1 Қазақстандық Гидрометеорологиялық орталық туралы жалпы теориялық аспекті
1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік
Қазіргі кезде бүкіл жер шарында метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулар жүргізілуде және олардың нәтижелері кеңінен қолданылуда. Ұлттық қызметтің өндірістік және ғылыми әрекетін БҰҰ құрамына кіретін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым басқарады.
Қазақстанның метеорологиялық және гидрологиялық станциялары II аймақтық (Азия) опорлық синоптикалық жүйесіне енгізілген. Себебі, ауа райы құбылыстарын, оның жаһанды жақтарын қарастырмай мемлекеттік шекара шегінде ғана зерттеуге болмайды. Сондықтан метеорология және гидрология облысында халықаралық ынтымақтастық, өзара ақпараттармен алмасу күшті дамыған.
Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметі мемлекеттік ұйым болып табылады. Оның негізгі шешетін мәселесі шаруашылық әрекеттің қажеттілігін гидрометеорологиялық қамтамасыздандыру үшін Қазақстан Республикасы территориясының метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық жағдайларын оқып үйрену.
Мемлекеттің экономикасында гидрометеорологиялық қызметтің өте зор маңызы бар. Гидроэлектростанцияның, өзен және теңіз флотының, теміржол транспортының және әсіресе авиацияның қалыпты жұмысы оларды гидрометеорологиялық материалдармен, ақпараттармен және ауа райымен күнделікті қамтамасыздандырмаса ешқашан жүрмейді. Кезкелген ірі құрылыс салынатын жердің гидрометеорологиялық жағдайларын ескеру арқылы жобаланады.
Гидрометеорологиялық қызмет еліміздің аймақтарының агрометорологогиялық жағдайларын үйренуге және ауыл шаруашылығын метеорологиялық қызметпен атқаруға ерекше көңіл боледі. Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы бірінші класты техникамен қамтамасыздандырылған кезде, яғни алдыңғы қатарлы агротехникалық шаралардың кешені ғылыммен және практикамен өңделген кезде, ауа райы жағдайлары науқанды анықтайтын басты себеп болып табылмайды. Бірақ бұл ауа райы жағдайлары өнімге маңызды әсерін тигізеді, сондықтан оларды ауылшаруашылық өндірістерінде үнемі ескереді. Агротехниканың ары қарай жетілдендірілуі метеорологиялық жағдайлардың есебі мәндерінің төмендемегенімен қоса, керісінше осы жағдайлардың максималды толықтандырылып және тиянақты зерттелуін талап етеді.
Метеорологиялық қызметтің маңызды мәселесі ауа райы болжамдарын құрастыру және олармен барлық қызығушылық білдіретін шаруашылық ұйымдарды атқару болып табылады. Ауа райы болжамы барлық басқа гидрометеорологиялық болжамдарды құрастырудың негізі болып табылады. Сондықтан ауа райы болжамының сенімді, әсіресе ұзақмерзімді тәсілінің өңделуі қазіргі кездегі метеорологиялық қызметтің басты шешетін мәселесін құрайды.
Жердің көптеген пунктерінен әртүрлі уақытта түрлі жүйелердің көмегімен алынатын, ғылыми және практикалық мақсаттар үшін қолданылатын гидрометеорологиялық бақылаулардың мәліметтерін бірыңғай кешенге жинау қажет. Ауа райының күнделікті болжаулары үшін, теңізде жүзу мен авиация үшін мәліметтерді барлық бақылау пунктерінен бақылауларды жүргізу уақытынан бастап максималды қысқа мезгілде жинайды.
Гидрометеорологиялық мәліметтерді жинау жүйелерін оперативті, оперативті емес және мәліметтерді жинау жүйелерінің арнайы эксперименттері деп бөлуге болады.
Дүниежүжізілік ауа райы қызметінің (ДАҚ) элементтері:
а)бақылаулардың жаһандық жүйесі (БЖЖ);
б)телебайланыстың жаһандық жүйесі (ТЖЖ), ол бақылаулардың талап етілетін мәліметтерін және өңделген ақпараттарын тез жинау мен таратуға арналған қажетті құралдар мен қондырғылардан тұрады;
в)мәліметтерді өңдеудің жаһандық жүйесі (МӨЖЖ), ол оперативті қолдану, сақтау және оперативті емес қолдануға арналған мәліметтерді іздеу үшін қажетті бақылаулардың мәліметтерін өңдеу құралдарымен жаңартылған метеорологиялық орталықтардан тұрады.
Гидрометеорологиялық бақылау және табиғатты қорғау мониторингісінің жаһандық жүйесі (БЖЖ) табиғи ортаның күйіне жүйелі бақылау жүргізу үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен субъекті шаруашылық кешендерін табиғи ортаның қазіргі және болжанатын күйі туралы ақпараттармен қамтамасыздандыруға арналған кешенді көпсатылы ақпараттық-өлшеу жүйесі болып табылады.
БЖЖ-ның негізгі жүйесі атмосфера күйі, құрлықтың сулы объектілері, теңіздер, төселме беткей туралы ақпаратты алуды, талдауды және жалпылауды қамтамасыздандыратын жер беті бақылау жүйесі болып табылады. Белгілі ғылыми негізделген принцип бойынша құралған табиғи ортаның күйіне бақылау жүргізу орындарының жиынтығы жер беті бақылаулар жүйесін құрайды.
Бақылаулардың түрлері бойынша жер беті жүйесі келесі станциялар мен орындарға бөлінеді:
-жер беті метеорологиялық;
-актинометриялық және жылубаланстық;
-гидрологиялық;
-аэрологиялық;
-теңіз гидрологиялық;
-агрометеорологиялық;
-атмосфераның, құрлық суының, теңіз суының, топырақ және қар жамылғысының ластану деңгейіне бақылау жүргізу;
-метеорологиялық радиолокациялық;
-озонометрлік;
-радиометрлік;
-табиғи ортаның фондық мониторингісі.
Атмосферада болып жатқан метеорологиялық құбылыстар мен процестердің әртүрлі масштабтарына байланысты берілген бақылаулардағы қажеттіліктер үш категорияға бөлінеді: жаһандық, ұлттық және аймақтық. Жоғарыда келтірілген берілген бақылаулардағы қажеттіліктердің үш деңгейлеріне сәйкес станциялардың үш типті жүйелері құралған: жаһандық, ұлттық және аймақтық.
Жер беті бақылаулар орындарының жүйесі атмосферадағы физикалық процестердің төселме беткеймен әрекеттесуі кезіндегі күйі мен дамуын анықтау үшін арналған. Метеорологиялық бақылаулар - бұл метеорологиялық шамаларды өлшеу және атмосфералық құбылыстарды тіркеу. Метеорологиялық шамаларға жататындар: ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфера қысымы, жел жылдамдығы мен бағыты, бұлттардың мөлшері мен биіктігі, жауын-шашын мөлшері, жылу ағындары және т.б. Атмосфералық құбылыстарға жататындар: найзағай, боран, шаңды дауыл, тұман, қырау, шық және т.б.
Актинометриялық бақылаулар орындарының жүйесі Қазақстан аймағындағы күн радиациясын зерттеуге, радиациялық баланстың, фотосинтезделінетін белсенді күн радиациясының, атмосфера мөлдірлігінің құраушылары туралы мәліметтер жиынтығын алуға арналған. Жылубаланстық бақылаулар ауаның жер беті қабатының төселме беткеймен жылу- ылғал алмасу процестері туралы тікелей мәліметтерді алу үшін арналған.
Жылубаланстық бақылаулар орындарының жүйесі жер бетімен жұтылған күн энергиясының шығыны туралы есептеу жолмен алуға арналған топырақтың жоғарғы әрекет қабатындағы және ауаның жер беті қабатындағы метеорологиялық шамалардың үздіксіз градиентті өлшеулерін жүзеге асырады.
Гидрологиялық бақылаулар орындарының жүйесі құрлықтың су объектілерінің (көлдердің, өзендердің, су қоймаларының, ірі каналдардың) күйі туралы және бүкіл Қазақстан Республикасының су қорлары туралы мәліметтерді жинау үшін арналған. Бұл бақылаулар шаруашылық кешендердің сұраныстарын қамтамасыздандыруға, гидрологиялық режимнің кеңістіктік- уақыттық заңдылықтарын үйренуге, суды, су кадастрын, су баланстарының есептеулері және жеке бассейндері мен аудандарының қорларын мемлекеттік есепте жүргізуге, шаруашылық әрекеттің су қорлары мен су объектілеріне әсерін бағалау үшін қажетті.
Теңіз метеорологиялық қызметінің мақсаты: теңіздегі немесе теңіз жағалауындағы тұтынушыларға кемеде жүзу, балық аулау және теңіз әрекеттерінің басқа түрлерін, жағалау аудандардағы әртүрлі әрекеттердің түрлерін қамтамасыздандыратын теңіз метеорологиялық және онымен байланысты геофизикалық ақпараттарды ұсыну болып табылады.
Аэрологиялық бақылаулардың мақсаты атмосфераның барлық қабаттарындағы метеорологиялық шамалардың мәндері туралы мәліметтерді алу болып табылады. Ең маңызды шамаларға жататындар: атмосфераның кезекпен әртүрлі деңгейлерінде (төменгі қабатынан бастап ең жоғарғы қабатына дейін) өлшенетін жел жылдамдығы мен бағыты, ауа температурасы мен ылғалдылығы. Бұл мақсат үшін шарұшқыштар, радиоұшқыштар, радиозондтар, тұрақты деңгейдегі аэростаттар, арнайы жабдықталған ұшақтар, метеорологиялық ракеталар мен Жердің жасанды метеорологиялық спутниктері қолданылады.
Агрометеорологиялық бақылаулар жүйесі шараларды жобалау кезінде оптималды шешімдер қабылдау үшін мәліметтермен қамтамасыздандыру мақсатында табиғи ортаның және ауылшаруашылық өндіріс объектілердің күйі туралы ақпараттарды алуға арналған.
Радиометеорологиялық бақылаулар орындарының жүйесі Қазгидрометтің болжамдық ұйымдарын, сонымен қатар авиацияны метеорологиялық қамтамасыздандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі мәселелері болып табылатындар: бұлттарға, жауын- шашындарға және олардың динамикасының өзгеруіне радиолокациялық бақылаулар жүргізу, конвективті бұлттылықпен байланысты қауіпті құбылыстар туралы радиолокациялық шторм жарияландыру, шквалдардың жоғары белсенділікті аймақтарын табу.
Озонометрлік бақылаулар орындарының жүйесі атмосферадағы жалпы озон құрамына, осы мақсатта оның нағыз вариацияларын, адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен болатын мүмкіндік өзгерістерді және жалпы айналым мен атмосфера климатына өте аз компоненттердің бірі ретіндегі атмосфералық озонның әсерін зерттеп бақылау жүргізу үшін арналған.
Табиғи ортаны қорғау күйіне бақылау жүргізу адамның өмір сүру деңгейін қамтамасыздандыру және тұрмыстық деңгейін көтеру үшін табиғи қорлардың жетілуі мен қолдануына бағытталған ұйымдастырылған адам әрекетінің маңызды құраушы бөлігі болып саналады. Табиғи ортаның күйі туралы ақпараттар шаруашылықты дұрыс бағыттауға, әртүрлі табиғи қорларды дұрыс қолдануға, олардың сақталуы мен қайта пайда болуын қамтамасыздандыруға, басқаша айтқанда, адам қоғамының табиғатпен байланысын тұрақтандыруға жағдай туғызады.
Қазіргі кезде Қазгидрометтің бақылау орындарының саны 259 метеорологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық станциялардан тұрады [1,98б].