Дала...Естір құлаққа жағымды естілетін қасиетті сөз. Құдіреттілігі әуелі табиғатында.Кеудеңді керіп, құшырлана жұтар таза ауасы , сылдырап аққан мөлдір суы , ерке самал желі , асқар тау, жасыл желегі , жүгірген аң, ұшқан құсы бәрі- бәрі Жер-Ананың сайын далаға берген сыйы. Және де «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша аянбаған жаужүректі батырлардың ; нәзік қылығымен, өрілген бұрымымен тіршіліктің тазалығымен, бар мейірімін ұрпақ тәрбиесіне бөліп, ер -азаматын сыйлай білер, қаракөз қыздардың , ибалы келіндердің, ақ жаулықты аналардың ; әрбір сөзі «қазақ» деп басталып, «қазақ» болып аяқталатын ақындардың, шешендердің, жазушы,жыраулардың; қабылдаған шешімі ,ұтқыр ойы ел игілігіне , ұстанған бағыты «Алаштың» көркеюіне арналған билер мен хандардың кіндік қаны тамған жер- Ұлы даласы, атамекені . Сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұлы даланың тарихына көз жүгіртсек, көрген қиыншылығы ұзын -сонар сандармен жылдармен тізбектеле келіп, әр ғасыр, әр жыл, әр ай, тіпті әр күн « ұлтымыз» үшін күреспен өткен екен. Жыладық, бірақ, жығылмадық. .Оңайлықпен бас имедік,имейміз де. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы бері даламның өзі, мекендейтін жұрты- тек жақсылықтарымен ғана төрткүл дүниеге танылуда.Мәдениетіміз , экономикамыз, әдебиетіміз, дәстүріміз, тарихымыз, күннен - күне артылмаса кеміп жатқан жоқ. Және оған үлес қоушы – туған жердің топырағына аунап, ауасын құшырлана жұтып байтақ елдің қадірін білер азаматтар , аяулы аналар , жалындаған жастар. «Елім» деп еміренер , «жұртым» деп жаға жыртар патриоттар көбейсін!Сонда ғана ұлылықтың бастауы ұлы дала төсінде береке, бірлік, ынтымақ, бейбітшілік орнайды және де лайым солай солай болғай!
Әрбір тасың бір тарих ашылмаған,
Салт-дәстүрі сақталған ғасырлардан.
Өркендей бер, жас ұрпақтың мекені,
Біздерге деп, қалдырған асыл бабам!