Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы – Көкшетау», «Жер жаннаты – Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
«Су ішкен құдығыңа түкірме»,«Бұлақ көрсең, көзін аш»деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы – осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Ақын ағаларымыз табиғатты өлең тақырыптарына көп арқау еткен соның біріне тоқталар болсам:
Табиғатта сезімде, құлақта бар, Ренжітсең қайғырып жылап та алар. Аяласаң жаныңа шуақ тамар, Қажығанда бойыңа қуат тамар.- демек менің құрметті замандастарым табиғатты аялайық! Табиғаттың тылсым күшіне ұшырағанша, табиғаттың әсемдігін сіңірейік. Биылғы Көктем шырайлы болсын, Жаз жаңбырлы болсын, Күз егінді болсын, Қысымыз қарлы болсын ағайын!