Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154137

Диплом алды практика (Қазақстандық Гидрометеорологиялық) - 2.2 Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі

СОДЕРЖАНИЕ
Диплом алды практика (Қазақстандық Гидрометеорологиялық)
1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік
2.1 Басшының ( директордың) міндеті
2.2 Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі
2.2 Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі
3.2 «Қазгидромет» РМК-да метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырудағы метрологияның рөлі
3.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ - ның метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары
3.4 «Қазгидромет» РМК ЖФ-ны метрологиялық қамтамасыз ету
3.5 Метеорологиялық бақылау орны
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
2.2  Метролог (стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша қызметкер ) қызметі

Стандарттау, сертификаттау және метрология аясында, стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша халықаралық ұйымдардың рәсімін, стандарттары мен ережелерінің алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибесін зерттеп біледі және жүйелейді.

Стандарттау объектілерін анықтайды, жаңа стандарттардың әзірленуін және қолданыстағылардың қайта қаралуын ұйымдастырады, нормативтік және техникалық құжаттаманың сараптамасын жүргізеді.

Жаңа өлшеу техникасы бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндірістің тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу құралдары мен әдістерін, бақылау мен сынақты жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды дайындауға басшылық жасайды. Жергілікті тексеру схемаларын құрастыруды, оңтайлы мерзімділігін орнатуды және өлшеу құралдарын тексерудің күнтізбелік кестесін әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Ұйымда әзірленетін конструкторлық және басқа да техникалық, сонымен қатар басқа ұйымдардан келіп түсетін құжаттаманың метрологиялық сараптамасын жүргізу бойынша жұмысты орындайды.

Өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру жөнінде жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның бұл құралдарға қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарға қатысады.

Заманауи өлшеу әдістері мен құралдарының енгізілуін, сонымен қатар өлшем қателіктерін бағалау бойынша жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Метрологиялық қамтамасыз ету жағдайларын талдау бойынша, стандартталмаған өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізу бойынша жұмыстарды, оларды тексеру бойынша әдістемелерді, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді, келісуді және бекітуді, сонымен қатар өлшеу құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және тексеруден кейін аттестаттауды ұйымдастырады.

Өлшеу құралдарының барлық қарастырылған регламенттермен технологиялық процестердің жабдықталуы үшін, ұйым бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерінің өндірістің белгіленген режимі мен өнім сапасының сақталуы бойынша талаптарға сәйкес келуі үшін бақылауды жүзеге асырады.

Арнайы мақсаттағы өлшеу құралдарын жобалау мен әзірлеуге техникалық тапсырманы дайындауды ұйымдастырады.

Өлшеу құралдары, сынақ пен бақылаудың айырбас қорының жинақталуын, орнатылған тәртіпте жұмыс эталондарының сақталуын, өлшеу құралдарының үлгілерін тиісті жағдайда күтіп ұстау мен жөндеуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік стандарттарды, ұйымның стандарттарын және өлшеудің нақтылығын, тексеру құралдарының әдістері мен құралдарын регламенттейтін нормалары бар басқа да нормативті-техникалық құжаттаманы ендіруге жәрдемдеседі.

Белгіленген есепті жасау мен оны мемлекеттік метрологиялық қызмет органына ұсыну бойынша жұмысқа басшылық етеді.

Метрологиялық бақылау мен өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын ұйым қызметкерлеріне басшылық жасайды.

Метрологиялық қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Метролог Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және өндірісті стандарттау, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша әдістемелік материалдар, ұйымның ұйымдық-технологиялық құрылымының бағыты, саласы мен ерекшеліктерін, оның даму перспективасы, метрологиялық бақылау мен өндірісті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен әдістері, ұйымда және экономикалық қызмет түрінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру, жабдықтың жұмыс режимі мен өндірістік қуаты, техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, оларды пайдалану ережелері, ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері, техникалық құжаттаманы әзірлеу және рәсімдеу бойынша ережелер, нұсқаулар және өзге басқарушы материалдар, өлшеу құралдарының құрылысы және пайдалану ережелері, оларды жөндеуді ұйымдастыру, метрологиялық қамтамасыз етуді және өлшеу құралдарын жетілдіру саласында зерттеулер мен әзірлеуді жүргізу әдістерін білуі тиіс[2].



 
21.06.2017 14:12