдар сыртқы түрімен бір-біріне қалай ұқсамайтын болса, олардың ішкі жан-дүниесі онан да өзгеше, әртүрлі болатыны белгілі. Ададмдардың мінез-құлқынан басқа олардың жұмысқа икемділігі, тәрбиесі, талғамы, діни ұғымы көзқарастары да соншалықты әртүрлі болады. Сондықтан менеджер ұйымның мақсатына жету үшін ададмдардың басты роль атқаратынын үнемі естен шығармай, адамгершілік факторын бірінші орынға қойған жөн. Ұйымның ішкі ортасының өзгеріп отыратын элементтерін талдай отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста екенін, ажырамас бірлікте ғана әрекет ету арқылы көздеген мақсатқа жетуге болатынын байқадық, оны схема түрінде былайша көрсетуге болады:
Ұйымның сыртқы ортамен байланысы. Әрбір ұйымның басшысы ішкі ортаның элементтерін реттеп, негізгі мақсатқа бағыттап отыруға міндетті екеніне сөз жоқ, бірақ ұйымның табысы сыртқы ортаның өзгерістеріне де тәуелді, себебі ұйым сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйе ретінде дамиды.
Менеджер сыртқы ортаның ұйымға қалай әсер ететінін қадағалап, әртүрлі өзгерістерге бейімделіп отыруы тиіс. Сыртқы орта ұйымға тікелей және жанама әсер ететді.
Тікелей әсер ететін факторлар: Жеткізушілер (жабдықтаушылар). Ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады. Мысалы, еңбек ресурстарын, шикізатты, техника, құрал-жабдықтарды, энергияны, қаржыны белгілі бір бағамен, белгілі бір уақыт аралығында басқа ұйымдардан алып отырады, міне осындай ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын мекемелер жеткізушілер (жабдықтаушылар) болып саналады. Ресурстар қажет кезінде жеткізілмесе, онда ұйымның жұмысына кедергі болып, тоқтап қалады. Сондықтан олар тікелей әсер етуші фактор болып табылады.Кәсіподақ. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты көптеген мекемелерде кәсіподақ ұйымы өз жұмысын тоқтатқан жағдайлар кезедеседі, бірақ ол дұрыс емес. Ұйым мүшелерінің мүддесін қорғаушы, оларды еңбекпен қамтамасыз етіп, келісімшарттың орындалуын қадағалайтын кәсіподақ болуы тиіс. Әрбір ұйымда еңбек қатынастары заңдарының сақталуы кәсіподақ келісімі арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік органдардың заңдары мен қаулы-қарарларын орындамаған ұйым заң алдында жауап береді. Әрбір ұйымға тән белгілі бір шектеулер, жеңілдіктер, салық төлеу міндеті, еңбек тәртібін сақтау, бухгалтерлік есеп-қисапты ережеге сай жүргізу т.б. әртүрлі заңдылықтар белгіленген. Ұйымның осындай заңдылықтар мен ережелерді уақытында орындап отыруы тиіс.Тұтынушылар. Әрбір кәсіпорынның мақсаты өндірілген өнімдерін тұтынушыларға ұсынып, олардың тілек-талабынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыру. Егер тұтынушылардың сұранысын алдын-ала зерттеп, анықтамаса, онда өнімдер сатылмай, ұйымның шығындары ақталмайды, сондықтан тұтынушылардың талабымен санасу арқылы ғана ұйым мақсатына жетеді.Бәсекелестер. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін басқа да бәсекелес ұйымдардың іс-әрекеттерімен санасуына тура келеді. Бәсекелес ұйымдардың нарықта алатын орны, өндіріс ауқымы, сату шапшаңдығы, басты ерекшеліктері, баға деңгейі, жарнамаларының тиімділігі, жаңалығы, тәжірибесі, өнім сапасы, қызметкерлердің білім деңгейі, жалпы беделіосы ұйым үшін ерекше роль атқарады. Әрбір ұйымның бәсекелестік қабілеті жоғары болған жағдайда ғана табысқа жетеді. Сол себепті, кәсіпорын өзімен бәсекелес, даму деңгейі жоғары ұйымдардың жұмысын үнемі бақылап отыруы тиіс, бұл жағдайда кәсіпорын әрқашан алға шығып, дами түседі.Тікелей әсер ететін факторлардан басқа да, сыртқы орта ұйымға экономикалық тұрғыда, технологиялық, әлеуметтік-этикалық және саяси тұрғыда ықпал етеді.
Ұйымға жанама әсер етуші факторлар:Сыртқы экономикалық орта – инфляция, баға деңгейі, несие алу, салық саясаты, қаржы жүйесі, еңбек ақы мөлшері, жұмысшылардың білімі, кәсіби шеберлігінің деңгейі т.б. ұйымның жұмысына әсер етеді.Сыртқы технологиялық орта. Әрбір кәсіпорын технологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болуы тиіс. Ол үшін ұйым байланыс құралдарымен толық жабдықталып, мәлімет-ақпараттар, жаңалықтар мезгілінде қызметкерлерге жетіп отыруы қажет. Технология - өнім өндіру мен қызмет көрсетудің, оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне жаңаруына байланысты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де біршама өзгеруі мүмкін.Сыртқы әлеуметтік-этикалық орта – адамдардың көзқарасына, тәрбиесіне, тілек-ықыласына, зиялылығы мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Кез келген адам белгілі бір әлеуметтік ортада жарық дүниеге келеді, ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы басталып, адамзат ұрпағының қалыптасу жолы басталады. Осындай күрделі құрылыс адамдар ортасын қалыптастырады және адам баласы қоғамға тәуелсіз ешқандай өмір сүре алмайды. Басшы әлеуметтік ортамен санаспай болмайды. Менеджер үшін әлеуметтік көзқарас, сенімділік, бағалылық өте маңызды:
- сенімділіктің болатын себебі мынада: жұмыс істегісі келетін адамдарда жұмыс барысында әртүрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалану қажет;
- бизнеске сену, кәсіпорынның басшысын бағалау, құрметтеу;
- іскерлік қызметте бәсекелестікке сену;
- жеке адамдардың діни наным-сеніміне, нәсіліне қарамастан құрметтеу;
- білімге сену және оны құрметтеу;
- қисынды процестерге ғылыммен техникаға сену;
- әртүрлі өзгерістердіңмаңыздылығына, бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.
Сыртқы этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі – іс жүзінде қолданылатын адамның жеке басының жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан құралады. Ұйымға қатысты этикалық нормативтер азаматтық кодексте жазылған, ол нормативтерді әрбір қызметкер білуі тиіс (пара алу, қиянат жасау, залымдық, заңсыз ақша төлету, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу т.б.).Сыртқы саяси орта. Әрбір ұйымдағы әрбір басшы түрліше заңдармен, қаулылармен, әртүрлі комиссиялармен, ресми жаңалықтармен, сот шешімдерімен ұшырасып тұрады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың мүддесін қорғауға арналған. Кез-келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез-келген заңға немесе қаулыға қатысты және шешім қабылдар алдында басшылар заң кеңесшілерімен ақылдасады.Халықаралық жағдайлар да ұйым жұмысына әсер етеді. Мысалы, ұйым өнімдерін өткізіп немесе сол жақтан шикізат алып жүрген елдердің халықаралық жағдайлары өзгерсе, ұйымның жұмысына да ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан ұйым басшысы тығырықтан шығатын басқа да жолдарды қарастыруы тиіс.
Аталған факторларды ескере отырып біз «Казцинк» ЖШС кәсіпорнына SWOT талдау жүргіздік. Кәсіпорынға әсер ететін мықты, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерін ескердік.
7 Сурет- «Казцинк» ЖШС SWOT талдау
Ескерту – автор құрастырған
Сарапшы ретінде кәсіпорынның жобаларды басқару бөліміндегі 5 сарапшыны алдық. Әр сарапшы көрсетілген факторларға маңыздылығына қарай сандық және рангтік бағалау жүргізді. Сандық бағалау (1-ден 4-ке дейін балл , бұл жердегі 4 - көп сәйкес келеді, ал 1 - сәйкес келуі төмен), рангтық бағалау ( бұл жердегі ең аз мән - 1, ал ең көп мән- 5).
Кәсіпорынның мықты жақтары:Меншікті шикізат базасының болуы, әлемдік нарық сұранысына ие , Қазақстандағы жетекші базалық өндіріс металдардын өндіру, жаңа салаларды дамыта алатын, табыстылықты жоғарылата алатын заманауи техника - технологияларды енгізу,ө ндірілетін базалық және сирек кезесетін қосылған құны бар жаңа өндірістер құру мүмкіндіктері бар, әлеуетті кен орындарының болуы.
Кәсіпорынның әлсіз жақтары: 85 % - кен металлургия өнеркәсібінің шикізаттары экспортталады, Негізгі қордардың тозу деңгейі жоғары (машиналар мен құрал-жабдықтарды, құрылыс құрылымдарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды4 (40-60 %)), шикізаттардың кешенді қайта өңдеудің жетіспеушілігі, отандық ғылымның өндіріспен тығыс байланысы жоқтығы, өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландырудың төмен деңгейі.
Кәсіпорынның мүмкіндіктері:Металл бұйымдарын, ғылымды қажет ететін функционалдық материалдар, арнайы қорытпалар шығару көлемін ұлғайту, металдардың ішкі нарығын мемелекеттік ынталандыру есебінен металдарды іште пайдалануды арттыру, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, сирек металл өнеркәсібі мен қорытпалардың алу үлесін ұлғайту, технологиялық жаңартулар.
Кәсіпорын қауіптері: Тау- кен металлургия саласындағы өнімндердің шикізаттық бағытта экспортқа шығу қауіпі, ішкі энергия жеткізгіштері бағасының өсуі, ҚР металфонды мен шикізат базасының тозу қауіпі, шетелдік кен -тау жабдықтарын енгізу (отандық жабдықтарды ығыстыру), кәсіпорын қызметі мен дамуының стратегиялық жоспарларының әлсіз болуы.
8 Сурет – Кәсіпорынның мықты жақтары
Ескерту – автор құрастырған
9 Сурет – Кәсіпорынның әлсіз жақтары
Ескерту – автор құрастырған
10 Сурет – Кәсіпорын қауіптері
Ескерту – автор құрастырған
11 Сурет – Кәсіпорынның мықты жақтары
Ескерту – автор құрастырған
3.3 Өндірістік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеудің бағыттары
Қорғасын заводы. Қорғасын концентраттарын технологиялық балқыту үшін 2012 жылдан бері ISASMELTТМ үдерісі қолданылып келеді.
ISASMELTТМ үдерісінде отқа төзімді шегені бар тұрақты орнатылған пеш және суға батырылатын бір үрлеуіш қолданылады. Пешке концентраттар, отын және қождамалар үздіксіз салынып тұрады. Оттегімен байытылған ауа суға батырылатын үрлеуіш арқылы беріледі де, жоғары турбулентті астау құрайды. Осы үдерістің артықшылығы болып бір қондырғыда бірнеше технологиялық операциялардың бірігуі, ұшқыштық қосындыларды толығымен шығару мүмкіндігі, шикізатты қайта өңдегендегі икемдігі, күрделі және пайдалану шығындарын азайта отыра жоғары үлесті өнімділігі саналады. Осы үдерістің маңызды көрсеткіштері екіншілік шикізаттың біршама көлемін қайта өңдеуге тарту және Қазақстанға, шетелге аралық өнімдерді тасымалдау қажеттілігін барынша азайту болып табылады.
ISASMELTТМ балқыту үдерісі отын пайдалану жағынан біршама үнемдірек, технологиялық мүдделерге пайданылатын екіншілік энергия ресурстарын (буды) шығаруға мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтар мен технологиялық үдерісті толығымен автоматизациялау, шикіқұрам дайындаудан балқытуға дейін қол еңбегінің үлесін анағұрлым азайтады. ISA-пештің негізгі өнімдері болып толығымен кәдеге жаратылатын құрамында қорғасын бар қож, технологиялық және аспирациялық газдар саналады. Құрамында қорғасын бар қож екі шахта пештерінің біріне келіп түседі, мұнда қож ұшыру қондырғысына жеткізілу үшін мырышты қож пайда болады; тазартылмаған қорғасын – қосындылардан тазартуға келіп түседі. Тазартылмаған қорғасын мынадай пирометаллургиялық тазартудың кезеңдеріне түседі:
• екі сатылы мыссыздандыру;
• теллурсыздандыру;
• Harris пешінде күшән мен сүрмені шығару;
• мырышты Parkes-Knowles әдісімен күміссіздендіру;
• Knoll-Betterton висмутсыздандыруы;
• сілтімен тазарту.
Бұл технология жылына 144'000 т –ға дейін тазартылған қорғасын(YKCUK), жылына 7'000 т тазартылмаған мыс, сондай-ақ аздаған көлемде селен, индий, теллур, таллий, сынап және сүрмелі концентрат шығаруға мүмкіндік береді.
Аффинаж өндірісі. Қорғасын тазарту кезінде күміссіздендіру үдерісінде алынған күмісті мырыш көбігі қайта айналымдағы мырышты құрамында күміс бар қорғасыннан бөліп алу үшін электртермиялық тәсілмен қайта өңделеді. Құрамында күміс бар қорғасын купеляция пештерінде Доре қорытпасын шығара отыра қайта өңделеді. Доре қорытпасы аффинаждалған күміс ала отыра электролиттік тазартудан өтеді. Аффинаждалған алтын Казцинк дайындаған технология бойынша екі технологиялық тәсіммен жүргізіледі: тазартылмаған алтыннан электртазартылған анодтар алу, тазартылмаған алтынды химиялық тәсілмен еріту, содан кейін таза алтынды талғамдап шөктіру. Аффинаждалған алтын құймалар түрінде шығарылады (Au құрамы 99.99%). Аффинаждау өндірісінің қуаты жылына 52 т алтын және 990 т күмісті құрайды, екі металл да Лондон бағалы металдар биржасында GoodDelivery тізіліміне енгізілген (маркасы Deer).
Мыс заводы. Мыс заводының құрылысын Казцинк 2011 жылы салды.
Нәтижесінде қорғасын және мырыш өндірістерімен бірге бір алаңшада шикізаттан тауарлық дайындығы жоғары өнімге пайдалы көмпоненттердің ең көп көлемін кешенді түрде айырып алуға мүмкіндік беретін бірегей технологиялық тәсім пайда болды. Мыс заводының технологиялық тәсімі заманауи технологиялық балқыту мен жақсы ұйымдастырылған үдерістерді біріктіреді және оның құрамына мынадай технологиялық бөлулер кіреді:
- мыс концентраттары мен өнеркәсіп өнімдерін Isasmelt (Австралия) заманауи технологиясын пайдалана отыра балқыту;
- Demag (Германия) фирмасының пештерінде штейн мен қож ала отыра электрбалқыту;
- Outotec (Финляндия / Швеция) фирмасының Пирс Смит конвертерлерін пайдалана отыра мыс штейнін конвертерлеу;
- MaerzGauchi (Германия) фирмасының пештерінде тазартылмаған мысты анодпен тазарту;
- IsaProcess (Австралия) технологиясы бойынша тазартылған катодты мыс ала отыра электролиздеу.
Isasmelt пешінде мыс концентраттары мен құрамында мыс бар айналмалы өнеркәсіп өнімдерін штейн-қож балқымасын ала отыра балқытады, штейн-қож балқымасы электрпеште құрамында 60-65 % мыс бар және құрамында алтын мен күміс бар штейн ала отыра бөлінеді. Мыс штейні Пирс Смит конвертерінде тазартылмаған мыс ала отыра қайта өңделеді. Isasmelt жүйесінің жұмыс кезінде пайда болған шаңдар мен қож Казцинктің байыту фабрикасына байыту және гидрометаллургия тәсілдерімен бағалы компоненттер әрі қарай айырып алу үшін тасымалданады. Шаңнан тазартылған газ жаңа күкірт қышқылы заводына күкіртті ангидритті кәдеге жаратуға жөнелтіледі. Тазартылмаған мыс анодпен тазартылған соң тазалығы МОК, МООК маркаларына сәйкес келетін (құрамындағы мыс 99,97% және 99,99% тиісінше) тазартылған мыс ала отыра электролизге жөнелтіледі. Мыс заводының қуаты жылына 70'000 тонна тазартылған катодты мыс, жылына 87 500 тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Мысэлектролитті шлам түріндегі алтын мен күміс Доре қорытпасын алу үшін купеляция бөлімшесіне жөнелтіледі.
«Казцинк»ЖШС - тің экологиядық жағдай , саясатына келетін болсақ, мысалы, энергия үнемдеу мәселелері жұмыс және даму тиімділігін көтерудің басты бағыттарының бірі болып саналады. Энергия үнемдеу технологияларының ең қызықты мысалдарының бірі ретінде Қазақстанда алғаш рет осы Казцинкте орнатылған НТ-3000 өнеркәсіптік жылу сорғысын айтуға болады. Бұл сорғы Өскемен металлургия кешені сервис цехының жылу күші бөлімшесінде химиялық су тазарту стансасында суды қыздыру үшін және электролиздің IV сериясындағы вакуум-буландырғыштарға арналған айналмалы суды суыту үшін пайдаланылады. Күрделі шығындардың өтелімдік мерзімі 2,5 жыл. Казцинктің энергия үнемдеу бағдарламасы 2015 жылға дейін жасалған. Оның алғашқы кезеңінде (2006-2009 жж.) ұйымдастыру және шығыны аз техникалық іс-шаралар атқарылды, олардың өтелімдік мерзімі 1,5-3 жыл. Қазір жаңа энергия үнемдеу жабдықтары мен технологияларын қолдану кезеңі жүріп жатыр, экономиялық тұрғыдан негізделген ескі жабдықтар ауыстырылды.
Енгізу мысалдары:
• Риддер кен байыту кешені Тишин кенішінің тұрмыстық жайларын ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында сығымдауыштар өндіретін жылу энергиясын кәдеге жарату, бұл сатып алынатын жылу энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік берді;
• электрқозғалтқышты басқару үшін жиілік түрлендіргіштерді орнату;
• сығымдауыш стансаларында қысылған ауа қысымын автоматты түрде реттеу жүйесі;
• электрқозғалтқышты жайлап қосу құрылғысы;
• заманауи жылуоқшаулағыш материалдарды пайдалану;
• технологиялық үдерісті автоматты түрде басқару жүйелері;
• энергиялық тиімді жарық көздерін орнату.
Технологиялық үдерістерге энергия пайдалану тиімділігі тұрғысынан үнемі талдау жүргізіліп тұрады, ал бұл энергия үнемдеуде басымды бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді, болжамдар мен есептер бойынша ең көп қосынды экономиялық тиімділікке жеткізеді.
Құрамында күкірт бар газдарды кәдеге жарату: Казцинк Өскемен қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы күкірт диоксидін зиянсыз санитарлық нормаға дейін азайту бойынша басты табиғатты қорғау міндетін шешті. Мырыш өндірісінің газдарын қайта өңдеу бойынша күкіртқышқылы цехы жаңартылды, Хальдор Топсе фирмасының технологиясы бойынша қорғасын заводының аглогаздарын кәдеге асыруға арналған екінші күкіртқышқылы қондырғысы салынып, пайдалануға берілді. Айзасмелт экологиялық таза пешті енгізумен қорғасын өндірісі жаңартылды және мыс өндірісі газдарынан MECS технологиялары негізінде күкірт қышқылын алу бойынша үшінші қондырғы енгізілді.
Газдарды шаңдардан тазарту: Өскемен металлургия кешенінде атмосфералық ауаға шығарылатын қатты заттар шығарындыларын азайту және шаңнан екінші қайтара металл алу үшін 3 шаңтұту бөлімі жұмыс істейді. Бүгінгі күні Казцинк күрделі тазарту бөлімшесіндегі барлық 7 сүзгіні қайта құрылымдауды аяқтады, бұл ауыр металдардың шығарындысын 6 және одан да көп есе азайтуды қамтамасыз етті және қала ауасындағы олардың концентрацияларын санитарлық нормадан анағұрлым төмендетті.
Күшәнді залалсыздандыру: Өскемен металлургия кешенінің шикізатындағы күшән қорғасын өндірісінде кальций арсенаты мен арсениті түрінде шығарылады және арнайы қоймада жинақталады. Казцинк жаңа технология жасап, скородит табиғи минералы түріндегі экологиялық тұрғыдан қауіптілігі азырақ темір арсенатын ала бастады.Құрамында күшәні бар қалдықтар бұрынғы Семей сынақ полигонының шығыс бөлігінде, «Балапан» учаскесінде салынған арнайы жинақтауышқа орналастырылады. Жоба 50х200 метрлік карталардан тұратын арнаулы инженерлік құрылым болып табылады.Карталар шаң өткізбейтін көпқатпарлы экранмен жабдықталады, ол топырақ пен жерасты суларына қалдықтың өтпеуіне 100% мүмкіндік береді.Бұрынғы техногендік әсер бұл учаскедегі жерлерді ауылшаруашылығына пайдалану мүмкіндігін жойды. Дегенмен, аумақ қалдықтарды сақтауда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолайлы. Саздың табиғи қабаты мен сүзгілеу коэффициенті аса төмен кен құрамындағы жыныстар қосымша табиғи экран болып табылады, ол топырақ пен жерасты суларына зиянды заттектерді өткізбейді. Ыза сулар 20 метрден астам тереңдікте тұнады. Бұл факторлардың барлығы да қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсер тигізуіне жол бермейді.
Тишин кеніші шламдарын қайта өңдеу: Казцинк өзінің құрылу кезеңінде Тишинск кенішінің кендерін ұсату және байыту цехының біршама мөлшердегі шламдарына ие болған. Көптеген жылдар бойы аталған материал қатырылған күйде қысқы 6 ай бойы Риддер байыту фабрикасына тасымалдау қиыншылықтарына және оны қайта өңдеуге қойылған жеке талаптардың салдарынан кенішке жақын орналасқан аумақтағы қоймаға салынған. Ашық ауада сақтау кезінде ерітінділеу қаупін азайту үшін Казцинк байыту фабрикасының жеке флотациялық секциясында қайта өңдеуге материалды тасымалдар алдында оны зиянсыздандыру үшін сүзгілеу қондырғысын орнатты. Сонымен қатар жинақтау қоймасындағы қатпарланып қалған шалмдарды кәдеге жарату бойынша жұмыстар аяқталуда.
Зырян байыту фабрикасын қайтарымды сумен жабдықтау: Зырян байыту фабрикасы осы күнге дейін кенді өңдеу үшін таза суды пайдаланып келген, ал технологиялық ақаба суды Бұқтырма өзеніне құяр алдында биологиялық әуітте тазартудан өткізілген. Қалдықтары бар төгілетін су үдеріске қайтарылмаған. Казцинк қалдық қоймасынан суды қайтару есебінен байыту фабрикасын сумен қамтамасыздау жобасын жасады және іске асырды, нәтижесінде таза суды алу көрсеткіші ең төменгі мөлшерге жеткізілді және өзен алабына ақаба суды төгу көрсеткіші азайтылды.
Су ағындыларын бейтараптандыру: Риддер металлургия кешенінің мырыш өндірісінде электролиттік және күкіртқышқылы бөлімшелерінің ақаба суларын Тынық өзеніне төгу алдын ала тазартусыз жүргізілген. Казцинк жұмыс істеу кезеңінің басында қышқыл ағындыларды бейтараптандыру үшін әктасталған сүзгіні құрған, одан кейін заманауи тазарту имараттарын салды және қазірде пайдалануда. Металлургия кешенінде ағындыларды зиянсыздандыру бойынша екінші имараттарды енгізу 60%-дан толық сумен қайтарымды қамтамасыздауға ауыстыру бойынша мырыш өндірісінің су шаруашылығы жүйесін қайта құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Өндірістің ағымдағы және жиналған қалдықтарын екінші рет қайтадан өңдеу: Қалдықсыз өндіріс бағдарламасын іске асыра отырып, компанияның кен байыту кешендерінде жеңіл фракция, кен жынысы, металлургия қождары толық көлемде, кен флотациясы қалдықтары -ішінара, шахта қуыстары мен кеніштердің кен массивінің құлау аймақтарын толтыруға пайдаланылып, кәдеге жаратылады. Жеке қалдықтарынан басқа, кешен байыту фабрикасының Ескі қалдық қоймасында ежелден сақталған кен қалдықтарының құмдарын екінші қайтара қайта өңдейді.
Өскемен металлургия кешені: Өскемен металлургия кешеніне қуаттылығы 190'000 т/жыл. мырыш заводы, қуаттылығы 144'000 т/жыл. қорғасын заводы және аффинаж өндірісі кіреді. Өндірістік алаңша Өскемен қаласының ішінде Казцинк басқармасының жанында орналасқан; барлық үш өндіріс ортақ инфрақұрылымға ие.
Мырыш заводы. Мырыш заводы стандартты технологияны қолданады: ерітінділерді, электролиздерді – аздаған ерекшеліктермен күйдіру, сілтісіздендіру және тазарту. Завод өткен ғасырдың 60-жылдары ескі мырыш заводының (қазіргі уақытта пайдаланудан шағарылған) қуатын арттыру үшін салынған болатын, бара-бара кеңейтіліп, қазіргі өнімділікке жетті – жылына 190'000 т тауар түріндегі мырыш (металл мырыш, мырыш-алюминий қорытпасы, мырыш сульфаты). Завод үшін шикізат болып Малеев кеніші мен (құрамындағы мырыш орта шамамен 53.5%) басқа кәсіпорындардың сульфидті мырыш концентраттары саналады. Концентраттар қайнатылған қабат күйдірінді пештерінде күйдіріндіні оттегімен байытылған үрлеуді қолдана отыра қайта өңделеді. Күйдіру пештерінің пайдаланылған газдары жанасу тәсілімен алынады да, күкірт қышқылына айналады, ал күйдіру өнімі мырыш күйдіріндісі пайдаланылған электролитпен сілтісіздендіріледі. Мыс пен кадмийден тазартылған соң алынған ерітіндіден электролиздеу арқылы катодты мырыш алынады. Мырыш сүзінділеріндегі мырыш пиро-металлургия тәсілімен, немесе вельцпеште тікелей сүзінділерден алынады, я болмаса қожұшыру қондырғысында қорғасын заводының шикіқұрам құрамында сүзінділерді балқыту кезінде пайда болған қождан алынады (технологияны таңдау мырыш концентраттарындағы бағалы металдар құрамына байланысты). Мырыш сүзінділеріндегі мырыш вельцпеште вельцұшыруды алумен қоса пиро-металлургия тәсілімен аршылады. Қорғасын өндірісінде мырышты қождарды қожұшыру қондырғысында қайта өңдеуден алынған вельцвозгондар және қожвозгондар пайдаланылған электролитте сілтісіздендіріледі, хлор, күшән және сүрме қосындыларынан тазартыла да, өртендіні сілтісіздендіру циклында жөнелтіледі. Мырыш катодтары индукция пештерінде құймаларға, Джумбо блоктарына қайта балқытылады немесе қорытпалар өндіру үшін пайдаланылады да соңғы тұтынушыға жөнелтіледі.
Материалдық-техникалық жинақтау кешені: Компания бөлімшелеріне материалдық-техникалық ресурстарды шығынды аз шығара отыра қажет уақытта, қажет жерде, талап етілетін көлемде және тиісті сапада алуды қамтамасыз етіп беру. Материалдық-техникалық ресурстарды сапалы түрде және уақытында қабылдауды, есепке қоюды, сақтауды, босатуды ұйымдастыру. Материалдық-техникалық ресурстарды сақтап тұруға жағдайлар жасау және оларды орындау. Қойма қорларын оңтайландыру.
Казцинк-Ремсервис: Казцинк-Ремсервис қызметінің жетекші бағыты – тапсырыс берушінің негізгі құралдарын жұмыс күйінде күтіп ұстау. Кәсіпорын энергетика жабдықтарын, химиялық, кен-шахталық, металлургия жабдықтарын, көтергіш құрылыстарды, қазандықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбыр жолдарын, бұрғылау және геологиялық барлау жабдықтарын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді, түсті және қара металлдардан құймалар өндіруді, негізгі құралдардың техникалық жағдайларын диагностикалауды (бақылауды бұзбау әдістерін қолданумен) жүзеге асырады.
Казцинк-Транс: Казцинк-Транстың негізгі тапсырмасы Казцинктің технологиялық үдерісін автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады. кендер мен концентраттарды, металлургияның өнеркәсіптік және үйінді өнімдерін, реагенттерді және материалдарды, сонымен қатар, жолаушыларды зауыт ішінде де және қалааралық тәртіпте тасымалдау кәсіпорынның 686 штаттық бірліктегі автопаркты құру мен бақылау және басқару жүйесін орнату сұрақтарында мұқият болуды талап етеді. Объем грузоперевозок Казцинк-Транстың жүктасымалдау көлемі сағатына 1'530'000 м жеткен және жылдан жылға анағұрлым артуын жалғастыруда. Оның еншілес кәсіпорыны Казцинктің риддердегі, өскемендегі және зыряндағы бөлімшелеріне қызмет көрсетеді.
Казцинк-ТемірТранс: Барлық теміржол жолдарын, жүк терминалдарын және Шығыс Қазақстаннның үш қалаларында орналастырылған компанияның теміржол жылжымалы құрамдарын біріктіреді. Казцинк-ТемирТранс – белсенді дамып келе жатқан кәсіпорын, көлікпен жабдықтау тиімділігін экстенсивті және қарқынды әдістермен радикалды түрде арттырды деп танылған. Теміржол жолдарының ұзындығы 117 км құрайды, тепловоздар паркінде 27 бірлік тепловоз бар, вагон паркінің есебінде 1490 бірлік бар және кеңеюін жалғастыруда.
Казцинктех: Негізгі өндірістік кешендердің үш жобалау бөлімшелерін біріктіру жолымен 2004 жылы Казцинк Казцинктех мамандандырылған инжинирингтік кәсіпорын құрды. Бұл бөлімше жұмыста ең жоғарғы халықаралық стандарттарды сақтай отыра, кен-байыту және металлургия өнеркәсібіндегі жобалау жұмыстарының барлық кезеңдерін толығымен орындайды. Жобалау жұмыстарын орындауда тәжірибесі мол үш жобалаушы бөлімшелерінің бірігуі, олардың инжинирингтік кәсіпорын құрамында одан әрі дамуы жаңа мақсаттар қоюға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның болашақтағы мақсаты – бастапқы жобадан нысанды «кілтімен» тапсыруға дейінгі жобаларды іске асыру кезеңдерін толығымен жүзеге асыру.
Казцинк-Энерго: Казцинк-Энерго қызметінің негізгі түрі Казцинк бөлімшелері үшін жеке электр желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату болып табылады. Казцинк-Энерго пайдалану жұмыстарын, торап электржабдықтарын сынау және диагностика жүргізуді жүзеге асырады, энергетикалық нысандарды жаңғыртады және қайта жаңартады.
Казцинк-Геологиялық барлау: Казцинк, өзінің ұзақмерзімді келешегі стратегиясын анықтай келе, жұмыс істеп тұрған тау-кен және металлургия кәсіпорындарын жеткілікті шикізат базасымен қамтамасыз етуге айрықша назар аударып келеді. Алға қойылған міндеттерді тек кен-байыту кешендері төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да өңірлерінде шешу үшін осы мақсатта «Казцинк-Геологиялық барлау» департаменті құрылды. Қазіргі кезде іздестіру және геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін келісімшарт аумағы 4 000 шаршы км-ден астам.
Казцинктің геологиялық қызметі шешетін міндеттер:
– ескі кен алқаптары шектерінде бұрыннан белгілі және жаңадан анықталған мырыш, мыс, алтын және күміс кен орындарын қайта бағалау, егжей-тегжейлі барлау және пайдалануға тарту. Мақсат – кеніштердің ұзақмерзімді, ырғақты жұмысын қамтамасыз ету және шағын қалалар мәселесін шешу;
– Қазақстан аумағында, жаңадан сатып алынған келісімшарт алаңдарында жаңа мырыш, мыс, алтын және күміс кен орындарын іздестіру және белгілі кен орындарын барлау. Жұмыстар металлурги кешендерінің шикізат базасын толықтыруға бағытталған;
– кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалау. Кен орындары қорларын есепке алу, сынақтан өткізу, балансқа қою және бекіттіру.
Алға қойылған міндеттерді шешуде халықаралық стандарттар мен технологиялар базасындағы ең жаңа компьютерлік бағдарламалар мен заманауи геологиялық-экономикалық үлгілеулер пайдаланылады.
Риддер байыту фабрикасы: Риддер кен байыту кешені Тишин және Риддер-Сокольный кеніштерінің барлық кендері, қайта өңдеуге енгізілген ескі қалдық қоймасының құрамында алтын бар қалдықтары, сонымен қатар жақын орналасқан Шубинский кенішінің кені Риддер кен байыту фабрикасының жекелеген секцияларында қайта өңделеді. Қайта өңдеуге түскен кендердің алуан түрлеріне (құрамында мырыш, қорғасын және мыс бар сульфидті кеннен кварцті алтын мен құрамында алтын бар қалдықтарға дейін) байланысты байыту фабрикасында бірнеше технологиялық тәсімдер қолданылады. Мырыш концентраттары Риддер металлургия кешеніне жеткізіліп тұрады, қорғасын мен алтын концентраттары қорғасын заводына, ал мыс концентраты – Өскемен металлургия кешенінің мыс заводына қайта өңдеуге жөнелтіледі. Қалдықтар гидравликалық тәсілмен қаладан 4 км қашықтыққа Талов қалдықтар қоймасына айдалады, оның суы технологиялық үдеріске қайтарылады.
Риддер металлургия кешені: Риддер металлургия кешені мырышты Өскемен кешені сияқты стандартты гидрометаллургиялық тәсілмен өндіреді, қайнатылған қабат пештерінде күйдіріндіні кезегімен қолдана отыра, ерітінділерді гидролиттік және цементациялық тазартумен қоса электролиздерді пайдаланылған электролитпен екі сатылы сілтісіздендіру. Негізгі айырмашылығы мырыш сүзінділерінің тек қана вельпештерде қайта өңделетіндігінде, ал Өскеменде сүзінділердің бір бөлігі қорғасын өндірісінде қайта өңделеді. Завод жылына 110'000 т ең жоғарғы маркалы металл мырыш пен мырыш-алюминий қорытпасын шығарады. Күкіртті газды кәдеге жарату үдерісінде кәсіпорын өндіретін күкірт қышқылы сатылады.
Тишин кеніші: Тишин кеніші Риддер қаласынан оңтүстікке қарай 15 км қашықтықта орналасқан, оның аумағынан Өскемен – Риддер автотрассасы өтеді. Кеніш құрамында орта есеппен 4,6% мырыш және құрамында барлығы 1% мыс және қорғасын бар 1.4 млн. т полиметалл кендерін өндіретін жерасты өндірісі болып табылады. Өндіру өздігінен жүретін жабдықтар арқылы, көбінесе камералық қазымдау және толтырмалау тәсілімен жүргізіледі. Ауыр суспензияда байыту цехы жер бетінде орналасқан, ол 20%-ға дейін бос жынысты шығарып тастайды. Кен одан әрі теміржолмен Риддер кен байыту фабрикасына тасымалданады. Ауыр суспензияларда бөліну кезінде пайда болған жеңіл фракция толығымен толтырмалау қоспасын дайындауда қолданылады.
Риддер-Сокольный кеніші: Риддер-Сокольный алтын кеніші Риддер қаласының шетінде, орталықтан шамамен 3 км қашықтықта орналасқан, ол тікелей байыту фабрикасының аумағымен жанасып тұр. Кеніште жылына 2,3 млн. т құрамында орта есеппен алтын мен 3,50 т/ж деңгейдегі шартты алтын бар кен өндіріледі. Риддер-сокольный кендері қайта өңделген соң алынатын негізгі өнім – мырыш және мыс концентраттары жолай өндірісінің аздаған үлесі бар гравитациялық және флотациялық құрамында алтын бар концентраттар. Шамамен 70% кен жанас жынысты құлату этажасты (және жартылай - этаж) жүйелерімен, 30% кен – толтырымдаумен қоса камералық жүйемен өндіріледі. Мынадай жылжымалы технологиялық жабдықтар қолданылады: ысырмалы шығырлар, перфораторлар, бұрғылау білдектері.
Шубинск кеніші: Жылына құрамында орта есеппен 0.23 г/т алтын, 12,6 г/т күміс, 1,33% мыс, 0.33% қорғасын және 2,03% мырыш бар 190'000 т кен өндіретін шағын жерасты өндірісі. Кеніш Риддер кен байыту кешенінің байыту фабрикасынан 15 км қашықтықта орналасқан. Өндіру толтырымдаумен қоса этажасты-камералық жүйені қолдана отыра жүргізіледі, негізгі технологиялық жабдық – ысырмалы шығырлар, қол перфораторлары және бұрғылау білдектері. Кеніште өздігінен жүретін жабдықтың көмегімен кеннің 80%-ы өндіріледі, 20%-ы қол жабдығының көмегімен өндіріледі.
Казцинк-Шахтострой: Қазіргі заманғы шахта салу кәсіпорыны. кен-күрделі құрылыс, геологиялық барлау, кен-дайындау, монтаждау және электржөндеу жұмыстарының барлық спектрін қамти отыра, кенді кенорындарының жерасты және жер үстіндегі нысандары құрылысын салуды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Казцинк-Шахтострой ағаштан өңделіп жасалған кең өнімдер номенклатурасын, бетондар мен ерітінділердің әртүрлі маркаларын шығарады. Казцинк-Шахтострой бөлімшелері Риддер және Зырян қалаларында орналасқан.
Казцинкмаш: Казцинкмаш көп функциялы ірі кәсіпорын, ол өнеркәсіптік өнімнің көптеген номенклатурасын шығарады: кен өндіру, байыту және металлургия кәсіпорындарының жабдықтарына арналған қарапайым қосалқы бөлшектерден бастап кең көлемді және күрделі механизмдер мен агрегаттарға дейін, кенқұдықтардың марганецті болаттан жасалған шегенінен флотация машиналарына дейін, шарлы немесе өзекті диірмендер, конус ұсатқыштар, қыш сүзгілер мен ультрамайдалап ұнтақтауыш диірмендер шығарады. Бұдан басқа Казцинкмаш кен өндіру жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізеді. Осы бөлімшенің басты міндеті – басқа тапсырыс берушілерді тарта отыра Казцинкті машиналардың тетіктерімен және түзілімдерімен экономикалық қамтамасыз етіп тұру.
Зырян кен байыту кешені: Зырян қаласының шығыс жағындағы шетінде орналасқан Зырян кен байыту фабрикасы ең алдымен Малеев кен орнының полиметалл және мысты-мырышты кенін, сонымен қатар Александровский кен орнының Грехов кен аймағының кенін қайта өңдейді. Байыту фабрикасының құрамына ауыр суспензиядағы кенді ұсату және байыту учаскесі, ұнтақтау және флотация, қоюлату және сүзгілеу учаскесі, әк заводы бар реагент учаскесі, қалдықтар шаруашылығы, тәжірибелік учаскесі, мыс купоросын өндіру учаскесі кіреді. ЗКБК БФ-нда кендерді қайта өңдеу мына тәсіммен жүргізіледі: алдын ала ауыр суспензияда байыту арқылы кенді үш сатымен ұсату (кенді көп мөлшерде өндіру кезінде болатын құнарсыздануға қажетті бос жыныс бөлу үшін), пайдалы минералдарды кезеңаралық флотациялау, концентраттарды қоюлату мен сүзгілеу арқылы екі сатылы ұнтақтау тәсімі. Басқа минералдармен байланысы жоқ алтын № 1-2 алтын іздестіру секцияларына орнатылған гравитациялық столдар мен ортадан айналғыш концентраторлардың көмегімен алынады. Кенді қайта өңдеудің қалдықтары болып байыту қалдықтары мен жеңіл фракция саналады. Байыту қалдықтары гидравликалық тәсілмен қаладан 5 км қашықтықта орналасқан қалдық қоймасына айдалады.
Малеев кеніші: Казцинктің ірі жерасты кеніші болып табылатын, әу бастағы өнімділігі жылына 1.5 млн. т болған Малеев кеніші 2000 жылғы маусымда пайдалануға берілді. Кеніш 2001 жылдың соңына қарай жылына 2.25 млн. тонна өнімділікке дейін ұлғайтылды. Кендегі металдардың орташа құрамы мынандай: Zn – 5,96%, Си 1,79%, РЬ - 1.13%, Аи - 0.56 ж/т, Ад – 69,94 ж/т. Кеніш толтырылатын қабатасты-камералық жүйесін пайдалана отырып, өздігінен жүретін кен өндіру жабдықтарын қолдана жұмыс істейді.
Кеніште Казцинктің мырыш және мыс концентраттарының үлкен бөлігі өндіріледі, соған қарамастан олардың алғашқысы Өскемен мырыш заводын шикізатпен толық қамтамасыз етеді, ал екіншісі компанияның жалпы өндірілетін мыс концентраттарының 85%-ын құрайды. Жабдықтарға техникалық күтім көрсету жерастындағы жөндеу пункттерінде, толтырғыш қоспаларын дайындау жер үстіндегі толтыру кешенінде дайындалады. Басқа кеніштердегі сияқты бұл өнеркәсіп алаңшасында да кенішті жылытылған ауамен қамтамасыз етіп тұратын қазандық орналасқан. Малеев кеніші Зырян қаласынан шығысқа қарай 18 км қашықтықта орналасқан және қаламен технологиялық трасса арқылы байланысады (оның бір бөлігі - бетондалған, бір бөлігі – тапталған қиыршықтас), кен тасымалдау үлкен жүккөтергіш автомобильдермен атқарылады.
Бұқтырма гидроэнергетика кешені: Бұқтырма гидроэлектростанциясы Ертіс өзенінде, Серебрянск қаласынан ағыны бойынша жоғары қарай 5 км қашықтықта орналасқан. Электрстанцияда әр қайсысы 75 мВт 9 агрегат орнатылған, қосынды қуаты 675 мВт. Казцинк құрамына ұзақ мерзімді концессия шарттарында кіретін электрстанция Қазақстан ұлттық энергетика жүйесіне бірікті және энергия берілісін реттеп тұратын шарықтау шегіне жеткен электрстанция болып табылады. Станция жылына 2.4 млрд кВт/сағ. электр энергиясын өндіріп, компания қажеттілігін 100% қамтамасыз етіп тұрады.
Шаймерден кеніші: 2004 жылы Казцинк Қазақстанның Қостанай облысында орналасқан «Шаймерден» кен орнын қазымдау құқына ие болды, оның кендегі орташа құрамы 21,12 % болатын мырыш бойынша расталған қоры 927 200 тоннаны құрайды. «Шаймерден» кен орнындағы кен тотыққан күйде болғандықтан ол байытуды қажет етпейді, сондықтан ол тікелей Риддер мырыш заводының вельцпештерінде қайта өңделеді, өнімділігі Шаймерден кенінен жылына 60 000 тоннаға дейін металл мырыш алынады.
Altyntau Kokshetau: Altyntau Kokshetau – кен байыту кешені Ақмола облысындағы Васильковск алтынкенді кенорны базасында орналасқан, қорлары шамамен 360 тоннаны құрайтын Қазақстандағы ең ірі Васильковск алтын кенорнын қазады. Altyntau еншілес кәсіпорнының тарихы «Васильковск алтыны» жобасынан басталды, бұнда өндіру, байыту және металлургия бойынша үздік әлемдік технологияларды қолданумен Казцинктің металлургиялық қайта бөлісуінің технологиялық мүмкіндіктерімен «Васильковск КБК» АҚ кен байыту қайта бөлісуін біріктіреді.
Васильковск кеніші Ақмола облысы Көкшетау қаласынан 17 км қашықтықта орналасқан. Өндірістік қуаты – жылына 8 млн. тонна құрамында алтыны бар кен. Кенді өндіру аршылған жыныстарды сыртқы үйінділерге шығарумен құрама автомобильді конвейерлі көлікті пайдалана отыра қазудың тереңдетілген жүйесін пайдалану арқылы карьерлік тәсілмен жүргізіледі. Кенорнын аршу шиыршықты жол түріндегі ішкі орлар қазумен жүргізіледі. Карьер Қазақстандағы алтын өндіру саласында жалғыз алтын өндіруші болып табылады.
Кенорнын қазу тарихы қырық жылдан астам уақытты алады. Кәсіпорын 1963 жылы құрылған болатын. Кендегі металлдың шоғырлануы тым аз және де бертінге дейін осы жерде алтын өндіру тиімсіз деп саналып келді. 2006 жылы компанияға менеджерлердің жаңа командасы келді, кәсіпорынның жаңа бизнес-жоспарын дайындау және инвесторларды іздестіру басталды. Жұмсалған еңбек зая кеткен жоқ, бір жарым жыл бұрын Васильковск кенішінде мүлдем жаңа кен байыту комбинатының құрылысын салу басталып кетті. Аз уақытта озық кәсіпорын бой көтерді. Бұл ескі өндіріске қарағанда 20 есе қуатты болды. Швейцариялық Glencore International AG компаниясының бақылауындағы «Altyntau Kokshetau» акционері – Казцинк компаниясы 2009 жылы алтын өндіру көлемін бір жыл бұрынғы 135.751 тройск унцийден 231.259 тройск унцийге арттырды. Өндірістік үдерістегі негізгі өзгеріс флотация, гравитация, циандау сияқты кендерден алтын алудың дәстүрлі операцияларын қолдана отыра күрделі құрама технологияны енгізу болды.
Орион Минералс: «Орион Минералс» ЖШС-нің Комаровское кен орнының жер қойнауын пайдалану құқы бар. Комаровское алтын кен орны Қостанай облысының Жітіқара ауданында, Жітіқара қаласынан 10 км жерде орналасқан. Комаровское кен орнының қорлары карьерлер контурларында 50 т алтын деп бағаланған. Кеніштің жылдық өнімділігі – кенді шоғырлай сілтісіздендіруге үюге және сатуға арналған қажеттілікке қарай жылына 700 000-1 000 000 тонна. Ақырғы өнім – Доре қорытпасы. Қорларды жете барлау жүргізілуде.
Жәйрем КБК: Жәйрем кен орны Қарағанды қаласынан 360 км жерде орналасқан. «Жәйрем КБК» АҚ марганец, темір-марганец және барит концентраттарының ірі жеткізушісі болып табылады. Жәйрем КБК ресурстарының минералдық базасы басқаларды қоспағанда барит, қорғасын, мырыш пен күміс шоғырлары бар Жәйрем кен орнын және Үшқатын 3 темір-марганец барит-қорғасын кен орнын қамтиды.