Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154234

Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз.

	Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетінің атасы екенін дәлелдер арқылы жазыңыз.

Қазақ жеріне «дала қоңырауындай» сылдырлай келіп, қазақ елінің кемел келешегін ойлап, рухани ағарту саласында қажымай қайрат танытқан ұлы кемеңгер, тұңғыш мектеп ашқан ұлағатты ұстаз ы, ақын әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин еді. Бүкіл ғұмырын қазақ жастарының ана тілін ұмытпауына, ата бабасының қалдырып кеткен салт дәстүрін ұмытпауға, сонымен қатар адалдық пен адамгершілікті ту етіп ұстауға насихаттап өткен.

«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, Ыбырай қазақ даласында тұңғыш мектеп ашушы болуымен қатар, ағартушылық ілімді де таратқан. Және де қыздар мектебін ұйымдастыруы ұлы ағартушының бұл тұрғыда жасаған үлкен еңбегі болып табылады. Негізінен оқутышылық Ыбырай атамыздың көптен күткен ісі болған екен. Соның бірден бір жемісі мектеп ашу бола, екіншісі қазақ тілінде балаларға арналған оқулық жазу еді. Менің ойымша, алдыға қойған мақсаты жүзеге асқандай. Себебі, Ы.Алтынсарин тұңғыш ағартушы педагог болуымен қатар балаларға арналған көлемі шағын, мазмұны мәнді көптеген өлеңдері мен әңгімелерін қалдырып, өзінің «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығын жарыққа шығарады. Ол «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңінде өзінің бар мақсатын айқындап бергендей:

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Міне, осыдан барып Ыбырай атамызды «Дала қоңырау» десе, екіншіден қазақ балалр әдебиетінің атасы деп те атайды. Оған не себепті бұндай атау берген? Оның мәнісі неде? Оны бірге талдап көрелік.

Менің ойымша, бұл өлеңде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп түсінетін оқу, өнер, ғылым білімге мән бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы бергендей. Өмірде сарқылмас мол байлық білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей жалықпай еңбектені керектігін түсіндіргендей. Ыбырайдың балалар әдебиетінің атасы екендігіне көз жеткізу үшін біршама дәлел келтіруді жөн көрдім.

Біріншіден, Ыбырай шығармаларының өзіндік бір ерекшелігі аз сөзге көп мағына сыйғызып, мақал мәтел, афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тәлімдік мәніне ерекше көңіл бөлуі деп ойлаймын. Мәселен, оның адамгершілікке тәрбиелейтін шығармаларын алып қарасақ, мұнда мазмұны жеңіл әрі ойға қонымды жаңа дүниелерді тануға болады. «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Әдеп», «Әке мен бала» әңгімелерін оқығанда, жастарды ізгілікке, бауырмалдық пен мейірімділікке, достық қасиеттерге баулуды көздегенін анық байқадым.

Екіншіден, еңбекті сүю және қастерлеу Ыбырай әңгімелерінің негізгі арқауы болған. Оны жазушы шағын әңгімелерде өсиет айта келіп, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сенде еңбек ет, босқа жатпа» деп бізге де насихаттағандай. «Тіршіліктің тұтқасы еңбек» деп түсінетін Ыбырай «Қыпшақ Сейітқұл», «Мейірімді бала», «Мұңсыз адам» атты туындыларында еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп қорытындылайды.

Қорыта келе, мен Ы.Алтынсариннің шығармаларымен таныса отырып, мынадай ой түйдім: жазушы тек қана өлең жазып, ақындығымен танылып қана қоймай, балалрға арнап көптеген туындылар арнап, қараңғы қазақ көгіне жаңадан білімнің жолын ашқан ұлы тұлғаға айналды, сонымен қатар балалар әдебиетінің атасы ретінде тәлім тәрбие беріп, жастарды өнегелі іске баулиды.

 
23.04.2019 19:40