Бір кісілер «қазіргі ақындар айтысы» мен «өткен ғасырлардағы ақындар айтысының» арасы жермен көктей дейді. Ал бұған басқа кісілер кереғар пікір айтып, ештеңенің өзгермегендігін айтып жар салады. Жүз адам тұрған жерде, жүз түрлі пікір бар демекші, осы тұста өз ойымды айтайын.
Алдымен айырмашылықтарына тоқталайын. Бұрынғы ғасырларда айтыс түрлері өте көп болатын. О ларды: бәдік айтыс, қыз бен жігіт айтысы, өлі мен тірі айтысы және тағы да басқа деп бөліп жеке тақырыптарда айтатын болған. Ал қазіргі кезде айтыстың біраз түрі жойылып қыз бен жігіт айтысы ғана қалып отыр. Содан соң бұрында айтыста тақырып деген дүниені екі айтыскердің өздері тауып алып айтысып отыра беретін. Және оны халық дұрыс қабылдап, қошеметке бөлейтін. Ал қазіргі айтыста ақындарға тақырып беріледі. Айтыскер ақындар сол тақырыптан шыға алмай, ойларын дұрыс жеткізе алмай отырады. Содан кейін бұрыңғы айтыста кім жеңетінін халық қошеметпен шешетін. Қазіргі таңда айтыскер ақындардың өнерін қазылар алқасы шешеді. Былайша қарап отырсақ уақыт еншісінде біраз дүние қалып қойған секілді. Бірақ соған қарамастан өзгермеген дүниелерде жетерлік. Осы тұста ұқсастықтарына тоқталайын. Бұрынғыдай екеулік айтыспен қатар төртеулік айтыс та сақталып қалды. Және екі айтыста да ұлттық киім кию міндеттелген. Бұрынғыдай айтыскер ақындар өздері қалаған ұйқаспен өлең шығара алады. Менің ойымша қазіргі айтыскер ақындардың аузын байлап, құқығын шектеудің қерегі жоқ. Қазіргі айтысты көбінесе ата-анамыз бен ата-әжелеріміз, яғни жалпы үлкен кісілер көріп, тамашалайды. Сол кісілер үшін бұрынғы халық бағалайтын, ешқандай шектеу болмайтын айтысты қайтару керек секілді.
Қорыта келе, қазіргі ақындар айтысының өткен ғасырлардағы ақындар айтысымен ұқсастығы аз, айырмашылығы көп. Ұлттық өнерімізді алдағы уақытта ұлықтап жүрейік. Қазақ халқы ең жақсыға лайықты.