Сыр сандық өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған. Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Потаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір кездесуде Сәкенді танымайды, шақыртқанына келмепті. Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос сымағым ұлық болсам, шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты. Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шыр айналып қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі берік қойма тәрізді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғанаақтара алады. Сәкен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулыорманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Сол тауда биік шың бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі. Ал осындай адал досқа қандай қасиеттер тән? оны біз қалай бағалай аламыз?
Қазақтың дәстүрі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының өзі де жақсы", - деген мақал-мәтелдер де жеткілікті. Достыққа қарама-қарсы ұғым - қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттардың бірі. Егер қасыңда жақсы досың болса, сен өмірдегі бақытты жанның бірісің. Жақсы дос сені ешқашан жарты, жолда қиыншылықта тастап кетпейді. Ол сенімен бірге өмірдің ыстық-суығына төзіп, нағыз достықтың үлгісін көрсете біледі. Ал қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек.
Менің ойымша, ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз қажет. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Қорыта келе, менің осындай сырлы сезімге толы өлеңді оқи отырып, менің түйгенім: досты өмірде табу қиын, ал тапсаң сақтап қалу қиын болады. Сол үшін де ең алдымен өзіңді тәрбиелеп, досты бағалай білу керек.