Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154385

М.Шахановтың «Танакөз» поэмасындағы ұлы достықты дәлелдермен талдай отырып, қазіргі замандағы достық үлгісімен салыстырыңыз

Мұхтар Шахановтың өлеңдері мне поэмалары өте көп. Солардың бірі де бірегейі – Танакөз поэмасы. «Танакөз» поэмасының басқа поэмалардан даралап тұратын қандай ерекшеліктері бар? Бұл талдауға тиіс мәселе.

Мұхтар Шаханов өлеңдерінің әрбір жолы жігеріңді жандырып, рухынды асқақтатады. Ақынның өлеңдерінде күрескерлік сарынмен бірге, адамзат өмірінің ағысын білдіретін, табиғаттың даму заңдылықтарын бейнелейтін, ойшыл өлеңдері бар. Шындықты, ақиқатты тануға шақыратын ақынның «Танакөз» поэмасы шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптейді. Ақын қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді игілікті іс тындыруға, еліне жақсылық жасауға ұмтылған. Ақынның адамгершілік пен адал достық нысанасы болған осы идеяны жүзеге асыру бағытындағы шығармасы – «Танакөз» поэмасы. Бұл поэма қазақ жастарына, сол арқылы бүкіл қазақ ұлтына түзу бағыт сілтеді. Шынайылықты, адалдықты, ұлы достықты дәріптеген бұл шығармасында ақын жалаң насихаттың жетегінде кетпейді. Мұхтар ақын үшін байлықтың үлкені, оның ұғымындағы ұлы достық оп оңай қол жеткізетін нәрсе емес. Адамгершілігі мол кемел адам болу үшін ең алдымен адамға тән бірқатар ұлы достықты бойына жинақтай білуің шарт. «Танакөз» поэмасы осы ретте көпшілікке ғибратты бағыт сілтейді. Және де осы қасиеттердің әрқайсысының адам өміріндегі мән-маңызың түсіндіреді.

Поэма достыққа деген адалдықтың биік үлгісін көрсетеді. Ақын замандас өмірін әр қырынан суреттеп кейіпкерлерінің болмысынан ұрпаққа өнеге болар ой түзейді. Поэма адамдардың тағдыры, мінезі, кейіпкердің ой-толғанысы арқылы ашылады. Ақын лирикалық қаһармандарының рухани биіктігіне сүйсіну арқылы оқырманнын да достық пен махаббаттың ұлы қасиетіне үнілуге шақырады. Басты кейіпкерлердің өмір сүрген ортасымен соғыстан кейінгі шындығы, әкеге деген сағынышы мен анаға деген құрметі, бір-бірінен жан аямас үш достың қарым-қатынасы аясында шығармада сәтті көрініс табады.

Қорыта келе, Мұхтар Шахановтың «Танакөз» поэмасы қазақ поэзиясының озық үлгісі ретінде әдебиетіміздің алтын қорына енді.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (27esse.zip)М.Шахановтың Танакөз9 Kb
 
26.03.2018 12:07