Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Өлшем нәтижелері азаматтардың денсаулығын және өмірін қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарында, энергия ресурстарының барлық түрлерін қолдануда және сақтауда, тасымалдауда, қайта өңдеуде, өңдіруде, шығаруда, ғылыми зерттеулер жүргізуде, сонымен қатар басқада барлық салаларда қолданылады.
Өлшем құралдарының нақты көрсеткіштері ғана адамдарды дұрыс диагностикалауға, ауа райын құруға және анықтауға, қызметтің барлық салаларында сипаттаманы жүзеге асырудың саны мен сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Өлшемнің дерексіз нәтижелерін пайдалану әр түрлі салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін, осыған орай, өлшем нәтижелері маңызды шешімдерді қабылдаудың негізі болып табылады.
Метрологиялық қамтамасыз етудің алғашқы мақсаты адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау болып табылады.
Заман талабына сай «Қазгидромет» РМК ЖФ - да метрологияның дамуы жұмыс сапасының жоғары деңгейінде басты механизмдерінің бірі болып табылады. Гидрометеорологиялық зерттеулерде тиісінше дұрыс нәтижелер алынуы және қызмет көрсетудің сапасының жоғары жетістіктеріне жетуі мемлекет экономикасын дамытуға септігін тигізеді.
Кәсіпорынның тиімді жұмысын және гидрометеорологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындардағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.
Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.