1 «Қазгидромет» РМК-ы туралы жалпы мәлімет
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
Қазгидромет Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөніндегі бас басқармасы - орталық басқару мекемесі.
Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 жылы Семейде, 1856 жылы Ырғыз бен Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет (1890) Ертіс өзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 метеорологиялық станция мен 49 бекет, 123 гидрометеорология бақылау пункттері жұмыс істеді.
1922 жылдың 23 қаңтарында Бас физика обсерваториясының Орынбор облысы метеорология бюросы құрылған. Ол 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорология бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорология болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ гидрометеорология қызметінің біртұтас басқармасы құрылды. Оның бірінші басшысы Қазақстанның белгілі саяси қайраткері - О.Жандосов болды.
1992 жылдың 7 ақпанында Гидрометеорология жөніндегі бас басқарма болып қайта құрылды. Қазіргі кезде «'Қазгидромет» жүйесіндегі метеорология, агрометеорология, гидрология, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 750.
«Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:
- республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;
- әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;
- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.
«Қазгидромет» табиғи ортаның мониторингін жүргізу барысында аса улы 20-дан астам заттарды анықтау үшін республиканың 26 қаласындағы 94 тұрақты пункттерде атмосфера ауаның құрамына бақылау жүргізеді. Бақылау материалдары бойынша дерекқор қалыптастырылады және ақпараттық-экология бюллетеньдер, анықтамалар, шолулар жарияланады. 1873 жылы Бірінші халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология ұйым құрылды. Ол 1947 жылы БҰҰ құрамындағы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) болып қайта құрылды. ДМҰ-ның шешімімен 23 наурыз Халықаралық метеорология күні болып тағайындалған.ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.
Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл Энергетика министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы №185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын – РМК «Қазгидромет» мәртебесі берілген. Бүгінгі күні РМК «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 14 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 3,5 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 328 метеостанса, оның 83 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі. Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 307 гидрологиялық бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70-тен аса түріне жасалынады. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК, агрометеорологиялық және экологиялық ақпарат береді және бекітілген бағаға сай жұмыстың жеке түрлеріне қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.
"Қазгидромет" РМК 192 мемлекеттердің Қызметтерімен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі және Жер атмосферасының жай-күйі мен мінезі, оның мұхиттармен өзара әрекеті, құрылатын климат және туындайтын су ресурстарын бөлу мәселелері жөніндегі БҰҰ жүйесінің беделді ақпарат көзі болып табылатын Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымға (ДМҰ) кіреді.
«Қазгидромет» РМК - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымды ресми ақпаратпен қамтамасыз ететін құқылы заңды орган.
Бүгінгі«Қазгидромет» РМК ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар Қазақстан ДМҰ мүше-мемлекеттерімен бірге 21 ғасырдағы адамзатқа төнген табиғат қауіптерімен күресуге белсенді қатысуда[1].
«Қазгидромет» кәсіпорнының ұйымдастырушылық құрылымы төменде көрсетілген.