Гидрометеорология және қоршаған ортаның мониторингі бойынша Қазгидромет - әлемдегі ең көне метеорологиялық ұйымдардың (159 жыл бұрын, Қазақстанда құрылған алғашқы геофизикалық обсерваториясы) бірі.
Қазақстанда алғаш Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі) болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады. Ұлттық гидрометеорологиялық мекеме әр елдің инфрақұрылым бөлігі болып табылады және өз кезегінде гидрометеорологиялық мәліметтерді жинап, өңдеу арқылы гидрометеорологиялық қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда, адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынас басқа мәселелерге қарағанда басты назарда.
«Казгидромет» РМК Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі бірден-бір орын, бұл кәсіпорын республиканың гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді. «Казгидромет» РМК республикамыздың үкіметіне, басқару жүйесіне, шаруашылық объектілеріне және халыққа ауа райын алдын-ала болжау, апатты жағдайдың алдын алатын мәліметтер беру, табиғи ортаның бүгінгі және келешектегі жағдайы туралы мәлімдеу сияқты қызметтермен айналысыды.
«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы аумақтық бөлімше болып табылады.
«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл облысы аумағында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді.
Бүгінгі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсету сұранысы өте жоғары, себебі мемлекетімізде халық санының артуы, елді мекендерде адамдардың көп шоғырлануы апатты жағдай салдарынан талай экономикалық дағдарысқа келіп отыр.
РМК «Казгидромет» Энергетика Министрлігінің жүйелі бөлімшесі болып табылады және де экологиялық мәселелерді зерттеуде белсенді ат салысып, Тараз қаласының атмосфералық ауасына, Жамбыл облысының шағын қалаларының атмосфералық ауасына және беткі суларына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізеді.
ЖФ «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:
-республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
-әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;
- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.