Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155316

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын трагедиямен аяқтау себебін талдап жазыңыз.

	Ш.Құдайбердіұлының Еңлік-Кебек поэмасын трагедиямен аяқтау себебін талдап жазыңыз.

Қазақ халқы жерін қорғаған ержүрек, елін қорғағанда, тұтқиылдан келген жауға қасқая қарсы тұра білген батыр ғана емес, сонымен бірге қыр сыры мол лирика әлеміне де жаны жақын болған. Алпамсадай алыптарымыз, аты аңызға айналған батырларымыз жырлаған небір небір дастандар, қос ғашықтың тағдыры жырланған сан түрлі ғашықтық дастандар осының дәлелі. Екі жастың қайталанбас сезімдерінің сыры әдеби тілмен көмкеріле жазылған оқиғаның оқыған адамды өзіне баурап алар ғашықтық дастанының бірі – Еңлік Кебек.

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік Кебек» поэмасы ұлы ақын Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған екен. Ақын поэмада адам болмысының қыр сырынан сыр шертуден бастап, кісі бойындағы достық, махаббат жайлы толғана келе, ел жадында ауыр азабымен сақталған «Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып, тарихи оқиғалар мен елдің ата жұртынан ауа көшуін, Матай мен Тобықты руларының арасындағы келіспеушілікті жырлайды. Кейін оқиға осы Тобықты руынан шыққан Кебектің батырлығы, ер мінезді азамат екендігімен, оның Нысан абызға бал аштыруымен өрбиді. Кейін өр Кебек аң аулап жүріп, адасып, тағдыр айдауымен, Мамай аулындағы қыз Еңлікпен танысып, көңіл жарастырады. Алайда поэма екі рудың араздығының кесірінен екі жастың бұл қорлыққа төзе алмай, өз бақыттары үшін қашып кетуімен жалғасады. Алайда еліктіргіш сәттерге, қайғы мен нәзік сезімнің қатарласып келуіне толы поэма қос ғашықтың өлімімен аяқталады.

Менің ойымша, поэманы бұлай қайғылы аяқтаудың бірден бір себебі, ата ана рұқсатынсыз үйленудің салдары деп білемін. Себебі, ата ана разы болмай, адам ешуақытта бақытқа қол жеткізе алмайды. Осы арқылы ақын келешен ұрпаққа үлкендердің батасын алмай әрекет етуге болмайтынын жеткізгендей. Ал екіншіден, қыз баласын өз теңіне қоспай, керісінше адам емес мал секілді сатуының салдарынан қыздың көз жасына қалуы трагедияның бірден бір себепшісі болды деп есептеймін.

Қорыта келе, жоғары деңгейде жазылған поэманың оқырманға, естір құлаққа берер тәлімі мол. Шәкәрім ақын жастарды шығарма арқылы тәрбиелей отырып, екіжас арасындағы нәзік махаббат пен халықтың осындай надандығын бізге шебер жеткізе білген.

 
23.04.2019 19:41