КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
«Қазгидромет» РМК - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымды ресми ақпаратпен қамтамасыз ететін құқылы заңды орган.
Бүгінгі«Қазгидромет» РМК ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар Қазақстан ДМҰ мүше-мемлекеттерімен бірге 21 ғасырдағы адамзатқа төнген табиғат қауіптерімен күресуге белсенді қатысуда.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
1 «Қазгидромет» РМК-ы туралы жалпы мәлімет
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
Қазгидромет Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы - орталық басқару мекемесі.
Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді.
1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері - О.Жандосов болды.
1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. Қазіргі кезде «'Қазгидромет» жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 750.
«Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:
- республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
- әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;
- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.
«Қазгидромет» табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған.ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.
Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл Энергетика министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы №185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын – РМК «Қазгидромет» мәртебесі берілген. Бүгінгі күні РМК «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 14 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 3,5 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 328 метеостанса, оның 83 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі. Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 307 гидрологиялық бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70-тен аса түріне жасалынады. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК, агрометеорологиялық және экологиялық ақпарат береді және бекітілген бағаға сай жұмыстың жеке түрлеріне қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
"Қазгидромет" РМК 192 мемлекеттердің Қызметтерімен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі және Жер атмосферасының жай-күйі мен мінезі, оның мұхиттармен өзара әрекеті, құрылатын климат және туындайтын су ресурстарын бөлу мәселелері жөніндегі БҰҰ жүйесінің беделді ақпарат көзі болып табылатын Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымға (ДМҰ) кіреді.
«Қазгидромет» РМК - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымды ресми ақпаратпен қамтамасыз ететін құқылы заңды орган.
Бүгінгі«Қазгидромет» РМК ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар Қазақстан ДМҰ мүше-мемлекеттерімен бірге 21 ғасырдағы адамзатқа төнген табиғат қауіптерімен күресуге белсенді қатысуда[1].
«Қазгидромет» кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы төменде көрсетілген.
2 «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ
2.1 «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы филиалы туралы
Жамбыл облысыныда алғаш метеорологиялық бақылаулар 1870 жылы Әулие-Атада жүргізілген. Азаматтық соғыс кезінді көптеген станциялар өз жұмысын тоқтатқан болаты. Қазақстанда алғаш Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі) болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады.
Ұлттық гидрометеорологиялық мекеме әр елдің инфрақұрылым бөлігі болып табылады және өз кезегінде гидрометеорологиялық мәліметтерді жинап, өңдеу арқылы гидрометеорологиялық қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда, адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынас басқа мәселелерге қарағанда басты назарда.
«Казгидромет» РМК Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі бірден-бір орын, бұл кәсіпорын республиканың гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді. «Казгидромет» РМК республикамыздың үкіметіне, басқару жүйесіне, шаруашылық объектілеріне және халыққа ауа райын алдын-ала болжау, апатты жағдайдың алдын алатын мәліметтер беру, табиғи ортаның бүгінгі және келешектегі жағдайы туралы мәлімдеу сияқты қызметтермен айналысыды.
«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы аумақтық бөлімше болып табылады.
«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл облысы аумағында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді.
Бүгінгі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсету сұранысы өте жоғары, себебі мемлекетімізде халық санының артуы, елді мекендерде адамдардың көп шоғырлануы апатты жағдай салдарынан талай экономикалық дағдарысқа келіп отыр.
РМК «Казгидромет» Энергетика Министрлігінің жүйелі бөлімшесі болып табылады және де экологиялық мәселелерді зерттеуде белсенді ат салысып, Тараз қаласының атмосфералық ауасына, Жамбыл облысының шағын қалаларының атмосфералық ауасына және беткі суларына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізеді.
РМК «Казгидромет» Жамбыл облысы филиалының ұйымдастырушылық құрылымы 1 - суретте көрсетілген.
Сурет-1. РМК «Казгидромет» Жамбыл облысы филиалының ұйымдастырушылық құрылымы
2.2 Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері
Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері:
1.Гидрометеорологиялық және экологиялық ақпарат метеорология бойынша
- Ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
- Желдің жылдамдығы мен бағыты;
- Атмосфералық қысым;
- Топырақ бетінің және тереңдіктегі топырақ температурасы;
- Бұлттың мөлшері және формасы;
- Жауын-шашын, атмосфералық қысым;
- Қар жамылғысы және мұзөрнек- қылау қабаттанулары.
2. Гидрология бойынша:
- Судың шығыны, ластануы мен лайлануы;
- Судың температурасы;
- Мұздың қалыңдығы, мұздың бетіндегі қардың биіктігі, мұзды құбылыстар:
3. Агрометеорология бойынша:
топырақтың қату және жылу те
- ауыл шаруашылық егістіктеріндегі топырақ температурасы;
- топырақ ылғалдылығы;
-реңдігі;
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының астық өнімділігі мен жағдайы.
4. Аэрология бойынша:
- ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және шық нүктесінің тапшылығы туралы мәліметтер;
- Жерден 30км-ге дейін желдің жылдамдығы мен бағыты;
- Жер бетіндегі және көтеріңкі инверсия туралы мәліметтер.
5. Табиғи ортаның ластануы бойынша:
- Қалалардағы атмосфералы ауаның ластануы;
- Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша құрлық беткі судың сапасы;
- Табиғи ортаның радиоактивті ластануы;
- Атмосфералық ауадағы және беткі судағы ластағыш заттардың шоғырлануы;
- Атмосферадағы зиянды қоспалардың тарау кезіндегі пайда болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайдың басталуы мен ұзақтылығы туралы ескерту.
Жамбыл облысында 18 метеорологиялық станция бар:
1. Тараз МС 2. Нұрлыкент МС 3. Ойық МС
4. Саудакент МС 5. Ұланбел МС 6. Қаратау МС
7. Мойынқұм МС 8. Хантау МС 9. Шаңырақ МС
10. Ақбақай МС 11. Анархай МС 12. Отар МС
13. Шоқпар МС 14. Қордай МС 15. Құлан МС
16. Мерке МС 17. Төлеби МС 18. Жаңатас МС
Облыста 23 Гидрологиялық бекет бар:
1. Шу-Қайнар ГБ 2. Шу-Тасөткел ГБ
3. Шу ( Үлкен Арна) Ұланбел аулы ГБ
4. Шу ( Кіші Арна) Ұланбел ауылы ГБ
5. Мерке-Ұлбұтүй Қыстағы ГБ
6. ГЭС Каналы – Ұлбұтүй қыстағы ГБ 7. Құрағаты –Аспара ГБ
8. Теріс- Нұрлыкент ГБ 9. Аса- Маймақ ГБ
10. Талас- Жасөркен ГБ 11. Талас – Солнечный ГБ
12. Талас тармағы – Жасөркен ГБ 13. Шоқпақ- Жүрімбай ГБ
14. Васильевка ГБ 15. Ақсу- Ақсу ГБ
16. Қатарау ГБ 17. Мыңарал ГБ
18. Тасөткел су қоймасы ГБ 19. Берікқара тау шатқалы ГБ
20. Қарабалта-Баласағұн ГБ 21. Тоқташ-Жауғаг батыр ГБ
22. Сарғау - трансшекаралық ГБ 23. Билікөл демалыс орны ГБ [2].
2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар:
-республикада гидрометеорологиялық мониторинг және табиғи орта мониторингi саласында бiрiңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
-атқарушы өкiмет органдарына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, республика ұйымдары мен кәсiпорындарына, мекемелерiне және басқа да тұтынушыларға тегiн және шарттық негiзде гидрометеорологиялық ақпараттар мен мәлiметтер беру. Бюджеттiк қаржыландыру есебiнен республикалық ұйымдарға тегiн берiлетiн ақпараттардың тiзбесi мен көлемi жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен белгiленедi;
-мемлекеттiк гидрометеорологиялық жүйелер мен табиғи ортаның ластану жайын бақылау пунктерiн ұстау және дамыту;
-қысқа және ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжауды әзiрлеу мен жасау, гидрометеорологиялық құбылыстарды, климат өзгерiстерiн, жер бетiнiң радиациялық ахуалын зерттеу;
-гидрометеорологиялық табиғи құбылыстардың алдын алу;
-Қазақстан Республикасы ұйымдарының, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң мүддесiндегi гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсендi әсер ету жұмыстарын ұйымдастыру;
-гидрометеорологиялық және табиғи ортаның жай-күйi жөнiндегi Республикалық қорды жүргiзу;
-Қазақстан Республикасы аумағында өзге ұйымдардан алынған гидрометеорологиялық мәлiметтерге мемлекеттiк сараптау жүргiзу;
-өз құзыры шеңберiнде заң және заңға қосымша актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
-өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен гидрометеорологиялық және табиғи ортаның мониторингi саласында белгiленген тәртiппен ынтымақтастық орнату болып табылады.
Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мына қызметтердi жүзеге асырады:
-ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi негiзiнде сенiмдi тiршiлiк етудi, табиғи ортаның жағдайын байқау мемлекеттiк жүйенiң одан әрi дамуын қамтамасыз етедi;
-атмосфераның, су бетiнiң, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдардың, жер бетiндегi радиациялық жағдайдың жай-күйiне ұдайы байқау жүргiзедi;
-табиғи орта мен климаттың жай-күйiне әртүрлi табиғи факторлар мен адамның өндiрiстiк қызметiнiң әсерiне талдау жасайды, төтенше жағдайлар мен апатқа соқтыратын гидрометеорологиялық табиғи құбылыстарды болжаудың әдiстерiн жетiлдiредi;
-арнайы уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы үшiн бiртұтас жүйе бойынша судың сандық және сапалық көрсеткiштерi және оларды пайдаланудың мемлекеттiк есебiн сондай-ақ шарттық жағдайда Мемлекеттiк су кадастарын жүргiзудi жүзеге асырады;
-мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа да орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының құрылыстарын жобалауға арналған гидрометеорологияның сипаттама есебiнiң әдiсi бойынша нормаларды, ережелердi және шаруашылық саласына гидрометеорологиялық қызмет көрсету жоспарын жасайды және бекiтедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
-гидрометеорологиялық өлшеулер мен табиғи ортаның жай-күйiн бақылауға арналған аспаптар мен жабдықтардың номенклатурасын белгiлейдi, осы аспаптар мен жабдықтарға техникалық талаптарды әзiрлейдi;
-табиғи ортаның жай-күйiн бақылаудың мемлекеттiк жүйесiндегi өлшемдер нәтижелерiнiң бiрлiгi мен салыстырмалылығын, Қазгидрометтiң кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметiн метеорологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаларын, ережелерi мен нормаларын стандарттауды қамтамасыз етедi, метеорологиялық бақылауды, метеорологиялық, гидрологиялық, актинометриялық, теңiз гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық аспаптар мен құрғыларды тексеру мен аттестацияларды жүзеге асырады;
-министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың гидрометеорологиялық станциялар мен постарын ұйымдастыру мен таратуға келiсiм бередi;
-гидрометеорологиялық, геофизикалық байқау материалдарын, сондай-ақ табиғи ортаның жай-күйi туралы мәлiметтерiн орталықтандырылған есепке алуды, сақтауды және берудi жүзеге асырады;
-Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның жай-күйi, климаттың, агроклиматтың жағдайы және су ресурстары туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттердi дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;
-Қазгидромет кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының басшы, инженерлiк-техникалық және басқа қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
-Қазақстан Республикасының аумағында басқа ұйымдар алған гидрометеорологиялық деректердiң барлық түрiн, сондай-ақ олардағы гидрометеорологиялық ақпараттың пайдаланылуына қатысты кез-келген жобаларды сараптамадан өткiзедi;
-белгiленген тәртiппен басқа да шет ел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен байланыс және ақпарат алмасуды жүзеге асырады, олармен өз құзырына жататын мәселелер бойынша шарттар жасасады, гидрометеорология және табиғи ортаның мониторингi мәселелерi жөнiндегi жұмысқа министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың қатысуын үйлестiредi.
Қазгидрометке өзiне жүктелген мiндеттер мен қызметтерiн шешу үшiн мынадай жұмыстар атқарады:
-Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмiмен белгiленген тәртiппен өз меншiгiндегi гидрометеорологиялық өнiмдерiне бағаны әзiрлеу және бекiту;
-белгiленген тәртiппен барлық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық атқарушы органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар үшiн мiндеттi гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласында жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi ережелердi, техникалық және әдiстемелiк нұсқауларды, сондай-ақ Қазгидрометке бақылаудың және техникалық есеп берудiң нәтижелерiн беру нысандары мен тәртiбiн бекiту;
-жүктелген мiндеттердi шешу үшiн және тұтастай алғанда салада және жекелеген кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiнде гидрометеорологиялық ақпаратты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажеттi материалдарды министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, басқа да орталық атқарушы органдардан, кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан алу;
-күтiлген табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар және ауа-райының күрт өзгерiстерi туралы хабардар ету тәртiбiн министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да орталық атқарушы органдармен және облыс әкiмдерiмен келiсу;
-министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да атқарушы органдармен және облыс әкiмдерiмен бiрлесе отырып, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың зардаптарын және басқа да гидрометеорологиялық факторлар тудырған табиғи ортаның жай-күйiнiң өзгерiстерiн зерттеуге қатысу;
-белгiленген тәртiппен өзiне қарасты кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi құруға, таратуға және қайта құруға, осы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердi құруға, таратуға және қайта құруға, осы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер туралы ережелердi (жарғыларды) бекiту;
-гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласындағы көкейтестi мәселелерге орай кеңес алысу, зерттеу және шешу үшiн ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;
-Қазгидрометтiң құзырына кiретiн мәселелер жөнiнде кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзу құқығы берiлген.
Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, басқа да орталық атқарушы органдарымен және облыс әкiмдерiмен ынтымақтаса отырып шешедi.
Қазгидромет мерзiмдi және жылдың жиынтық қаржылық есебiн құрастырады және оны тиiстi орталық атқарушы органдарға ұсынады.
Қазгидрометтi Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын бастық басқарады.Қазгидромет бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын (босататын) екi орынбасары болады.
Қазгидромет бастығы Қазгидрометке жүктелген мiндеттердi орындалуына толығымен жауап бередi, орынбасарлары мен бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң дербес жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi.
Қазгидромет бастығы:
-барлық мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда Қазгидрометтiң мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасайды, банктерде бюджеттiк есеп айырысу және өзге де шоттарын ашады;
-Қазгидромет бекiтiлген адам саны мен еңбекке төлеу шегiндегi орталық аппараттың штаттық кестесiн бекiтедi;
-Қазгидромет аумақтық органдарының қызметiн ұйымдастырады, Қазгидрометтiң қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың жұмысын үйлестiредi, олардың құрылымы мен ережесiн бекiтедi;
-облыс әкiмдерiмен келiсiм бойынша Қазгидрометтiң гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi аумақтық органдарының басшыларын тағайындайды және босатады;
-Қазгидрометтiң құзырындағы қолданылып жүрген заңдар негiзiнде және орындау үшiн бұйрықтар, өкiмдер шығарады, саланың барлық қызметкерлерi, қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi[3].
2.4
[4, 98б]. «Қазгидромет» РМК ЖФ-ның Халықаралық ынтымақтастықтары
Қазгидрометтің халықаралық ынтымақтастығы келесі негізгі бағыттар бойынша дамиды:
-Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым (ДМҰ);
-II және VI ДМҰ Өңірлік Ассоциациялары;
-Гидрометеорология бойынша Үкіметаралық Кеңес (ГҮК)
-Гидрометеорология саласындағы екі жақты және көп жақты Келісімдер;
-Халықаралық жобалар;
-Халықаралық курстарға, тренингтерге, оқу семинарларына қатысу.
Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым (ДМҰ) Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесінің және Жер атмосферасының жай-күйі және сипатының, оның мұхиттармен ара қатынасы, климаттың түзілуі және су ресурстарын бөлудің туындауы мәселелері бойынша БҰҰ жүйесі ақпаратының абыройлы көзі болып табылады.
ДМҰ мүшелік құрамында 188 мүше елдер мен аумақтар(2007 жылғы 24 қаңтар жағдайы бойынша) бар. ДМҰ Халықаралық Метеорологиялық Ұйымнан басталады(ХМҰ), оның іргесі 1873 жылы қаланған. 1950 жылы құрылған ДМҰ 1951 жылы метеорология, шұғыл гидрология және аралас география ғылымдары саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болды.
Ауа райының, климаттың және су циклының мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, жаһандану масштабындағы халықаралық ынтымақтастық метеорологияны және шұғыл гидрологияны дамыту үшін, сондай-ақ оларды қолданудан пайда алу үшін аса маңызды болып табылады.
Ұйым мақсаттары:
а) метеорологиялық бақылаулар, сондай-ақ метеорологияға жататын гидрологиялық және басқа да геофизикалық бақылаулар шығаратын станса желісін құруда дүниежүзілік ынтымақтастықты жеңілдету және міндеттеріне қызмет көрсетудің метеорологиялық және басқа да түрлерін қамтамасыз ету кіретін орталықтарды құру және қолдау;
b)метеорологиялық және басқа да тиісті ақпаратпен тез алмасу жүйелерін құруға және қолдауға ықпал ету;
с) метеорологиялық және басқа да тиісті бақылаулардың стандартталуына ықпал ету және бақылау мәліметтерін және статистикалық мәліметтерді бірыңғай шығаруды қамтамасыз ету;
d) су проблемаларын шешуде авиацияда, кеме қатынасында, ауыл шаруашылығында және адам қызметінің басқа салаларында метеорологияны одан әрі қолдануға ықпал ету;
е)шұғыл гидрология саласындағы қызметке және метеорологиялық, гидрологиялық қызметтер арасындағы одан арғы тығыз ынтымақтастыққа ықпал ету;
j) ғылыми-зерттеу жұмысын және метеорология саласындағы, қажеттілігіне байланысты, басқа да аралас салалардағы кадрларды дайындау жөніндегі жұмысты ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және кадрларды дайындау бойынша халықаралық аспектердің қызметін үйлестіруге ықпал ету.
ДМҰ 10 негізгі ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы өз жұмысын жүргізеді. ДМҰ-дың ғылыми- техникалық бағдарламалары метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетудің кең спектрін қамтамасыз етуде және осындай қызмет көрсетуден пайда алуда, сондай-ақ қазіргі және туындап отырған проблемаларды шешуде барлық мүше елдерге көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарламалар өз ара көмекті метеорологиялық, гидрологиялық және басқа мүше-елдер арасындағы тиісті ақпаратпен ғаламдық алмасу арқылы құрылған және құрылуды жалғастырып жатқан білім базасын бірлесіп пайдаланудан алатын тұжырымдамаға және практикалық тәжірибеге негізделген. ДМҰ бағдарламалары метеорологиялық және егер әрбір мемлекет жалғыз іс-әрекет ететін болса, туындауы мүмкін аз шығындармен салыстырғанда, барлық елде онымен байланысқан қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік ауа райы қызметінің (ДАҚ) бағдарламасы ДМҰ-дың шешуші бағдарламасы болып табылады. Ол бақылау жүйелерін, телебайланыс құралдарын, сондай-ақ барлық әлем бойынша тиімді метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетуге негізін қамтамасыз ету үшін мүше елдер пайдаланатын, мәліметтерді өңдеу және болжау жөніндегі орталықтарды біріктіреді. Ол сондай-ақ тропикалық циклондар жөніндегі бағдарламаны, Антарктикадағы қызметтің бағдарламасын және қоршаған ортадағы ядролық апаттармен, вулкандардың атқылауымен және басқа да осындай қауіпті құбылыстармен байланысқан қоршаған ортадағы төтенше жағдайларға байланысты төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі бағдарламаны енгізеді. Бұдан өзге, ДАҚ бағдарламасы ауа райын болжау және климатты мониторингілеу үшін бірінші дәрежедегі маңызын білдіретін бақылау сапасын қамтамасыз етумен бақылаулардың аспаптары мен әдістері жөніндегі бағдарламаны енгізеді
Дүниежүзілік климат бағдарламасы (ДКБ) климаттық тербелістер немесе өзгерістердің үйлестірілген халықаралық деңгейдегі зерттеуі мен мониторингілеуін өткізу арқылы климаттық үдерістерді жақсартуға ықпал етеді. Ол сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен дамытуға көмек көрсету мақсатында климаттық ақпаратты және қамтамасыз етуді пайдалануға ықпал етеді. Бағдарламаның ғылыми –зерттеу құраушысы ДМҰ-мен, Ғылым жөніндегі халықаралық кеңеспен және ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық мұхитграфиялық (ҮМГ) комиссиясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Климаттың әсерін бағалау және ден қою стратегиялары бойынша құрамдастар қоршаған орта жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламасымен үйлестіріледі.
Атмосфералық зерттеулер және қоршаған орта жөніндегі (АЗҚОБ) бағдарлама ғылыми зерттеулер бағыты бойынша ғаламдық бастамаларға қолдау көрсетеді.
Метеорология қолдану жөніндегі бағдарлама(МҚБ) мынадай төрт бағдарламалық салалардан тұрады: халыққа метеорологиялық қызмет көрсету, ауылшаруашылық метеорологиясы, авиация метеорологиясы, сондай-ақ теңіз метеорологиясы және мұхитграфиясы.
Гидрология және су ресурстары жөніндегі бағдарлама (ГСРБ) қоғам тұтынуларын қанағаттандыру, су ресурстарымен байланысқан қауіптілікті азайту, сондай-ақ ғаламдық қоршаған орта жағдайларын сақтау және жақсарту мақсатында су ресурстарын сандық және сапалық бағалауға қатысты. Ол барлық аспектерді стандарттауды және гидрологиялық әдістер мен әдістемелерді ұйымдастырып тапсыруды қамтиды. Бағдарлама тығыз түрде ЮНЕСКО Халықаралық гидрологиялық бағдарламасымен үйлестіріледі.
Білім және кадрларды дайындау бағдарламасы (БКДБ) мүше елдерге, олардың өздерінің ағымдағы міндеттерін ұтымды және үнемді экономикалық тиімді орындауларына және жаңа технологиялармен байланысқан күрделі міндеттерді шешулеріне қабілетті болуларына, ұлттық метеорологиялық және қызметтер үшін білікті персоналды тиісті түрде алуларына көмектесу үшін арналған.
Техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама (ТЫБ) барлық әлем бойынша ҰГМҚ дамытуға бағытталған ресурстарды жұмылдыру жөніндегі қызметті үйлестіреді, ұйымға мүше-елдер арасында метеорологиялық, гидрологиялық әдістемемен тексерілген білімді ұйымдастырып, тапсырудың негізгі элементтерін енгізеді.
Өңірлік бағдарлама (ӨБ) тиісті өңірлер үшін өзекті ДМҰ-дың барлық негізгі бағдарламаларымен қиылысады және метеорологиялық, метеорологиялық және олармен байланысқан бірегей сипаты бар, нақты өңір мен өңір топтары үшін жалпы мүддені білдіретін экологиялық мәселелерге арналған.
ДМҰ-дың ғарыштық бағдарламасы ДМҰ бағдарламаларының тұтынуына жауап беретін жер серігінің құрамдас бөлігі, ДМҰ Ақпараттық жүйесінің шешуші құрамдас бөлігі болып табылатын мәліметтерді беру және оларға кіруді қамтамасыз ету жүйесі және жер серігі мәліметтерінің және аса тиімді пайдалану арқылы өнімнің пайдалылығын көтеру үшін қажетті әлеуетті өсірумен байланысқан құрамдас бөлігі сияқты үш үшбұрышта негізделеді.
Апат қауіпсіздігін азайту жөніндегі бағдарлама (АҚАБ) адам өмірін, өмір сүру және жеке меншік құралдарын сақтау бойынша қызметте ДМҰ миссиясына іргетас қалайтын бағдарлама болып табылады. Ол апат қауіптерін және 2005-2015 жылдарға арналған Хиог негіздемелік бағдарламасының іс-әрекеттерін іске асыру саласында ДМҰ әртүрлі бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын тиісті қызметті біріктіруді қамтамасыз етеді. Апат сипаты бар жағдайға ден қойған кезде ДМҰ іс-әрекеттеріне ғылыми-техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы өзінің аумақтық тиесілігі бойынша II (Азия) Өңірлік Ассоциациясына және VI (Европа) Өңірлік Ассоциациясына кіреді.
Қазақстанның ҰГМҚ қызметі Өңірлік Ассоциациялардың шеңберінде келесі бағыттарды қамтиды:
-Бар бақылау жүйелерін, телекоммуникация құралдарын және мәліметтерді өңдеуді қолдау және одан әрі дамыту;
-Ұлттық Метеорологиялық, Гидрологиялық және басқа Қызметтер арасында мәліметтермен және өніммен ерікті және шектеусіз халықаралық алмасу;
-Анықтаудың, болжаудың және ескертудің жақсартылған жүйелерін жүзеге асыру арқылы қауіпті апат салдарларының алдын алу және жеңілдету;
-Метеорологиялық және климаттық ақпарат құндылығын ең жақсы түсіну және тануға ықпал ету үшін халықтың тиімді метеорологиялық қамтамасыз етілуін дамыту
-Ұлттық Метеорологиялық Қызметтердің әлеуетін өсіру;
-Су ресурстарын жоспарлау және тиімді пайдалану;
-Климат мониторингі, ғылыми зерттеулер және климат болжамдары.
Қазақстан Республикасы Гидромектеоролгия бойынша Мемлекетаралық кеңестің мүшесі болып табылады (ГҮК).
Қазгидромет мамандары кіретін ГҮК жұмыс топтары Ұлттық Гидрометеорологиялық Қызметтердің қызметінің барлық бағыттарын қамтиды:
-Гидрометеорологиялық ақпаратпен алмасу;
-Ғылыми зерттеулерді үйлестіру;
-Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету;
-Өлшеу аспаптары және әдістері;
-Климат және озонның ғаламдық және өңірлік проблемалары;
-Жер серігі ақпараты;
-Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету және болжамдар;
-Табиғи орта ластануының мониторингі;
-Кадрларды дайындау;
-Гидрометеорологиялық үдерістерге белсенді әсерлер;
-Жер үсті бақылау желісі қызметін қамтамасыз ету;
-Гляциология;
-Ауыл шаруашылығы метеорологиясы;
-Теңіз метеорологиясы;
-Гидрология.
Қазгидромет екі жақты және көп жақты негізде гидрология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келесі келісімдерді жасасты:
-Қоршаған ортаның гидрометеорологиясы және мониторингісі бойынша Ресейдің Федеральдық қызметімен келісім (Росгидрометпен);
-Тәжік Республикасының Ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау министрлігінің Гидрометеорология агенттігімен келісім;
-Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Гидрометеорологиялық қызмет орталығымен келісім;
-Түркіменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Ұлттық гидрология комитетімен келісім;
-Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Гидрометеорология бас басқармасымен келісім;
-Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжік Республикасының Үкіметі және Өзбек Республикасының Үкіметі арасындағы гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім;
-Словакия Республикасы Қоршаған орта министрлігінің «СГМУ» Словакия гидрометеорология институтымен келісім.
Қол қойылған құжаттарға сәйкес, Қазгидромет осы келісім бойынша гидрометеорологиялық бақылаулармен және өңделген ақпарат мәліметтермен алмасуды, бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды, төтенше гидрометеорологиялық жағдайлар қауіпі туындаған жағдайда хабарлауды, кадрларды бірлесіп дайындауды қоса алғандағы міндеттерді орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына барған кезінде, Қазақстан Республикасының Бас гидрометеорология басқармасы және Қытай метеорология басқармасы арасындағы метеорология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі 1995 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған келісімге сәйкес, мынадай өз ара іс-әрекет бағыттары анықталды:
-Метеорологиялық ақпаратпен алмасу;
-Бір айға, маусымға және бір жылға арналған қысқа мерзімді және орта мерзімді ауа райы болжамдары және ұзақ мерзімді болжамдар;
-Агрометеорология саласындағы ынтымақтастық;
-Өңірлік климатты және оның өзгерістерін зерделеу;
-Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша басылымдармен алмасу;
-Шаңды дауыл қарқынын зерттеу;
-Жер серігі ақпаратын қабылдау, өңдеу және пайдалану;
-Техникалық ынтымақтастық.
Мамандардың өз ара қатысуы, бірлескен кеңестер өткізу, жаңа жүйелерді игеру және әзірлеу, кеңестер, лекциялар, және басқа ғылыми алмасу нысандарын өткізу, ғылыми басылымдар және метеорологиялық мәліметтермен алмасу сияқты ынтымақтастық нысандары келісілді.
Қазгидромет гидрология, метеорология, қоршаған ортаны қорғау, Қазгидромет қызметімен байланысқан басқа да салалар климатының өзгеруі саласындағы халықаралық жобаларды әзірлеу және іске асыруға қатысады.
Каспий теңізінің өңірі мемлекеттерінің гидрометеорологиялық және метеорологиялық қызметтерінің ынтымақтастық бойынша бастамалары дамиды.
Қазгидрометке қолдағы бар міндеттер мен нормативтік құжаттарға сәйкес Каспий теңізі өңірінде келесі міндеттерді шешу жүктелген:
-Каспий теңізінің өңіріндегі халықты, шаруашылық және табиғатты қорғау қызметін гидрометеорологиялық қорғау;
-Каспий теңізінің деңгейін өлшеуді болжау бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;
-Каспийдің гидрометеорологиялық мониторингісі және ластану мониторингісі желісін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі бірінші кезектегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
-Қазгидромет Каспий өңіріндегі халықты, шаруашылық және табиғатты қорғау қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің қойылған міндеттерін, гидрометеорологиялық мониторингті жүргізу бойынша қолдағы бар жоба шеңберінде орындайды.
Каспий теңізі өңіріндегі табиғи ортаның жай –күйі және ластану мониторингісі саласында Қазгидромет жүйесінің қызметі келесі негізгі бағыттарда жүзеге асырылады:
-Каспий теңізінің өңірі үшін шұғыл және режимдік гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау мен тарату;
-Каспий теңізі ластануының мониторингісі;
-Каспий теңізі деңгейінің күрт өзгеруінің себептерін зерттеу және әртүрлі күні бұрынғылықтың осы өзгерістерінің болжамын әзірлеу.
Каспий теңізінің еркшелік жағдайларында жоғарыда аталған міндеттерді шешу, жалғыз каспий маңы елінің немесе бірнеше каспий маңы елдерінің күшімен шешу мүмкін емес. Каспий табиғи ортасының жай күйі жөніндегі мәліметтермен және ақпаратпен әртүрлі тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз ету міндеттерін шешу, барлық бес каспий маңы елдерінің күшімен бірлесіп жүзеге асуы мүмкін.
Барлық каспий маңы мемлекеттерінің гидрометеорологиялық/ метеорологиялық басшылары өңірдегі табиғи ортаның ластануы үшін гидрометеорологиялық желісі мен бақылау желісінің бұзылуымен байланысқан төтенше жағдайға алаңдатушылықтарын білдіре, осы проблемаларды щешу үшін өзінің жауапкершілігін түсіне отырып, 1994 жылғы қыркүйекте дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның (ДМҰ) белсенді қолдауымен Каспий теңізі ластануының гидрометеорологиясы мен мониторингісі бойынша Үйлестіру комитетін құрды(КАСПКОМ).
Шектен шыққан қолайсыз жағдайды түзету үшін, жоғарыда аталған салада Үйлестіру комитеті Каспий теңізі өңірінде қоршаған ортаның гидрометеорологиясы мен монитонгісі бойынша Кешенді бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру үшін шешім қабылдады.
КАСКОМ басшылығымен каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылары ДМҰ және БҰҰ ықпал етуімен, білім, ғылым және мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері бойынша осы бағдарламаның жобасын әзірледі, ол Үйлестіру комитетінің 2-сессиясында қаралды және қабылданды (Баку, 1997 ж.10-15 ақпан).
КАСПАС-тың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
-Каспий теңізі өңірінде табиғи ортаның әуе және су ортасы, ластану және басқа да сипаттамаларының жай-күйі жөніндегі ақпарат алу және онымен алмасудың өңірлік жүйесін құру;
-Каспий теңізі деңгейінің өзгеру проблемаларының, сондай-ақ өңір табиғи ортасының ластануының кешенді зерттелуін орындау, өңірдегі қоршаған ортаға олардың әсерлерінің болжамын бағалау және әзірлеу.
Өңірді дамытудың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізуге және КАСПАС бағдарламасын іске асыру экологиялық теңгерілген табиғат пайдаланушының талаптарын қанағаттандыруға бағытталған барлық қызмет түрлерінің ақпараттық қамтамасыз ету үшін сенімді негізін құрады
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
Гидрометеорология және қоршаған ортаның мониторингі бойынша Қазгидромет - әлемдегі ең көне метеорологиялық ұйымдардың (159 жыл бұрын, Қазақстанда құрылған алғашқы геофизикалық обсерваториясы) бірі. Бүкіл ел бір метеорологиялық қызметі хабарлағандай, ол Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, ал біздің Жамбыл облысымызда алғаш метеорологиялық бақылаулар 1870 жылы Әулие-Атада жүргізілген. Азаматтық соғыс кезінді көптеген станциялар өз жұмысын тоқтатқан болаты. Қазақстанда алғаш Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі) болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады. ЖФ «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:
-республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
-әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;
- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.
Станция Тараз қаласында әуежайға қарама- қарсы орналасқан. Станция барлық стандарт талаптарына сәйкес құрылған. Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталған. Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналастырылған.
Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналастырылған.
Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады. « Тараз» метеостанция алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу тәртібі 2- суретте көрсетілген [5, 89б].
Сурет-2. « Тараз» метеостанция алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу тәртібі
«Тараз» метеорологиялық алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы: 1 – станцияның геодезиялық репері; 2 – жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр (анеморумограф) датчигі; 4 - ауыр тақтайшалы флюгер; 5 – мұзөрнек станогы; 6 – психрометрлік будка; 7 – қар өлшегіш рейка; 8 – қосымша психрометрлік будка; 9 – термограф пен гигрографқа арналған будка; 10 – Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы); 11 – жауын өлшегіш; 12 – плювиограф; 13 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 14 - қар өлшегіш рейка; 15 – гелиограф; 16 – ледоскоп; 17 – росограф; 18 – топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - қар өлшегіш рейка; 22 – топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24) орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок; 25 – ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 26 – жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 27 – актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).
б) 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр; 4 - мұзөрнек станогы; 5 –психрометрлік будка; 6 – қар өлшегіш рейка; 7 – қосымша психрометрлік будка; 8 – жауын өлшегіш; 9 – плювиограф; 10 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 12 – топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок; 14 – топырақ термометрлері [6, 103б].
Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалған. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандырылған. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2–1,5 м құрайтын металл трубамен жасалған.
Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасқан. Қоршаудың есігі берік жабылған.
Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталған. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалады.
Метеорологиялық алаң станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасқан және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмады. « Тараз» метеостанциясындағы өлшеу-құралдарының тізімі 1-кестеде көрсетілген.
Кесте-1. «Тараз» метеостанциясының өлшеу-құралдарының тізімі
3 «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖФ-НЫҢ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
3.1 Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі
Метеорология - атмосфера туралы ғылым, оның құрамын, қасиеттерін мен онда жүріп жатқан физикалық және химиялық процестерді және олардың жер бетімен әрекеттесуін зерттейді. Метеорологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдісі бақылау болып табылады. Әдісті таңдау табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды оқып үйренуді талап ететін ғылымның өз маңыздылығымен анықталады.
Метеорологиялық бақылаулар - ол метеорологиялық шамаларды өлшеу және метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сапалы бағалау.
Станциялар мен бекеттерде жүргізілетін метеорологиялық бақылаулар ауыл шаруашылығының көптеген және әртүрлі практикалық сұраныстарын қанағаттандыру үшін, сонымен қатар ғылыми өңдеулер үшін қажетті негізгі мәліметтерді береді. Осы және басқа жағдайларда сапасы нақты қатаң бекітілген талаптармен жауап беретін бақылаулардың мәліметтері қолданылуы мүмкін. Метеорологиялық бақылауларға қойылатын негізгі талаптар осы бақылаулардың репрезентативтілігі (сипаттылығы), үздіксіздігі, дәлдігі, біртектілігі және салыстырмалығы болып табылады.
Репрезентативті болып тек өзінің бақылау орны үшін ғана емес, меторологиялық станция орналасқан барлық ең үлкен аудан үшін көрсеткішті метеорологиялық мәліметтер беретін бақылауларды айтады. Басқаша айтқанда, бұл бақылаулар кездейсоқ жергілікті жағдайлардың – жақын орналасқан құрылыстың, ағаштардың, жоталардың, жеке батпақтардың, су қоймаларының және т.б. әсеріне жолықпау керек.
Сонымен бірге бақылаулар үздіксіз болуы керек. Бір бақылаудың жоқтығы станциядан алынған метеорологиялық мәліметтерді бағасыздандырады. Бақылаулардың үздіксіздігі олардың белгіленген уақытта және барлық метеорологиялық элементтерге жүргізілуінде ғана емес. Бақылаулар үздіксіз болу үшін бақылаушы мезгіл арасында да метеорологиялық құбылыстың пайда болуы мен аяқталуын өз уақытында белгілеп, атмосфераның күйін тиянақты бақылап отыруы міндетті.
Метеорологиялық бақылауларға қойылатын келесі талап – олардың дұрыстығы. Бақылаулардың дұрыстығы метеорологиялық мәліметтердің сапасын анықтайтын маңызды жағдай болып табылады. Егер бақылаушы өзіне берілген істі жақсы білсе және адал орындаса, бұл жағдай өте жеңіл қамтамасыздандырылады.
Бақылаулар дұрыс болуы үшін бақылаушы ешқашан басқа біреудің жорамал мәліметтерін қолданбай, тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бұл бақылаушының бірінші және негізгі ережесі болып табылады [7].
Метеорологиялық бақылаулар жауап беретін қалған екі негізгі талаптарға олардың біртектілігі мен салыстырмалылығы жатады.
Атмосферада болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстар туралы дұрыс көзқарас алу үшін, жер шарының көптеген орындарында бақылаулар жүргізілуі қажетті. Сол үшін, жоғарыда айтылып кеткендей, барлық елдердің аймақтарында көптеген метеорологиялық станциялар құрылған. Бұл станциялардың бақылаулары үлкен материалдар әкеледі. Осы материалдардың негізінде атмосфералық құбылыстар және олардың кеңістіктегі және уақыт бойынша дамуы зерттеледі. Мұндай зерттелудің жетістігі ең алдымен, әр жеке станцияның бақылаулар қатары уақыт бойынша қаншалықты біртекті екеніне, сонымен қатар барлық немесе көпшілік станцияның бақылауларының мәліметтері соншалықты өзара салыстырмалы болуына байланысты болады.
Егер әр станция, әр бақылаушы метеорологиялық бақылауларды жүргізу бойынша нұсқамалар мен нұсқауларда келтірілген барлық ережелер мен нұсқамаларды дәлдікпен орындаса, жоғары сапалы бақылаулармен қамтамасыздандыру қиын емес.
Метеорологиялық бақылауларды жүргізу кезінде бақылаушы келесі ережелерді орындауға тиіс:
- бекітілген бақылауларды жүргізу ережесі мен мерзімдерді қатаң түрде сақтау керек;
- тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бақылау нәтижелеріне жорамалдап алынған басқа мәліметтерді жазуға қатаң тиым салынады. Тек өте қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтер басқа адамдардың мәліметтері бойынша толықтырылуы мүмкін, бұл жағдайда міндетті түрде ол мәліметтердің қайдан алынғаны көрсетілуі керек;
- әр бақылау мерзімінің алдында аспаптар мен қондырғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істейтіндігін тексеру керек; сол кезде анықталған қателіктерді бақылау жүргізу уақытына дейін жою керек, себебі өлшеу жүргізу кезінде аспаптың көрсеткіші өлшенетін шаманың нағыз мәніне сәйкес болуы тиіс. Жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе қателіктердің жойылуы жөніндегі мәліметтер КМ-1 кітапшасына жазылуы керек;
- егер бақылау мерзіміне дейін жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе кемістіктерді жою мүмкін болмаса, жеке сипаттамаларды басқа дәлдігі төмендеу аспаптар бойынша анықтау керек; мұндай жағдайда бақылаулардың нәтижелері бақылау кітапшасына міндетті түрде олардың қалай алынғандығы туралы белгіленіп жазылады;
- станциядағы қондырғылар мен аспаптарды сақтықпен қолданып, оларды жұмыс күйінде және таза ұстау керек;
- бақылаулар нәтижелерін жазу және өңдеу нұсқауларға сәйкес жүргізілу керек. Бақылаулар нәтижелерін дөңгелектегенде келесі ереже сақталады: егер дөңгелектенетін сан 5 немесе одан үлкен болса, онда алдыңғы санға 1 қосылады; егер дөңгелектенетін сан 5-тен кіші болса, онда алдыңғы сан өзгеріссіз қалады (мысалы, 12,50С-13 0С болып, 12,40С - 120С болып дөңгелектенеді).
Станцияда келесі журналдар жүргізілуі тиіс:
-станция тарихы журналы;
-станцияның жұмысы бойынша қателіктер мен ескертулер журналы;
-кезекшілікті қабылдау және өткізу журналы.
Бақылаулар нәтижелерін жазу үшін станция арнайы бақылау кітапшаларымен қамтамасыздандырылады:
-бақылау мерзімдерінде жүргізілетін метеорологиялық бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-1);
-қосымша бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-2);
-топырақ температурасына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-3);
-сымдардағы мұз қабаттануларына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-4);
-қар жамылғысына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-5) [8].
3.2 Метеорологиялық бақылау орны
Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орындарда жүргізіледі.
Метеорологиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылаулар жүргізу кезінде қажетті аспаптар мен жабдықтарды орнату үшін қызмет атқарады.
Метеорологиялық алаңға арналған орын келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек: ол ашық, тегіс және жазық болуы керек.
Метеорологиялық алаң қоршаған жергілікті орынға сипатты және төселме беткейдің атмосферамен арасындағы жылу айналым және су айналымының қандай да бір ерекшеліктерімен қоршаған территориядан ешқандай айырмашылығы жоқ жерден таңдалады.
Метеорологиялық алаңның сипаттылығы оның орналасқан жері сол ауданда басым кездесетін рельеф түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теңіз, көл, өзен, су қоймасы) максималды су деңгейі кезінде 100 метрден артық қашықтықта орналасуымен қамтамасыздандырылады.
Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет. Бақылау бағдарламасы толық емес станцияларда (топырақтың терең қабаттарының температурасына бақылау жүргізілмеген жағдайда) алаңды 20х16 м мөлшерге дейін кішірейтуге болады.
Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналасуы керек (сурет 2.1).
Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналасады.
Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы 3- суретте көрсетілген.
Сурет-3. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы
Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы: 1 – станцияның геодезиялық репері; 2 – жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр (анеморумограф) датчигі; 4 - ауыр тақтайшалы флюгер; 5 – мұзөрнек станогы; 6 – психрометрлік будка; 7 – қар өлшегіш рейка; 8 – қосымша психрометрлік будка; 9 – термограф пен гигрографқа арналған будка; 10 – Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы); 11 – жауын өлшегіш; 12 – плювиограф; 13 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 14 - қар өлшегіш рейка; 15 – гелиограф; 16 – ледоскоп; 17 – росограф; 18 – топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - қар өлшегіш рейка; 22 – топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24) орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок; 25 – ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 26 – жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 27 – актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).
б) 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр; 4 - мұзөрнек станогы; 5 –психрометрлік будка; 6 – қар өлшегіш рейка; 7 – қосымша психрометрлік будка; 8 – жауын өлшегіш; 9 – плювиограф; 10 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 12 – топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок; 14 – топырақ термометрлері.
Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалуы тиіс. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандыру керек. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2–1,5 м құрайтын металл труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады.
Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс.
Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталуы тиіс. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалану қажет.
Метеорологиялық алаң мүмкіндігінше станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасуы және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс.
Қондырғылардың дұрыс орналасуымен қоса метеорологиялық алаң өзіне үнемі және тиянақты тазалықты керек етеді, олай болмаған жағдайда жоғары сапалы бақылау жүргізу мүмкін емес. Метеорологиялық алаңның тазалығы негізінен мыналардан тұрады:
а) алаңды таза ұстау;
б) метеорологиялық алаңдағы шөпті биіктігі 20 см-ден аспайтындай етіп үнемі шауып, оны сол мезетте алаңнан тазалап алып тастау;
в) алаңда пайда болғаннан бастап ерігенге дейін қар жамылғысын табиғи күйінде тиіспей қалдырып, және аспаптардың қасында өте көп қар күртігі орнықса, оны алаңнан тазартып тастау [9].
3.3 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
Бақылаулардың жоғары сапасы олардың тек репрезентативтілігімен жүзеге аспайды. Метеорологиялық мәліметтер жеткілікті түрде біртекті және салыстырмалы болу үшін бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталу қажет.
Бүкіл әлемде жер беті метеорологиялық станцияларда біркелкі (синхронды) бақылаулар ортақ – гринвич - уақыты (ОГУ-нөлдік белдеу уақыты) бойынша 00, 03, 06, 09, 12, 15, 21 сағатта жүргізіледі. Синоптикалық мерзімдер деп аталатын осы уақыт ішіндегі бақылаулардың нәтижелері тез арада телефон, телеграф немесе радио бойынша ауа райы қызметі органдарына жіберіледі, онда олармен ауа райын алдын ала болжау үшін қолданылатын синоптикалық карталар мен басқа материалдар құрастырылады.
Негізгі типті метеорологиялық станцияларда келесі метеорологиялық шамалар тіркеледі:
-жер бетінен 2 м биіктіктегі ауа температурасы;
-атмосфералық қысым;
-ауа ылғалдылығы – ауадағы су буының парциалды қысымы және салыстырмалы ылғалдылық;
-жел - жер бетінен 10-12 м биіктіктегі ауаның горизонтальді қозғалысы (оның жылдамдығы өлшенеді және желдің соққан жағынан бағыты анықталады);
-бұлттардан жауатын жауын-шашын мөлшері, олардың түрлері (жаңбыр, сіркіреуік, қар және т.б.);
-бұлттылық – аспанның бұлттармен жабылу дәрежесі, халықаралық классификация бойынша бұлттардың түрлері, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі;
-жер бетінде және ондағы заттардың бетінде пайда болатын (шық, қырау, мұзөрнек және т.б.) әртүрлі жауын-шашындар, сонымен қатар тұмандар, олардың қарқындылығы;
-көріну қашықтығы – заттардың түрінің көрінбеу қашықтығы;
-күн шұғыласының ұзақтығы;
-топырақ бетінің және бірнеше тереңдіктегі топырақтың температурасы;
-топырақ бетінің күйі;
-қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы.
Бірыңғай синхронды мерзімдердегі бақылау жүргізу тәртібі тағайындалған станцияның бақылау бағдарламасына байланысты орнатылады. Сондықтан барлық станциялар үшін келесі жағдайлар сақталуы тиіс:
-бақылауға 30 мин қалғанға дейін барлық құралдар мен қондырғылар тексеріліп, бақылауға дайын болуы керек;
-ауа температурасы мен ылғалдылығын өлшеу бақылау мерзіміне тура 10 мин қалғанда жүргізіледі (2 сағ 50 мин, 5 сағ 50 мин);
- қысымды өлшеу бақылау мерзіміне 2 мин қалғанда жүргізіледі;
- термограф пен гигрограф бланкаларына белгі ауа температурасы мен ылғалдылығына өлшеу жүргізгенге дейін алыну керек; бланканы ауыстыру уақыты минуттық дәлдікпен орындалу керек;
- егер бақылау жүргізу кезінде қауіпті құбылыс байқалса, онда бақылауды тоқтатып, штормдық жеделхат (телеграмма) құрастырып, жіберу керек, содан кейін станция бағдарламасына сәйкес бақылауды ары қарай жалғастыру керек;
- егер жел сипаттамаларын өлшеу үшін флюгер қолданылса, онда онымен бақылау психрометрлік будкадағы аспаптардан бұрын жүргізіледі;
- бақылау нәтижелерін кітапшаға жазу және өңдеу бақылау кезінде және одан кейін бірден жүргізіледі;
- ауа райы туралы мәліметті мерзім аяқталғанға дейін (мерзімге дейінгі 10 минуттік аралығында) жіберуге болмайды [10].
Станцияларда толық бағдарлама бойынша бақылау жүргізудің типтік тәртібі 2- кестесінде келтірілген.
Кесте-2. Метеорологялық бақылау жүргізудің типтік тәртібі
ҚОРЫТЫНДЫ
Гидрометеорология және қоршаған ортаның мониторингі бойынша Қазгидромет - әлемдегі ең көне метеорологиялық ұйымдардың (159 жыл бұрын, Қазақстанда құрылған алғашқы геофизикалық обсерваториясы) бірі.
Қазақстанда алғаш Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі) болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады. Ұлттық гидрометеорологиялық мекеме әр елдің инфрақұрылым бөлігі болып табылады және өз кезегінде гидрометеорологиялық мәліметтерді жинап, өңдеу арқылы гидрометеорологиялық қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда, адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынас басқа мәселелерге қарағанда басты назарда.
«Казгидромет» РМК Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі бірден-бір орын, бұл кәсіпорын республиканың гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді. «Казгидромет» РМК республикамыздың үкіметіне, басқару жүйесіне, шаруашылық объектілеріне және халыққа ауа райын алдын-ала болжау, апатты жағдайдың алдын алатын мәліметтер беру, табиғи ортаның бүгінгі және келешектегі жағдайы туралы мәлімдеу сияқты қызметтермен айналысыды.
«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы аумақтық бөлімше болып табылады.
«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл облысы аумағында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді.
Бүгінгі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсету сұранысы өте жоғары, себебі мемлекетімізде халық санының артуы, елді мекендерде адамдардың көп шоғырлануы апатты жағдай салдарынан талай экономикалық дағдарысқа келіп отыр.
РМК «Казгидромет» Энергетика Министрлігінің жүйелі бөлімшесі болып табылады және де экологиялық мәселелерді зерттеуде белсенді ат салысып, Тараз қаласының атмосфералық ауасына, Жамбыл облысының шағын қалаларының атмосфералық ауасына және беткі суларына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізеді.
ЖФ «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:
-республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
-әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;
- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:
1. http://www.kazhydromet.kz/ru-сайты
2. http://www.еgov.kz-сайты
3. http://www.аdilet.zan.kz-сайты
4. Крылова Г.Д. Основы гидрометрологии 2001ж-174б
5. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Измерительное оборудование и метрология – Караганда; Издательство КЭУ, 2001ж-198б
6. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. – Караганда; Издательство КЭУ, 2003ж-305б
7. www.kazhydromet.kz-сайты
8. Meteo.tz. kz-сайты
9. http://www.cifn.kz/kz/zha-aly-tar-lentasy/258-azgidromet- сайты
10. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P960000590_ сайты