Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154328

Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей

Кітап білім бұлағы деп көне заманнан халқымыз бекер айтпаған. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Француз философы және жазушысы Дени Дидро «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлауын да қояды» деген. Мұны ғалымдардың зерттеулері де дәлдейді. Олардың зерттеулері бойынша кітап оқитындар қоғам өміріне белсенді қатысады екен. Олар мәдениет мекемелері – мұражайларға, картина галереяларына, театрларға, концерт залдарына басқаларға қарағанда жиі барады, спорттық шараларға да көбірек қатысады. Олардың тағы да бір ерекше қасиеті – рақымшылық танытуда да алдыңғы қатардан көрінеді. Міне кітаптың құндылығы осында, яғни, оның тәрбиелік мәнінде.

«Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» деп Л.Н. Толстой айтқандай, кітап – үлкен әңгіме шебері. Кейбір қиындықтарда сізге үлкен кісінің айтар ақылы қажет болады. Ал кітап сізге сол ақылды шебер әңгімемен өнеге қылып ұсынады. Кітапты әңгіменің шебері ғана деп ойламаңыз, бар ғылым-білім кітапта тұнып жатыр. Сізге қызық әлемнің кереметтерін интернеттен қарағаннан гөрі, кітаптан оқысаңыз әлдеқайда есіңізде жақсы қалады. «Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен дидарласасың» – деп ой түйеді М. Горкий. Өркениетті елдер қатарына қосылуда, еліміздің әрбір перзенті сауатты болуға міндетті. Ал сауатты болу үшін кітаппен дос болуымыз үлкен септігін тигізері хақ. Жоғарыда мәдениеттіліктің кілті кітапта екенін айтқан М. Горкий минутына төрт мың сөз оқыған екен деседі. Ал атақты жазушы, кітаптанушы Н.А. Рубакин өмірінде екі жүз елу мың кітап оқып шыққан, танымал француз жазушысы Бальзак жарты сағаттың ішінде екі жүз беттік романды оқып шығатын болған деген деректер бар. Кітап оқуды жылдамдыққа салып оқудан бұрын, оны түсініп, түйсініп оқығаныңыз абзал.

Кітап адамды ізгілік пен ізеттілікке, адамгершілікке баулиды, теріс ойдан, жан баласына жат қылықтардан ада қылады. Кітапты жаныңызға серік етсеңіз, бұл өмірде ұтылғаннан гөрі ұтатын жақтарыңыз көп боларына сенімім мол.

 
01.05.2019 10:30