Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154228

Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз

	Ә.Кекілбаевтың Үркер романындағы Әбілқайыр тұлғасын сомдаудағы суреткерлік ерекшеліктерін талдап жазыңыз

«Үркер» - тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен толғайтын кең құлашты күрделі роман.

Бұл романның негізгі тақырыбы – қазақ халқының 18 ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі болып табылады. Әсіресе романның бас кейіпкері, әрі өз тұлғасымен жазушыны шабыттандырған Әбілқайыр бейнесі ерекше берілген.

Әбілқайыр тұлғасы көпқырлы, терең сырлы. Оны өзгелерден даралап көрсететін бірнеше ерекшелігін саралап өтсем. Ол – хан, ақылға да, айлаға да жүйрік; тарихи дәуір мен оқиғалардың ең өзекті, мәнді сипаттамаларын саяси әлеуметтік барлық қыры мен сырын өзгелерден терең пайымдайды; халқының тағдыры үшін батыл шешімдер қабылдайды; қайсарлығын таныта отырып, елдің игілігі үшін дұшпандары мен жаударына қасқайып қарсы тұратын ардақты ер деп толықтай айтуға болады.

Алайда жазушы батыр әрі ханның тұлғасын сомдауда қандай суреткерлік көркем бейнелерді қолдана білді? Романды көркем жеткізу үшін Әбілқайырдың қандай ерліктері арқылы жеткізді?

Менің ойымша, Әбілқайырдың алғырлығы мен қайсарлығын романды оқи отырып анық байқайтындаймыз. Ол әуелде бойын жасырып, мұратына жеткізер жолды алыстан барлайды. Іске де, сөзге де мығым келеді. Хан тағына алып баратын ағалық жол басқаныкі болғанымен, ойының саралығы, ісінің даралығы жағынан бұл басқа сұлтандардан әлдеұайда үстем болып өседі. Ол өзінің осы қасиетін байқап қана қоймай, өзгелердің сол қасиетіне көздері жеткенін қалайды. Осы мақсатына сай, ол өзінің өзгелерден артықшылығын тура билердің, ұлыс ақсақалдардың, аты шыққан, халыққа еңбегі сіңген батырлардың көзіне көлденең тартып, көрсете біледі.

Міне, осы кезде Әбілқайыр іргелі мақсатқа қол созғанда осы секілді әрекеттерімен үлкен жетістіктерге жете білгендей.

Сонымен қатар, қашқанын қуып жететін, көздесе атып түсіретін мерген, хас батыр, сом тұлғалы ер, ақыл мен айласы қатар жүретін әділ болып шыққанын көруге болады.

Менің пайымдауымша, жазушының ең әсерлі суреттеп жеткізен жері, Әбілқайырдың халық қамын ойлап, толғанып, бір шешімге келуі – елінің амандығы үшін Ресейге пана іздеп баруы деп білемін. Сондай-ақ романның соңында елі үшін туып, халқына қызмет көрсеткен ердің арманы мақсатына айналып, үміт оты жануы Әбілқайырдың ерекшеліктері мен болмысын түйіндеп тұрғандай.

Романның тағы да бір ерекшелігі деп, ел басына қиын қыстау кезең туғанда, өз жеке басы үшін емес, ел тағдыры деп басын тәуекелге тігіп, игілікті жолын таңдауы. Мұның өзі ханның сыртқы саясаттағы біліктілігі мен алғырлығының белгісі ретінде танылады.

Қорыта келе, алдына мақсат қойып, соған өзінің табандылығы мен қайсарлығы жете білген Әбілқайыр бейнесін жазушы оқырмандарына керемет жеткізе білген деп ойлаймын. Себебі, тек қара басың үшін ғана емес, елім, жерім деп ерлікпен күресіп, мақсатың жолында аянбай еңбек ету керектігін бізге өнеге етіп қалдырғандай болды.

 
23.04.2019 18:43