Тақырыбы:«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК КӘСІПОРНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ РӨЛІ
Мазмұны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Өлшеулер - адамзаттың табиғатты түсінуінің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Қандай да болмасын тәжірибелік жұмыс жүргізу аумағында әрекеттер өлшеусіз жүзеге асырылмайды. Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Танымал кеңестік метеорология, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Николай Багров ( 2008ж қайтыс болған) атмосфералық процестерді физикалық және статистикалық сипаттамасы негізінде ауа райы болжау саласындағы жаңа бағыт жасай отырып, гидрометеорология саласында ауа-райы зерттеу жұмыстарын жүргізуде метрологиялық өлшеу- құралдарының рөлін анықтап, қажетті дәлдіктерді алып өлшеу жұмыстарын жүргізу метрологияның қызметі болып табылатынын дәлелдеп берген.
Н.И. Тюриннің «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету » кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттылықпен өткізілгенімен, дұрыс нәтижеге жету үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының маңыздылығы орасан зор» екендігі айтылған. Сол себепте гидрометеорологиялық станцияларда өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп дұрыс нәтижеге ие болу үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының рөлі үлкен.
Гидрометеорологиялық станциялардағы метрологиялық өлшеу - құралдарының рөлі мен маңыздылығын анықтай отырып, Қазақстанның гидрометеорологиялық станцияларындағы өлшеу- құралдарын жаңарту ( модернизациялау) жұмыстарын ұйымдастыру керек.
Гидрометеорологиялық орталықтардың метрологиялық өлшеу-құралдарын жаңғырту жобасы бойынша 2030 бағдарламасын сәйкес «Росгидромет» алыс аймақтардағы, қол жетімсіз станцияларын ғана жаңа жабдықтармен жабдықтаған. 2030 жылға дейін бүкіл « Росгидромет» гидрометеорологиялық станцияларындағы метрологиялық өлшеу- құралдарын жаңғыту көзделіп отыр.
Соңғы онжылдықта Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде су тасқыны, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні және де қатты жел секілді табиғи апаттар жиі орын алуда. Бұндай апаттар кезінде мемлекет үлкен шығынға, яғни адам шығыны және де экономикалық шығындарға ұшырамас үшін, табиғи апаттарды алдын алу мақсатында көптеген метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Метеорологялық бақылаудан аз уақыт ішінде дұрыс нәтиже алу үшін метеорологиялық алаңдар мен зертханалар жаңа, ыңғайлы метрологялық өлшеу құралдарымен жабдықталуы керек. 10 жылдан астам уақыт бойы Қазгидромет метеостанцияларында метрологиялық өлшеу құралдарына қатысты ешқандай жаңғыртулар жасалынбаған, ал ол өз кезегінде дамыған елдердің метеорологиялық қызметтерінен әлде қайда артта қалуының себепкері болады.
Тақырыптың мақсаты: Гидрометеорологиялық орталықтардың қызмет сапасын арттыруда өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлін зерттеу.
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы теориялық зерттеулер жүргізу;
-Қазгидромет станцияларыныңың қызметтерін зерттеу;
-«Қазгидромет» РМК-ны метрологиялық қамтамасыз етілуін зерттеу;
-Шетелдік гидрометеорологиялық орталықтар қызметі және қолданылатын өлшеу құралдарының артықшылықтары туралы зерттеулер жүргізу;
-гидрометеорологиялық орталық қызметінде дәлдігі жоғары нәтижелелер алудың алғы жолдары туралы ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысын орындау барысында төмендегідей әдістер қолданылды:
-«Қазгидромет» Жамбыл облысы филиялының метеорологиялық алаңындағы және экологияның ластануы мен табиғи апаттардың алдын алу жұмыстарын жүргізетін лабораториясындағы өлшеу құралдарымен танысып, теориялық зерттеу жұмысын жүргізу;
-Гидрометеорологиялық станцияларды метрологиялық қамтамасыз етуде шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.
Қазақстандағы гидрометеорологиялық орталықтардағы метрологиялық өлшеу құралдарын жаңарту қажет. Қазгидрометті модернизациялау арқылы Қазақстанның дамыған елдердің метеорологиялық зерттеу жұмыстарынан артта қалу мәселесі шешіледі.
1 Қазақстандық Гидрометеорологиялық орталық туралы жалпы теориялық аспекті
1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік
Қазіргі кезде бүкіл жер шарында метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулар жүргізілуде және олардың нәтижелері кеңінен қолданылуда. Ұлттық қызметтің өндірістік және ғылыми әрекетін БҰҰ құрамына кіретін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым басқарады.
Қазақстанның метеорологиялық және гидрологиялық станциялары II аймақтық (Азия) опорлық синоптикалық жүйесіне енгізілген. Себебі, ауа райы құбылыстарын, оның жаһанды жақтарын қарастырмай мемлекеттік шекара шегінде ғана зерттеуге болмайды. Сондықтан метеорология және гидрология облысында халықаралық ынтымақтастық, өзара ақпараттармен алмасу күшті дамыған.
Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметі мемлекеттік ұйым болып табылады. Оның негізгі шешетін мәселесі шаруашылық әрекеттің қажеттілігін гидрометеорологиялық қамтамасыздандыру үшін Қазақстан Республикасы территориясының метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық жағдайларын оқып үйрену.
Мемлекеттің экономикасында гидрометеорологиялық қызметтің өте зор маңызы бар. Гидроэлектростанцияның, өзен және теңіз флотының, теміржол транспортының және әсіресе авиацияның қалыпты жұмысы оларды гидрометеорологиялық материалдармен, ақпараттармен және ауа райымен күнделікті қамтамасыздандырмаса ешқашан жүрмейді. Кезкелген ірі құрылыс салынатын жердің гидрометеорологиялық жағдайларын ескеру арқылы жобаланады.
Гидрометеорологиялық қызмет еліміздің аймақтарының агрометорологогиялық жағдайларын үйренуге және ауыл шаруашылығын метеорологиялық қызметпен атқаруға ерекше көңіл боледі. Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығы бірінші класты техникамен қамтамасыздандырылған кезде, яғни алдыңғы қатарлы агротехникалық шаралардың кешені ғылыммен және практикамен өңделген кезде, ауа райы жағдайлары науқанды анықтайтын басты себеп болып табылмайды. Бірақ бұл ауа райы жағдайлары өнімге маңызды әсерін тигізеді, сондықтан оларды ауылшаруашылық өндірістерінде үнемі ескереді. Агротехниканың ары қарай жетілдендірілуі метеорологиялық жағдайлардың есебі мәндерінің төмендемегенімен қоса, керісінше осы жағдайлардың максималды толықтандырылып және тиянақты зерттелуін талап етеді.
Метеорологиялық қызметтің маңызды мәселесі ауа райы болжамдарын құрастыру және олармен барлық қызығушылық білдіретін шаруашылық ұйымдарды атқару болып табылады. Ауа райы болжамы барлық басқа гидрометеорологиялық болжамдарды құрастырудың негізі болып табылады. Сондықтан ауа райы болжамының сенімді, әсіресе ұзақмерзімді тәсілінің өңделуі қазіргі кездегі метеорологиялық қызметтің басты шешетін мәселесін құрайды.
Жердің көптеген пунктерінен әртүрлі уақытта түрлі жүйелердің көмегімен алынатын, ғылыми және практикалық мақсаттар үшін қолданылатын гидрометеорологиялық бақылаулардың мәліметтерін бірыңғай кешенге жинау қажет. Ауа райының күнделікті болжаулары үшін, теңізде жүзу мен авиация үшін мәліметтерді барлық бақылау пунктерінен бақылауларды жүргізу уақытынан бастап максималды қысқа мезгілде жинайды.
Гидрометеорологиялық мәліметтерді жинау жүйелерін оперативті, оперативті емес және мәліметтерді жинау жүйелерінің арнайы эксперименттері деп бөлуге болады.
Дүниежүжізілік ауа райы қызметінің (ДАҚ) элементтері:
а)бақылаулардың жаһандық жүйесі (БЖЖ);
б)телебайланыстың жаһандық жүйесі (ТЖЖ), ол бақылаулардың талап етілетін мәліметтерін және өңделген ақпараттарын тез жинау мен таратуға арналған қажетті құралдар мен қондырғылардан тұрады;
в)мәліметтерді өңдеудің жаһандық жүйесі (МӨЖЖ), ол оперативті қолдану, сақтау және оперативті емес қолдануға арналған мәліметтерді іздеу үшін қажетті бақылаулардың мәліметтерін өңдеу құралдарымен жаңартылған метеорологиялық орталықтардан тұрады.
Гидрометеорологиялық бақылау және табиғатты қорғау мониторингісінің жаһандық жүйесі (БЖЖ) табиғи ортаның күйіне жүйелі бақылау жүргізу үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен субъекті шаруашылық кешендерін табиғи ортаның қазіргі және болжанатын күйі туралы ақпараттармен қамтамасыздандыруға арналған кешенді көпсатылы ақпараттық-өлшеу жүйесі болып табылады.
БЖЖ-ның негізгі жүйесі атмосфера күйі, құрлықтың сулы объектілері, теңіздер, төселме беткей туралы ақпаратты алуды, талдауды және жалпылауды қамтамасыздандыратын жер беті бақылау жүйесі болып табылады. Белгілі ғылыми негізделген принцип бойынша құралған табиғи ортаның күйіне бақылау жүргізу орындарының жиынтығы жер беті бақылаулар жүйесін құрайды.
Бақылаулардың түрлері бойынша жер беті жүйесі келесі станциялар мен орындарға бөлінеді:
-жер беті метеорологиялық;
-актинометриялық және жылубаланстық;
-гидрологиялық;
-аэрологиялық;
-теңіз гидрологиялық;
-агрометеорологиялық;
-атмосфераның, құрлық суының, теңіз суының, топырақ және қар жамылғысының ластану деңгейіне бақылау жүргізу;
-метеорологиялық радиолокациялық;
-озонометрлік;
-радиометрлік;
-табиғи ортаның фондық мониторингісі.
Атмосферада болып жатқан метеорологиялық құбылыстар мен процестердің әртүрлі масштабтарына байланысты берілген бақылаулардағы қажеттіліктер үш категорияға бөлінеді: жаһандық, ұлттық және аймақтық. Жоғарыда келтірілген берілген бақылаулардағы қажеттіліктердің үш деңгейлеріне сәйкес станциялардың үш типті жүйелері құралған: жаһандық, ұлттық және аймақтық.
Жер беті бақылаулар орындарының жүйесі атмосферадағы физикалық процестердің төселме беткеймен әрекеттесуі кезіндегі күйі мен дамуын анықтау үшін арналған. Метеорологиялық бақылаулар - бұл метеорологиялық шамаларды өлшеу және атмосфералық құбылыстарды тіркеу. Метеорологиялық шамаларға жататындар: ауа температурасы мен ылғалдылығы, атмосфера қысымы, жел жылдамдығы мен бағыты, бұлттардың мөлшері мен биіктігі, жауын-шашын мөлшері, жылу ағындары және т.б. Атмосфералық құбылыстарға жататындар: найзағай, боран, шаңды дауыл, тұман, қырау, шық және т.б.
Актинометриялық бақылаулар орындарының жүйесі Қазақстан аймағындағы күн радиациясын зерттеуге, радиациялық баланстың, фотосинтезделінетін белсенді күн радиациясының, атмосфера мөлдірлігінің құраушылары туралы мәліметтер жиынтығын алуға арналған. Жылубаланстық бақылаулар ауаның жер беті қабатының төселме беткеймен жылу- ылғал алмасу процестері туралы тікелей мәліметтерді алу үшін арналған.
Жылубаланстық бақылаулар орындарының жүйесі жер бетімен жұтылған күн энергиясының шығыны туралы есептеу жолмен алуға арналған топырақтың жоғарғы әрекет қабатындағы және ауаның жер беті қабатындағы метеорологиялық шамалардың үздіксіз градиентті өлшеулерін жүзеге асырады.
Гидрологиялық бақылаулар орындарының жүйесі құрлықтың су объектілерінің (көлдердің, өзендердің, су қоймаларының, ірі каналдардың) күйі туралы және бүкіл Қазақстан Республикасының су қорлары туралы мәліметтерді жинау үшін арналған. Бұл бақылаулар шаруашылық кешендердің сұраныстарын қамтамасыздандыруға, гидрологиялық режимнің кеңістіктік- уақыттық заңдылықтарын үйренуге, суды, су кадастрын, су баланстарының есептеулері және жеке бассейндері мен аудандарының қорларын мемлекеттік есепте жүргізуге, шаруашылық әрекеттің су қорлары мен су объектілеріне әсерін бағалау үшін қажетті.
Теңіз метеорологиялық қызметінің мақсаты: теңіздегі немесе теңіз жағалауындағы тұтынушыларға кемеде жүзу, балық аулау және теңіз әрекеттерінің басқа түрлерін, жағалау аудандардағы әртүрлі әрекеттердің түрлерін қамтамасыздандыратын теңіз метеорологиялық және онымен байланысты геофизикалық ақпараттарды ұсыну болып табылады.
Аэрологиялық бақылаулардың мақсаты атмосфераның барлық қабаттарындағы метеорологиялық шамалардың мәндері туралы мәліметтерді алу болып табылады. Ең маңызды шамаларға жататындар: атмосфераның кезекпен әртүрлі деңгейлерінде (төменгі қабатынан бастап ең жоғарғы қабатына дейін) өлшенетін жел жылдамдығы мен бағыты, ауа температурасы мен ылғалдылығы. Бұл мақсат үшін шарұшқыштар, радиоұшқыштар, радиозондтар, тұрақты деңгейдегі аэростаттар, арнайы жабдықталған ұшақтар, метеорологиялық ракеталар мен Жердің жасанды метеорологиялық спутниктері қолданылады.
Агрометеорологиялық бақылаулар жүйесі шараларды жобалау кезінде оптималды шешімдер қабылдау үшін мәліметтермен қамтамасыздандыру мақсатында табиғи ортаның және ауылшаруашылық өндіріс объектілердің күйі туралы ақпараттарды алуға арналған.
Радиометеорологиялық бақылаулар орындарының жүйесі Қазгидрометтің болжамдық ұйымдарын, сонымен қатар авиацияны метеорологиялық қамтамасыздандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі мәселелері болып табылатындар: бұлттарға, жауын- шашындарға және олардың динамикасының өзгеруіне радиолокациялық бақылаулар жүргізу, конвективті бұлттылықпен байланысты қауіпті құбылыстар туралы радиолокациялық шторм жарияландыру, шквалдардың жоғары белсенділікті аймақтарын табу.
Озонометрлік бақылаулар орындарының жүйесі атмосферадағы жалпы озон құрамына, осы мақсатта оның нағыз вариацияларын, адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен болатын мүмкіндік өзгерістерді және жалпы айналым мен атмосфера климатына өте аз компоненттердің бірі ретіндегі атмосфералық озонның әсерін зерттеп бақылау жүргізу үшін арналған.
Табиғи ортаны қорғау күйіне бақылау жүргізу адамның өмір сүру деңгейін қамтамасыздандыру және тұрмыстық деңгейін көтеру үшін табиғи қорлардың жетілуі мен қолдануына бағытталған ұйымдастырылған адам әрекетінің маңызды құраушы бөлігі болып саналады. Табиғи ортаның күйі туралы ақпараттар шаруашылықты дұрыс бағыттауға, әртүрлі табиғи қорларды дұрыс қолдануға, олардың сақталуы мен қайта пайда болуын қамтамасыздандыруға, басқаша айтқанда, адам қоғамының табиғатпен байланысын тұрақтандыруға жағдай туғызады.
Қазіргі кезде Қазгидрометтің бақылау орындарының саны 259 метеорологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық станциялардан тұрады [1,98б].
2 Қазгидромет станцияларынының қызметі
Метеорологиялық станция - атмосфералық өзгерістерді бакылап отыратын мекеме. Негізгі міндеті метеорологиялық құбылыстардың белгілі бір мерзім ішінде өзгеруін аныктау. Алғашқы метеорологиялық станциялар 18 ғасырда пайда болып, жеке ғалымдар, ғылыми қоғамдар ауа райына бақылау жүргізе бастады.
Метеорологиялық станция құрамына метеорологиялық алаң (мұнда термометрлі және гигрометрлі психрометрлік үйшік, жел жылдамдығын өлшейтін аспаптар, жаңбыр өлшеуіш, топырак термометрі, т.б. орнатылады) мен мекеме үйі (ішінде барометр, даладағы аспаптардың көрсетулерін тіркейтін қондырғылар болады) кіреді. Бақылау жұмыстары қабылданған стандартты бағдарлама бойынша 3 немесе 6 сағат сайын, кейде сағат сайын жүргізіліп отырады. Осыдан алынған мәліметтер шартты белгілерге түсіріліп, ауа райын зертгейтін орталыққа, авиациялық метеостанцияға, т.б. жіберіледі. Көптеген метеорологиялық станциялар бұған қоса агрометеорологиялық бақылау, күн радиациясының қаркындылығы мен радиациялық балансты, топырақтан ауаға булану мөлшерін, т.б. анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Метеорологиялық станция мекемелерде де, адам тұракты қоныстанбаған аудандарда да ұйымдастырылады. Метеорологиялық станцияның ауа райына жүргізген бакылаулары ауыл шаруашылық салаларын ауа райының қолайсыз жағдайларынан алдын ала сақтандырады. ҚР Гидрометеорология және табиғи ортаны бакылау баскармасының метеорологиялық станцияларында атмосферадагы метеорологиялық құбылыстарды бақылау жүргізілігіп отырады.
Метеорологиялық құбылыстарды арнайы метрологиялық өлшеу құрал- жабдықтарымен анықтайды.
Метеорологиялық құралдар - метеорологиялық өзгерістерді тіркейтін, тропосферадағы болатын өзгерістерді реттейтін құралдар.
Метеорологиялық элементтерді (құбылыстарды) өлшеп, олардың мәндерін тіркейтін аспаптар мен қондырғылар. Ауа және топырақ температуралары әр түрлі метеорологиялық термометр, термографтармен; ауа ылғалдығы: психрометр,гигрометрмен; атмосфералық қысым: барометр, анероид, барограф және гипсотермометр аспаптары арқылы өлшенеді.
Желдің шапшандығы мен бағытын: анометр, анемограф, анеморумбограф, флюгер арқылы өлшейді, сондай-ақ жауын- шашынның түсу мөлшері мен жауу жылдамдығын жаңбыр өлшеуіш, плювиограф және амбрографпен анықтайды.
Барометр - атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. Барометр 2 түрге бөлінеді: сұйықтық және барометр-анероид. Ең көп таралганы - сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы, сифонды және сифонды-табақшалы болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі - 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады. Барометр (грекше ауырлык өлшеу) - атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондык болып бөледі.
Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын аныктау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байкаушы жүргізеді. Бастапкы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да уакыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын алады және жазады. Екінші байкаушы аныкталатын нүктелерде өлшеу уакытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушынын барометрінің және термометрінің көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады. Аудандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын £ Ф да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралык беттердің кеңістігі және температуралык градиенттің өзгеруін ескереді.
Гигрометр - ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал. Негізгі түрлері: шашты, конденсациялық, салмақ гигрометрлері және тіркеуші гигрометр (гигрограф).
Ауа ылғалдылығының өзгеруін автоматты үздіксіз тіркейтін өздігінен жазатын құрал - майсыздалған шаш бумасы түрінде сезімтал элементі бар метеорологиялық гигрограф М-21АС (немесе М-21С)
Ауа ылғалдылығын белгіленген бақылау мерзімдерінде анықтаумен қатар көптеген метеорологиялық станцияларда ауаның салыстырмалы ылғалдылығына сонымен бірге үздіксіз тіркеу жүргізіліп отырады. Салыстырмалы ылғалдылықтың уақыт бойынша өзгерісін тіркеу тәулік ішінде олардың әрсағаттық және экстремальдік (минимальдік және максимальдік) мәндерін анықтау үшін жүргізіледі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әрсағаттағы және экстремальді мәндері, барлық бақылау мерзімдерінде психрометр бойынша анықталған мәндермен тіркелген мәліметтерді салыстыру негізінде есептеу жолымен анықталады.
Осадкомер - атмосфералық жауын-шашынды жинақтау және өлшеу құралы. Осадкомер метеоалаңға орнатылған, қатаң тәртіппен бірліктерге бөлінген цилиндрлік шелектен тұрады. Қатты жауын-шашын түрі еріп болған кезде өлшемібелгілі болады. Осадкомер конструкциясы тез буланудан және қардың ұшып кетуінен қорғау функциясы арқылы жасалған [2,108б].
Қар өлшейтін рейка - метеобақылауларда қардың қалыңдығы мен қар жамылғысының мөлшерін анықтайды.
Облакомер - бұлттардың астыңғы және үстіңгі қабаттарының биіктігін анықтайтын құрал.
Анемометр - желдің жылдамдығын өлшеуге арналған құрал. Анемометрдің негізгі түрлері: қолда ұстайтын және бағанда бекітіліп тұратын негізгі анемометр. Жел жылдамдығын қолма-қол тіркейтін анемометр (анемограф) деп аталады.
Флюгер (нидерл. Vleugel) - желдің бағытын өлшейтін құрал Метеорологиялық спутник - Жердің жасанды серігі, әртүрлі метеорологиялық ақпараттарды тіркейді және Жерге жібереді.
Метеорологиялық спутник негізінен бұлттылықты, қар қабатының қалыңдығын, Күн сәулесінің радиация түрлерін бақылайды.
Метеорологиялық ракета - ракеталық аппарат, атмосфераның жоғары қабаттары мезосфера мен ионосфераны зерттеуге арналған. Құралдардың негізгі өлшейтін бөліктері: атмосфералық қысым, Жердің магниттік өрісі, космостық шағылысу, ауа құрамы. Құралдардың көрсеткіштері радиосигналдар арқылы беріледі. Психрометр- екі термометрдің (құрғақ және шыланған) көрсетуі бойынша ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуге арналған аспап. Термометрдің біреуі су ылғалына қаныққан шүберекпен оралған болады. Ылғадылық екі көрсеткіштің айырымы бойынша анықталады.
Психрометр - ауаның абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы мен ылғалдықтың жетіспеуін анықтайтын аспап. Бұл екі термометрден тұрады: оның бірін құрғақ қалпында сақтайды да, екіншісінің шарын дымқыл жағдайда ұстайды (суға малған мәрлімен орап қояды). Ауа неғұрлым құрғақ болса, дымқыл термометр (судың булануы салдарынан) солғұрлым жылылықты тез жоғалтады, сондыңтан құрғақ термометрмен салыстырғанда төмен температураны көрсетеді. Екі термометрдің температурасынбілгеннен кейін арнаулы кесте арқылы ауаның ылғалдығы анықталады.
Термометр - ауаныңтемпературасынөлшеугеарналған аспап. Қазіртермометрлардыңкөптүрі бар:
Сұйық заттар аркылы жұмыс істейтін термометрлар - сырткы температураның өзгеруіне байланысты термометрдың ішіне кұйылған сұйықтықтың көлемінің өзгеруіне негізделген.
Электрлі термометрлар - бұл термометрлердің жұмыс істеу принципі сырткы температура өзгергенде өткізгіште пайда болатын карсылыққа байланысты.
Механикалық термометр - бұл термометрлардың жұмыс істеу принципі жогарыда айтып өткен термометрлар сиякты, тек бір айырмашылыгы мұнда датчик орнына металды спираль немесе биметалдан жасалган лента қолданылады.
2.1 «Қазгидромет» РМК-ны метрологиялық қамтамасыз ету
Гидрометеорологиялық орталық - халық шаруашылығының барлық салаларын метеорогиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжамдармен қамтамасыз ететін ғылыми-әдістемелік мекеме. Қазақстан Республикасыны гидрометеорологиялық орталықтары арнайы өлшеуіш құралдарымен жабдықталған.
Ауа ылғалдылығын өлшеу үшін метеорологиялық станцияда мына құралдар қолданылады:
-50-тан минус 10 0С температураға дейін екі ТМ4 (құрғақ және сулы резервуарларымен) термометрлерінен тұратын станциялық термометр. Психрометр метеорологиялық будкада қатар орналасқан екі термометрден (оң жақтағы термометрдің резервуарына батист мата байланады да, ол стақандағы суға батырылып қойылады) және дистилдендірілген су құйылған стақаннан тұрады;
-станциялық психрометрге қосымша салыстырмалы ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты адам шашының ұзындығының өзгеру қасиетіне негізделген метеорологиялық шашты гигрометр [3,87б].
Ауа ылғалдылығын психрометр бойынша өлшеу минус 10 0С-ға дейін жүргізіледі. Өте төмен температура кезінде психрометрлік әдіспен өлшеу қателігі артады. Сондықтан ауа температурасы минус 10 0С-дан төмен болған жағдайда көрсеткіштері станциялық психрометрдің көрсеткіштеріне келтірілген метеорологиялық шашты гигрометрмен ауа ылғалдылығын өлшейді. Сол үшін ауа ылғалдылығы 10-тан минус 10 0С-ға дейін психрометрмен де, гигрометрмен де өлшенеді. Осы өлшеулердің нәтижелері бойынша салыстырмалы график тұрғызылады. Бұл графикті гигрометр көрсеткіштерін салыстырмалы ылғалдылықтың мәндеріне ауыстыру үшін барлық жағдайда қолданады.
Ауа ылғалдылығын өлшеу құралдарын өлшеу жүргізуге дайындау барысында келесі талаптар орындалуы қажет:
-психрометрлік термометрлердің (құрғақ және сулы) резервуарлары жер бетінен 2 м биіктікте орналасуы керек;
-қақпағы жабулы психрометрлік стақан сулы термометрдің резервурынан 2 см төмен орналасуы керек. Бұл кезде термометрдің резервары мен стақандағы судың арақашықтығы 2-3 см болу керек.
Ауа ылғалдылығын белгіленген бақылау мерзімдерінде анықтаумен қатар көптеген метеорологиялық станцияларда ауаның салыстырмалы ылғалдылығына сонымен бірге үздіксіз тіркеу жүргізіліп отырады. Салыстырмалы ылғалдылықтың уақыт бойынша өзгерісін тіркеу иәулік ішінде олардың әрсағаттық және экстремальдік (минимальдік және максимальдік) мәндерін анықтау үшін жүргізіледі. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әрсағаттағы және экстремальді мәндері, барлық бақылау мерзімдерінде психрометр бойынша анықталған мәндермен тіркелген мәліметтерді салыстыру негізінде есептеу жолымен анықталады. Ауа ылғалдылығының өзгеруін автоматты үздіксіз тіркейтін өздігінен жазатын құрал - майсыздалған шаш бумасы түрінде сезімтал элементі бар метеорологиялық гигрограф М-21АС (немесе М-21С) 1- суретте көрсетілген.
Сурет-1. Гигрограф М-21АС
Гигрограф та термограф сияқты екі негізгі - қабылдаушы және жазушы бөлімнен тұрады. Гигрограф өздігінен жазатын құралдар орналасатын жалюзді будкада арнайы сөреде термографтан жоғары орналасады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өзгерісін тіркеу жыл бойы арнайы диаграммалық бланкаларда (ленталарда) ЛМ-6р № 1080 үздіксіз жүргізіледі.
Ауа температурасын өлшеу ауа температурасы мен термометрдің теңелуін қамтамасыздандыратын 2 м биіктіктегі психрометрлік будкада орналасқан термометрлерді қолдануға негізделген. Термометрдің температуралық режимі радиацияның әсерінен радиациялық қорғаумен (будкамен) қорғалады. Термометрдің температурасы сезімтал элементтің термометрлік қасиеттерінің бірінің өзгеруі бойынша анықталады. Станцияда ауа температурасын өлшеу үшін мына өлшеу құралдары қолданылады:
-метеорологиялық психрометрлік термометр ТМ4; әдетте екі психрометрлік термометр орнатылады -«құрғақ» және «сулы». «Құрғақ» термометрмен бақылау мерзіміндегі нақты ауа температурасы өлшенеді; өлшеу диапазондары: минус 35-тен 40 0С дейін (ТМ4-1), минус 25-тен 50 0С дейін (ТМ4-2), бөлім бағасы 0,2 0С;
-метеорологиялық төменградусты термометр ТМ9; өлшеу диапазондары: минус 60-тан 20 0С дейін (ТМ9-1), минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ9-2) сынаптық психрометрлік термометрлерге қосымша. Ауа температурасы -15…-20 0С-дан төмен түсе бастағанда, қосымша спиртті термометр бойынша бақылауларды сынапты психрометрлік термометрлермен қатар жүргізу керек. Бұл спиртті термометрге арналған қосымша түзетуді анықтау үшін қажетті.
-метеорологиялық максималды термометр ТМ1 максималды температураны өлшеу үшін арналған; өлшеу диапазондары: минус 35-тен 50 0С дейін (ТМ1-1), минус 20-тен 70 0С дейін (ТМ1-2), бөлім бағасы 0,5 0С;
-метеорологиялық минималды термометр ТМ2 минималды температураны өлшеу үшін арналған; өлшеу диапазондары: минус 70-тен 20 0С дейін (ТМ2-1), минус 60-тен 30 0С дейін (ТМ2-2), бөлім бағасы 0,5 0С. Ауа темпартурасына мезгіл сайын өлшеу жүргізіледі. Тек мезгіл аралығындағы ауаның максималды температурасына -36 0С дейін ғана өлшеу жүргізіледі.
Ауа температурасын анықтау үшін қолданылатын барлық термометрлер арнайы психрометрлік (жалюзді) будкада орналастырылады. Психрометрлік будка 2- суретте көрсетілген.
Сурет-2. Психрометрлік будка
Ол будка құралдарды жауын-шашыннан, күшті желден, күн сәулесінің әсерінен және жер беті шашатын көзге көрінбейтін жылу сәулелерінен қорғайды. Сонымен қатар бұл будка сыртқы ауа мен өзінің ішіндегі ауаның араласуына кедергі жасамайды, ал ол будкадағы құралдар бойынша репрезентативті бақылау жүргізу үшін өте маңызды. Будка метеорологиялық алаңда жер бетінен 2 м биіктікте орналасу керек. Ауа температурасын өлшеу құралдарын бақылау жүргізуге дайындаған кезде құрғақ термометрдің резервуары жер бетінен 2 м биіктікте болу керек.
Дозиметр - иондагыш сәулелердің дозасы мен қуатын өлшеуге арналған кұрылғы. Ол детектор мен өлшеуіштен тұрады. Дозиметр - радиоактивтік заттармен зақымдалған жердегі жеке кұрамның сыртқы гамма-сәулеленуін дозиметриялық бақылаудан өткізуге арналған құрал. Құрал закымдалған жерде болған кезінде алған сәулесінің жалпы мөлшерін өлшеуге мүмкіндік береді. Ол осінде алюминий өзекше орналасқан алюминий цилиндр болып келеді. Камера ішінде қоршаудың бір жағы цилиндрмен, ал екінші жағы алюминий өзекпен жалғасқан конденсатор орналасқан. Камераны зарядтау жеке дозиметр жиынтығынан тұратын зарядты өлшеу кұралы арқылы жүзеге асады. Жеке дозиметр арқылы 0-ден 50 р-ге дейінгі сәулелену мөлшерін өлшеуге болады. «Дрозд» дозиметрі 3- суретте көрсетілген.
Сурет-3. «Дрозд» дозиметрі
Желдің сипаттамаларына өлшеу жүргізу кезінде өлшеу басталудың алдында 10 минуттан кем емес уақытқа ерте қосылған жағдайда желдің 10 мин ішіндегі орта жылдамдығын автоматты түрде қамтамасыз ететін М-63М-1 анеморумбометрі қолданылады. Аспап желдің орташа жылдамдығын (10 мин ішіндегі орта мәнін) ±(0,5+0,03 V) қателігімен 1-ден 40 м/с аралығындағы диапазонда, максималды жылдамдығын (60 м/с дейін) ±(1,0+0,05 V) қателігімен, бағытын 10 0 дейін қателікпен өлшеуді қамтамасыздандыруы қажет. М-63М-1 анеморумбометр 4- суретте көрсетілген.
Сурет-4. М-63М-1 анеморумбометр
М-63М-1 аспабымен өлшеу жүргізген кезде оның әр бақылау мерзімі алдында «Орташа жылдамдық» деген тұтқасын іске қосу арқылы тек 10-минут аралығындағы орташа жылдамдықты анықтайтынын ескеру керек. Орташа жылдамдықтың сағат механизімін қосу уақыты әр станцияның «Өлшеу жүргізу ережесінде» көрсетілуі тиіс.
Қар өлшеуіш - қардың қалыңдығын және массасын өлшеуге арналған кұрал - жабдык. Ашық алаңда ыдысқа қар толтыру арқылы оның массасын және калыңдығын анықтайтын кұрал. Қар өлшеуіш құрал 5- суретте көрсетілген.
Сурет-5. Қар өлшеуіш құрал
Жаңбыр өлшеуіш - қатты немесе сұйық күйдегі атмосфералық жауын-шашынды өлшеуге арналған аспап. Жауын-шашын өлшегіш құрал 6- суретте көрсетілген.
Сурет-6. Жауын-шашын өлшегіш құрал
Гелиограф - тәулік ішіндегі күннің қанша уақыт және қаншалықты жарық түскенін жылу немесе химиялык күшімен кағаз бетіне түсіретін метеорологиялық аспап. Гелиограф 7- суретте көрсетілген.
Сурет-7. Гелиограф
Экологиялық ластану деңгейін өлшеуге арналған зат - зиянды химикаттармен ластануы және зауыттардан шығарылатын зиянды түтінді қалдықтар ауаға әсер ету шамасы туралы мәлімет жинайтын материал. Лабораториялық анализ нәтижесінде қорытындысы шығарылады. Экологиялық ластану деңгейін өлшеуіші 8- суретте көрсетілген.
Сурет-8. Экологиялық ластану деңгейін өлшеуіші
Қазакстан Республикасының Қоршаган ортаны корғау министрлігінің бюджеттік бағдарламалар әкімінің 2013 жылга «Гидрометеорологиялык мониторингті жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасының паспорты бойынша:
1)қосымша және стандартты күнделікті гидрометеорологиялық мәліметтерді алу үшін 244 метеостанциядан, 23 метеобекеттен, 9 афометеорологиялық бекеттен, 23 метеобекеттен, 5 озонометрлік бакылау пунктінен, 14 актионметриялық бақылау пунктінен, 7 жылыбаланс бакылау пунктінен, 206 гидробекеттен, 16 кар багытынан, 2 кар көшкіні стансасынан мәліметтерді жинау және өңдеу;
2)қысқа мерзімде, ұзак мерзімде метеорологиялық, гидрологиялық және афометеорологиялық ауа райын өңдеу және жасау;
3)кауіпті және көптеген гидрометеорологиялық құбылыс апаты болған жағдайда алдын-ала дабылды ескерту;
4)климатологиялык өңдеу;
5)гидрометеорологиялық мәліметтермен қамту;
6)бағдарламаны орындауда күтілетін нәтижелер:
-Қазақстан аймақтары бойынша күнделікті метеорологиялық бюллетень 253 дана 10 мемлекеттік ұйымдарға ұсынылады;
-Қазақстан аймақтары бойынша күнделікті метеорологиялық бюллетень 12 дана 4 мемлекеттік ұйымдарга ұсынылады;
-14 Облыс бойынша 2 және 3 тәулікке ауа райы 5110 дана 10 мемлекетт ұйымдарға ұсынылады;
-14 облыс бойынша бір аптага ауа-райы 728 дана 10 мемлекеттік ұйымдарға ұсыңылады;
-қауіпті және гидрометеорологиялық апатты кұбылыстар болған жағдайда алдын-ала дабыл беру Қазақстанның әкімшілік орталыктарына және облыстар бойынша 26 мемлекеттік ұйымдарға ұсынылады.
Қазақстанның аэрологиялық станциясы әр қаланың эуежай маңында орналаскады. Бұл аэрологиялық станцияның міндеті ауа- райының жағдайын және өзгерістерін тіркеп, климаттық ерекшеліктерді шығару. Осындай жұмыстар жүргізу максатында әр түрлі метеорологиялық кұрал-жабдыктармен жабдықталған. Әр қайсысы келісілген мерзімде тексеруден өтіп, жарамдылығына карайды. Егер қанагаттандырарлык жағдайда болса, онда кұрылғымен әрі карай бакылау жұмыстарын өткізуді жалғастырады. Ал егер бұл тексеруден өтпеген жағдайда жаңа кұрылғымен ауыстырылады. Осылайша күнделікті бакылаулар жүргізіліп, әр күндік нәтижелер арнайы дәптерге тіркеліп отырылуы тиіс. Күнделікті алынған бақылау нәтижелерімен әрі қарай айдың орташа температурасы және тағы да баска көрсеткіштер есептелініп, климаттағы өзгерістер мен ерекшеліктер шығарылады. Бұл аэрологиялык станциянын жинаған күнделікті деректерін жергілікті радио, телеарналар және зауыттар сатып алады. Жергілікті радио, теле арналар облыс тұрғындарын ауа-райы мәліметімен қамтамасыз етсе, зауыттар өндірістік мақсатта мәліметтерді (мысалы, желдің жылдамдығы, бұлттың биіктігі, т.б.) алады [4, 112б].
Республиканы, облыстың экологиялык жағдайын бақылау мақсатында да жұмыстар жүргізіледі. Аймақтағы экологиялық жағдайды бақылап отыруға арналған арнайы орнатылган сүлгі койылған. Әр 5 күн сайын сүлгі ауыстырылап, колданылган сүлгі Алматы қаласына лабораториялық зерттеуге жіберіледі. Осылайша, зауыттардан, көліктерден және т.б. ауаны ластаушы көздерден келетін зиянды химикаттардың ауада таралу деңгейін бакылап отыруға мүмкіндік береді.
2.2 Шет ел гидрометеорологиялық жағдайды зерттеу ерекшеліктері
Финляндия гидрометеорологиялық жағдайларды зерттейтін метеостанциялары автоматтандырылған. Гидрометеорологиялық орталықтаға өлшеу құралдарының бәрі автоматты түрде жұмыс істейтін жаңа технологиялармен жабдықталған.Станциядағы өлшеу құралдары Финляндияның Вайсал фирмасымен дайындалған метеорологиялық құралдарымен қамтамасыздандырылған.
Станцияда Vaisala MAWS301өлшеу аппараты қолданылады оның көмегімен температураның, салысыстырмалы ылғалдылықтың, атмосфералық қысымның, жел жылдамдығы мен бағытыны, сонымен бірге қоректену көзі мен тіркеушінің орналасатын платасы анықталады.
Сурет-9.Vaisala MAWS301өлшеу аппараты
Vaisala MAWS301 электр энергиясын аз жұмсайтын мықты ыңғайлы жүйе болып саналады. Ол көптеген метеорологиялық және гидрологиялық параметрлер жөнінде мәліметтерді сенімді және үздіксіз қамтамасыздандырады:
-конфигурациясы мен қызмет етуі жай орналастырылады;
-әртүрлі алыстан жұмыс істеу кезінде энергияны аз жұмсайды;
-сенімді және нақты;
-модернизациялай жолы үнемді;
-бағдарламалық қамтамасыздандыруда мүмкіншіліктері үлкен;
-дисплейлер, датчиктер және телеиетрикалық қосымшалар үшін сериялық порттары көп;
-датчиктер жиынтығы мен қосымша байланыстары кең;
-Flash еске сақтау картасында мәліметтерді архивтеу мүмкіншіліктері кең.
Vaisala фирмасының жаңа автоматты ауа райын анықтауға арналған MAWS301 аппаратын қоректену торабы немесе байланысы жоқ немесе жеткілікті үнемделмеген жерлерде қолдануға болады. MAWS301 әртүрлі телекоммуникациялық құрылғылармен, соның ішінде PSTN, GSM және радио модемдерімен, сонымен қатар сателлит беру датчиктерімен хабарландырылады. Технология қолданысында жеңіл, қалыптастырылып жабдықталған MAWS301 аппараты аз қаржыға, сенімді және нақты метеорологиялық өлшеулер береді.
Станция тағы да Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық аппаратпен, яғни, нақты уақыт режимінде метеорологиялық өлшемдерді автоматты түрде өлшейтін және өңдейтін қолданыста ыңғайлы сенсорлармен және бағдарламалық қамтамасыздандырумен жабдықталған.
Сурет-10.Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық аппараты
Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық аппараты құрамында келесі датчиктер бар:
-ауа температурасы мен ылғалдылығының;
-жел жылдамдығы мен бағытының;
-ТЕ 525 ММ жауынөлшегіші;
-қысымның CS105 барометлік сенсоры;
-күннің жиынтық радиациясының;
-10 см тереңдіктегі топырақ температурасының. Бұл жүйе метеорологиялық шамаларды қашықтықтан өлшеп мәліметтерді ПЭВМ-ға береді. Станция қоректендіру күн сәулесі арқылы жүргізіледі.
2.3 «Қазгидромет» РМК-да метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырудағы метрологияның рөлі
Метеорология - атмосфера туралы ғылым, оның құрамын, қасиеттерін мен онда жүріп жатқан физикалық және химиялық процестерді және олардың жер бетімен әрекеттесуін зерттейді, ал осы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін міндетті түрде метрологиялық өлшеу құралдары қажет. Метеорологияда қолданылатын негізгі зерттеу әдісі бақылау болып табылады. Әдісті таңдау табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды оқып үйренуді талап ететін ғылымның өз маңыздылығымен анықталады.
Метеорологиялық бақылаулар - ол метеорологиялық шамаларды өлшеу және метеорологиялық элементтер мен құбылыстарды сапалы бағалау [5,79б].
Станциялар мен бекеттерде жүргізілетін метеорологиялық бақылаулар ауыл шаруашылығының көптеген және әртүрлі практикалық сұраныстарын қанағаттандыру үшін, сонымен қатар ғылыми өңдеулер үшін қажетті негізгі мәліметтерді береді. Осы және басқа жағдайларда сапасы нақты қатаң бекітілген талаптармен жауап беретін бақылаулардың мәліметтері қолданылуы мүмкін. Метеорологиялық бақылауларға қойылатын негізгі талаптар осы бақылаулардың репрезентативтілігі (сипаттылығы), үздіксіздігі, дәлдігі, біртектілігі және салыстырмалығы болып табылады.
Репрезентативті болып тек өзінің бақылау орны үшін ғана емес, меторологиялық станция орналасқан барлық ең үлкен аудан үшін көрсеткішті метеорологиялық мәліметтер беретін бақылауларды айтады. Басқаша айтқанда, бұл бақылаулар кездейсоқ жергілікті жағдайлардың – жақын орналасқан құрылыстың, ағаштардың, жоталардың, жеке батпақтардың, су қоймаларының және т.б. әсеріне жолықпау керек.
Сонымен бірге бақылаулар үздіксіз болуы керек. Бір бақылаудың жоқтығы станциядан алынған метеорологиялық мәліметтерді бағасыздандырады. Бақылаулардың үздіксіздігі олардың белгіленген уақытта және барлық метеорологиялық элементтерге жүргізілуінде ғана емес. Бақылаулар үздіксіз болу үшін бақылаушы мезгіл арасында да метеорологиялық құбылыстың пайда болуы мен аяқталуын өз уақытында белгілеп, атмосфераның күйін тиянақты бақылап отыруы міндетті.
Метеорологиялық бақылауларға қойылатын келесі талап – олардың дұрыстығы. Бақылаулардың дұрыстығы метеорологиялық мәліметтердің сапасын анықтайтын маңызды жағдай болып табылады. Егер бақылаушы өзіне берілген істі жақсы білсе және адал орындаса, бұл жағдай өте жеңіл қамтамасыздандырылады.
Бақылаулар дұрыс болуы үшін бақылаушы ешқашан басқа біреудің жорамал мәліметтерін қолданбай, тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бұл бақылаушының бірінші және негізгі ережесі болып табылады.
Метеорологиялық бақылаулар жауап беретін қалған екі негізгі талаптарға олардың біртектілігі мен салыстырмалылығы жатады.
Атмосферада болып жатқан физикалық процестер мен құбылыстар туралы дұрыс көзқарас алу үшін, жер шарының көптеген орындарында бақылаулар жүргізілуі қажетті. Сол үшін, жоғарыда айтылып кеткендей, барлық елдердің аймақтарында көптеген метеорологиялық станциялар құрылған. Бұл станциялардың бақылаулары үлкен материалдар әкеледі. Осы материалдардың негізінде атмосфералық құбылыстар және олардың кеңістіктегі және уақыт бойынша дамуы зерттеледі. Мұндай зерттелудің жетістігі ең алдымен, әр жеке станцияның бақылаулар қатары уақыт бойынша қаншалықты біртекті екеніне, сонымен қатар барлық немесе көпшілік станцияның бақылауларының мәліметтері соншалықты өзара салыстырмалы болуына байланысты болады.
Егер әр станция, әр бақылаушы метеорологиялық бақылауларды жүргізу бойынша нұсқамалар мен нұсқаулардакелтірілген барлық ережелер мен нұсқамаларды дәлдікпен орындаса, жоғары сапалы бақылаулармен қамтамасыздандыру қиын емес.
Метеорологиялық бақылауларды жүргізу кезінде бақылаушы келесі ережелерді орындауға тиіс:
- бекітілген бақылауларды жүргізу ережесі мен мерзімдерді қатаң түрде сақтау керек;
- тек өзі көргенін ғана белгілеу керек. Бақылау нәтижелеріне жорамалдап алынған басқа мәліметтерді жазуға қатаң тиым салынады. Тек өте қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы мәліметтер басқа адамдардың мәліметтері бойынша толықтырылуы мүмкін, бұл жағдайда міндетті түрде ол мәліметтердің қайдан алынғаны көрсетілуі керек;
- әр бақылау мерзімінің алдында аспаптар мен қондырғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істейтіндігін тексеру керек; сол кезде анықталған қателіктерді бақылау жүргізу уақытына дейін жою керек, себебі өлшеу жүргізу кезінде аспаптың көрсеткіші өлшенетін шаманың нағыз мәніне сәйкес болуы тиіс. Жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе қателіктердің жойылуы жөніндегі мәліметтер КМ-1 кітапшасына жазылуы керек;
- егер бақылау мерзіміне дейін жұмыс істемейтін аспаптың ауыстырылуы немесе кемістіктерді жою мүмкін болмаса, жеке сипаттамаларды басқа дәлдігі төмендеу аспаптар бойынша анықтау керек; мұндай жағдайда бақылаулардың нәтижелері бақылау кітапшасына міндетті түрде олардың қалай алынғандығы туралы белгіленіп жазылады;
- станциядағы қондырғылар мен аспаптарды сақтықпен қолданып, оларды жұмыс күйінде және таза ұстау керек;
- бақылаулар нәтижелерін жазу және өңдеу нұсқауларға сәйкес жүргізілу керек. Бақылаулар нәтижелерін дөңгелектегенде келесі ереже сақталады: егер дөңгелектенетін сан 5 немесе одан үлкен болса, онда алдыңғы санға 1 қосылады; егер дөңгелектенетін сан 5-тен кіші болса, онда алдыңғы сан өзгеріссіз қалады (мысалы, 12,50С-13 0С болып, 12,40С - 120С болып дөңгелектенеді).
Станцияда келесі журналдар жүргізілуі тиіс:
-станция тарихы журналы;
-станцияның жұмысы бойынша қателіктер мен ескертулер журналы;
-кезекшілікті қабылдау және өткізу журналы.
Бақылаулар нәтижелерін жазу үшін станция арнайы бақылау кітапшаларымен қамтамасыздандырылады:
-бақылау мерзімдерінде жүргізілетін метеорологиялық бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-1);
-қосымша бақылауларды жазуға арналған кітапша (КМ-2);
-топырақ температурасына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-3);
-сымдардағы мұз қабаттануларына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-4);
-қар жамылғысына бақылау жүргізу нәтижелерін жазуға арналған кітапша (КМ-5).
2.4 Метеорологиялық бақылау орны
Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орындарда жүргізіледі.
Метеорологиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылаулар жүргізу кезінде қажетті аспаптар мен жабдықтарды орнату үшін қызмет атқарады.
Метеорологиялық алаңға арналған орын келесі негізгі талаптарды қанағаттандыру керек: ол ашық, тегіс және жазық болуы керек.
Метеорологиялық алаң қоршаған жергілікті орынға сипатты және төселме беткейдің атмосферамен арасындағы жылу айналым және су айналымының қандай да бір ерекшеліктерімен қоршаған территориядан ешқандай айырмашылығы жоқ жерден таңдалады.
Метеорологиялық алаңның сипаттылығы оның орналасқан жері сол ауданда басым кездесетін рельеф түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теңіз, көл, өзен, су қоймасы) максималды су деңгейі кезінде 100 метрден артық қашықтықта орналасуымен қамтамасыздандырылады.
Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет. Бақылау бағдарламасы толық емес станцияларда (топырақтың терең қабаттарының температурасына бақылау жүргізілмеген жағдайда) алаңды 20х16 м мөлшерге дейін кішірейтуге болады.
Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналасуы керек (сурет 2.1).
Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналасады.
Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы 11- суретте көрсетілген.
Сурет-11. Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы
Метеорологиялық алаңда аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы: 1 – станцияның геодезиялық репері; 2 – жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр (анеморумограф) датчигі; 4 - ауыр тақтайшалы флюгер; 5 – мұзөрнек станогы; 6 – психрометрлік будка; 7 – қар өлшегіш рейка; 8 – қосымша психрометрлік будка; 9 – термограф пен гигрографқа арналған будка; 10 – Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы); 11 – жауын өлшегіш; 12 – плювиограф; 13 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 14 - қар өлшегіш рейка; 15 – гелиограф; 16 – ледоскоп; 17 – росограф; 18 – топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - қар өлшегіш рейка; 22 – топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24) орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок; 25 – ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 26 – жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 27 – актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).
б) 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр; 4 - мұзөрнек станогы; 5 –психрометрлік будка; 6 – қар өлшегіш рейка; 7 – қосымша психрометрлік будка; 8 – жауын өлшегіш; 9 – плювиограф; 10 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 12 – топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок; 14 – топырақ термометрлері.
Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалуы тиіс. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандыру керек. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2–1,5 м құрайтын металл труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады.
Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс.
Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталуы тиіс. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалану қажет.
Метеорологиялық алаң мүмкіндігінше станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасуы және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс.
Қондырғылардың дұрыс орналасуымен қоса метеорологиялық алаң өзіне үнемі және тиянақты тазалықты керек етеді, олай болмаған жағдайда жоғары сапалы бақылау жүргізу мүмкін емес. Метеорологиялық алаңның тазалығы негізінен мыналардан тұрады:
а) алаңды таза ұстау;
б) метеорологиялық алаңдағы шөпті биіктігі 20 см-ден аспайтындай етіп үнемі шауып, оны сол мезетте алаңнан тазалап алып тастау;
в) алаңда пайда болғаннан бастап ерігенге дейін қар жамылғысын табиғи күйінде тиіспей қалдырып, және аспаптардың қасында өте көп қар күртігі орнықса, оны алаңнан тазартып тастау;
г) алаңдағы аспаптар мен қондырғылардың ақауларын түзету.
2.5 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
Бақылаулардың жоғары сапасы олардың тек репрезентативтілігімен жүзеге аспайды. Метеорологиялық мәліметтер жеткілікті түрде біртекті және салыстырмалы болу үшін бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталу қажет.
Бақылау мерзімдері дегеніміз барлық станцияларда метеорологиялық бақылаулар жүргізу уақытынан бастап, анықталған, нақты тағайындалған уақыт сәттері (бақылау мерзіміне дейінгі соңғы 10 мин уақыт аралығы).
Бүкіл әлемде жер беті метеорологиялық станцияларда біркелкі (синхронды) бақылаулар ортақ – гринвич - уақыты (ОГУ-нөлдік белдеу уақыты) бойынша 00, 03, 06, 09, 12, 15, 21 сағатта жүргізіледі. Синоптикалық мерзімдер деп аталатын осы уақыт ішіндегі бақылаулардың нәтижелері тез арада телефон, телеграф немесе радио бойынша ауа райы қызметі органдарына жіберіледі, онда олармен ауа райын алдын ала болжау үшін қолданылатын синоптикалық карталар мен басқа материалдар құрастырылады.
Негізгі типті метеорологиялық станцияларда келесі метеорологиялық шамалар тіркеледі:
-жер бетінен 2 м биіктіктегі ауа температурасы;
-атмосфералық қысым;
-ауа ылғалдылығы – ауадағы су буының парциалды қысымы және салыстырмалы ылғалдылық;
-жел - жер бетінен 10-12 м биіктіктегі ауаның горизонтальді қозғалысы (оның жылдамдығы өлшенеді және желдің соққан жағынан бағыты анықталады);
-бұлттардан жауатын жауын-шашын мөлшері, олардың түрлері (жаңбыр, сіркіреуік, қар және т.б.);
-бұлттылық – аспанның бұлттармен жабылу дәрежесі, халықаралық классификация бойынша бұлттардың түрлері, бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі;
-жер бетінде және ондағы заттардың бетінде пайда болатын (шық, қырау, мұзөрнек және т.б.) әртүрлі жауын-шашындар, сонымен қатар тұмандар, олардың қарқындылығы;
-көріну қашықтығы – заттардың түрінің көрінбеу қашықтығы;
-күн шұғыласының ұзақтығы;
-топырақ бетінің және бірнеше тереңдіктегі топырақтың температурасы;
-топырақ бетінің күйі;
-қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы.
Бірыңғай синхронды мерзімдердегі бақылау жүргізу тәртібі тағайындалған станцияның бақылау бағдарламасына байланысты орнатылады. Сондықтан барлық станциялар үшін келесі жағдайлар сақталуы тиіс:
-бақылауға 30 мин қалғанға дейін барлық құралдар мен қондырғылар тексеріліп, бақылауға дайын болуы керек;
-ауа температурасы мен ылғалдылығын өлшеу бақылау мерзіміне тура 10 мин қалғанда жүргізіледі (2 сағ 50 мин, 5 сағ 50 мин);
- қысымды өлшеу бақылау мерзіміне 2 мин қалғанда жүргізіледі;
- термограф пен гигрограф бланкаларына белгі ауа температурасы мен ылғалдылығына өлшеу жүргізгенге дейін алыну керек; бланканы ауыстыру уақыты минуттық дәлдікпен орындалу керек;
- егер бақылау жүргізу кезінде қауіпті құбылыс байқалса, онда бақылауды тоқтатып, штормдық жеделхат (телеграмма) құрастырып, жіберу керек, содан кейін станция бағдарламасына сәйкес бақылауды ары қарай жалғастыру керек;
- егер жел сипаттамаларын өлшеу үшін флюгер қолданылса, онда онымен бақылау психрометрлік будкадағы аспаптардан бұрын жүргізіледі;
- бақылау нәтижелерін кітапшаға жазу және өңдеу бақылау кезінде және одан кейін бірден жүргізіледі;
- ауа райы туралы мәліметті мерзім аяқталғанға дейін (мерзімге дейінгі 10 минуттік аралығында) жіберуге болмайды.
Станцияларда толық бағдарлама бойынша бақылау жүргізудің типтік тәртібі 2.1 кестесінде келтірілген.
Әр станцияның бақылау жүргізу тәртібі станцияның барлық бақылаушыларымен қатаң түрде сақталуы тиіс.
Бақылаулардың жоғары сапасы олардың тек репрезентативтілігімен жүзеге аспайды. Метеорологиялық мәліметтер жеткілікті түрде біртекті және салыстырмалы болу үшін бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталу қажет.
Бақылау мерзімдері дегеніміз барлық станцияларда метеорологиялық бақылаулар жүргізу уақытынан бастап, анықталған, нақты тағайындалған уақыт сәттері (бақылау мерзіміне дейінгі соңғы 10 мин уақыт аралығы).
Бүкіл әлемде жер беті метеорологиялық станцияларда біркелкі (синхронды) бақылаулар ортақ – гринвич - уақыты (ОГУ-нөлдік белдеу уақыты) бойынша 00, 03, 06, 09, 12, 15, 21 сағатта жүргізіледі. Синоптикалық мерзімдер деп аталатын осы уақыт ішіндегі бақылаулардың нәтижелері тез арада телефон, телеграф немесе радио бойынша ауа райы қызметі органдарына жіберіледі, онда олармен ауа райын алдын ала болжау үшін қолданылатын синоптикалық карталар мен басқа материалдар құрастырылады. Метеорологялық бақылау жүргізудің типтік тәртібі 1-кестеде көрсетілген.
Кесте-1. Метеорологялық бақылау жүргізудің типтік тәртібі
Орташа гринвич уақыты
Метеоро-логиялық сипаттама
3 «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ метеорологиялық жабдықтарды техникалық пайдалану
3.1 Тараз қаласы метеостанциясына жалпы сипаттама
Гидрометеорология және қоршаған ортаның мониторингі бойынша Қазгидромет - әлемдегі ең көне метеорологиялық ұйымдардың (159 жыл бұрын, Қазақстанда құрылған алғашқы геофизикалық обсерваториясы) бірі. Бүкіл ел бір метеорологиялық қызметі хабарлағандай, ол Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, ал біздің Жамбыл облысымызда алғаш метеорологиялық бақылаулар 1870 жылы Әулие-Атада жүргізілген. Азаматтық соғыс кезінді көптеген станциялар өз жұмысын тоқтатқан болаты. Қазақстанда алғаг Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі) болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады. ЖФ «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері: республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу; әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету; қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.
Станция Тараз қаласында әуежайға қарама- қарсы орналасқан. Станция барлық стандарт талаптарына сәйкес құрылған. Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталған. Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналастырылған.
Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері:
1.Гидрометеорологиялық және экологиялық ақпарат метеорология бойынша:
- Ауаның температурасы мен ылғалдылығы;
- Желдің жылдамдығы мен бағыты;
- Атмосфералық қысым;
-Топырақ бетінің және тереңдіктегі топырақ температурасы;
-Бұлттың мөлшері және формасы;
-Жауын-шашын, атмосфералық қысым;
-Қар жамылғысы және мұзөрнек- қылау қабаттанулары.
2.Гидрология бойынша:
-Судың шығыны, ластануы мен лайлануы;
-Судың температурасы;
-Мұздың қалыңдығы, мұздың бетіндегі қардың биіктігі, мұзды құбылыстар:
3. Агрометеорология бойынша:
-ауыл шаруашылық егістіктеріндегі топырақ температурасы;
-топырақ ылғалдылығы;
-топырақтың қату және жылу тереңдігі;
-Ауыл шаруашылығы дақылдарының астық өнімділігі мен жағдайы.
4.Аэрология бойынша:
-ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және шық нүктесінің тапшылығы туралы мәліметтер;
-Жерден 30км-ге дейін желдің жылдамдығы мен бағыты;
-Жер бетіндегі және көтеріңкі инверсия туралы мәліметтер.
5.Табиғи ортаның ластануы бойынша:
-Қалалардағы атмосфералы ауаның ластануы;
-Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша құрлық беткі судың сапасы;
-Табиғи ортаның радиоактивті ластануы;
-Атмосфералық ауадағы және беткі судағы ластағыш заттардың шоғырлануы;
-Атмосферадағы зиянды қоспалардың тарау кезіндегі пайда болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайдың басталуы мен ұзақтылығы туралы ескерту.
Жамбыл облысында 18 метеорологиялық станция бар:
1. Тараз МС
2. Нұрлыкент МС
3. Ойық МС
4. Саудакент МС
5. Ұланбел МС
6. Қаратау МС
7. Мойынқұм МС
8. Хантау МС
9. Шаңырақ МС
10. Ақбақай МС
11.Анархай МС
12. Отар МС
13. Шоқпар МС
14.Қордай МС
15.Құлан МС
16.Мерке МС
17.Төлеби МС
18.Жаңатас МС
Облыста 23 Гидрологиялық бекет бар:
1. Шу-Қайнар ГБ
2. Шу-Тасөткел ГБ
3. Шу ( Үлкен Арна) Ұланбел аулы ГБ
4. Шу ( Кіші Арна) Ұланбел ауылы ГБ
5. Мерке-Ұлбұтүй Қыстағы ГБ
6. ГЭС Каналы – Ұлбұтүй қыстағы ГБ
7. Құрағаты –Аспара ГБ
8. Теріс- Нұрлыкент ГБ
9. Аса- Маймақ ГБ
10. Талас- Жасөркен ГБ
11. Талас – Солнечный ГБ
12. Талас тармағы – Жасөркен ГБ
13. Шоқпақ- Жүрімбай ГБ
14. Васильевка ГБ
15. Ақсу- Ақсу ГБ
16. Қатарау ГБ
17. Мыңарал ГБ
18. Тасөткел су қоймасы ГБ
19. Берікқара тау шатқалы ГБ
20. Қарабалта-Баласағұн ГБ
21. Тоқташ-Жауғаг батыр ГБ
22. Сарғау - трансшекаралық ГБ
23. Билікөл демалыс орны ГБ
Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналастырылған.
Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады. « Тараз» метеостанция алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу тәртібі 12- суретте көрсетілген.
Сурет-12. « Тараз» метеостанция алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу тәртібі
«Тараз» метеорологиялық алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы: 1 – станцияның геодезиялық репері; 2 – жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр (анеморумограф) датчигі; 4 - ауыр тақтайшалы флюгер; 5 – мұзөрнек станогы; 6 – психрометрлік будка; 7 – қар өлшегіш рейка; 8 – қосымша психрометрлік будка; 9 – термограф пен гигрографқа арналған будка; 10 – Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы); 11 – жауын өлшегіш; 12 – плювиограф; 13 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 14 - қар өлшегіш рейка; 15 – гелиограф; 16 – ледоскоп; 17 – росограф; 18 – топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - қар өлшегіш рейка; 22 – топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24) орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок; 25 – ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 26 – жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 27 – актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).
б) 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр; 4 - мұзөрнек станогы; 5 –психрометрлік будка; 6 – қар өлшегіш рейка; 7 – қосымша психрометрлік будка; 8 – жауын өлшегіш; 9 – плювиограф; 10 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 12 – топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок; 14 – топырақ термометрлері.
Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалған. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандырылған. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2–1,5 м құрайтын металл трубамен жасалған.
Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасқан. Қоршаудың есігі берік жабылған.
Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталған. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалады [6].
Метеорологиялық алаң станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасқан және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмады. Өлшеу-құралдарының көбі ескі болғандықтан көп адам күшін қажет етеді және де көбі механикалық өлшеу- құралдары болғандықтан және де ескіргендіктен кейде нәтижелерінде ауытқулар болады. « Тараз» метеостанциясындағы өлшеу-құралдарының тізімі 2-кестеде көрсетілген.
Кесте-2. «Тараз» метеостанциясының өлшеу-құралдарының тізімі
«Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы филиалында кестеде көрсетілгендей 1972, 1950. 1985, 1988, 1978, 1981 т.б жылғы метрологиялық өлшеу құралдары пайдаланылады. Метрологиялық өлшеу- құралдарының ішіндегі ең жаңа өлшеу-құралы су деңгейін анықтаушы құрал 2001 жылы шыққан. Қазіргі кезде гидрометеорологиялық бақылауларды жүргізу үшін арнайы метрологиялық өлшеу- құралдарын шығаруды Финляндияның Вайсал фирмасы көшбасшылық жасап тұр. Дамыған елдердің гидрометеорологиялық станциялары Вайсал фирмасының метрологиялық құралдарын пайдаланады.
Vaisala MAWS301өлшеу аппараты көмегімен температураның, салысыстырмалы ылғалдылықтың, атмосфералық қысымның, жел жылдамдығы мен бағытыны, сонымен бірге қоректену көзі мен тіркеушінің орналасатын платасы анықтауға болады.
Сурет-9.Vaisala MAWS301өлшеу аппараты
Vaisala MAWS301 электр энергиясын аз жұмсайтын мықты ыңғайлы жүйе болып саналады. Ол көптеген метеорологиялық және гидрологиялық параметрлер жөнінде мәліметтерді сенімді және үздіксіз қамтамасыздандырады:
-конфигурациясы мен қызмет етуі жай орналастырылады;
-әртүрлі алыстан жұмыс істеу кезінде энергияны аз жұмсайды;
-сенімді және нақты;
-модернизациялай жолы үнемді;
-бағдарламалық қамтамасыздандыруда мүмкіншіліктері үлкен;
-дисплейлер, датчиктер және телеиетрикалық қосымшалар үшін сериялық порттары көп;
-датчиктер жиынтығы мен қосымша байланыстары кең;
-Flash еске сақтау картасында мәліметтерді архивтеу мүмкіншіліктері кең.
Vaisala фирмасының жаңа автоматты ауа райын анықтауға арналған MAWS301 аппаратын қоректену торабы немесе байланысы жоқ немесе жеткілікті үнемделмеген жерлерде қолдануға болады. MAWS301 әртүрлі телекоммуникациялық құрылғылармен, соның ішінде PSTN, GSM және радио модемдерімен, сонымен қатар сателлит беру датчиктерімен хабарландырылады. Технология қолданысында жеңіл, қалыптастырылып жабдықталған MAWS301 аппараты аз қаржыға, сенімді және нақты метеорологиялық өлшеулер береді.
Станция тағы да Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық аппаратпен, яғни, нақты уақыт режимінде метеорологиялық өлшемдерді автоматты түрде өлшейтін және өңдейтін қолданыста ыңғайлы сенсорлармен және бағдарламалық қамтамасыздандырумен жабдықталған.
Сурет-10.Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық аппараты
Campbell Scientific Corporation өндірген күн сәулесімен жұмыс істейтін автоматты метеорологиялық аппараты құрамында келесі датчиктер бар:
-ауа температурасы мен ылғалдылығының;
-жел жылдамдығы мен бағытының;
-ТЕ 525 ММ жауынөлшегіші;
-қысымның CS105 барометлік сенсоры;
-күннің жиынтық радиациясының;
-10 см тереңдіктегі топырақ температурасының. Бұл жүйе метеорологиялық шамаларды қашықтықтан өлшеп мәліметтерді ПЭВМ-ға береді. Метрологиялық өлшеу- құралын қоректендіру күн сәулесі арқылы жүргізілед.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы ғылыми жұмысты жасау кезінде мынандай қорытындылар тұжырымдалды:
«Қазгидромет» РМК кәсіпорны қызметі сапасын арттырудағы өндірісті метрологялық қамтамасыз етудің рөлі- бұл сәйкес стандарттаудың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және техникалық құралдар кешенімен кәсіпорынды қамтамасыз ете отырып, дұрыс нәтижелер алу болып табылады. Ал гидрологиялық өлшеу, зерттеу жұмыстарын жасау кезінде дұрыс нәтиже алу үшін өлшеу құралының атқарар қызметі ерекше. Сол себепті, өлшеу құралдары үнемі тексеріліп және де техниканың дамуына байланысты жаңартылып тұруы қажет.
10 жылдам астам уақыт бойы Қазгидромет метеостанцияларында метрологиялық өлшеу құралдарына қатысты ешқандай жаңғыртулар жасалынбаған, ал ол өз кезегінде дамыған елдердің метеорологиялық қызметтерінен әлде қайда артта қалуының себепкері болады.
Тозған өлшеу құралдарын қазіргі заманғы жабдықтармен, техникалық құрал-жабдықтарды ауыстыру;
Гидрологиялық бақылау желісінің техникалық (метрологиялық) қайта жарақтандыру жобасының тиімділігі автоматтандырылған гидрологиялық желілерін құру арқылы, болжам өнімдерін өндіру үшін ұйымдардың болжамды бөлімшелері байқау желісі пайдаланылатын және айырбас қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат саласындағы Қазгидромет халықаралық міндеттемелерін қамтамасыз ете отырып ағымдағы гидрологиялық жағдайлар туралы ақпаратты сапасы мен көлемін арттыру болып табылады.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
1. Крылова Г.Д. Основы гидрометрологии 2001ж-174б
2. Рейх Н.Н., Тупиченков А.А. и др. Метрологическое обеспечение производства. — М.; Издательство стандартов, 1987ж – 248 б
3. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Измерительное оборудование и метрология – Караганда; Издательство КЭУ, 2001ж-198б
4. Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. – Караганда; Издательство КЭУ, 2003ж-305б
5. Аубакиров Г.О. Практикум по метрологии, стандартизации и управлению качеством. - Алматы, МПП "Демеу", 1992.-195 с.
6. http://www.kazhydromet.kz/ru-сайты