Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155454

Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Мен таулықпен» өлеңдеріндегі ұлттық бояу мен дала сипатын талдап жазыңыз

Қайырлы түн

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері сыршыл да өршіл болып келеді. Бұндай ауыр жүкті беліне алатындай бұл өлеңде қандай құдірет бар? «Қайырлы түн», «Мен таулықпын» өлеңдері бұл қатарға кіре ме? Бұл талқылауды қажет ететін мәселе.

Өлеңнен бар ғаламға, жер анаға, ақ аспанға, қойлы ауылға, ғалымдарға, бар тіршілікке тыныштық тілеп, түннің қайырлы болуын қалаған тіршілікке іңкәр ақынның өлеңі естіледі. Алғашқы шумақтарында ақын табиғатқа жан бітіре суреттеп онымен ашық сырласып, нәзік лирикаға жол берсе, өлеңнің орта тұсында ақынның позициясы көрініп азаматтық пафос жоғарылай түседі. Осылайша өлеңнің басты идеясы айқындалады. Ол – бейбітшілік, тыныштық идеясы. «Қайырлы түн» өлеңі осылай суреттелген. Автор «Мен таулықпын» өлеңінде тау деген алып жүрек екенін, киіктің сүтін ішіп ержеткенін, таудан жаратылғанын, табиғаттан нәр алғанын, өзінің тау ұлы екенің нақты ұйқаспен өрнектеп жазған. Ең соңында «қыранның қанатынан ұстап алып ұшып кетсем ғой» деген ой тастап кетеді.

Бұл өлеңдерден мен екі түрлі әсер алдым. «Қайырлы түн» өлеңінде ақын бүкіл қазақ жұртына қайырлы түн тілейді. Ал «Мен таулықпын» өлеңінде ұлттық сананы көтеретін, намысты шыңдайтын қанатты сөздер айтылады. Бұл екі өлеңдеде дала сипаты терең бояумен қалыптасқан. Өлеңдердің негізгі ұйытқысы ретінде табиғат пен дала бейнесі негізге алынған. Содан соң автор соларды суреттеу арқылы, өз патриотизмімен қатар ұлттық бояуды негіздейді. Табиғатпен қатар табиғаттағы ауа-райы құбылыстарын, жануарларды, бәрін-бәрін суреттейді. Идеологиялық тұрғыдан қарағанда өлеңнің мақсаты айқын, бағыты бөлек. Мұқағали Мақатаев бар сұлулықты суреттеген.

Қорыта келе, Мұқағали Мақатаев өзінің «Қайырлы түн» және «Мен таулықпын» өлеңдерінде ұлттық бояумен дала бейнесін нақышына келтіріп сипаттаған. Қазақтың барлық ақын-жазушылары осындай қарқынмен, осындай идеологиямен өлең жазса, қазақ әдебиеті біршама деңгейге көтеріледі.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (26esse.zip)Мұқағали Мақатаевтың Қайырлы түн8 Kb
 
26.03.2018 12:02