Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154120

«Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің жетекші күші – жастар». Тақырыпқа қатысты сыни пікір білдіріп жазыңыз. (Қазақстандағы Жастар жылына орай)

Қоғамның даму үдерісін ілгерітудің

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңінде. Егеменді еліміздің болашағын көркейтіп, қоғамымыздың дамуына өз үлесін қосатын – біздің жастарымыз. Қоғам адамзат өркениетінің біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Жастарға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Бүгінгі жастар – келешек ұрпақ. Қоғам дамуының алғы шарты - адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жастар – ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші, қоғамның жемісті дамуының кепілі. Жастар кез келген мемлекеттiң кешендi дамуы үшiн стратегиялық ресурс болып табылады. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Мәліметтер бойынша жастар ұйымдарының саны екі есеге дейін өскен және қазір бұл көрсеткіш 743 –ті құрайды, оның ішінде ұйымдардың басым көпшілігін құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларға ақпараттық-кеңес берушілік, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызмет ететін бірлестіктер құрайды. Барлық қоғамдық бірлестіктердің жұмыс атқару формалары мәдени-көпшілік және патриоттық акциялар, қайырымдылық іс-шаралары, концерттер, пікір-сайыстар, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және басқалары болып табылады.

Табысты жастар ұйымдарының қатарына «Жас Отан» ЖҚ (40,6%) және «Жасыл ел» (27,8%) енген. Бұл бірінші кезекте аталған ұйымдардың қаржылану көлемімен, олардың жұмысының форматымен және қызметтерінің БАҚ-та кеңінен насихатталуымен байланысты.

Сонымен қатар, жас азаматтардың, жас ерекшеліктеріне қарай Отанында болып жатқан маңызды халықаралық оқиғаларды дұрыс сезінуі қуантады. Бұдан әрі жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын бағалау жүргізетін болсақ, негізінен жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне жастар ұйымдарының қызметіне қатысу арқылы араласады.

Қорытындылай келсем, Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпал етуімен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.

 
01.05.2019 10:15