Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155276

«Казгидромет» РМК (отчет) - 2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама

СОДЕРЖАНИЕ
«Казгидромет» РМК (отчет)
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
2.2 Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері
2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
3.2 Метеорологиялық бақылау орны
3.3 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
3 «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖФ-НЫҢ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

3.1 Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі

Метеорология - атмосфера туралы ғылым, оның құрамын, қасиеттерін мен онда жүріп жатқан физикалық және химиялық процестерді және олардың жер бетімен әрекеттесуін зерттейді. Метеорологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдісі бақылау болып табылады. Әдісті таңдау табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды оқып үйренуді талап ететін ғылымның өз маңыздылығымен анықталады.

Метеорологиялық бақылаулар - ол метеорологиялық шамаларды өлшеу және метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сапалы бағалау.

Станциялар мен бекеттерде жүргізілетін метеорологиялық бақылаулар ауыл шаруашылығының көптеген және әртүрлі практикалық сұраныстарын қанағаттандыру үшін, сонымен қатар ғылыми өңдеулер үшін қажетті негізгі мәліметтерді береді. Осы және басқа жағдайларда сапасы нақты қатаң бекітілген талаптармен жауап беретін бақылаулардың мәліметтері қолданылуы мүмкін. Метеорологиялық бақылауларға қойылатын негізгі талаптар осы бақылаулардың репрезентативтілігі (сипаттылығы), үздіксіздігі, дәлдігі, біртектілігі және салыстырмалығы болып табылады.

Репрезентативті  болып тек өзінің бақылау орны үшін ғана емес, меторологиялық станция орналасқан барлық ең үлкен аудан үшін көрсеткішті метеорологиялық мәліметтер беретін бақылауларды айтады. Басқаша айтқанда, бұл бақылаулар кездейсоқ жергілікті жағдайлардың – жақын орналасқан құрылыстың, ағаштардың, жоталардың, жеке батпақтардың, су қоймаларының және т.б. әсеріне жолықпау керек.

Сонымен бірге бақылаулар үздіксіз болуы керек. Бір бақылаудың жоқтығы станциядан алынған метеорологиялық мәліметтерді бағасыздандырады. Бақылаулардың үздіксіздігі олардың белгіленген уақытта және барлық метеорологиялық элементтерге жүргізілуінде ғана емес. Бақылаулар үздіксіз болу үшін бақылаушы мезгіл арасында да метеорологиялық құбылыстың пайда болуы мен аяқталуын өз уақытында белгілеп, атмосфераның күйін тиянақты бақылап отыруы міндетті.

Метеорологиялық бақылауларға қойылатын келесі талап – олардың дұрыстығы. Бақылаулардың дұрыстығы метеорологиялық мәліметтердің сапасын анықтайтын маңызды жағдай болып табылады. Егер бақылаушы өзіне берілген істі жақсы білсе және адал орындаса, бұл жағдай өте жеңіл қамтамасыздандырылады.

Бақылаулар дұрыс болуы үшін бақылаушы ешқашан басқа біреудің жорамал мәліметтерін қолданбай, тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бұл бақылаушының  бірінші және негізгі ережесі болып табылады [7].

Метеорологиялық бақылаулар жауап беретін қалған екі негізгі талаптарға олардың біртектілігі мен салыстырмалылығы жатады.

Атмосферада болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстар туралы дұрыс көзқарас алу үшін, жер шарының көптеген орындарында бақылаулар жүргізілуі қажетті. Сол үшін, жоғарыда айтылып кеткендей, барлық елдердің аймақтарында көптеген метеорологиялық станциялар құрылған. Бұл станциялардың бақылаулары үлкен материалдар әкеледі. Осы материалдардың негізінде атмосфералық құбылыстар және олардың кеңістіктегі және уақыт бойынша дамуы зерттеледі. Мұндай зерттелудің жетістігі ең алдымен, әр жеке станцияның бақылаулар қатары уақыт бойынша қаншалықты біртекті екеніне, сонымен қатар барлық немесе көпшілік станцияның бақылауларының мәліметтері соншалықты өзара салыстырмалы болуына байланысты болады.

Егер әр станция, әр бақылаушы метеорологиялық бақылауларды жүргізу бойынша нұсқамалар мен нұсқауларда  келтірілген барлық ережелер мен нұсқамаларды дәлдікпен орындаса, жоғары сапалы бақылаулармен қамтамасыздандыру қиын емес.

Метеорологиялық бақылауларды жүргізу кезінде бақылаушы келесі ережелерді орындауға тиіс:

- бекітілген бақылауларды жүргізу ережесі мен мерзімдерді қатаң түрде сақтау керек;

- тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бақылау нәтижелеріне жорамалдап алынған басқа мәліметтерді жазуға қатаң тиым салынады. Тек өте қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы  мәліметтер басқа адамдардың мәліметтері бойынша толықтырылуы мүмкін, бұл жағдайда міндетті түрде ол мәліметтердің қайдан алынғаны көрсетілуі керек;

- әр бақылау мерзімінің алдында аспаптар мен қондырғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істейтіндігін тексеру керек; сол кезде анықталған қателіктерді бақылау жүргізу уақытына дейін жою керек, себебі өлшеу жүргізу кезінде аспаптың көрсеткіші өлшенетін шаманың нағыз мәніне сәйкес болуы тиіс. Жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе қателіктердің жойылуы жөніндегі мәліметтер КМ-1 кітапшасына жазылуы керек;

- егер бақылау мерзіміне дейін жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе кемістіктерді жою мүмкін болмаса, жеке сипаттамаларды басқа дәлдігі төмендеу аспаптар бойынша анықтау керек; мұндай жағдайда бақылаулардың нәтижелері бақылау кітапшасына міндетті түрде олардың қалай алынғандығы туралы белгіленіп жазылады;

- станциядағы қондырғылар мен аспаптарды сақтықпен қолданып, оларды жұмыс күйінде және таза ұстау керек;

- бақылаулар нәтижелерін жазу және өңдеу нұсқауларға сәйкес жүргізілу керек. Бақылаулар нәтижелерін дөңгелектегенде келесі ереже сақталады: егер дөңгелектенетін сан 5 немесе одан үлкен болса, онда алдыңғы санға 1 қосылады; егер дөңгелектенетін сан 5-тен кіші болса, онда алдыңғы сан өзгеріссіз қалады (мысалы, 12,50С-13 0С болып, 12,40С - 120С болып дөңгелектенеді).

Станцияда келесі журналдар жүргізілуі тиіс:

-станция тарихы журналы;

-станцияның жұмысы бойынша қателіктер мен ескертулер журналы;

-кезекшілікті қабылдау және өткізу журналы.

Бақылаулар нәтижелерін жазу үшін станция арнайы бақылау кітапшаларымен қамтамасыздандырылады:

-бақылау мерзімдерінде жүргізілетін метеорологиялық бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-1);

-қосымша бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-2);

-топырақ температурасына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-3);

-сымдардағы мұз қабаттануларына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-4);

-қар жамылғысына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-5) [8].



 
21.06.2017 13:59