Мазмұны
Кіріспе
Өлшеулер - адамзаттың табиғатты түсінуінің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Қандай да болмасын тәжірибелік жұмыс жүргізу аумағында әрекеттер өлшеусіз жүзеге асырылмайды. Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Танымал кеңестік метеорология, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Николай Багров ( 2008ж қайтыс болған) атмосфералық процестерді физикалық және статистикалық сипаттамасы негізінде ауа райы болжау саласындағы жаңа бағыт жасай отырып, гидрометеорология саласында ауа-райы зерттеу жұмыстарын жүргізуде метрологиялық өлшеу- құралдарының рөлін анықтап, қажетті дәлдіктерді алып өлшеу жұмыстарын жүргізу метрологияның қызметі болып табылатынын дәлелдеп берген.
Н.И. Тюриннің «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету » кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттылықпен өткізілгенімен, дұрыс нәтижеге жету үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының маңыздылығы орасан зор» екендігі айтылған. Сол себепте гидрометеорологиялық станцияларда өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп дұрыс нәтижеге ие болу үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының рөлі үлкен.
Кәсіпорынның тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпорындағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.
Өндірістің метрологиялық қызметі өз жұмысында, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын, Министрлер Мәжілісінде бекітілген Қаулылармен - ҚР Үкіметінің жағдайларын, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету» бойынша нормативті құжаттарды, мемлекеттік стандарттар, метрология бойынша ережелерді, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесіне кіретін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың ұсыныстарын және кәсіпорынның өлшем бірдігін қамтамасыз ету бойынша құжаттарын жетекшілікке алады.