2.4. 2011 жылғы Росгидрометтің жаңартылуы.
2010 жылдың қорытындысы бойынша Ресей мемлекетінде 1000-нан астам табиғат құбылыстары тіркелген. Росгидрометтің пайымдауынша, синоптиктер адам өміріне әсер ететін табиғи апаттың 110 ғана болжай алмаған. Осыған байланысты, отандық синоптиктердің тиімді жұмыс туралы мәлімдемелер ұсынатындығын байқауға болады (қауіпті жағдайлардың 90% алдын алынды). Бірақ, мыңдаған табиғат апаттары климаттың жаһандық жылыну әсерінен қалыптасқан қазіргі жылдағы ауа райы күйінің қолайсыз жағдайынан дейді.
Росгидрометтің басшысы Александра Фролованың сөздері бойынша: «Метеорологиялық тұрғыдан 2010 жыл қиын әрі қауіпті жыл болды. Табиғи апат саны нормадан тым көп болмаса да, қарқындылығы жоғары болды». Табиғат апатының қауіпті жағдайлары көбінесе жаз айларында тіркелген. Сонда да қалыпсыз ыстық өзін көрсетпей қоймады. Ыстықтан басқа болжап білуге қиын (тіпті, мүмкін емес) найзағайлар, қатты жел және тіпті құйындар да кең етек алды. Дегенмен де Фролованың сөздері бойынша, жақында метеорологтар ресейлік инновациялық доплер локаторын қолға алып, соның арқасында қатты жел мен құйындарды бірнеше сағат бұрын болжап алдын ала халықты ескертеді.
Доплер локаторы таза ресей өнертабысы болып табылады және Фролованың ойынша «көрсеткіш қатары бойынша шетел аналогтарынан жоғары». Бірақ, осы өнертабыс құны бойынша өте әсерлі болып табылады: бір құрылғының құны 90 миллион рубль. Осыған қарамастан, Росгидромет бес жылда мемлекет бойынша осындай локатордың 140 данасын орнатуды жоспарлап отыр. Ауа райына үнемдеуге болмайды – осыған 2010 жылы көз жеткіздік.