Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15583

"Қыз Жібек" жыры мен "Қозы көрпеш Баян сұлу" жырының ұқсастықтары мен айырмашылықтары (Вариант 2)

Барлық керемет туындылардағы ең басты тақырып – махаббат тақырыбы. Сезімдердің патшасы шығарманың мазмұнында болмаса, тұзы жоқ тағам тәрізді дәмсіз, яғни оқырманға қызықсыз болып қалатындай. Қазақ әдебиетінде әр шығарманың өз маңызы мен тәрбиелік мәні бар, соның ішінде қазақ халқы лиро-эпостық жырларға ерекше мән береді. Соның ішінде “Қыз Жібек ” пен “ Қозы көрпеш Баян сұлу” жырларының өздерінің алатын орындары бар. Бұл туындыларда қазақ елінің тарихы, ерте замандағы маңызды проблемалар мен жастардың арасында тұтанған махаббат жалынын жырлап, оқырманға жеткізеді.

Қазақ елі қашан болмасын қыз баланы бағалап, барынша еркелеткен. Меніңше “ қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай ” деген сөздер осыдан шыққан. Дегенмен, таяқтың екі ұшы бар демекші, ерте уақыттағы салт-сананың да өз кемшіліктері болған. А йтқым келгені, мен көп шығармалармен таныса отырып, бұрындары халық адамның байлығы мен малына және дәрежесіне қарай бөлген екендігін байқадым.

Қыз Жібек – қазақтың хас сұлуы, салтанаты мен келбеті жарасқан жан. Оқиға желісінде Жібек пен Төлеген өздеріне тең келетін жанды таба алмай біраз жүргендерін айтады. Шарықтау шегінде екі жүрек табысады. Екеуі де әулетті отбасының балалары, сөзге шешен жандар. Екеуі қанша жерден ғашық болып тұрса да, аз уақыт ерлі зайыпты болып жүргенімен, бір –бірлерінен қол үзеді. Бұған басты себеп, меңінше, Бекежанның іштарлығы. Төлеген Бекежан қолынан қаза табады. Жырдың соңында Жібек әмеңгерлікпен Сансызбайға тұрмысқа шығады.

“ Қозы көрпеш Баян сұлу ” жыры - “ Қыз Жібек ” жыры тәрізді бұл да ғашықтар жайлы жыр. Баян – Қарабайдың қызы, дәулетті отбасыдан шыққан, ақылы мен көркі сай сұлу. Көрпеш екеуін, бұрынғы кезде әкелерінің бір бірімен құрсақ құда болайық деген уәделері байланыстырады. Демек Төлеген мен Жібек тәрізді бұл жандардың сезімдері байқаусызда туындамайды. Бұрыннан – ақ Қозы өзінің қалындығы жайлы білген, ғашығы үшін, қалындығын алып кетуге келеді. Баянның әкесі қарсы болады. Соған қарамастан Баян махаббатын Қозыға арнайды. Араларына Баянға бұрыннан ғашық болған Қодар түседі де, Қозыны өлтіреді. Баян өшін алып, Қозының соңынан ереді.

Қорытындылай келе, Баян мен Жібек тағдырын екі түрлі жол деп айтар едім. Осындай түйінге келу себебім Жібек ең болмағанда тірі қалып, ғашығына ұзатылды. Қанша қиыншылық көрсе дағы, ақыр соңында бақытына қол жеткізді, ал Баян болса ғашығына жете алмай, жастайынан қаза тапты. Бақыт дәмін тата алмады. Екеуі де ғашықтық туралы жыр, әйтсе де, екі тағдыр, екі бөлек жол...

 
15.03.2018 20:58