Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154287

М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз

	М.Әуезовтің Еңлік-Кебек драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз

Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез бен орамды сөздер арқылы кейіпкерлерді әсерлендіре түседі. Мұнда кейіпкерлердің адалдығын, сертке беріктігін, сөз қолданысы мен мінез үйлесімділігін ашып көрсетеді.

Осы драмада өз бақытын табудың жолын іздеген екі кейіпкер де бірін-бірі сырттай естіген, әрқайсысы өзіне лайық тек сол болар деген ойға пайымдаумен көрерменді қызықтырады. Автор неге Еңлікті тек батырға лайық жар етіп суреттейді? Еңлікті сөзі ұтымды, ақылды, басынан сөз асырмайтын ер мінезді қызға тек өзіндей батыр ғана тең екенін көрсеткісі келеді.

Драма кейіпкерлерінің махаббат үшін күресін ішкі жан әлемінің тілдесуінен көреміз.Оны Кебектің Абызға айтқан мына сөздері: «...Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Бәріне де жаным шат! Сауық құрам – ән сүйем, саят құрам – аң сүйем, жалын ұрам – жар сүйем...», - деген сөздері жалынды махаббатқа бөленген, ыстық сезімін көрсетеді.Екеуі жартас басында Кебектің аңшылық құрып жүргендегі кездесуінде іштей ұғынысады. Автор осы жерде неге Еңлікке сөз бастатып, үйіне қонаққа шақыртады? Ондағысы екі жастың көңілін жарастыру. «...Анық Кебек сен болсаң, өзім де айтар жайым бар. Жүр Батыр! ...Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген әлдеқандай деме, Кебек...», - деген сөздерді арқылы қыздың бас қайғысын бөлісетін, үлкен сеніммен нағыз арқа сүйер адал жанды тапқандықтан айтқанын білеміз.

Кездесе жүріп, екі елдің рұқсат бермейтінін біліп, қашуға бел буады. Сондағы Кебектің монологі: «...Жазығым жар сүйгенім болса, бердім барды Еңлігімнің жолында...», - деуі арқылы белді бекем буғаны белгілі. Еңлік сахнада көрінгенде Кебектің «Келші жаным, күпті қылмай, сертіңменен келдің бе?»,- дегеніне Еңліктің «Келдім, батыр, бар тілегім жолыңда...», - деген сөздермен жауап қатуынан махаббаттың жолында үлкен құрбандықпен табысқан екі жасты көз алдымызға әкеледі.

Драма кейіпкерлерінің өн бойы, сөйлеу тілі – әдеби көркем тілге, бейнелеу әдісіне, қиял қанатын қияға сермер шеберліктің ерекше бітімін танытқан. Артында қалып бара жатқан ата-анасын қимастықпен қоштасуы өлең жолдарымен айтылады.

Қорыта келгенде, «Еңлік-Кебек» драмасы бірін-бірі сүйген екі жастың сертке берік, қайсар мінездері мен өмір үшін арпалысын көрсетеді. Көрерменге үміт пен ізгілік таратады. Екеуінің адалдығы мен шынaйылығы кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын.

 
23.04.2019 19:59