Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155267

А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз

	А. Құнанбаевтың қарасөздерінде көтерілген мәселелердің бүгінгі күнмен үндестігін талдап жазыңыз

Қазақ мәдениеті мен ақыл ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлынан кейін де талай дүлдүл жарып шығып, өздерінің өшпес туындыларымен тарту етсе де, хакім Абайдың жұлдызы әрдайым биік тұрады. Ал бұның бірден бір себебі – ол ең алдымен Абай шығармашылығының әмбебаптылығымен қатар, өмірден алынған жайттарды талдай келе, өзі өмір сүріп отырған ғасырдың ащы шындығымен түсіндірілсе керек. Лирика, поэзия, сатира, поэма, аударма сынды жанрлардың негізін ғана салып қоймай, оны жалпақ жұртқа танымды етіп, музыкалық мұрасы, еңбектерінің мазмұн тереңдігі, философиялық, ағартушылық жағынан алғанда айтқан ақылы мен қалдырып кеткен өсиетінің бәрі де оның ұлт ұстазы, тіпті адамзат баласынан ерек туған ғұлама атануына арқау болды. Ал осының бір дәлелі – Абайдың ауыз толтырып айтатындай қазақ әдебиетіне жаңашылдық алып келген қара сөздері болды.

Ұлы ақынның қара сөздері тақырыбы жағынан айырықша дараланып, бұрын соңды болмаған жаңа дүниені қазақ даласына алып келді. Ондағы азаматтың азаматтығын айқындап тұратын адамгершілік тақырыбы мәселесіне назар аударылып, өшпес мұра ретінде жазылғандығы мені ғана емес исі қазақ баласын, әрбір жастың көңіліне қуантарлық ой салар шығарма екені шындық. Абайдың «қара сөздеріне» өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасап, зерделесек, оның қазақ қоғамы, сол замандағы өзекті мәселелерді өз туындысына арқау еткенін көреміз. Ал осы шығармада Абай заманы мен қазіргі қоғамның айқындап отырған мәселелерінің қандай үндестігі бар? Ол қазіргі күні де өзекті болып отыр ма?

Қара һәм дара сөздерден менің түйгенім көп. Айталық, менің ойымша, адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр. Олар: бейбітшілік, руханият, табиғат ананы қорғау. Бұлардың қай қайсысын да біздің тіршілігіміздің қайнар көзі, басты бағдары десекте артық айтқандық емес. Осы үш бастауға қазақ елінің ғана емес әлем болашағының баспалдағы деп Елбасымыз айтқандай, адамзат баласының өмір сүруіне қажетті деп танитын осы үш таған. Енді қара сөдерге тоқталар болсақ, олардың өзектілігі де бүгінгі күнмен астасып жатқаны анық.

Менің пайымдауымша, қазақтың рухани мұрасы, адалдығы дәл осы Абай қарасөздерімен бірге біте қайнасып кеткендей. Абайдың мұрасымен таныспаған қазақ, оны сүймеген жас жапырақсыз терек тәрізді деуге болады.

Қорыта келе, біз ұлы ақынымыз Абайдың дәуірінде қалдырып кеткен сөздерінің әлі күнге дейін қоғамымызға қажеттілігін ұғынғандаймыз. Оның адамзаттың ең асыл қасиеті адамгершілікке баулыған, тәрбиелеуге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық, себебі біз халқын сүйген қаламгердің, ұлық ақынның ұрпағымыз.

 
23.04.2019 20:06