Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155480

Отырар өңірі – ұлы ойшылдар мекені (Әбунасыр әл-Фараби мен Қ.А.Ясауидің әлемдік өркениетке қосқан сүбелі үлесі жайында)

Отырар өңірі – ұлы ойшылдар мекені

Ұлы дала елі – Қазақстан өркениеті өрге, тірлігі төрге озған әлем елдері арасында айрықша құрмет пен жоғары беделге ие. Халықаралық қоғамдастық алдында көшбасшылық рөлі мен саяси салмағын нығайта отырып, ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіру стратегиялық даму жоспарларымен жаңарудың жаңа кезеңіне жарқын қадам басып келеді. Қоғам мүддесіне қарай түбегейлі бетбұрыс, оңтайлы өзгеріс жасап, қайта түлеу мен модернизациялық дамудың лайықты үлгісін көрсетті. Бәсекеге қабілетті, жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін бұқаралық сананы ояту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялады. Енді, міне, осы құнды құжаттың заңды жалғасы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жарық көріп, әрқайсысымыздың тарих көшіндегі қасиетті борышымыз бен азаматтық міндетімізді айқындап беріп отыр.

Президент өз мақаласында осы топырақта дүниеге келген «Ұлы даланың ұлы есімдері» Қожа Ахмет Ясауи бабамыз бен Отырардан түлеп ұшқан Әбу Насыр әл-Фараби ғұламаға арнайы тоқталып, мемлекеттің баға жетпес символдық капиталы ретінде таныту мақсатында тапсырмалар берді.

Белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбек «Халықты ояту үшін тарихты ояту керек» дейді бір сөзінде. Өкінішке қарай, біз Отырарда туып, жетпіске жуық тіл меңгерген, өздігінен оқып, көп ізденген жалғыз ғана әл-Фарабиді білеміз. Ал, кейбір зерттеушілердің келтіріп жүрген мәліметінше, Әбу Насырдан бөлек, Отырардан отыздан астам әл-Фараби шыққан көрінеді. Кәсіби шығыстанушы, тарихшы-ғалым Әбсаттар Дербісәлінің ізденістеріне сүйенсек, Сайрамнан шыққан 3 Сайрами, Отырардан шыққан 30 әл-Фараби, Яссыдан шыққан 5 Ясауи бар. Бұған қоса, профессор, әл-Фарабидің педагогикалық мұрасын түбегейлі зерттеуші Ауданбек Көбесов 961 жылы дүниеден өткен әдебиетші-ұстаз Ысқақ Фараби мен XI-XII ғасырларда өмір сүрген Ахмет Фарабиді анықтағаны белгілі.

Осылардың ішінде бізге кең танылғаны – ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, осы киелі мекенде дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фараби. Ол – философиялық еңбектері мен трактаттары арқылы әлемде Аристотельден кейін екінші ұстаз атанып, түркілік ойлау мен дүниетанымды Еуропаға танытқан тұлға. Тарихшылар Әбу Насырдың соңына «әт-Түрки» деген сөз жалғап, оның түркі текті екенін үнемі мақтан етеді.

Ержүректер елі Түркістан төрінде жатқан ғаламдық ойшыл, діни қайраткер Қожа Ахмет Ясауиді ислам дінін ұстанатын бүкіл түркі әлемі құрметтеп, ұстаз тұтады. Ясауи мұрасын әлемге паш етіп отырған бір ғана Түркия елінде отызға жуық Қ.А.Ясауи атындағы көше мен даңғыл, алпыстан астам білім ошағы, онға жуық мәдени-зерттеу орталығы бар. Танымдық газет-журналдар жарық көреді. 2016 жылы ЮНЕСКО бойынша жарияланған «Ясауи жылы» аясында Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс болғанына 850 жыл толуына орай түрлі шаралар атқарылды.

Қорыта айтқанда, өткенімізге үңіліп, барымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге бағытталған жобалар елімізді түлетуге айрықша серпін бермек. Елге қызмет – тарихқа құрмет деп білеміз!

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (47esse.zip)Отырар өңірі – ұлы ойшылдар мекені132 Kb
 
01.05.2019 10:19