Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154118

Жастық – болашақ атаулының бастауы

Жастық – болашақ атаулының бастауы

Жастық –адам баласына екінші рет берілмейтін кезең деп түсінемін.Себебі сен сол кезеңнен өткеннен кейін ол шаққа қайтып бара алмайсың. Өмірде «жастық шақ», «жастық кездер-ай» деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Шыны керек ол шақ –қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанға тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз. Бұл шақта адамның үлкен мақсаттары анықталып, биік армандарға ие болады. Ал сол жастық кезең болашақтың бастауы деп неге айтылған?

XХІ ғасыр жастардың күштілігі білекпен емес, біліммен таразыланады. Өркениетке көш түзеген еліміздің болашағы бүгінгі білімді жастардың қолында. Елбасымыздың өзі «Болашақ – жастардың қолында» деп бекер айтпаған. Осы сөзден-ақ ел үмітін жастардың өзі ақтайтынына үлкен сеніммен қарағаны деп білемін. Қазір жастардың өзін-өзі дамытуына небір жағдайлар жасалынған. Себебі қазір арнайы курстар,дайындық мектептері сияқты көптеген таңдаулы орындары жетерлік. Ал бұрынғы заманда осындай дүниелер болды ма? Жоқ, болмады. Ол кезде мүмкіндіктер шектеулі еді. Бірақ сол заманның ағымына қарамастан небір дана тұлғаларымыз, ақын-жазушыларымыз шықты емес пе?! Олар қазіргі заманның жастары секілді ана жерден мына жерге бармады. Олай айтуымның себебі, біріншіден, ол кісілер білім алып, оқу үшін қайда бару керек болса да барды. Екіншіден, қазір әр бала білім алып жатыр, ал ол кезде екінің бірі жазу жазып, оқу оқымаған. Кейбір тұлғалар болған өз бетінше оқулықтар оқып, білім жолын қуған және өзін дамытуына көп күш жұмсаған.

Қазіргі заманның жастары бақыттымыз. Нені жасағымыз келсе, соны жасауымызға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Мектепте тегін білім аламыз. Жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы жолдауында оны «жастар жылы» деп жариялаған болатын. Ел ертеңі – білімді жастарымыз. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, осы жылы жастарымыздың барлық жағынан болашағына деген үлкен жол ашылатынына кәміл сенемін. Елбасымыз бір сөзінде «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетін нығайтып, көркеюі жолында теріңді төгіп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа», - деген болатын.

Өз заманында ақын М.Жұмабаев «Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар, Мен жастарға сенемін!» деп, жалынды жастарды xалықтың күшт| болашағына теңеді. Бүгін де солай, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін ұстайтын, еліміздің дамуына үлес қосатын жастарды көргенде жүрек түкпірінде ертеңге деген сенім орнайды.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (41esse.zip)Жастық – болашақ атаулының бастауы66 Kb
 
01.05.2019 08:47