Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155384

«Мәдениеттің мәйегі – кітап», – дейді Ш.Мұртаза. Сіз не дейсіз? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз

Мәдениеттің мәйегі – кітап

«Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы».
Иә, қазекем кітаптың қадір-қасиетін осы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген.

Кітап оқу, кітапқа үңілу, кітаптың ішіне кіру, жата-жастана оқу, астын сызып оқу секілді тұрақты сөз тіркестері кітап бағасының құндылығын көрсетсе керек. Жан азығын кітаптан, көркем шығармадан алатын адамның тұла бойы тұнып тұрған қазына. Оқып отырып кейіпкеріңнің бейнесін көз алдыңа елестетесің, бірде мырс етсең, енді бірі мехнатымен азап шектіреді. Қиял әлеміне жетелеп, рақат сезімге бөлейді. Ойға ой қосып, жан сарайыңды ашады. Ақылыңа ақыл қосады. Жазушымыз Ш.Мұртаза «Мәдениеттің мәйегі - кітап» дегені арада қанша жылдар өтсе де өз маңызын жоймай тұр.

Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын.Кітап – адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол – адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады.

Замана легіне теледидар ілесті, қоғам көшіне ғаламтор иелік ете бастады. Бұлар адамзат өміріне кітаптан кейін келген дүниелер еді. Бірақ бір қызығы, теледидар да, ғаламтор да кітаптың орнын алмастыра алып кете алған жоқ. Оқырман санын кемітті деген сөз алмастырды деген сөз емес. Кітап өзінің әу бастағы тұғырында қала береді. Мысалы, адам тұрақты теледидар қараушы немесе адам белсенді ғаламтор қолданушысы болып келуі мүмкін, бірақ оның жан-дүниесінде рухани тұрғыдан кемшіндік болуы да ғажап емес. Мұның жалғыз ғана себебі оның нашар оқырман болғандығында да жатуы мүмкін. Себебі басты рухани байлық – кітапта. Демек, кітап – бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Ендеше, қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол – үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру. Бұл оқу орындары үшін де, басқа да қоғамдық ұйымдар үшін де абыройлы әрі үздіксіз жүре беретін міндет болмақ.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (42esse.zip)Мәдениеттің мәйегі – кітап98 Kb
 
01.05.2019 10:07