Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154372

Рухани жаңғыру

Еліміз тәуелсіздік алғалы міне жиырма жеті жыл.Қарап тұрсаң, азғантай ғана ширек ғасыр.Осы жылдар ішінде еліміз қаншама биікке көтерілді десеңізші.Мұның бәрі, әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы деп білемін.Қазақстанымыздың дамуы үшін қаншама жолдаулар,стратегиялар жасады. «Қазақстан- 2030» және «Қазақстан- 2050» стратегиялары елімізге біршама өзгерістер әкелді.Ал биылғы, яғни «Рухани жаңғыру», елімізге қандай өзгерістер әкеледі екен?Сұраққа XXI ғасырдың білімді ұрпағы ретінде жауап іздеп көрейін.

«Дүние-үлкен көл,заман-соққан жел»-деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей,заманымыз қайда бұрса, сол жаққа бұрылып кететін халықпыз.Сол заман ағымына ілесу үшін Елбасымыз « Қазақстан- 2030» стратегиясын жасады.Бұл стратегияның басты мақсаты-жан-жақты дамыған мемлекет болу еді деп ойлаймын.Бұл стратегия барысында дамыған мемлекет болу үшін нақты қадамдар жасалды.Осы жолдау арқасында еліміздің әл-ауқаты жақсарып,экономикамыздың жағдайы біршама артты. Екінші жолдау- « Қазақстан- 2050» стратегиясы.Бұл жолдаудың тақырыбы: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталады.Аты айтып тұрғандай, еліміздің саяси жағынан жаңғыруы көзделген.Елбасымыз бұл жолдауында 2050-інші жылы Қазақстанның білім беру саласы да,денсаулық сақтау саласы да үздік болады деп сенім білдірді.Иә,елімізде осы стратегиялар арқасында қаншама оқу орындары,балабақшалар,түрлі медицина орталықтары ашылып,халқымыз әлеуметтік жағынан жоғарылады.

Ал енді ойымды Елбасымыздың мына сөздерімен жалғастырсам: «…Уақыт қарқыны -зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих  беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы,сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ,бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.».Рухани жаңғыру-еліміздің ой-санасының дамуы деп білемін.Ұлы Абайданбастау алатын дана азаматтарымыз сияқты сөзге шешен бола білуіміз керек сияқты.Рухани жаңғыру еліміздің тарихын,шығу тегін біле жүріп,дамыту деп есептеймін.Иә, рухани жаңғыру барысында латын әліпбиіне көшуіміз де бар.Бұл қадам еліміздің басқа елдермен тең дәрежеде болуға көп мүмкіндік береді деп ойлаймын.Сонымен қатар, былтырғы жылы еліміз үшін табысты жыл болды деп есептеймін.Былай айтуымның себебі : «EXPO 2017» Халықаралық көрмесі өтті.Бұл көрмеге үш миллионнан астам адам қатысты.Мен де бұл көрмеге қатысып қайттым,соның өзі маған көп әсер қалдырды. «Жалғандық жарға жығады» дейді қазақ даналығы. Біз – бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы.  Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз.  

Менің ойымша, руханиятты көтеру үшін тарихымызды жаңғыртар дүниежүзілік музейлер ашу,қызықты деректерге тола кітаптар жазу,туризм салаларын дамыту керек деп ойлаймын.

Болашақта мен де руханиятымызды көтеру үшін аянбай еңбек етемін.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндер болсам, «Рухани жаңғыру» болашағымыздың айқын болуына,тарихымыздың терең,мәдениетіміздің жоғары болуына жасалған қадам деп білемін.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (rukhani.zip)Рухани жаңғыру10 Kb
 
29.03.2018 13:26